Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЕКІНШІ БӨЛІМ. шінші сурет



ЕКІНШІ БӨЛІМ

Үшінші сурет

Тау. Жайлау. Аспан шайдай ашық. Күн нұры биік-биік шыңдардың басын қызыл алауға бөлеген. «Тасбұлақ» деп аталатын ағысы қатты өзеннің алқымындағы айлақта жылқы- шы ауылы отыр. Əбден тозығы жеткен ескі киіз үй тігілген. Ол – «Төрқуыс» атты жайлауда сауын бие байлап, ауылда- ғы пішеншілерге қымыз ашытып беріп отырған Бозтайлақ- тың баспанасы. Киіз үй алдындағы жер ошақта бықсып от жанып жатыр. Киіз үйдің ішінен саба піскен гүрп-гүрп үн шығады. Анда-санда оқыранған, пысқырынған жылқылар- дың тынысы естілсе, оқта-текте желідегі құлынның шың- ғыра кісінегені, екі айғырдың сарт-сұрт тебісіп, шайқасқан даусы шығады. Сахна ашылғанда осы үн мен əдемі көрініс- тің фонында біріне-бірі тебініп, кеңірдек жырта айқайла- сып, ауыл тілімен балағаттасып тұрған жылқышы Бозтай- лақ пен мал шаруашылығы жөніндегі бригадир Қаражанды көреміз. Ара түсер ешкім жоқ, арпалысып, арбасып тұр. Жағасы жайлауға кетіп, екі білегін түрініп алған еңгезер- дей Бозтайлақ Қаражанның тілдей қара галстугінен мықтап


ұстап алған. Қаражанда қарсылық жоқ, барлық кегін, барлық шерін кейінге сақтағандай саспай сөйлейді.

Қ а р а ж а н (тістеніп). Əкеңнен қалған мал емес, арық ат үшін ар-намысымды таптама, шырақ. Əй, жастық-ай, ал- дыңдағы қара тастан аттап-ақ кеткің келеді. Бірақ, адымың жетпейді. Аттай алмайтын жерден айналып өтуді білмейсің- дер-ау.

Бозт а й л а қ (одан əрі түтігіп). Сенің де əкеңнен қал- ған мал жоқ. Алпыс аттың ішіне Ардакүреңді қоспасаң, ет комбинаты қысырап қалмас.

Қ а р а ж а н (бұлқынып). Жібер енді, осы қинағаның да жетер. Күшігім, күшігім десең жаман ит аузыңды жалайды деп, бұл қай қорлағаның. Əттең, ағайындықтың ала жібін аттап кете алмайсың, əйтпесе... (Мысқылдай күліп) əйтпесе, тышқақ лақтай қанжығамда кетер едің маңырап.

Бозт а й л а қ . Қаныңды ішіңе тартып қалшылдағаның, бетің бүлк етпей былшылдағаныңның алды-арты бұл емес шығар. Қайтейін, заң-зəкүннің көзі жоқ, көзі бар болса мына ісі қара, іші ала сені табар еді. Мына (Қаражанның қарнын түртіп) бұлтиған «бесайлығыңды» кездігіммен жарып жі- берсем, ішіңнен жын емес, жылан шығар еді. Қайтейін, (Қа- ражанды босатып, өзі қара тастың үстіне отыра кетеді қиналып). ... сен жеңесің, мен жеңілемін, бəрібір... жеңесің...

Киіз үйден екіқабат əйел шығады. Ол – Қарлығаш. Тағы да сырттан айғырлардың тебіскен үні естіледі.

Қ а р лығаш . Жекпе-жектерің аяқталса, қымыз ішіп алыңдар. Сонан соң демдеріңді алып, одан ары қарай жал- ғастырарсыңдар... Ай-үй, апыр-ай, осы екеуінің егесе бере- тіні-ай, қаса байтал екі айғырдың арасын ащы қылады деп... Адам жұлқысып жатса, малы қырқыспай тұра ма...

Өзеннен су əкеліп, шай қояды.

 

Қ а р а ж а н (үсті-басын түзеп). Ей, Бозтайлақ, ұзында өш, қысқада кегің болса, міне, бейуақ қой, айт, қалқам, жа-


сырма. Ардакүреңнің етке айдалуы сені ғана емес, мына мені де қинайды.

Бозт а й л а қ . Қиналғаныңызды білейін, қиып тастап кетіңізші.

Қ а р а ж а н . Ардакүреңді алмай кетсем, оның орнына өзімді өткізіп жібермей ме совхоз директоры.

Бозт а й л а қ . Дегенмен, сіздің де кезегіңіз келген се- кілді, қоңыңыз жаман емес.

Қ а р а ж а н . Оны бір Құдай білер, кезек – жастікі ме, қарттікі ме... Арбасы боп жегіліп, арпасы боп егілген елім- нің, енді қартайып, қайғы ойлағанда бір керегіне жарасам арманым не?

Бозт а й л а қ . Монтанысыз-ау, Қареке! Қатты жүріп, ақырып сөйлемей-ақ мына қара жердің үстін шыңдап, астын тыңдадыңыз.

Қ а р а ж а н . Дəлелің болса ит жеккенге айдат. (Кетуге қамданады). Ал мен аттанайын, ерте күнді кеш қылмай. Ардакүреңнің жүгенін сыпырып, шылбырымен ноқталап алайын.

