Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Екінші сурет



Екінші сурет

Таң. Қалың ұйқыдан жаңа ғана ояна бастаған қала. Алыс- тан Алатаудың ақ басы көзге шалынады. Көше қозғалысқа енбей, жаздың жайма-шуақ ертеңгі таза ауасымен тыныс- тайды. Гитара асынып, ең соңғы модамен киінген бір топ абыр-дұбыр таң тыныштығын бұзып, көшеге шықты. Қызу. Түні бойы сайран салған секілді. Шаштары желкесін жап- қан жігіттер мен қыздардың еркек, əйелін айыру қиын. Бəрі біркелкі киінген. Осы кездің азғана бұзылған тобы- рын көз алдыңа елестететін əлгілер өздері шығарып алған əнді бақырып айтады. Миыңды қашарлық дарақы дауыстар, шулы өмірге əбден кекірене тойынған, əрі осы өмірден тү- ңілген, уақытын қалай өткізерге білмей сандалып бос жүр- ген дел-сал тірлік иелері жұмыр жердегі осынау қайғыдан да, қуаныштан да бейхабар. Осы сəттік көңіл күйге бүкіл ха- лықтың тағдырын садақалап жіберу сыңайлы.

Г и т а р а лы ж і г і т (гитарасын безілдетіп). Ал, жі- гіттер, шырқайық! Егер біз оятпасақ, бұл жұрт түске дейін ұйықтай берер түрі бар.

Бəрі қосылып, əн айтады.


Ұзынтұра . Ребята, мен сендерді дачаға қонаққа ша- қырмайтын болдым. Шақырмайтын себебім – сендер мүл- дем жалықтырдыңдар. Маған енді басқа дос, басқа компания керек.

Бірінші қ ы з . Ешкі тулап ыңыршағын шақпайды, сүйіктім. Ағымнан жарылып, шындығымды айтсам – мен сендерден баяғыда-ақ жерігенмін. Қайтейін, барар жерім Алатау – ол да баяғыда көрген тау.

Г и т а р а лы ж і г і т . Сонда немене, орталарыңдағы атқа жеңіл телпекбай мен болғаным ба? Бұлар күліп жатса – жылату керек, жылап жатса – жұбату керек, көз алдарыңда мына даңғырлақты (Гитарасын көрсетеді) ортасынан бір опырып сындырамын да, ауылға тайып тұрамын. Иншалла, иншалла, Алматының маңдайына сыймасақ та, Алатаудың қойнауына сыярмыз. Мына сендер секілді əке-шешесінің ая- сынан қырық қадам ұзаса қырылып қалатын бос белбеу мен емес. Менің почвам мықты, почвам...

Е к і н ш і қ ы з . Қойсаңдаршы, бір-біріңді қажамай. Жаңа ғана келістік қой, осы көше таусылғанша қайғылы əн айтып, өтірік болса да – мұңданайық, өтірік болса да – ойла- найық деп.

Жа н (өзіне-өзі). Іштей іру басталды. Менің де күткенім осы еді. Үрит-үрит, соқ-соқ...

Бірінші қ ы з . Ия, əр күнімізді көңілді өткізуге, еш нəрсені ойламауға, бір-бірімізді сатпауға, бір-бірімізді жер ортасы көктөбеге тастап кетпеуге ант бергеніміз рас талай рет. Бірақ, ол кезде біз екі аяқты адам баласын жарық əлемде жалықтырмайтын еш нəрсенің жоқтығын ескермеппіз. Рас, бізді тоқтық емес, жоқтық қызықтырды, дегенмен... есекте де ес болмай ма.

Жа н . Рас, есекте де ес болады... бүйткен бірліктерің мен тірліктерің бар болсын. Бастарыңа іс түссе көрер едім. Бір- біріңді оққа байлап берер едің, бір-біріңді отқа қақтап жер едің.

Ұзынтұра . Е, бəсе, Жан мен Жанна өз «измдерін» насихаттауға кірісті. (Бірінші қызға). Көгершінім, енді жүз грамм ішсең Аристотель, Демосфен, Цицеронмен айтысуға


дайынсың-ау. Біле білсең, сенің жан дүниеңде қандай қопа- рылыстар жүріп жатқанын жер жаһанда менен жақсы білетін ешкім жоқ. Менен қашып қай төркініңе паналарсың. Саған тек мен секілді жігіт, ал маған тек сен секілді қыз. (Мойнын күшпен бұрап сүйеді).

Бірінші қ ы з (жеркеніп). Кетші əрі сасымай. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ керек.

Ұзынтұра . Что! (Ұмтылады). Құдайдың қызы бол- саң да...

Бірінші қ ы з (ұстай берем дегенде бұлт ете түсе- ді). Аттың сыры иесіне мəлім, сенен келген кереметті мен де көріп алайын.

 

Арпалысқан би басталады.

 

Жа н . Айуандар! Адамдықтан кері азып, маймылға ай- налғанымыз осы да... Тас бауырлықтың, жат бауырлықтың асқан үлгісін көрсеттік, бірақ тағылықтың шегіне жетуге бол- майды ғой. Менен де, басқалардан да ұялмай-ақ қойыңдар, анау ағарып атқан таңнан ұялсаңдаршы. Ішеріңді алдыңа, ішпесіңді артыңа қойып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мəпелеп өсірген заманнан ұялсақшы. Айтып сөз, ұрып таяқ өтпейтін өлімтіктер...

