Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Төртінші сурет



Төртінші сурет

Түн. Аспан бұлтты. Баяғы киіз үй. Жер ошақтағы от өлім- сірей жанады. Анар қаперсіз ұйықтап жатыр.

Анардың түсі. Аппақ киіз үй. Сол киіз үйді қаладағы достары қолында бір-бір пышақ, тілгілеп жатыр. Бозтайлақ олармен қарсыласып жүр. Баяғыдағы Ұзынтұра жігіт қолын- дағы пышағымен жылқышыға жақындай түседі. Бозтайлақ қасқайып қарсы жүреді. Өзіне сермелген қос жүзді қанжар- ды ұстаған күйі жігіттің қолынан жұлып алады, жымқы- рып ұстап тұрады. Жұдырығы дірілейді. Қанжарды ұстаған қолдан шып-шып қан шығады. Қанжарды лақтырып жібере- ді. Жарық тек қана Бозтайлақтың қолына түседі. Алақанын ашқанда қып-қызыл қан ұйып тұрады.

 

Анар (ұйқысынан шошып оянып). Жан!.. Жан, где ты?

(Жүгіріп, жан-жақтан іздеп кетеді).


Күн күркірі күшейе түседі. Найзағай ойнайды. Тау қақ айрылғандай болады да, көшкін құлағаны білінеді. Қостан қарғып Бозтайлақ шығады. Енді бір жақтан жүгіріп Дулат пен Жан келеді. Үйден Қарлығаш та шығады.

 

Бозт а й л а қ . Жылқылар қайда, жылқылар!

Жа н . Анар да жоқ. (Дауыстап шақырады). Ана-а-ар!

Ду ла т . Тура отыз минуттың ішінде көшкіннің өтінен қырға көшіп алмасақ, быт-шытымызды шығарып таптап өтеді. Бозт а й л а қ . Дулат, Жан екеуің үйді тез жығып, анау текше тастың үстіне шығарыңдар. Əй, Қарлығаш, ең керек деген дүниеңді буып-түйіп ал да, тырмыса бер тауға таман.

Тұрма! Ал, мен жылқыларға кеттім.

 

Бозтайлақ тас-түйін аттанады.

 

Қ а р лығаш (оны-мұнысын жинастырып). А, Құдай, сақтай гөр! Кеше көшіп алғанымыз дұрыс еді. Түбі тыныш болғай, түбі тыныш болғай. Қаражанның қарғысына жолық- тыра көрме, Алла тағала.

 

Найзағай ойнап, күн күркірейді. Қарлығаш оны-мұны заттарын жинастырып жүр. Дулат пен Жан киіз үйді жығып, арпалысуда. Осы кезде бірсін-бірсін бұршақ жауа бастайды. Аласапыран қимыл. Анда-санда Дулаттың Жанға тебіне ай- қайлап ұрысқаны естіледі.

 

Ду ла т . Əй, қаланың колбасасын жеп өскен, табаны- ның бүрі жоқ, бос белбеу! Етегіңе сүрінбей көтер! Тарт жел баудың мына жағын! Əбден даярға маяр боп үйренгенсіңдер. Қарлығаш жеңеше, сіз жүре беріңіз. Дүние боқты қайтесіз... Анда-санда қараңдаған Анардың сүлдесін көреміз. Адасып жүр.

Анар . Жан! Бозтайлақ аға! Дулат!

 

Шырқыраған жылқылардың даусы естіледі. Құлын кісі- нейді. Найзағай ойнап, күн күркіреп тұр. Осы сəтте жылқы-


ларды қырға қарай дүркірете қуған Бозтайлақтың үнін ес- тиміз.

Бозт а й л а қ . Ақсарбас! Сақтай гөр! Құлындарды сақ- тай гөр, Тəңірім! Құлындарды сақта!

Тағы да түн түндігін əлсіз тілгілеп шың-шыңдаған Анар- дың айғайы естіледі.

Анар . Ма-ма-а!

Бозт а й л а қ (елегізіп, тың тыңдайды). Апыр-ай, бі- реудің даусы естілгендей болады ғой.