 

Бозтайлақ атып тұрады да, тағы ұмтылады.

 

Бозт а й л а қ . Қадалған жеріңнен қан алатын қасқыр екенсіз. Барар жеріңізге үш қайтара сəлем айтыңыз, аттың құйрығына байлап өлтірсе де Ардакүреңнен айрылмаймын. Қ а р а ж а н (жайбарақат). Осымен екі рет қол көтер- дің, шырақ... Ақылды тентек пе десем, ақымақ тентек екен- сің. Атадан айрылған жұрт аттан айрылса, айыбы не. Бұл фəниден ұшқан құс, жүгірген аңның өтпегені кəне, шырақ. Екі торының өзгешелігі бар ма – анау жылқылардың кез кел-

генін ұста да мін, қолыңнан кім қағады.

Бозт а й л а қ (тістене сөйлеп). Енді мұзға айдаған түйедей тайғанақтай бастадыңыз ба? Ардақты атынан ай- рылса, атасынан айрылғаннан бетер азалайтын қазақ емес пе едік. Алматыға жарысқа жібермеймін деп жағаласқан да сіз едіңіз, айлап мініп арытып, аяғынан қалдырған да сіз едіңіз. Етке тапсырайық деп, тізімге тіркеткен де сізден шыққан


бықсық. Осыншалық құйрығына шала байлайтындай Арда- күрең əйеліңді теуіп, балаңды тістеп өлтірген жоқ еді ғой.

 

Осы кезде аттың дүбірі естіліп, сахнаға Дулат, Жан, Анар шығады. Үшеуі арбасқан екеуін көріп, аң-таң тұрып қалады.

 

Қ а р а ж а н (саспай, байыппен). Жүрегіңнің əміріне сен- бей, білегіңнің əліне сеніп тұрсың-ау, шырағым. Түйе мін- ген Құдайға бір табан жақын деген, айдатсам да, байлатсам да менің қолымнан ешкім ала алмайды, қарағым. Ешкі ту- лап ыңыршағын шақпас, шырағым, бір ашуыңды маған бер. (Мүлəймсиді).

Ду ла т . Ассалау... Баз-аға, қонақтар келді.

Бозт а й л а қ . Қонақ келсе, қонақасын бере бер. Қымы- зын ішіп, қызын ертіп жүрген көптің бірі де, менің қай екі туып, бір қалғаным дейсің... (Қаражанға). Сонымен, Арда- күреңді қалдырасыз ба, жоқ па?

Қ а р а ж а н (келгендерге). Есенсіңдер ме, шырақтарым? (Бозтайлаққа). Сонымен, Ардакүреңді осы қазір жетектей- мін де желіп кетемін. Совхоз алмай келме деген.

 

Киіз үйден Қарлығаш шығып, қонақтармен амандасады.

 

Қ а р лығаш . Əй, Бозтайлақ-ау, боздап болсаң биені ағытайық. Ағаң екеуің бір сауым уақыт сырластыңдар ғой, бүгінге жетер. Дулат, балаларға қымыз бер.

 

Ағаш шелегін білегіне іліп, шыға береді. Бозтайлақ кел- гендерді енді ғана түстеп, қайта есендеседі.

 

Бозт а й л а қ . Е-е, мыналар мен танитын қулар болып шықты ғой. Ат-көлік аман келдіңдер, гитараларың қайда? Енді мына иен таудың басында сендерді мен сабайтын бол- дым. (Күле жүріп, күректей қолын ұсынады).

Анар . Здравствуйте, аға! Міне, енді бұдан былай сізбен дос боламыз. Бізге ренжіп жүрген жоқсыз ба?

Бозт а й л а қ . Құдай достықтан айырмасын.


Жа н (күліп). Қаладан көрсек те, даладан көрсек те теке тіресіп жатқаныңыз.

Бозт а й л а қ . Алысқанмен алысып, арық қойдай тыр- тысып жүргеніміз қара бастың наны емес, халықтың қамы ғой...

Қ а р а ж а н (ештеңе болмағандай жайбарақат). Ал, кəне, өкіл балалар тұрып қалыпты ғой, отырыңдар, шырақ- тарым. Бозтайлақ екеуміздің анда-санда осылай ойнап ала- тынымыз бар. (Арқасынан қағып). Бұл Бозтайлақ емес, ор- тамыздағы Бозатан. Көш бастаған серке болмағанымен, ел ішіндегі еркеміз...

Бозт а й л а қ (қабағын түйе). Басынан сырық, малынан құрық кетпеген ерке екенім рас. Əй, Дулат, қымызды өздері құйып іше берер. Жүр, құлындарды ағытайық. Ақшоқының басына тоқымдай қара бұлт ілінді, сел болмаса не қылсын.

 

Кетеді. Қаражан Бозтайлақты жүгіре қуып жетіп, құлағы- на сыбырлайды.

 

Қ а р а ж а н . Мал соймай-ақ қоясыңдар-ау деймін. Ет жей алатын түрлері жоқ. Қаланың калбаса жеп, бір ішек бо- лып қалған аш құрсақтары секілді. Жанындағы шүйке басы ашынасы сыңайлы.

 

Бозтайлақ шығып кетеді. Қаражан қайтып келіп, Жан мен Анардың жанына отырады.