Ұзынтұра (айғайлап). Қорлама!

Г и т а р а лы ж і г і т (сайқымазақтап). Жығылып жа- тып сүрінгенге күліп жатқан жоқсың ба, жаным. Сенің де жетісіп жүргенің белгілі.

Ұзынтұра (қызға). Əттең, ұрғашысың... бұлардың балын сор да, балауызын таста. Біз əлі талай рет оңаша кез- десеміз. Сонда мойныма өзің асыласың ырбаңдап. Қазір ке- кірелеп тұрсың-ау.

Бірінші қ ы з . Бұл заманда көзі қарайып жүрген еш- кім жоқ. Біле білсең, еркектердің қадірі тек соғыс кезінде ғана артады. (Сақ-сақ күледі).

Анар (көзі ұялы, бір жұмбақты сыр, əдемі мұң тұнып жатқандай). О-а, адам жанының инженері, бұл сен араласа- тын іс емес. Скучаете, да? Білем, сені мынау шуылдақ орта


емес, керіліп жатқан кең дала қызықтырады. Менің папам айтып отыратын, қазақ боп тек əдебиетшілер ғана мəңгі жа- сайды деп. Ал, сен тіпті де қазақ емессің. Жетім қозым менің.

Жа н . Жетті! Үндемегенге үре бермеңдер. Жеңілген ит желкелегенге жақсы деп.

Ұзынтұра . Жеңілсең, Анардан жеңілдің – біздің кі- нəміз не? Бар жазығымыз рухани дозақтан арашалап жүрге- німіз шығар?

Анар . Сендер ойлағандай, Жан ақылсыз жігіт емес. Ақылынан азап шеккен жігіт. Ал, бір компанияға бір журна- листің керегі рас.

Г и т а р а лы ж і г і т . Грибоедовтан қалған тірі қаһар- ман осы десеңші.

Анар . Бұл жігіттің жанын жалықтырып жүрген, тіпті, мынау ұлардай шулаған тобыр немесе мынау іші қуыс ги- тардың үні емес, жо-жоқ. Меніңше, бұл азаматтың атын шы- ғаратын ұлы істер, соқталы шайқастар керек. Немесе бұл Достоевскийдің Раскольникові секілді бір кемпір, бір қыз- ды қатарынан балтамен шауып өлтірсін, сонда өмірінде ұлы өзгерістер пайда болмақ.

Жа н . Ондай күн туса, балта ең əуелі сендерге сілтенер еді.

Анар . Ол тауып айтқаның емес, ағашты қиятын балта- ның сабы да ағаш екені белгілі.

Жа н . Тауып айтпасам да, мына сен секілді қауып айтып тұрғаным жоқ.

 

Осы кезде көшеге қараған үйдің балконынан адам көрі- неді. Елулерге келген қырма сақал, толық интеллигент іш киімшең тыраңдап жаттығу жасай бастайды. Ілгерінді-кейін жүгіреді, сосын ентігін баспаған күйі төмендегі топты көріп айғай салады.

 

Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы интеллиг е н т . Ей, қаңғыбастар, таң атпай зарлағандарың не, əндерің тасып бара жатса, «Қазақконцертке» барып айқайлаңдар... (Сосын өзі гимнастика жасауын жалғастырады).


Г и т а р а лы ж і г і т . Қамаудағы қасқыр секілді арпа- лысуын ананың. Жерге түсіп жүгірсе, аяғынан сауып тұр-ау. (Айғайлап). Айт, два! Айт, два! Қарнына қараңдаршы, қарны- на. Грелкадағы су секілді іркілдеуін, ха-ха-ха...

 

Бəрі шулап күледі. Осы кезде балконнан иттің басы көрі- ніп, төмендегілерге арсылдап үре бастайды. Ең жоғарғы қа- баттағы балконнан ақ басты қазақ шалы шығады.

 

Ж о ғ а р ғ ы б а лк о н д а ғ ы ша л (төменгі балкон- дағыға). Ау, көрші, иттің жағы семе ме, жоқ па? Ел-жұрттан ұят емес пе, таң атпай саңқылдатасың да қоясың, бір емес, екі емес, бұл не өзі!

Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы интеллиг е н т (шал- ға). Анау көшедегі иттерді тыйып ал əуелі. Көзге шыққан сүйелдей мен дегенде жыныңыз бар ма осы?

Ж о ғ а р ғ ы б а лк о н д а ғ ы ша л . Таза көзге, таза организмге сүйел шықпайды, көрші. Ал, сен біздің подъез- дегі сүйел екенің рас. Ілгері басқанның иті балконнан үреді деген осы да, тəңірім. (Күңкілдей сөйлей үйіне кіріп кетеді). Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы   интеллиг е н т . Кө- рінгенге көпіріп сөйлей бергенше, көшені сыпырсаңшы,

қырқылжың шал.

 

Төменгі балкондағы интеллигент тағы да ілгерінді-кейін жүгіре бастайды. Жастар əлі тарқаған жоқ. Гитараға қосы- лып, өлең айтады.

