Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 11 страница



Біз ең əуелі жұрт ауыстырарда, иесі жайлауға көшіп кет- кен иен қыстақтардың маңайын тақырлап шауып алатынбыз. Есік-терезесі айқұш-ұйқыш тақтаймен қағылған иен үйді аппақ сандай етіп жуып, бөктеріп келген бөстегімізді төсей- тінбіз. Бұл біздің бір апталық мекенжайымыз болады деген сөз. Ал үлкендер жағы қандай шалғай болса да тау басын- дағы иен қыстаққа түнемей, ат сабылтып ауылға қайтатын.

Міне, осындай бір қыстақтың қысқы азығын (мал азы- ғын, əрине) шауып, келесісіне ентелей жете бергенде, менің машинисім Мұхтар аға шатақ шығаратын. Шатақ дегенде, пəлендей бір бас жарып, көз шығармағанмен, өз өктемдігін түсініксіздеу жүргізер еді. Машинистердің көшін əрқашан да өзі бастайтын Мұхтар аға:

– Ал, бала, – деп дауыстайды маған, – айдай түс астың- дағы атты. – Содан соң өзі дертені салақтатып ортаға алып келе жатқан түптегі екі жиренді шықпыртып-шықпыртып жібереді де, əдетінше, «Халалалау!» деп ақырады. Мен осы кісінің қас-қабағына қарап, əр қимыл-əрекетінен-ақ не ой- лап немесе айтқалы тұрғанын сезіп, білуші едім. Əйтпесе болмайтын, болмайтын себебі – көңілінен жалғыз рет шық- пасаң: – Айда, кет! Ат айдау не теңің, бақшаңа түскен ешкі- ні айдап ал! – деп жаяу қуып жіберері хақ. Ол кісіден бəрін, тіпті барлық көзжұмба əрекетті күтуге болар еді. Сондық- тан да өл десе – өліп, тіріл десе – тірілуге əзір тұруға да- йынмын.


Аттың сыры иесіне мəлім, қалың алабота, кендір араласа өскен шөп-шалам басып, төбесі мен мұржасы ғана қылтиған қыстақ сонадайдан көзге шалынса болды, қамшыны баса- мын. Өйткені иесі жоқ үйге Мұхтар ағаның бəрінен бұрын жеткісі келетінін, ал бұрын жетіп алған соң, бишігін сарт ет- кізіп рычагқа іліп, қобдидан не бізін, не машина болтын бұ- райтын кілтін асыға алып, иен үйге қарай тұра жүгірер əдеті əлі қалмаған, тіпті ғұмыр бақида қалмайтын шығар. Бəрі- мізден бұрын жеткенде, ешқайсымызды маңайлатпай, тіпті аттан түсуімізге тыйым салғанда, Мұхтар ағаның, иен үйден не қарайтыны, не істеп, не қоятыны біздер үшін шешуі та- былмас жұмбақ күйінде келеді.

Міне, бүгін де Көбентауы қыстағына елдің алды болып жеттік. Бұл жер жаннат секілді əдемі тау-текше еді. Үл- кен төбенің дəл бауыздауынан сұп-суық, ішсең тіліңді зыр еткізетін бастау ағып шығып, көгілдір тартқан көлге құятын. Көлдің шеті батпақты, қопалы емес, шымдауыт нығыз. Мұх- тар аға сүйекке сіңді əдетіне басып: – Др-р-др, – деп көлікті тоқтатты да, бишігін сарт еткізіп, рычагқа іле салды. Осы жолы орындықты сақ еткізіп саспай түсті де, темір қобди- ды ақтарып, үшкіл бір темірді тауып алды. Асықпай темекі- сін тұтатты. Осы кезде ентелеп, аттарын қатты айдап, қалған шөпшілер де бірдемеден құр қалғандай келіп-ақ қалған еді. Мұхтар аға жақтырмай бетін тыржита қарады да, оң қолын көтеріп: «Хала-лау!» – деп ақырды. Барлық машинистер командирдің бұйрығын естігендей селтиісіп-селтиісіп қалт тұра қалды. Аттар танаулары пырылдап ентігеді. Кейбір ашқарағы тізгінін жұлқа тартып, шөптің басын шалып ты- қыршиды. Атшы балалар бет-аузына үймелеген шыбын-шір- кейді қуып, пысынап отыр. Мұхтар аға сол оң қолын көтерген


қалпы: «Мен шыққанша, бірің аттап басушы болмаңдар», – деп, иен қыстаққа сып етіп кіріп-ақ кетті. Бірақ осы жолы көп айналды. Дөшен деген түйдей құрдасы бар-ды. Мұхтар ағаның жеті атасынан түсіп балағаттап отырды да: «Ей, Ораш, – деді маған. – Ақырын баспалап барып қарашы, ана ит не істеп жатыр екен».