 

Қ а р а ж а н . Ал, шырақтар, жөн айтысып, таныса оты- райық.

Жа н . Мені Жан деп атайды, шын есімім – Иванжан.

Журналиспін. Ал мына қызыңыздың аты – Анар.

Анар . Очень приятно с вами познакомиться. (Қолын ұсынады, сонсоң өзі əр нəрсені қызықтап, ыңылдап əн ай- тып жүреді).

Қ а р а ж а н (сыбырлай). Шырағым, мына қыз нешеде? Дəу де болса бір мықтының қызы-ау. Балалығы əлі қалмаған екен.


Жа н . Оныңыз рас. Əкесі ядерный физика институтында ғылыми қызметкер. Жасы он сегізде.

Қ а р а ж а н . Бəсе, айттым ғой кісі танимын деп. Воспи- таниясынан-ақ көрініп тұрған жоқ па? Баяғыда қазақ атала- рың айтқан екен: «Қыздың сырын білемін қылп еткеннен», – деп. Əлпеті көнетоздау болғанымен, жасы – жас екен. Қыз қартайған сайын паспорты жасара беретіннің кебі ме, шы- рағым?

Жа н . Аға, шын жасы сол. Қ а р а ж а н . Оқи ма?

Жа н . Жоқ.

Қ а р а ж а н . Е, айттым ғой осының түбі шикі деп.

Жа н (ыңғайсызданып). Ақсақал, Анар қазақша түсінеді, көңіліне ауыр алады ғой.

Қ а р а ж а н (шамданып). Қарағым, мен не дедім сонша, шала бүлінетіндей, жаман қыздың жеңгетайы шешесі деп, сені куəлікке алып шыққаннан сау ма?

Жа н . Кешіріңіз...

Сырттан шұрқырап өріске беттеген қалың жылқының тынысы сезіледі. Ноқта, жібін, сүт құйған шелектерін көте- ріп, Бозтайлақ, Дулат, Қарлығаштар кіреді.

Бозт а й л а қ . Ал, батырлар, халдерің қалай. Ат соғып шаршаған жоқсыңдар ма?

Жа н . Дегенмен, екі қара санымыз талып, əрең жеттік. Ду ла т . Енді он, жиырма жылда атқа мінуден де қала-

мыз ба деп қорқамын.

Анар (сөзге араласып). Енді, он, жиырма жылда ат емес, машина, вертолет мінбейміз бе?

Киіз үйден сабаға сарылдатып қымыз құйып жүрген Қар- лығаштың даусы шығады.

Қ а р лығаш . Үйбай-ау, онда биені де машинамен са- уамыз ба?

Ду ла т . Қысы-жазы суалмай саулы сауылатын «пиво»

деген сары бие бар...


Қ а р лығаш (дауыстап). Сары биеңді қайтейін, бар биемізден айрылып қалмасақ болды.

 

Қаражан кетуге қамданады.

 

Қ а р а ж а н . Ал, азаматтар, ерте күнді кеш қылмай атта- найын.

Ду ла т . Тамаққа қалмадыңыз ба?

Қ а р а ж а н . Рақмет, асығыс шаруам бар. Қош болың- дар. (Кетеді).

Бозт а й л а қ . Сонымен жайлау дегеніміз осы. Ертең жұрт ауыстырайық деп отырмыз. Жылда осы уақытта қат- ты бұршақ жауып, мына аңғардан сел ағады. Сол бір таби- ғат апаты басталмай тұрып, қырға көшіп үлгіреміз. Əйтпесе, бұл жер жылқыға ық, əрі жылы, үй іспетті жер жаннаты ғой. Бұрынды-соңды «Тасбұлақта» кісі өлімі болған емес дейді қариялар. Ауырған, сырқаған кісі болса осында əкеліп, анау мөлдір суға шомылдырып, сусын ретінде ішкізсе – құланта- за айығып кетеді екен.

 

Жан қағаз, қаламын алып жаза бастайды.

 

Анар . Өтірік шығар. Егер шын болса – Алматы түгел осында көшіп келер еді... Тіпті, дүние жүзі осы «Тасбұлағы- ңыз» үшін таласып, қанды майдан ашар еді.

Бозт а й л а қ . Өтірік-шынын қайдам, ондай аңыздың бары рас. Сосын, өз басым бұл жерде өлген кісінің моласын көрген емен.

Ду ла т . Қаражан қара қасқа құлынды бауыздап жібер- геннен бері киесі тайған білем. Содан бері жиырма жыл өтті – мынау Мұз тауынан көшкін түсетін болды.

 

Дулат сыртқа жалт қарайды да, айқай салады.

 

Ду ла т . Бозаға, Қаражан Ардакүреңнің тұсамысын ше- шіп отыр, алып кетпеу керек...

Бозт а й л а қ (атып тұрып). Кəне! Өй, енеңді...


Тұра жүгіреді, оның соңынан Дулат та кетеді.

Анар . Адамдардың бір-бірінен айырмасы болсайшы... Сахнаға бірін-бірі сүйрелеп, Бозтайлақ пен Қаражан шы-

ғады. Дулат арашалап жүр.

 

Қ а р а ж а н . Жібер деймін! Білегіңнің жуандығына сен- бе! Түбі жақсы болмайды, түбі насырға шабады. Шындасам, бір кісілік əл менде де бар.