 

Пəни, жалған, алданыш Белшесінен басайық.

Еңбек деген – жалған іс, Көше тойын жасайық, ла-ла...

 

Осы кезде үйден Көше сыпырушы шығады. Ол жоғарғы балкондағы ақ басты шал. Ұлы Отан соғысының мүгедегі. Аяғын сылти басады.


Ұзынтұра . Привет, старик. Сыпырар көбейсін!

К ө ш е с ы п ы р у ш ы неме с е ж о ғ а р ғ ы б а л - ко н д а ғы ша л . Өркенің өссін, балам. Сендер аман бол- саңдар, маған ермек табылар бұл көшеден.

Ұзынтұра (қалтасынан қырлы стакан алып, микро- фон ретінде пайдаланады). «Джентельмен двадцатого века» ұйымының органы «Қара көзілдірік» қабырға газетінің мен- шікті тілшісі ретінде ұлы мəртебелі көше сыпырушыға екі- үш сұрақ беруге рұқсат етіңіз. Айталық, мына сіз жасыңыз- дан көше сыпырушы болып істейсіз бе? Осы мамандықты мектепте жүргенде армандап па едіңіз? Айлығыңыз шайлы- ғыңызға жете ме?

К ө ш е с ы п ы р у ш ы (Ұзынтұраның бетіне қадала қарап). Сыпырушы боп ешкім тумайды, шырағым. Өйткені, анаңнан сен де гитара асынып, киімшең туған жоқсың ғой. Бір кезде ірі қызметте болғаным рас. Сендерге қайсысын айтып тауысайын. Анау төменгі балкондағы итті интелли- гент те менің қол астымда істеген баяғыда. Қазір маған ти- ген екінші этажды тартып алып отырғаны анау. Сосын мен көшені қоқыстан тазартқаным үшін көк тиын айлық алмай- мын. Шүкіршілік, пенсиям жетеді бір басыма.

Бірінші қ ы з (стаканды Ұзынтұраның қолынан жұ- лып алып). Странно, мен осы шалдарға таңғаламын, ақша- сыз қалайша жұмыс істейсіз? Ал, біз болсақ ақшаға істемей жүрміз. Айтыңызшы, аташка, таң атпай жылы төсектен тұр- ғызып жіберетін қандай күш сізді?

К ө ш е с ы п ы р у ш ы (ойлана). Мазасыздық. Өзгенің мұңсыз-қамсыздығы. Жалпы мен 1941 жылғы 22 июньдегі таңғы сағат төрттен бері дəл осы уақытта оянып кететін ауруға ұшырадым. Көзім ілінсе болды, анталап жау қаптап кететін тəрізді... Шынын айтсам, майдан əлі аяқталған жоқ, шырақтарым. Сендерден өтінерім сол, уыз ұйқыда жатқан қаланың тыныштығын алмасаңдар етті, онсыз да жүйкесі жұқа ғой бұл жұрттың.

Г и т а р а лы ж і г і т . Ақсақал, яғни көше сыпырушы гуманист! Сіздер үшін қан кешіп жүріп, мына біздер үшін бақытты заман орнатқан ардагерлер алдында мəңгі борыш-


ты екенімізді мұғалімдер он жыл қақсаған. Бірақ, менің тү- сінбейтінім сол, еңбектеріңізді тым-тым дəріптеп, тым-тым бұлдап жүрген жоқсыздар ма? (Гитарасын дызың еткізеді). К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Ондай қан кешу ерліктер енді қайтып қайталанбайтын болған соң дəріптейміз, ардақтай-

мыз.

Ұзынтұра . Айтыңызшы, сіз екі соғысқа да қатысты- ңыз ба?

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Иə, екеуіне де қатыстым.

Ұзынтұра . Вот керемет! Қалай тірі қалдыңыз? Мар- құм отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Алпамыс та бұл дүниеден өткен. Бəлкім, мың жасайтын Феникс шы- ғарсыз. Меніңше, соғыста батырлар өліп, қулар ғана тірі қа- латын секілді.

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Онда сен де тірі қалар едің, шырағым. Соғыста өлгендердің бəрі батыр екені рас. Ал, сендердің бақытты өмірлеріңді қорғаған ардагерлердің бəрі Феникс, бəрі Алпамыс екені жəне рас.

Е к і н ш і қ ы з (стаканды алып). Аташка, сіз ештеңе- ден де қорықпайсыз ба?

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Ештеңеден де.

Е к і н ш і қ ы з . Егер өлтіріп кетсе қайтер едіңіз?

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Біз мың өліп, мың тірілген жан- быз.

Анар (бəріне жақтырмай, менсінбей қарайды). Ақы- мақ ауыздан ақылды сөз шығар дейсіз бе, ақсақал. Байқай- мын, көкірегіңіздің көрігі бар өте жұмбақ адамсыз. Бір рет- тен менің əжеме ұқсаңқырайсыз. Мен шалдарға түсінбеймін осы, жетіге келгенше жерден, жетпіске келгенше елден таяқ жеп жүрсе де ұрандап, уралап шапқылай береді. Көңілдері əсте қалмайды. Əне жау келді десе, «қайдалап» атқа міне шабады. Ал, мына тұрған тобыр: «Ол қандай жау, неге, кім үшін соғысамыз», – деген сықылды сұрақтардың жауабын алмай тырп етпейді орнынан.