– Бармаймын, қорқамын, – деп едім, машинистер жан- жақтан ұлардай шулап қоя берді:

– Қорықпа да саспа, біз бармыз, – деді Дөшен шіреніп.

– Бəрімізге əлі жетпейді.

– Ода тұрған не бар.

– Сайтанның қызымен қызығы болып жүрмесін.

– Шынында да, жалғыз өзі не істеп жатыр?

– Өстіп атты да, өзімізді де шыбынға талатып тұра бере- міз бе?

– Төрт көзіміз түгел кіріп барсақ қайтеді?

Міне, осы секілді сөздер құлаққашты қылған соң, аттан керенау түстім, бірақ Мұхтар ағаның артынан аңдып баруға жүрегім дауаламады.

– Басқа баланы неге жібермейсіздер, мені көре қалыпты ғой, – деп əрі-бері қиқаңдап едім, Дөшен зекіп қорқыта бас- тады.

– Егер бармаса, біз ауылға кеткен соң, бəрің жабылып ор- мандағы қарағайдың біріне байлап тастаңдар, аюдың жемті- гі болсын.

Мен, шынында да, сескенейін дедім. Бұл Көбентауын- да аюдың бары рас. Күндіз шөп орып жүргенде, түнде ғана жапалап кеткен қиынан аттарымыз қорс-қорс үркіп, маза- мызды алатын. Төрт ат жегілген машинаны басқа балаға тапсырдым да, бойлап өсіп кеткен қалың шөптің арасымен


баспалай еңбектеп, қыстауға жақындадым. Басқаларда үн жоқ, демдерін ішіне тартып менің ізімді бағып тұр. Жүрегім дірілдеп, бейне бір жау жағына өтердей шошып-ақ келемін. Егер Мұхтар аға біліп қойса, осы қазір асқар таудың басынан төмен – анау көк мұнар астындағы ауылға домалатып жібе- рері рас-ты. Өлдім-талдым дегенде үйдің іргесіне іліндім-ау, əйтеуір. Қолым мен бетімді шөп тырнады. Оған мəн беріп жатар мен емес, есіл-дертім қожамның көзіне түспеу. Иен үйдің айқастыра ағаш тақтай шегелей салған терезесінен ақырын сығаладым. Міне, қызық. Мұхтар аға иен үйдің бұ- рыш-бұрышын, жабық саңылауын, мəтке ағаштың, сыланба- ған қарағай қабырғаның ырсиып, ашылып, жарылып, айры- лып кеткен жерін, ескі пештің сау-тамтығын қалдырмай, бит қарағандай қарап жүр... Қолындағы үшкір темірмен шұқып тұрып бір нəрсе іздейді... Содан кейін жертөленің қақпа- ғын ашып астына түсті. Мен таң-тамашамын. Мұхтар аға не іздеп жүр екен... қызық... белгісіз затқа құмарлық, əйтеуір, жоқ дүниені іздеу жеңсігі мені де жеңдей бастап, мойнымды тырнаша соза беріп едім, ол қарғып қайта шықты. Үсті-басы былғанып, өрмекшінің торы жабысып қалған екен, қақты да, шырт еткізіп түкіріп тысқа шықты. Үйге кірерде көлденең- көлденең қағылған тақтайлардың біреуін теуіп кірсе керек, шығарда екіншісін теуіп ұшырды. Менің аузым аңқиып оты- рып қашып үлгермедім. Аттарға Мұхтар аға бұрын жетті. (Р.S. Мұхтар деген есімге ағаны қосып айтпасам, күні бүгін- ге дейін таяқ жейтіндей сескенемін).

– Ораш қайда кеткен? – деді зілдене.

– Мен мұндамын, – дедім шөп арасынан шошайып.

– Неғып жүрсің?.. – Көзі бұрынғыдан да алайып кетті.

– Дүзге отырып... өз тапқырлығыма өзім риза болдым.


– Тапқан екенсің отыратын уақытты.

Шөпшілердің бəрі жамырай күлді. Мен лып етіп атқа мі- ніп үлгердім.

– Өзің не бітірдің? – деді Дөшен.

– Онда сенің шаруаң болмасын, – деп Мұхтар кесіп айт- ты. – Мен де дүзге отырдым.

– Сен дүзге емес, үйге отырдың... Балалар қалай ұйықтай- ды. – Дөшен тайынар емес, мұндай ерлікке таңғалдық.