Бозт а й л а қ . Сіздің əліңіз бір кісілік емес, жүз кісілік, жердің құртындай тірі жүре берсеңіз – мың кісілік. (Ашы- нып). Бүйткенше, сабасаңызшы... Бірақ, Ардакүреңді қалды- рыңыз. Сабаңыз да қалдырыңыз! «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды» – ұрыңыз мені! Ұрыңыз да, осы жерден құ- рыңыз!

Қ а р а ж а н . Осы жасыма дейін тышқан мұрнын қана- тып көргем жоқ, шырағым. Ондай пəлеге итермелеме мені.

Ду ла т (шыдай алмай, күйініп). Қара қасқа құлын ше, қара қасқа құлын!

Қ а р а ж а н . Егіз құлын туғанда, сыңарын өлтірмейтін қай атаңды көріп ең. Ай, жорналист шырақ, елдің ұлысың ғой, кімнің ақ, кімнің қара екенін ажыратарсың. Газетіңе жазбай-ақ қой, Бозтайлақ өз туысым. Өкпеге қисам да, өлім- ге қиям ба қарағымды. (Мүлəйімсиді).

Киіз үйден Қарлығаш шығады.

 

Анар (Қарлығашқа). Апай, осы кісілерге не жетпейді? Қ а р лығаш (жайбарақат). Ұят, айналайын, ұят жет-

пейді. Ақсақ ат үшін алысқандарына алты күн болды.

Анар . Ақсақ аттың барар жері біреу, ол – мясокомбинат.

Қаражан аға совершенно прав.

Бозт а й л а қ (ашу шақырып). Əй, Анар қарындас, ақ- сақтың бəрін етке айдасақ, онда Қаражанның өзі де сол үйір- ден табылар. Миың жетпейтін іске араласпа. Қымызды іш те, қыдыр тау-тасты.


Қ а р а ж а н (Бозтайлаққа). Шырағым, таз: «Бас жаққа барыспайық», – дегенде, соқыр: «Оны көрерміз əлі», – де- ген екен. Сол жақ көзінің тарыдай ағы бар кіші ұлыңды менен жасырсаң да Құдайдан жасырмассың. Бұл аяқты (аяғын шолтаң еткізіп) отынға жаққаным жоқ, сендер үшін, сендердің бақытты өмірлерің үшін беріп кеттім фашиске!

Анар (араласып). Аға, сіз қызықсыз, жаман атты етке тапсырайық дегеннің несі айып?

Жа н (Анарға). Кейін тұр, бұл екеуміз араласатын іс емес. Таудың өз заңы, өз мінезі, өз соты бар.

Қ а р лығаш (мейірмен). Анар, бері кел, айналайын. Мұрындары қанағанда су құйып, беті-қолын жуатын да кісі керек. Бүгін алысса, ертең табысады, еркек жазғандарда пə- туа бар ма?

Бозт а й л а қ (тісін шақыр-шұқыр қайрап). Қаражан аға! Бес бересі, алты аласымыз жоқ еді. Тышқаққа қас қыл- ғандай қасарыспаңыз. Өлейін десе – жан тəтті, өлмейін десе – бас қатты болып жүргенде, жүйкені тоздырмаңыз. Бес азаматтың жұмысын Дулат екеуміз ат үстінде атқарып, ат үстінде азып жүргенімізді бүкіл совхоз біледі. Ай, күні жетіп, жер сызып жүрген əйелім, таңертеңнен кешке дейін бие сауады. Біріміз ауылға қымыз тасып, түнгі сағат онда сүйегіміз сүйретіліп əрең жетсек, біріміз жылқы жайып, бие сауғызамыз. Ауылда бес баланы бағып, ауру апайым отыр, оның отын-суын кім жеткізіп береді. Бізге қиған ұй- қыларыңыз тəулігіне – үш сағат. Құс ұйқы болып құтымыз қашқанына қырық күн болды. Ауылға қымыз тартып, бие сауғызатын қосымша кісі қашан жібереді деп екі көзіміз төрт болып отырғанда – қарайып сіздің қара басыңыз қал- қаяды... Сіз жай келесіз бе, жайпай келесіз. Жиырма жыл қар жамылып, мұз төсеніп, баққан жылқыдан ақсақ ат алуға қақымыз бар шығар. Онда да тегін емес... Аспаққа ассаңдар да бермеймін Ардакүреңді. Өлсе – бас сүйегін іліп қоямын шаңырағыма! Ерегестірсеңдер дəл өз көзіңізше бауыздай саламын.

Қ а р а ж а н . Сенікі өкпе болғанда, менікі өт емес. Асып

айттың, тасып айттың – бірақ бетіңнен алғам жоқ, басу айт-


тым. Ондай ерлік қолыңнан келсе, бауыздай сал, ер екеніңді білейін бауыздай салшы!

Анар . Түк ұқсам бұйырмасын. Бере салмай ма? Ақсақ аттан пайда не?

Қ а р лығаш . Əй, Бозтайлақ, «Қыртты езген жеңеді, ез- генді Құдайдан безген жеңедінің» кері болмай бере сал. Ме- нің күйеуім екенің рас болса, бере сал.

Жа н . Бере саласың-ау деймін, аға.