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Өйткені, сол өмірді, сол заман- ды жасаған өзіміз ғой. Өз қолымызды өзіміз кесеміз бе?

Анар . Өкінбейсіз бе?


К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Неге?

Анар . Осындай өмір туғызғаныңызға немесе қаныңыз- ға айырбастап алған заманды бағаламай жүргендерге.

К ө ш е с ы п ы р у ш ы (ойлана, қабағын түйе)... Сен- дерді көргенде өкінбеске шарам жоқ. Кішкене кезде үлкен- дерден қорқатын едік, үлкейген соң кішкенелерден қорқатын болдық. Күрестен, жаудан, даудан қажыған шалды қайтесің- дер қажап, жіберіңдер. Ел тұрғанша көшені тазартып таста- йын.

Ұзынтұра . Сізде, ақсақал, намыс жоқ. Сондайлық ірі қызметте болған адам енді міне өзіне тиесілі екінші этажын ала алмай, қартайған шағында бесінші этажға жаяу шығып, түсіп көше сыпырып жүргені.

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Еңбектің жаманы жоқ, ұлым. Еріккендегі ермектеріңнің түрі адамның миын қашап, жүй- кесін, жүрегін тоздыру. Əттең, не керек, тым-тым тойын- дырып жіберген екенбіз. Бəріне де өзіміз кінəлі шығармыз, бəлкім... Қай жерден, қашан жіберген екенбіз қателікті. Сеніммен тəрбиелейміз деп жүріп, сенімнен, беделден ай- рылдық па? (Өзіне-өзі). Адамдардың да қоқысы бар, бірақ пəтшағарлардың бойында жаны бар. Əйтпесе, əйтпесе сы- пыртқымен сыпырып-сыпырып апарып, анау жəшікке тас- тап, өртеп жіберер едім. (Ойлана). Адам қоқысынан арылу үшін қаншама ғұмырымды сарп еттім... Енді, міне... Бірақ, сендейлер көп емес.

Анар (елегізіп). Не дедіңіз, не деп тұрсыз, ата? Қоқыс, қателік дедіңіз-ау (Бұл да ойлана жүріп). Ия, қателік, қате- лік атаулының бəрін үлкендер үйретеді. Өзіңіз айтқандайын, қателік арқалап ешкім тумайды.

К ө ш е с ы п ы р у ш ы . Рас, қателеспейтін адам жоқ. Дегенмен, қателіктің сұмдығы – қате екенін жəне оның қате- лігін түсінбеу, дер кезінде түзей алмау. Ең аяныштысы сол – сендердің осындай кеспірсіз түрлерің мен кесірлі сөздеріңді тыңдағанда, азамат соғысындағы азап пен Ұлы Отан соғы- сының от-жалыны еріксіз есіңе түсіп, ескі жараның орны қайта сыздайды, сырқырайды. (Күрсініп, сыпыртқысын ар- қалап, кете береді).


Ұзынтұра . Қуып жетіп, сүйегін қаусатайын ба қиқар шалдың. (Ұмтылады).

Жа н (айғай салып). Енді бір аттасаң, сенің сүйегіңді мен үгітемін.

Ұзынтұра (енді Жанға ұмтылып). Ондай ерлік сенің қолыңнан келе қояр ма екен, журналист жолдас!

Анар (жекіріп). Ырылдаспаңдар! Мен ол шалды тани- мын. Денесінде фашистің оғы бар, ұйықтатпайтын сол да. Дəрігерлер қаншама жамап-жасқағанымен, қаншама ғұмыр қалды дейсің... Ал, кəне, тараңдар бұл жерден! Бірің қалмай қараларыңды батырыңдар. (Айғай салады). Кетіңдер дедім ғой!

 

Бəрі үнсіз шегініп, бет-бетімен бытырай бастайды. Тө- менгі балкондағы интеллигенттің басы қылтияды. Бір нəрсе айтып, жұдырығын түйеді. Бірақ сөзі естілмейді. Ол сөйле- ген сайын иттің қаңқылдаған үні шығады. Жастар түгел та- рап бітеді де, Жан мен Анар қалады.

 

Анар (зекіп). Сен неғып тұрсың! Өтінем сенен, Құдай үшін мені оңаша қалдыршы. (Шаршаған.)

Жа н (отырады). Саған ақыл айтайын деп ем...

Анар (Жанның сөзін бөліп). Артық ақыл – артық ішкен арақ секілді басыңды айналдырады, буыныңды алады. Тіпті, жүрегіңді айнытып, құстырады. Менің ондай пəлеге душар болғым келмейді.

 

Жанға арқасын тіреп, ол да теріс қарап отырады.

 

Жа н . Сен алды-артыңды ойламай, көзсіз көбелек секіл- ді көзді жұмасың да, көлге секіресің. Осы қылығың жаныма батады. Біле тұрып, білмегенсисің, ойлап тұрып, ойламаған- сисың.

Анар (мырс етеді). Ал, сен не ойлайсың?