– Айда, сөзді қойыңдар. Хала-лау! – деп дауыстады Мұхтар аға. Сол команда естілісімен, қыстаудың айнала- сын талқанын шығара жапырып шауып тастадық та, аттар- ды шештік. Осы мезетте күн де ұясына батып бара жатқан. Таудың кеші қысқа болады. Машинистер аттарының айы- лын тартып, құйысқанын салып ойға – ауылға аттанар ал- дында, Дөшен мені далдалау жерге шығарып алып, Мұхтар ағаның иен үйде не істеп жүргенін сұрады. Мен бəрін ай- тып бердім.

Ертеңінде түсте көлдің жиегіндегі пішенді шауып, тамақ- танып отырғанбыз. Дөшен жөткірініп алды да, əңгіме бас- тады.

– Əй, құрдас, – деді Мұхтар ағаға. – Осы сен иен үй мен қорадан шұқылап не іздеп жүресің?

– Оны қайтесің? – деді ол.

– Бірге іздесейік дегенім ғой. Жалғыз өзіңе бəрібір тап- тырмайды.

– Оны көрген кім?! Қайсы əкең... Менің ізімді аңдыған?! Зəрем зəр түбіне кетті. Дөшенге жаутаңдап қарап едім,

ол мығым отыр екен. Мұндай қуанбаспын ба, жігіттер бір ауыздан:

– Бəріміз! Көрген бəріміз! – деп шу ете қалды.


Мұхтар аға амалы таусылғандай, жақ сүйегін бұлтыңдата ет шайнап үнсіз біраз отырды. Содан соң:

– Халалау! – деді тісі ақсиып. – Халалау, сендер де қы- зықсыңдар! «Не іздедің...» так, сондай да сұрақ бола ма екен. Қойшыларда ес бар ма, жайлауға көшерде жау қуғандай асығады. Иə, асығып жүрген қойшылар бір нəрсесін ұмы- тып, қалдырып кетуі мүмкін. Ал мен оны тауып аламын, біл- діңдер ме?!

– Астапыралла! – деп Дөшен жағасын ұстады. – Не деген тіміскілеген ит едің.

– Əй, – деді Мұхтар аға, – Бас жаққа барыспайық. Өзім тауып алсам деп қызғанып тұрсың-ау.

– Тфу!

– Тфу!

– Тфу!

– Кім-кімнің түкіргенін білмеймін, есімде жоқ, əйтеуір, апай төс Мұхтар ағам көз алдымда өз-өзінен кішірейіп бара жатты. Кішірейіп...

 

* * *

 

Көп жылдар өтті. Өстік, ержеттік, қазіргі биікке шықтық. Анау бір жылдары ауылға қанша рет барып жүрсем де, Мұхтар ағаны жолықтыра алмап едім. Биыл көрдім. Дүкен- нің алдында автобус тосып тұр екен, барып есендестім. Бұ- рынғыдай емес, бұйығы тартқан. Қартайған. Алақандай ала көзінің айналасы торланып, оты суала бастаған. Алпамсадай дене қушиып, тек ірі сүйектер ғана киім астынан шодыра-

йып-шодырайып шығып тұр.

– Халіңіз қалай, Мұхтар аға?


– Жүрген ғой.

– Алтынсары жеңешеміз қуатты ма?

– Жүрген ғой.

– Мұхтар аға...

– Ау, інішек. – Бір түрлі қырсықтанып жауап берді.

– Сіз осы баяғыда... Мен ат айдаушы болып...

– Саған қол жұмсаған жоқ едім ғой, шырақ. – Сескене қа- рап, ары ысырыла отырды. Мен еріксіз күліп жібердім.

– Жоқ, аға, мен оны айтайын деп емес, сонда сіз ескі үй, иен қорадан жалықпай, шаршамай іздеп жүргеніңізді тапты- ңыз ба?

Мұхтар аға түйіле ойланып біраз отырды да:

– ІІІырақ, – деді маған тура қарап, – соғыстың иттігінен қара танымай қалған мені, жаман ағаңды былай қойғанда, өзің... білім, атақ, дəреже қуып, жер-жаһанды аралаған мына өзің... іздегеніңді таптың ба? – деп, орнынан атып тұрып кетті...

Ал, ағайын, сіздер ше?.. Таптыңыздар ма?!


 

Екінші бөлім

 

 

y

 

ƏЅГІМЕ ЌАРЛЫЄАШТАРЫ


 

 

ДОС СЫРЫ

Біз қостан шыққанда ымырт жабылып, қас қарая баста- ған еді. Жайлаудың шыбын-шіркейсіз қоңыр салқын кеші жанға өзгеше жайлы. Күндізгі ызың-шудан беймаза болған тау сілебелері самал лебіне бетін төсеп үнсіз тұр. Ұзақ жол жүрген күн батысқа ақ жолақ орамалын қалдырып кетіпті.

Ирелеңдей қашқан тау жолымен көтеріліп келеміз. Құла- ғын кезек қайшылаған аттар солқылдата аяңдап, бастарын шұлғиды.