Ду ла т . Ардакүреңді кезек мініп, аяғынан қалдырған өздері. Шаранасын сыпырған өзіңіз едіңіз, қимай қиналаты- ныңызды білемін. Сулы жерде асып, сусыз жерде қуырып жесін, бере салыңыз, аға.

 

Бозтайлақтың басы айналып, құлағы шыңылдайды. Құ- лағына құлынның шырқырап кісінегені естілгендей болады. Дауыстар: «Бере сал! Бере сал! Бере сал!»

 

Бозт а й л а қ (айғай салып). Ай, Құдайым-ай! Қамбар иемнің аруағы қайдасың, атпаймысың арсыздарды! Жылқы жарықтықты осылайша тойымсыз өңешке, қампиған қарын- ға айдай берсе – құрық мініп, қулық сауып қалмайсыз ба? Қайдасың, Қамбар ием, қайдасың, жылқышы ата! Құлыннан құлын қалмады. Ұлыңнан ұлың қалмады!

(Бұдан соң сахна қараңғыланғандай болады. Бозтайлақ- тың Ардакүреңге міне шапқаны естіледі, құйын-перін шауып барады, тау-тасқа қарамай, зулап барады. Сөйлеп барады).

Арыныңнан айналайын. Ардакүрең! Зула, құс болып ұш, оқ боп атыл! Найзағай болып жарқылдайын мен-дағы. Ата- бабаң: Кендебайдың Керқұла аты, Қамбардың Қара қасқа- сы, Байшұбары Алпамыстың, Құлагері Ақанның – сені іздеп кісінеп, шақырады жанына. Есепке де алынбай есек болып кеткенің бе, асыл тұқымды айғырдан қалған тұяқ сен едің, тас жүректі Қаражан ортақ болды қаныңа! Зула, зымыра, зау- лашы! Айызымды қандырып, азынайын алға мен! Ер қанаты ат тағы – аттан айрылсақ ұяттағы! Қыста жемсіз тебінмен, күйсіз, бапсыз шығатын жылқы деген жануар, сенің сонда лебіңнен талай дұшпан жеңілген!


Ардакүрең, ақперен! Құлағыңның түбінен ызың-ызың ететін жат жұрттықтың жебесі, тағы болмайды дейсің бе адамзаттың егесі! Сонда сенің тұлыбың, сонда менің құры- ғым жауға шаба ала ма! Айналайын, арғымақ! Қолтығыңды сөгіп шаба алмай, сый-құрметіңді ала алмай, арманда атта- нып барасың қақ маңдайдан бір ұрып, бауыздамай өлтірсе, кездігіне иеңнің зар боп пырағым қаларсың... Ақырғы рет шабайық, айызымызды қандырып, асу-асу белдерді, аса бір соққан желдерді шаң-тозаңға қалдырып!

 

Ақ ауылдың сəні жоқ, Топталып жылқы үйездеп, Ноқталы құлын күйездеп Тартқан желі болмаса!

Заула, Ардакүрең! Заула!

 

Ардакүреңнің тұяғын тас қағып, құлағанын сеземіз. Дү- бір пышақ кескендей тынады, дүние тып-тыныш. «Бозтайлақ аға», – деп жүгіріп жеткен Дулат, Жан, Анарлар көрінеді. Ая- ғын санай басып, Қаражан келеді. Бозтайлақ жан тапсырға- лы жатқан аттың басын құшақтап отыр.

 

Қ а р а ж а н . Уай, Бозтайлақ, (кіжіне сөйлейді) арпалы- сып жүріп арам өлтірдің. Қызғанғаның қызыл итке жем бол- ды деген осы да. Жанын қинама жануардың, бауыздап жі- берейік. (Қыннан пышағын суырып алады. Бозтайлақ егіле жоқтап, Ардакүреңнен алыстай береді).

Бозт а й л а қ . Жүген-құрық тимеген,

Шая шөптен жемеген, Тұнықтан бойлап су ішкен, Алтайда ойнап тебіскен, Үйірден жалғыз қаларсың Кеудеңнен шығып шыбын жан. Жүрегіңді жұлып жем етер.

 

Қазаңа шапқан мына айуан. (Қаражанды көрсетеді).


Қаражан Дулаттың: «Тоқтаңыз, өз өлімімен өлсін!» – де- геніне қарамай, Ардакүреңді бауыздап жібереді. Тау-тасты құлынның шырқырай кісінегені жаңғырықтырады.

 

Қ а р а ж а н . Қиналып жатқан түлікті бауыздап таста- майтын ырымды қай атаңнан көріп ең?!

Ду ла т . А, Құдай, мұндай қанды қол ырым-жырымның ақыры сіз болғай... Қайдасың, қасқа құлыным?

Жа н (күрсініп). Мүмкін, егеспей етке тапсыру керек пе еді...

Анар . Зорыққан атты атып тастамайтын ба еді?

 

Ентіге басып əрең жеткен Қарлығаш үн-түнсіз ат басын- дағы жүгенді сыпырып алады да, Жанға ұсынады.

 

Қ а р лығаш . Бауырым, ерінбесең музейге өткізе сал, күмістеген келісті жүген ғой, келімді-кетімді жұрттың қы- зықтауына жарар. Басына күмістеген жүген киетін ат жоқ еді. (Ішін ұстаған күйі кете береді).

