Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЭПИЛОГ. Екі бөлімді драма)



ЭПИЛОГ

Бұлттар көшіп барады. Тауды таумен жалғаған кемпірқо- сақ пайда болыпты. Дүние қызыл арайға бөленген. Ұйыған тыныштық. Көгілдір таудың үстінде томпайып екі мола жа- тыр. Бірінің басына ағашқа қағылып «Бозтайлақ», екіншісі- нің басына «Ардакүрең» деп жазылыпты, сайғақ орнатылған. Жас қабірдің басында төрт адам тұр: Қарлығаштың қолын- да көтерген жас сəби, Жанның қолында күмістеген жүген, Анарда гүл, Дулатта құрық бар. Олар үнсіз. Осы кезде аттың дүбірі естіліп, сахнаға Милиционер шығады. Дабырлап ты- ныштықты бұза келеді.

 

Милиционер (тұрғандарға). Саламатсыздар  ма?

«Қарағай» ауылдық Советінің учаскелік милиционері. (Таны-

сады, бірақ тұрғандар үндемейді). Ау, жолдастар! Сіздерге


не болған, өлік шығарып тұрғандай... Мен асығыспын. Сонау күншілік жерден бригадирлеріңіз Қаражан Құры- масовтың арызы бойынша келіп тұрмын. Маған жылқыны етке тапсыруға қарсылық білдіріп арам өлтірген, бригадир- ге қол көтеріп, тіл тигізген жылқышы азамат Бозтайлақ Та- ңатаров керек. Осы қазір аудандық милиция бөліміне жет- кізуге тиістімін. (Тұрғандарға қарап). Азамат Таңатаров қайсысыңыз?

 

Бəрі үнсіз. Өз ойымен өзі тұр. Мұңды үнсіздікті Дулат бұзады.

 

Ду ла т . Үлгере алмай қалдыңыз. Сізден бұрын алып кеткен...

Милиционер (шошына). Кім?!

Т ө р те у і б і р д е н : Өлім! (Қолдарымен қабірді нұс- қайды).

Милиционер абдырай сасқалақтап қалады да, бас киімін алып, тізерлеп отыра кетеді. Тағы үнсіздік. Осы үнсіздікті

«Əке!» – деп, баланың тауды жаңғырықтыра айқайлауы мен жас құлынның кісінегені бір сəтке тілгілеп өтеді. Əрқайсы- сының монологы естіледі.

 

Қ а р лығаш . Ерім менің! Ардакүреңім, менің! Арғы- мағым, менің! Екеуіңмен қоштасқым келмейді. Адалдықтың ала жібін аттармын ба? Майданда қаза болған ерін жарты ға- сыр сарғая күткен ақ шашты аналардан артықпын ба? Білем, енді мен саған мəңгі бақида наздана еркелей алмаймын, құла шай мен сары қымызды сапыра құйып бере алмаймын, енді қайтіп аспанға атылған асаудың құлағынан басып тұқыр- тып, құйрығынан тартып тоқтатқаныңды көре алмаймын: енді қайтіп апай төсіңе басымды қойып, жүрегіңнің тулап соққанын ести алмаймын, жаным! Əзірше жата тұр... жал- ғызсырама, тақымыңда Ардакүреңің бар ғой. Білем, жал- ғыздық деген қиын-ақ. Ауылға, ащы алуға кеткеніңде мен де осылай құлазып, сағынатынмын, сарғая күтетінмін. Ерім


менің, сенің ізіңше өмірге кенже сəбиің келді ғой. Естимісің. Өмірге жаңа бір құлын келді ғой!

Бозт а й л а қ т ы ң д а у с ы (тым алыстан күңгірлей естіледі). Сақташы сол құлынымды!