Жа н (кекетіп). Құдайға шүкір, сендерден гөрі естілеумін. Анар . Егер есті болсаң, біздің ештеме ойламайтыны- мызды, тіпті, ойлауға тиісті емес екенімізді, біз үшін ойлай-


тын адам бар екенін түсінер едің. Ал, диплом алғанның бар- лығы ақылды емес, есіңде болсын.

Жа н . Ол кім?

Анар . Мына сен. Сен секілді данышпандықтан дəме- лілер.

Екеуі де теріс қарап, біраз үнсіз отырады. Төменгі бал- кондағы интеллигент қолында қоқыр салған шелегі бар, жə- шікке беттейді. Бұл екеуіне одырайып, жақтырмай қарайды.

Т ө м е н г і б а лк о н д а ғ ы интеллиг е н т (өзіне- өзі күңкілдеп). Жер таппағандай отырған түрлерін. Түні бойы телефон-автоматтың будкасын босатпайды... Əй, бұ- зақылар-ай, жастардікі деп жүрген болашағымыз мастардікі болмасын.

Жа н . Анар, сенің мінез-құлқың неге тұрақсыз? Басың- нан бір сөз асырғың келмейді. Қызға тəн қылық, нəзік қи- мыл, əдемі сезімдеріңнен неге ғана ерте тоналып қалдың?

Анар . Егер біле білсең, атом ғасырында нəзік болу мүм- кін еместігін бағамдауың керек еді. Қазір ғылыми-техника- лық прогрестің қыздары қырдың қызғалдағы болса, химия- лық улы газдарға төтеп бере алмай бір секундта қурап қалар еді. Сондықтан да темірден, не болмаса синтетикадан жасал- ған гүл болуға тиістіміз. Сондықтан да, қазіргі əйел затынан эстетикалық лəззаттан гөрі трактор, комбайн айдайтын күш қажетсініп жүр. Бұл – дəуірдің талабы.

Жа н . Табиғаттан, жалпы қоғамнан безіну осындай ша- лағай пікірден туындайды.

Анар . Білемін, жер бетіндегі байлықтың бəрі жерден шығатынын білемін, əрі сол жерді құртатынын да білемін.

Жа н (таңданып). Сеніңше, жер құри ма?

Анар . Дəл осындай шыр көбелек айналдырып, дəл осы- лай допша тебе берсе, құрымағанда несі қалады.

Жа н . Мүмкін емес. Тек Жер, айналайын Жер ғана мəңгі- лік! Ендеше, өмір де, тірлік те мəңгілік деген сөз.

Анар . Мəңгілік. Жер. Табиғат – дегеннен шығады-ау. Əлі есімде. Он жасымда болар, əжем қайтыс болатын жылы мені ертіп алып «Ботаника бағына» барып еді. Сонда мен


мүлдем басқа əлемге саяхат шегіп, мүлдем басқа ертекті дү- ниеге енгендей болғанмын. Сондағы шөптің иісі, сондағы са- мал желмен тербелген жапырақ, сондағы тұп-тұнық аспан – тұнығы шайқалмаған көңілдей еді. Сонда мен сол бір хош иістің əжемнің бойынан аңқыған иістен еш айырмашылығы жоғын білгенмін. Қазақстанның барлық жерін өн бойына сыйдырған «Ботаника бағы» əжемнің туған жер, өскен жерін сағынғанда барып қайтар жұмағы екен-ау. Кейін əжемнен айрылып, есейген шағымда талай рет барып жүрдім, бірақ бəрі баяғыдай емес еді... Өйткені, əжем жоқ-ты жанымда. Əжем мені кейде əдемі əуенмен тербеп, алдына алып отырып ұйықтататын. Бір қызығы, «Ботаника бағында» басқаларға ұқсамайтын ақ қайың бар болатын. Сол қайыңның жұп-жұқа үлбіреген қабығы сыдырылып, жел тербеген сайын бебеу қағып қалтырайтын, қалтырап тұрып сыңсып əн айтатын. Мен сол бір əжемнің əні секілді əдемі əуенді жалықпай тың- дап тұра берер едім. Ал, əжем көк шөпке көсіле жайғасып, ұзақ үнсіз отыратын. Əжем менің, неге ғана ерте өлдің, сені- мен бірге немереңнің де өлгенін білемісің? (Есін тез жиып, Жанға жалт қарайды). Сен кешір мені, бəрін өтірік айтып отырмын. Өз рөлімді басқаша ойнағым келді. Ондай сезім жоқ қой менде... жоқ...

 

Екеуі теріс қараған күйі тағы да үнсіз отырады. Күн шық- қаны білінеді. Қала ұйқысынан ояна бастаған. Екеуі темекі тартады.

 

Жа н . Мен сені жек көремін, Анар, бірақ қыз атаулыны ойласам, көз алдыма ең бірінші сен келесің, сен елестейсің. Анар (күліп). «Ғашық болу дегеніміз – сүйгендік емес, жек көре отырып та ғашық болуға болады», – деген сөзді оқымағансың ғой, данышпаным. Ендеше, есіңде болсын, кө- гершінім, бұл заманда ешкім шын жақсы көре алмайды. Ал,

қыз қысып сүйгенше ғана деген ұғым бар.

Жа н (шошынып). Махаббат ше... Махаббат!