Ду ла т (Қаражанға тебініп). Бəріне кінəлі сіз, бала ке- зімнен-ақ сіздің өзіңізден емес, алайған көзіңізден қорқатын ем. Əкемнің қара жорғасына таласып, он килограмм астық үшін он жылға соттатып едіңіз. Жақсы ат мінетін тақым əркімде де барын білмейсіз-ау, білмейсіз.

Қ а р а ж а н (шамданып). Əй, қарағым, қызып сөйлесең де, қысып сөйле. Қырық жылғыны қылға тізіп қайтесің, кім- ді-кімнің айдатқанын тексеріссек, ондай ерлікті жоғарыдан бастар болар. Өткенді қозғап, өле алмай жүрген ешкімнің запас жаны жоқ. Тіпті, мен айдатқанның өзінде түрмеде ші- ріген жоқ, соғыста өлді ғой... Ендеше мен емес, сол соғысты қарға. Баяғының тыртықтанып кеткен жарасын тырнау үшін ақты-қараны айыратын əділ заң, бұлтартпайтын куə керек. Ол екеумізде бар ма?! Жыланнан жылан туады деген...

Ду ла т . Қыраннан туған қыран жалбиған дара жүрек шал сен болсаң, садаға кет жыланнан...

Қ а р а ж а н . Өнбес дауды өспес бала қуады деген, əй шалалық-ай!


Жа н (абдырап). Қойыңыздар, Бозтайлақ ағаның барып көңілін жұбатайық.

Қ а р а ж а н (елпілдей күлімсіреп). Иə, сөйтейік, сөзбұй- даға салып тұрғанша...

Анар (тастың үстінде өзімен-өзі оңаша отырған). Адамдар қай-қайда да бірдей, тек əркім өз рөлін əртүрлі ой- найды.

 

Киіз үйдің жаны. Алғашқы көрініс.

 

Қ а р а ж а н . Ал, бір кесе қымыз ішіп алып қайтайын мен. Қ а р лығаш . Қайда асықтыңыз екі кештің арасында. Қонып, тамақ жеп кетпедіңіз бе? Айып бізден. Бозтайлақтың артық қылығы болса көңіліңізге ауыр алмассыз, аға. Сізде жазық жоқ, балғамен ұрып өлтіргенше, бауыздап өлтірген

иманды.

Қ а р а ж а н . Енді қартайғанда бала-шағамен алысты- рып... Мына бас не көрмеді. (Күрсінеді). Оқ пен оттың орта- сында жүріп, Отанды қорғадық. Табан ет, маңдай терді сарп етіп, осы ауылдың дəулетін тасыттық. Енді міне, берерімізді беріп, аларын алып алған соң – алжыған артық шал боп шыға келдік. Ұстаз көбейіп, шəкірт азайып қалмаса болды да (қабағын түйіп, тереңдей сөйлейді) темірдей тəртіп ке- рек, тəртіп... Біз тізгінді босатып алған секілдіміз. Үлкенді сыйлау деген аз, ей, Дулат, мен сені туған баламдай жақсы көруші едім, бірақ оның да шегі бар.

Ду ла т . Кешірімнің ең ұлысы – кек сақтамау. Жаман- дықты ішіме жисам, қара ниет дер едіңіз. Неге екенін біл- меймін, сізді суқаным сүймейді.

Қ а р а ж а н (жүре бұрылып). Екеуміз егессек, аспан ойылып жерге түсіп кетпес, шырақ. Асарымды асаған, жаса- рымды жасаған адаммын, болашақ саған керек, ұзында өш, қысқада кегің болса – қараңғыда бір періп өлтіріп таста. Мен орталарыңда қанша жүреді дейсің, өзі берген жанды өзі ала- ды да.

 

Кете береді. Киіз үйден піскен сабаның үні шығады.


Ду ла т (дауыстап). Үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады, қанжығаңызға бір жан торсық қымыз байлай ке- тіңіз.

 

Қаражан жалт бұрылып, көзімен ата қарайды.

 

Қ а р а ж а н . Өйтіп қорлама! Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады деген осы-ау. Əттең, жаты- рына шапқан жаман айғыр болып тұрғаныңды сезбейсің-ау, бейбақ! Соғыста өлген Ақжанның емес, соғыстан есен-сау оралған Қаражанның кіндігінен екеніңді екінің бірі білмей ме!

 

Сарт-сұрт шыға жөнеледі. Бəрі аң-таң. Əсіресе, Дулат басынан біреу ауыр балғамен ұрып қалғандай шөге түсіп отыра кетеді де, солқылдап жылайды. Үйден Бозтайлақ атып шығып, Қаражанның соңынан қуам дегенде оны Анар ұстап қалады.

 

Бозт а й л а қ . Қуып жетіп, қуырдақ жасайын, əкеңнің... Анар . Тоқтаңыз аға, бір ашуыңызды қиыңыз маған. Кім- кімнің баласы болмай жатыр... Бағанадан бері дауларыңызға араласқан жоқпын, ұялдым. Шындықтың бетін ашқым кел- ді. Бір ауылға бір Қаражан керек. Адам өз дұшпанының бар екенін, кім екенін білсе, сақ, əрі ширақ жүреді. Жақсылық

туғызбайтын бірде-бір жамандық жоқ, аға.