Ду ла т . Бозаға, пірім менің! Қасымдағы қуат алар ерім едің! Сен қалдырған құрықты өмір бойы тастамай өмірім- нің өрлерінде найзадай берік ұстармын. Мұз жастанып, қар төсеп, ат үстінен түспей-ақ аттанамын арманға! Сенің ерлі- гіңді қайталау қолымыздан келер ме. Сенің өлімің кешегі өт- кен қан майданнан елес бергендей болды. Ей, адамдар, рас біз көп қателестік. Бірақ, ағадан асып қайда барамыз. Рас, жастықпен, мастықпен еркелеген шығармыз. Бірақ жүрегі- міз таза. Ей, адамдар, Жанның, менің əкемді, анау жақтан Бозағамды кім тауып бере алады, кім тірілтіп бере алады, құныкеріміз кім? Айтыңыздаршы, біздің баламыз əкесіз же- тім қалмай ма? Мынау бейбіт күнде де өлім болып жатқа- ны несі? Аруағыңнан айналайын, Бозаға, топырағың торқа болсын!

Бозт а й л а қ т ы ң д а у с ы . Сойдырмашы құлынды!

Жа н . Ей, нөсерден соң пайда болар шұғыла, сен үміт сағымындайсың, жақындаған сайын алыстай бересің. Сен ілеуде туған асыл жандар секілдісің. Жарқ етіп туасың, дү- ниені қызыл арайға бөлеп біраз тұрасың. Сосын, сосын жо- ғаласың. Мұнымен бітпейді, басқасы келеді өмірге. Ол да жоғалады... Бойынан сен секілді нұр бөліп шығаратын жақ- сы адамдар маңдайымызға неге ғана сыймайды екен осы... Əлде... жанымызда ондай адамдар көп пе екен... Көп... бі- рақ ескермей жүрміз бе? Тізгін ұшымен келіп, тізгін ұшы- мен кеткен Бозеке, найзағай алдындағы көкшіл ұшқындар- дың Данконың жүрегінен жаралғаны сияқты, біздегі жақсы қасиет те сіз секілді асыл адамдардан қуат алады. Мен сіздің күміс жүгеніңізді əсте де музейге тапсырмаймын, артыңыз- да ат ұстайтын ұрпағыңыз бар. Артыңызда құлындарыңыз қалды кісінеп!

Бозт а й л а қ т ы ң д а у с ы . Сойдырмашы құлынды!

Анар . Аға! Сіз менің жарылқаушы рухани иемсіз! Сіз менің сақтаушы Құдайымсыз! Табынарым да, жалынарым


да сіз, аға! Егер сіз алып кеудеңізбен жасын оғына қарсы тұ- рып қорғамағанда мен өлер едім. Рас, кез келгеннің қолынан ерлік жасау келмейді. Əжем құндақтап кеткен нұрлы сезімім мен ұлы сенімімді қайта ояттыңыз. Бəрі де майдандағыдай болды. Ең кереметі сол, сіз менің бойымдағы жамандықтың күлін көкке ұшырып, өзіңізбен қоса жер қойнына ала кетті- ңіз. Мен шын сүйген адамымнан айрылғанымды білдім. Сіз енді түсіме ғана кіретін боласыз. Қош, бүгінгі күннің Про- метейі. Қош!

Бозт а й л а қ т ы ң д а у с ы . Аман бол, менің құлы- ным!

Жас баланың əке дегені, жас құлынның кісінегені естіле- ді. Милиционер əлгі төртеуінің қасына барып тұрады. Əде- мі де əсерлі музыка-домбыраның мұңды да қуанышты үні. Осы кезде сахнаның қараңғы түкпірінен гитарасын арқа- лап, ессіз өлеңін шырқап баяғы «топ», қара сумкасын мық- шия көтеріп, Төменгі балкондағы интеллигент, қамшысын білемдей ұстаған Қаражан өте береді.

 

Шымылдық


ТЕКЕТІРЕС

(Екі бөлімді драма)

Қ а тынас у ш ы л а р

 

Ақт а н                         – орман шаруашылығының қызметкері

Ақт а н 1

Ақт а н 2

Қ а р а т а н                   – жол құрылысының бас инженері

Айгүл         – жас қыз

Мылқа у к е м п і р  – Ақтанның шешесі Ж ұ м б а қ а д а м

Д е л қ ұ л                – оқиғаға қатыспайтын адам Ж е с і р ə й е л

Қ ы з

Баст а у ш ы ж і г і т

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.