Дауыс, қыз даусы қайта қайталанады.

 

Бозт а й л а қ . Құдай-ау, мынау Анардың үні ғой. (Өзі қайыра айғайлайды). Ан-ар!

 

Əбден суға малшынып, əр жері жыртылған көйлегі аға- раңдап Анар көрінеді.

 

Бозт а й л а қ (ұмтылып). Анар, қалқам, мен мұндамын! Анар . Бозтайлақ аға! (Қыз ес-түссіз жылқышының құ-

шағына құлайды).

Əбден су өтіп, əлсіреген, тоңған Анарды бауырына алып, қарағайдың түбінде отырған жылқышыны көреміз.

 

Бозт а й л а қ . Айналайын-ау, үйден қалай адасып кет- тің. Мал қуамыз деп жүріп, жанымыздан айрылып қала жаз- дадық.

Анар (дір-дір етіп). Мен Жан мен Дулатты іздеп шық- қанмын. Таба алмадым.

Бозт а й л а қ . Олар үйде, төбенің басында ұйықтап қа- лыпты. Түндегі көк мойынның буы қоя ма...

Анар (жылқышының қойнына тығыла түсіп, аюдың табанындай алақанын сипайды). Сіз болмағанда, сіздің мы- нау қарулы қолыңыз болмағанда адасып өледі екенмін, аға!


Бозт а й л а қ (Анардың шашының, бетінің суын сүр- тіп). Қой, қалқам. Өлімді аузыңа ала көрме. Ешкімнің қан- жығасында байлап жүрген артық жаны жоқ. Құлын екеш құлынға да жан керек. Əлгінде мен айдағанда ойдан қырға қарай жосылғанын көрсең жануарлардың.

Анар . Ендеше, сол жалғыз жаныңызды жалау қылып, неге от пен суға сала бересіз. Айтыңызшы, жаныңызды мал- дың садағасы жасағанда шыққан биігіңіз, алған сыйыңыз, кəне! Айтыңызшы, сіздің осынау иен тау, дүлей ормандағы ессіз ерліктеріңізге кім куə, кім көріп отыр, кім бағалап, кім- дер ардақ тұтып отыр! Айтыңызшы, неге ғана анау сырты жүн, іші тезек хайуанның соңынан салпақтап жүрсіз? Боже мой, қайтіп қана шыдайсыз осыншалық итшілеген өмірге... (Бозтайлақтың кеудесіне басын қойып, солқылдап жылай- ды). Мен сізді аяймын, Құдай үшін, тастаңызшы мынау қу- раған құрықты! (Бозтайлақтың жанында жатқан құрық- ты алып, сындырмаққа əрекет жасайды).

Бозт а й л а қ . Жоқ, қалқам! Сен ойлаған ит өмір емес бұл. Тар өмірден бар өмірге жүгіретіндер көп, ал бар өмірден тар өмірге келетіндер аз. Бұл малды біз бақпағанда аспаннан адам жауады дейсің бе? Ата кəсіпті тастап, қайда барамыз... Ер қанаты ат емес пе?

Анар . Ата кəсіп, ата кəсіп... Ол кəсіптің керегі бары да бар, керегі жоғы да бар. Айтыңызшы, міне, найзағайлы түн- нің астында отырсыз ғой, шыныңызды айтыңызшы, өмір- ден не жақсылық көрдіңіз? Əкеңізден озған жеріңіз бар ма? Озғаныңыз – он жылдықты бітіргеніңіз шығар. Ендеше, екі ғасыр, үш ғасыр мыңғырған жылқыны білімсіз қалай өсіріп келген? Сіз, қыл құйрықты өсіріп əлексіз, ғылыми-техни- калық прогрестің адамдары өлтіріп əлек. Тым болмағанда Ардакүреңді алып қалуға шамаңыз келмеді. Дүниенің төрт бұрышында қандай сұмдықтар болып жатқанынан хаба- рыңыз бар ма? Сіз мұнда жүрсіз, ал ауылды, ауданды бі- реу көшіріп əкетсе де білмейсіз. Тіпті мұны да қойшы, бір жылда бір рет ойын-сауық, кино көре алдыңыз ба? Табан ет, маңдай теріңізбен тапқан ақшаңыздың игілігін көре ал- дыңыз ба? Қырым деген не? Рим деген не? Осыншалық


азып-тозуға, көзсіз патриотизмге бастайтын қандай күш?! Өтінемін сізден, кетіңізші мынау мəңгі мылқау таулардан, кетіңізші! Ардакүреңнің тағдырын қайталамай тұрғанда ке- тіңіз! (Бозтайлақтың жағасынан ұстап жұлқылайды).