Жа н (Дулатты жұбатып). Ашынғанда айтқан ашулы сөзі де, жүрегіңді жаралап қайтесің, жоқ əкені жоқтай бер- генше – өзіміздің бұл дүниеде бар екенімізге қуанайық.

 

Дастарқан жайылып, бəрі жиналады. Көңілді. Бағанағы ашу-ыза тарқаған, төрде Бозтайлақ. Қарлығаш қымыз құйып отыр.

 

Қ а р лығаш . Апыр-ай, əлгі кісі іштей қарғанып қанын ішіне тартып кетті. Түбі қиын болмағай. Үндемей тындыра- тыны бар деуші еді...


Бозт а й л а қ (ет турап отыр). Е, жүйелі қарғыс жү- йесін, жүйесіз қарғыс иесін табар. Бірақ, Қарекеңді ондай жамандыққа қимаймын.

Анар . Адалсыз-ау, аға. Сондықтан да өмірде жолыңыз бола бермейтін шығар.

Жа н . Дəм-татуы жоқ философияңның уытын мұнда да жая бастадың ба?

Ду ла т (қоқаңдап). Бозаға, қонақтар барамыз деген соң, ауылдан бір-екі жарты ала шығып едім...

Бозт а й л а қ . Несіне қипақтайсың, алып кел. Ащыны ащы бассын, жанымызды бойымызға шақырайық.

 

Дулат қоржынын ақтарып, арақ алып шығады.

Түн. Қою қараңғылық басқан. От лаулай жанып, бақан ба- сында шам ілулі тұр. Əлдеқайдан қарақұс сұңқылдап, жыл- қы кісінейді. Дулат үлкен қырлы стаканға арақ құя бастайды.

 

Ду ла т . Ал, енді мынаны тартып жіберейік. Ешкімге сөз бермеймін. Алғашқы тосты əркім өз ішінен, өз тілеуі үшін ішуі керек. Дегенмен, бірінші тосты мен ылғи да жауым үшін ішемін.

Бозт а й л а қ (күліп). Ендеше, екеуміздің арнап тост кө- теретін адамымыз біреу, ол – Қаражан ағаң ғой. Өз басым ол кісіні əсте кінəлай алмаймын, бағана ол да мен де артық кет- тік. Билік құрып, еті үйреніп қалған адамның əлсіреуі, алжыған арыстандай бая-шая келеді. Тіпті, ондай шаш ал десе бас ала- тын əпербақан адамдар қай-қай заманда да керек, тіпті сол кісі- лер азайып кетсе, Анар айтқандай, тəубемізді ұмытар ма едік.

Анар . Өте дұрыс айтасыз. (Дулат ұсынған стаканға шошына қарап). Ой, мынаның бəрін бірден ішеміз бе?

Жа н . Шынында да, көптен құйдың-ау, Дулат, азайтсаң қайтеді.

Ду ла т . Нар жолында жүк қалмайды. Оймақпен ішсең де, ожаумен ішсең де барар жолы асқазан емес пе? Ал кеттік. (Тартып жібереді де, жеңін иіскейді).

Қ а р лығаш (өзі ішкендей тыжырынып). Жеңін иіске- мей, ет иіскесе қайтеді екен.


Жа н (жүрексініп). Мас боламыз ғой.

Ду ла т . Он күн мас болсаң да, он бес тəулікке қамап қояр ешкім жоқ тауда. Іш, сайранда, айқайла, бəрібір тауға милиционер келмейді. Тіпті жер тартып күш бермей бара жатсаңдар, Бозағамның қайыс арқанымен таңып тастаймын қарағайға.

Бозт а й л а қ (Дулатқа). Ертең ерте тұрып, мынау аң- ғардан көшіп алмасақ, көшкіннің күні де келіп қалды ғой. Қалтырдан тұрған мынау жел – дауыл, жаңбыр шақырып тұр-ау.

Ду ла т . Иə, менің ойымнан да сол кетпей отыр. Қонақ- тардың қол күші барда қоныс аударып алайық. (Тағы да арақ құйып). Ардакүреңнің сүйегін қайтесіз?

Бозт а й л а қ . Бас терісін сыпырып алам да тұлып жа- саймын. Ал денесін қазір тамақ ішіп алғаннан кейін көміп тастаймын да, басына қызыл қарағайдан сайғақ орнатамын. Бүкіл жастығымның қанатты арманы, сынық көңілімнің ме- деті еді... Ат сүйгенімізді де айып көретін болды ғой бұл жұрт. (Қамыға күрсінеді).

Қ а р лығаш . Жə, босама, жаман ырым бастап.

Анар . Аға, байқаймын, сіз өте... өте жақсы адамсыз. Мен сізді Алматыда ипподромда көргенде-ақ ұнатып қал- ғанмын. Сіз күштісіз...

Бозт а й л а қ (қысыла ұялып). Жақсы екенімді қайдан білдің, түйеден түскендей қылық жасадың-ау, айнам.