Анар (басын, маңдайын ұстап ойлана сөйлейді). А любви нет. Нет ее в наше время. А есть увлечения, увлече-


ния, которые дураки, как ты принимает за любовь... (Пауза). Баяғыда біздің ата-бабамыздың бірінің жүзін бірі көрмей үй- леніп, өле-өлгенше ишəй деспей отасқан. Ал, қазір бес-он жыл «дружить» етеміз, бес-он ай бір тұра алмаймыз.

Жа н . Меніңше, махаббат болған, бола береді де.

Анар . Махаббатты қайтесің, мына маған үйленсең мұр- тыңды балта шаппайды. Бірақ, мен саған тию үшін əлі де көп ойланамын, əлі де сайран салып қалуым керек. Мен саған мынандай шартпен тұрмысқа шығар едім: бір-бірімізді аңды- маймыз, бір-бірімізге қожаңдамай, өз білгенімізше емін-ер- кін махаббат бостандығымен ғұмыр кешер едік. Мен балалы болмас едім. Өйткені, мен сол баланың сен құсап панасыз, жетім қалып, детдомда стандартты тəрбие алып өскенін қа- ламаймын. Өйткені, менің балаларым (Толқып)... өйткені ме- нің балаларым сутегі, атом, нейтрон бомбаларының құрбаны бола ма деп қорқамын. Үшінші дүниежүзілік соғыс – тірші- ліктің ақыры.

Жа н (орнынан ұшып тұрып, Анардың жағынан салып жібереді). «Іріген ауыздан шіріген сөз шығады» деген осы!

Анар (Жанның шапалағы ешқандай əсер етпегендей салқын, салмақты қалпын өзгертпестен). Отыр, шошаңда- май, есің бар болса, отырып тыңда. Құдайым-ай, ертең сенен қандай қызметкер шығады екен. Əлгіндегі месқарын секіл- ді балконда жүгіріп, қоқысыңды төгіп, итіңді шомылдырып, тырбанып жүрер ме екенсің... (Жанның қолынан тартып, қасына отырғызады). Отыр, сен сабады деп мен ренжі- меймін. Мəселе былай, Жан, басқа басқа, сен мені түсіну- ге тиістісің. Ойлашы өзің, адам дегенің тек қана болымсыз соқыр үміттің жетегінде тентіреп өмір сүрмей ме? Біздер, көзі бар соқырлармыз. Сырттай қарасаң бəрі тамаша, бəрі де орнында секілді – мұңсыз-қамсыз тірлік. Ал, іштей үңіл- сең... (терең күрсініп) іштей үңілсең, өлгің келеді, бірақ ас- фальтта өлу де қиын. Шынында да, адамның кейде мұңлы музыка ойнағанда, кейде өз-өзімен оңаша қалып, салқын да ымырт кеште ес-түссіз есеңгіреп жатқан қалаға немесе жөн-жосықсыз ағылған адам-ағысқа қарап тұрып басың ай- налып, жүздеген, мыңдаған машинаның дүрілі шекеңді қы-


сып, миыңды солқылдатқанда арманшыл да адал, жазықсыз да жалғыз өлім сапарына аттанғың келеді.

Жа н . Өмірдің қадірін түсіну үшін өлімді де ойла деген... Анар (сөзін бөліп). Жо-жоқ! Менің айтайын деп отыр- ғаным ондай аргумент емес. Менің айтпағым, (тағы да шы- лым тұтатады) ты никогда не хотел умереть. Да умереть, чтобы больше не встать. Знаю, что ты боишься от смерти. Мир для тебя прекрасен, полон таинств, чудес и неизведан- ного. Шынымды айтсам, мен соғыста, не бейбіт күнде біреу- дің кескілесуімен емес, өз еркіммен рақаттанып өлгім келе- ді. Ертеңімді ойласам, қорқамын, маған – ертең жоқ секілді. Сондықтан да, еш нəрсеге қанағаттанбаймын. Я постоянно, ежеминутно в полосе пессимизма, меланхолии... Мен өмір- ді басқалардан гөрі бұрынырақ таныдым.  Сондықтан  да, он сегіз жаста жиырма сегіз жастағы əйелдің білгенін бі- ліп, көргенін бастан кешіп үлгердім, сондықтан да ештеңе қызықтырып, еліктірмейді, таңғалдырмайды. Иə, мен ерте есейдім, ерте есейткен өмір. Мен қазір он сегізде емес, отыз сегізде секілдімін. (Жылайды). Бұл əлемде мен пір тұтатын, мен сенетін, мен сүйетін бір-ақ адам бар болатын. Ол сек- сенге келіп өлген əжем еді. Иə, мені есейтпей ерте қайтыс болды, ерте, ерте... Əжем менің, өзіңмен бірге немереңнің де

өлгенін білемісің?