Күн күркіреп, бұршақ жауып тұр. Тағы да найзағай ой- найды.

 

Бозт а й л а қ . Жоқ! Жоқ! Кете алмаймын. Кететіндер кете берсін. Менің өмірім қиындығымен қызық. Немене еш- темені ойламай, жер шарының деміккен тынысын тыңдамай, елімнің, жерімнің амандығын тілемей, сағымдай бұлдырап мен жақындаған сайын жылыстай беретін шұғыла арма- нымды сағынбай жүр дейсің бе? Дүниеде малшыдан ойшыл адам жоқ. Туған жердің əр қойнауында тірлігімізді білді- ріп, түтін түтетіп отырсақ одан артық бақыт бар ма? Егер шынымды айтсам, мені мұнда жолдамамен жіберген ешкім жоқ, өз жүрегімнің əмірімен келдім. Жаңа сен атадан қал- ған құтты құрықты сындырмаққа əрекеттендің, бірақ ша- маң жетпеді. Жоқ, айнам, ол құрықты ғасырлар бойы ешкім сындыра алмаған жəне сындыра алмайды да! Мен оқтан қырылған, аштан қырылған адамды көрдім. Мен қайғы жұ- тып, қан құсқан қасіретті көрдім. Бірақ мен, сол ағалары- мыз бен апаларымыздың өлім үңілген беті мен нұры тай- маған көзінен ертеңге – болашаққа деген сенімді, өз ісіне деген ризашылықты жəне көрген едім. Сенің де, менің де, анау қаладағы достарыңның да бақыт бағы – солардың қан мен терінен көктеген. Менің көкірегіме нұр боп тарап, жылу құяр ұлы күш бар. Ол – мынау. (Қойнынан бала-шағасының суретін алып көрсетеді). Иə, ол – осы! От пен оққа салатын да, от пен оқтың ортасынан алып шығатын да құдірет – осы! Осы! Осы менің барым да, арым да!

Айнам, адам өзгенің қадірін (даусын бəсеңдетіп) өзі ар-

қылы түсінеді. Сен ақылды тентексің, тек өзіңді-өзің тым ерте жоғалтып алғансың. Сен күрес пен табиғаттан адасып қалғансың. Еңбекке деген сүйіспеншілік сол, айналайын, ең- бектің термайданында туындамақ. Қалқам, сенің жасыңда


Мəншүк пен Əлия қандай ерлік көрсетіп еді. Е-ей, сəулем- ай, біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді, деген осы-ау. Жалғыз тілегім сол – сандырақ ойдың орманынан өзіңді-өзің іздеп тауып ал.

 

Күн күркірі күшейе түседі. Анар үнсіз ой үстінде отыр. Осы кезде қатты найзағай ойнап, Бозтайлақтар паналап отырған қарағайға жай түседі. Бозтайлақ Анарды құшағына ала жығылады. Бір сəт тыныштық. Жарық біртіндеп жан- ғанда жылқышының бауырында есеңгіреп жатқан Анар есін жияды. Бозтайлақтың құшағынан əрең босайды. Қарағай- дың бұтағы тиген Бозтайлақтың қарақұсы қанға бөккен.

 

Бозт а й л а қ (көзін ашып, ернін əрең қыбырлата сөй- лейді). Тимеңдерші, соймаңдаршы жас құлынды! Жас құ- лынды соймаңдар, адамдар! (Өледі).

Анар . Боз-аға-а!

 

Бүкіл тау жаңғырығады. Осы үнмен жағаласа шырқырай кісінеген құлынның, жас баланың даусы естіледі.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.