Анар . Правда! Вы очень хороший человек. Сондай тө- зімді, ақылды адам секілдісіз. Бағанағы арыстан ашуыңыз... жер сілкіндірді. Маған сіз өлмейтін секілдісіз. Сіз үлкен бір... великий академик секілдісіз. Тек қана қара костюм, қара галстук, ақ көйлек, кең бір аудитория, биік кафедра ке- рек. (Көзін жұмып). Əне... əне сіз қолыңызды сермеп лек- ция оқып тұрсыз, шашыңыз бурыл, көзіңіздің алдында ақыл ұйыған, мені ымдап шақырдыңыз, мен сізге қарай ұшып келе жатқан секілдімін, бірақ сіз алыстай бересіз, көзімді ашып жіберсем... көзімді ашып жіберсем... сіз мұнда отырсыз. Ах, как жаль! Көзімді бекер аштым.

Жа н . Анар, өлгім келеді дейді, сіздің ше, Бозаға!


Қ а р лығаш . Құдай сақтасын, не дейді, өлгені несі...

Ду ла т . Ішіп алсам менің де өлгім келеді, əкесінің аузын өліп-ақ қалмаған екенмін. Жұмыс... жұмыс, не көрдім мен, айтыңдаршы, не көрдім!

Бозт а й л а қ . Қызынба! Мен не көріппін, неге болсын қанағат, тоқтам керек. Өлуге қол тимейді, шынын айтқан- да. Балаларымды кім асырайды. Қарлығаштың күні не бо- лар еді, əрине, мал бағатын кісі табылар. Рас айтасың Дулат, сендер еш нəрсе көрген жоқсыңдар. (Күрсінеді). Біз құсап жалаң аяқ, жалаң бас – қысы-жазы жұмыс істеп, құйрықта- рыңды өгіз, қарындарыңды қарамық тескен жоқ. Таң бозы- нан сирақтарыңнан жұлып алып, қамшының астына алып масақ тердірген жоқ. Таңдайыңа тастап жіберген екі-үш дəн- ді ұртыңнан қысып тұрып, өңештеріңнен суырып алған жоқ. Зарлаған баланың, қарғанған қатынның даусын естімедің- дер. (Қатты кейиді). Енді мынау... енді мынау шыбық тимей шыңқ етіп жүргендерің.

Қ а р лығаш . Бозтайлақ ішіп алса Қаражан ағасы се-

кілді ақыл айтады.

Бозт а й л а қ . Ішкен соң əйтеуір ақылды болсаң да ақы- мақ атанасың. Бригəдір сөзінің бəрін теріс дей алмаймын. Ол кісіде өз ісіне деген таза да, тұрпайы сүйіспеншілік бар.

Ду ла т . Менің білуімше, өз құлқынының құлы. Ойлаған ойын шиелеп, қазықбау шалып тастайды, тауып көр көкейін- дегісін.

Анар . Ойлаған ойдың жұмбақты болуы жаман қасиет емес. Ұлы істер əрқашанда жұмбақты күйде жасалады. Сіз менің сұрағыма жауап бермедіңіз ғой, аға. Кейде ыза болға- ныңызда, жалыққаныңызда өлгіңіз келе ме? Жан ішіп алса,

«осы сен не ойлайсың» деп шыға келеді, ал сіз не ойлайсыз? Тек жылқыларды ғана ма?

Бозт а й л а қ . Жылқыларды ғана десем, қателеспес едім. Өйткені сол жылқының ар жағынан бүкіл əлемді көрер едім.

Анар (шошына). Это же ужасная мысль. Неужели, сіз- дің арман-қиялыңыз жоқ, болашақтан үмітсізсіз. Бірақ, мен сізді құптаймын, əрі аяймын. Өз басым еш нəрсе ойлағым


келмейді. Ойласам болды, құлағым шыңылдап, шаршап қа- ламын. Адам неғұрлым ессіз жүрсе, соғұрлым өзін бақытты сезінер. Айтыңызшы, аға, өміріңізді несімен қызықты деп ойлайсыз?

Бозт а й л а қ (ойлана)... Ым-м, несімен дейсің бе? Шы- нымды айтсам бұл жөнінде мықтап ойланбаған екенмін. Мүмкін, туған жердің топырағын басып, тірі жүруіммен қы- зық шығар. Тек өмір сүруден қорқатын адамдар ғана ертеңі- не күмəнмен қарайды. Арман, мақсат, махаббат деп кеңір- дек жыртып айғайлайсыңдар, ал өздерің осындай қасиетті ұғымдар үшін күресе білмейсіңдер. Менің түсінігімде, қан- дай да болмасын арман мен махаббат еңбек нəтижесінде ғана жүзеге аспақ. Айталық, мен бала кезімде жылқышы бо- ламын деп армандағам жоқ. Бірақ, жиырма жылдық еңбек, осынау қарапайым да қасиетті кəсібіме деген ұлы сүйіспен- шілігімді арттырады. (Орнынан тұра береді). Ал, махаббат деген, сайып келгенде... қыз бен жігіттің бір-біріне үздіге қа- рауы емес, екі жастың бір мақсатқа бірігіп қарауы екенін мен айтпасам да білетін шығарсыздар. Міне, махаббат та, өмір де, бақыт та мына Қарлығаштың құрсағында. (Əйелінің ішін сипайды). Жарық дүниеге тағы бір құлын келсе – одан қы- зық ғұмыр бар ма... Өздерің отыра беріңдер, мен Ардакүрең- ді көмуге кеттім.

 

Күрегін алып кете береді. Қарлығаш белін ұстай ол да ор- нынан əрең тұрып,



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.