Жа н . Адам адасайын десе, қолына шырақ ұстап жүріп тал түсте адасады. Адасу үшін əлдекімнің азғыруы мен арамдығы қажет те емес. Арман мен мақсаттан айрылып, ой мен қиялың тыр жалаңаштанған тұста, өз болмысыңды өзің жерлейсің. Ал, өзін-өзі жоғалтып жүрген адамның ал- ды-арты сен емессің, Анар. Сондықтан қандайда болмасын дүниеге күмəнмен қарау, сенбеу, басқаны қойып өзіне сен- беу екі аяқты пенденің қай-қайсын да опат еткен. Жаңа сен өлімді айттың, өмірді айттың, егіліп айттың, бəрінен жерініп айттың – бірақ бəрін өтірік айттың. Егер мен сені сырттай сынағаныммен, іштей жақсы көрсем, оның себебі – сенің ақылыңнан əлі де азбағаның, тек өң мен түстің, жақсы мен жаманның екі ортасында өзіңнен өзің қорқып, іштей күре- сіп жүрген бейкүнə да бейшара халің. Сен əжең туралы, əлгі


бір тəтті мұң туралы əдемі ойыңды қасақана жасырып қа- ласың да, табиғатыңа жат жасанды қылыққа, мерез мінезге көшесің. Меніңше, сенің ең үлкен қажеттігің сол – өз-өзіңді алдап, арбап жүргенің. Бұдан құтылудың бір-ақ жолы бар. Ол – бұдан он жыл бұрынғы Анарды іздеп тауып алу.

Анар . Егер таптырмаса ше?

Жа н . Екеуміз бірігіп іздесек таптырмайтын дүние жоқ.

Пауза. Үнсіздік. Қала оянған. Паровоздың ышқынғаны, самолеттің гүрілдегені естіледі.

Анар (Жанға жақындай түсіп). Не ойлап отырсың? Жа н . Сенің еш нəрсе ойламайтыныңды.

Тағы да үнсіздік. Əкелер рухы көрінеді. Əк е л е р р у х ы . Есенбісің, ұлым!

Жа н . Армысыз, əке!

Əк е л е р р у х ы . Бар бол, балам. Басың неге салбырап кеткен? Мен саған сенуші едім ғой. Тұр, жүнжіме, көтер ба- сыңды!

Жа н . Мен бұлардан жеңілдім, əке. Шыдай алатын түрім жоқ. Кетемін бұл топтан. Сіз маған, əке, ақылды жеңілгенде ғана бересіз.

Əк е л е р р у х ы . Жеңіліс – жеңістің басы. Ұлы жеңі- ліс болмай, ұлы жеңіс те тумақ емес. Ердің ерлері тар жол, тайғақ кешуде, қиынның қиясы мен өмірдің ұрасында шың- далар болар. Шар болатты шынықтыратын оттың ортасы. Айналдырған аз тобырмен күресуге жарамаған ақыл мен бел – аласапыран ұрыс, арпалысқан күрес, арғымақ жүріске қалай шыдар, қалай төзер. Болашақ – сенікі, ендеше тізгініңе бекем бол.

Жа н . Болашақ деген не, əулие əке? Жастайымнан бала- лар үйінде өсіп, көп нəрсенің парқын түсіне бермедім. Мен əке мен ананың аялы алақанын сағынатынмын. Кейде бала- лар үйінің табалдырығында отырып, ағыл-тегіл жылайтын- мын. Сонда сіз келетінсіз көмекке, пірім менің! Əкемнің түр- түсін білмеймін. Ал, анам бір-ақ рет түсіме кірді.


...Үстінде қара көйлек, басында алау жанып, теріс қарап тұр екен. Ана! – деп үш рет дауыстағанда да мойнын бұрмас- тан тіл қатты:

«Жүдеусің ғой, ұлым. Жүзің неге аппақ қудай. Бетіңде қан жоқ. Емшек ембегендікі болар. Сенен айрылғаннан бергі омырау сүтімді сауып, жинап қойдым. Бірақ, саған бермей- мін, сен марқайып кеттің». Сосын маған бұрылды, мұндай мұңды жүзді кинодан да көрген емеспін. Жүрегім дауала- май шошынсам да бір басып, екі басып жақындадым. Анам ұсынған сырлы тостағанға үңілсем, сүт емес, қып-қызыл қан екен... қып-қызыл қан екен. Шошынып кейін шегіндім.

«Қорықпа ұлым, бұл əкеңнің қаны ғой, соғыста өлген əкеңнің қаны. Қастерлеп басыңа хан көтер. Əкеңнің жас- тығы, əкеңнің көре алмаған қызығы, əкеңнің аттай алмаған, бастай алмаған арманы, шыға алмаған биігі саған дарысын, ұлым!» – Сосын сырлы тостағанға құйылған тағы бір сұйық зат ұсынды.

– «Бұл менің көз жасым. Мұны да хан көтер басыңа! Бала кезде ембеген ана сүтінің есейгенде қадірі болмайды. Мен саған сүйегіңе сіңбеген емшек сүтімді бермеуге бекіндім. Алла тағала сені жат бауырлық пен тас бауырлықтан сақта- сын, аумин!» – анам көзден ғайып болды.

Əк е л е р р у х ы . Ұлы Отан соғысында миллион Со- вет адамы қырылған, қанша əйел жесір, қаншама бала жетім қалды. Əкеміз, күйеуіміз жоқ деп шырпы басын сындырмай, жылап-еңіреп жатып алса не болар еді?

Жа н . Иə, не болар еді, Əулие əке! Мұның соғыстан айырмасы болмай қалар еді. Рас, уақыт – тарих таразышы- сы. Рас, бүгінгі өмір тамаша, ертеңгі болашақ одан да қызық. Бірақ, сол уақыт, сол мəре-сəре өмір менің əке-шешемді та- уып бере ала ма? Одерде қаза тапқан əкемді əлгі 20 миллион құрбандықтың санына қосайын. Ал, соғыстың зардабынан өлген шешемді қай тізімге кіргіземін? Біз, балалар үйінде тəрбиеленген жетімдер мыңдаған əкені, жүздеген ананы жер жастандырған сор соғысты қарғайтынбыз.

Əк е л е р р у х ы . Тамаша айттың, ұлым! Біздің көп- көп ақылымыз көнерген. Дəуірге сай, жастардың мінез-құл-


қына орай ақыл айту əркімнің қолынан келе бермейді. Тек бі- ріңе-бірің сүйеу болып, біріңді-бірің тəрбиелегенде ғана тас қиядан таймай өтесіңдер. Жаңа достарыңды тастап кетпекке бекіндік. Шындығына жүгінсек – ол саған топтастырылған майдандағы бір шеп іспетті. Ал, майдан шебін тастап кету- ге бола ма? Үкіметіміз кезінде ең қиын-қыстау жерге өзінің таңдаулы ұл-қыздарын жіберген. Өзің де білетін шығарсың, сендей жастар сандаған қала салып, сандаған завод, фабри- ка тұрғызды. Ал, Павка Корчагин, Мəншүк, Зоя секілді жас- тар өзінің бүкіл саналы өмірін сарп етті. Екі мыңшылардың кең-байтақ Отанымыздың түкпір-түкпіріне жолдама алып аттануы, күні кеше тың жерді игеруге келгендер, анау шұбар- таулық жастар, міне, осының қай-қайсысы да сеніп тапсыр- ған үкіметіміз бен партиямыздың міндетін жүзеге асыруға жүрек қалауымен аттанғандар. Ал, сенің түрің болса мынау, айналдырған бес-алты досыңның шалыс қадам, шалғай пікі- рін өзгерте алмай, Анардан жеңіліп отырғаның. Жалпы, мен кейінгі кездегі кейбір интеллигенттің қазіргі тірлігіне риза емеспін. Өмірдегі өзгеріске, өмірдегі төңкеріске немкетті, əрі немқұрайлы ұйқылы-ояу қарайды. Таңертеңгі сағат тоғызда жуынып-шайынып жұмысқа барып, балаларын балабақша- дан есен-сау үйіне жеткізгеніне мəз. «Сен тимесең мен ти- мен» принципіне көшкені соншама, қандай да бір қарапайым күрестен қашады. Қазіргі интеллигенттердің біршамасын ип- подромдағы аттарға теңер едім. Өлшеп қойған кругты айнала шауып келеді де, жемін жеп, уақытында суын ішіп, үсті-басын таза ұстап бүлк-бүлк желгеніне мəз. Адам дегенің бір жерді айналып, шиырлай беретін ипподромдағы үйретілген ат емес. Адамдық ардақты ат – тек алға жүргенде ғана, тек ұзаққа шап- қанда, тұяқ тоздырып, арқасын алдырмағанда ғана ақталмақ. Демек, бүгінгі жастың бойынан қазақы жылқының асау мі- незін көргім келеді. Сен де осындай ипподром-тіршілікті қы- зықтап кетпес үшін əдейі айтып тұрмын, ұлым. Қазір, баз бі- реулер, шетелге жиі шығып жүр. Əрине, дүние жүзін аралаған жақсы, бірақ сол ағайындар туған жер, өскен еліне соңғы он, жиырма жылда бір рет барып көрді ме екен? Өз жерінің бақы- тын сезінбей тұрып, өзге елдің қадірін қалай түсінсін?


Жоғалады. Жан орнынан атып тұрады.

 

Жа н . Анар! Туристік жолдамамен Болгарияға бармай- тын болдым. (Қалтасынан қағаз алып жыртады).

Анар (Жанның қолындағы қағазға жабысып). Не кө- рінді? Жынданған шығарсың.

Жа н . Мен ауылға. Алтайға аттанамын. Бесіктен белім шықпай жатып, шетел менің не теңім. Былтыр жазда Боз- тайлақ деген жылқышымен танысқанмын. Оны сен де көріп едің ғой. Біздің жаққа кел деп көп шақырып еді.

Анар . А-а, анау кісі ме? Сол қара қазақ маған бір көрген- нен ұнап қалып еді. Əй, сорлы романтигім-ай, өстіп ұшып- қонып жүріп, талай-талай есеңді жіберерсің əлі. «Қиял ол да бір қыл шылбыр, байқап лақтырмасаң өз мойныңа ора- лады», – дейді екен менің əжем.

Жа н . Егер əжеңді шын сүйіп, рухын риза етемін десең, менімен ауылға жүр. Ата-бабаңның жұрты ғой.

Анар (ойланып). Əжем үшін баруға болар еді. Бірақ, қа- ладан қалған көңіл, сол сен айта беретін аңқау ауылдан ай- ныса, қайда барып күн көрер едік. Санамызда болса да бір əдемі елес, əдемі бейне алданыш



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.