Біз екеуміз. Жанымдағы – менен екі-үш жас үлкендігі бар, қой көзді, қара бұйра шашты, өңді жігіт. Біз шығып келе жатқан таудың арғы етегінде қой бағады. Күндіз бізбен бірге шөп үйісті де, мені қоярда-қоймай «біздікіне қон!» деп ертіп шыққан беті еді. Ат терлетіп алыс жер болмаған соң, ілесіп кетіп едім.

Міне, тау үстіне шықтық. Бұл сəтте Қосжүректің иығы- на бізбен бірге ай да шықты. Шықты да, əлгіндегі еркіндей бастаған қараңғылықты тау-таудың, ағаш-ағаштың түбіне түре қуып тастап, жайлауды емін-еркін өзі билей бастады.

– Əне, – деді Алтай, жылтыраған отты көрсетіп, – менің отау үйімнің оты. Жеріміз тамаша емес пе, ə, достым, қара- шы... Айлы түніміз, айдын көліміз, алты жүз төліміз бар, – деп термелеп кетті.

Алтай киіз үйін сопақ айна секілді көлдің жағасына ті- гіпті. Көл өзгеше əсемдікпен кербездене керіліп жатыр. Тол- қыны ай сəулесімен шағылысып, жалт-жұлт етеді. Тесіле


қараған ару ай айдын көлден өз дидарын көріп тұр. Үп ет- кен самал көл бетіне маржандай ұсақ толқынды оқыс төсеп кетеді. Қотан шетінде қарақшы ербиеді. От басында біреу қараңдайды.

Біз қойларды үркітіп алмас үшін, дыбыстай келдік. Ал- дымыздан арсалаңдай шыққан Аламойнақ «мұнысы кім?» дегендей.

– Туу, Алтай, неге мұнша кешіктің? Мен шошымайды де- дің бе? деп, Алтайға еркелеп алды да, менімен сыпайы ғана есендесті.

– Жүр, Асқар, үйге кірейік. Кəне, Күмісайым, неменең бар, қамда! – деп Алтай жітімерлетіп жіберді де, киіз үйге беттеді.

Қосжүрек етегіне тігілген қос жүрек мекенінің есігі айқа- ра ашылды. Ортададағы ошақта от маздап, жалынымен қа- занды жалап тұр. Бұлқ-бұлқ қайнап, қазаннан шыққан еттің иісі мұрынды жарып барады. Төр алдында жайласып Алтай екеуміз отырмыз. Ас қамдап Күмісайым жүр. Анда-санда күлімсірей қараған көзінде əлгіндегі айдын көл секілді бір көргеннен өзіне тартар əдемілік əсер бар. Үлкен қара көз, от сəулесімен шағылысып, тіпті əсем көрінеді. От қызуымен алқызылданған екі беті күлімдеп шығып келе жатқан күнді есіңе түсіреді.

Алтай есіктен басын шығарды да, қатты бір ысқырып қойды. Мұнысы ит-құсқа сілтеген айбыны еді. Лаулап жат- қан ошақтағы отқа тесіле қараған күйі ол өз басының сырын əңгіме ғып бастай берді:

– «Өткен күнде белгі жоқ» деген мақал бар. Бірақ бұл дұ- рыс емес қой деймін. Өткен күннен бір жайларды айтып бе- рейін. Тыңдайсың ба?


– Əрине.

Сегізінші класты бітірген соң-ақ оқымай қойдым. Кім білсін, жастықтың əсері ме, əлде басқа ма?

Əкем «оқымасаң, қой бақ» дегеннен басқа тіс жарып, еш- теңе демеді. Содан бір жыл əкеммен бірге қой бақтым да, келесі жылы трактор курсына түстім. Алты айлық курс алты күндей де болмады, оны да тауыстым. А дегенде маған сеніп трактор берген жоқ, көмекші болып жүрдім. Кешікпей сол қара тұлпардың өзіне де міндім-ау.

Менде ол кезде бөтен тілектен аулақ, тек еңбекке деген қызығу ғана бар еді. Махаббат арқаны мойныма ілінбеген. Сөйтсе де, ол шіркіннің ауылы тым алыс екен. Он тоғыз деп аталатын төбенің ар жағынан түтіні шығып қалып жүрді.

Ойлап қарасам, осы ауылға қоңсы қонатын уақыт жеткен секілді. Адамның бір аттамай адасып, ессіз есейіп кететіні бар ғой. Оныншы класта оқитын Еркежан дейтін қыз бар болатын: көңіл шіркін соны сүйіп қалғаны бар. Неге екенін өзім де білмеймін, сол мені магнитше тартады да тұрады. Бұл менің жүрегіме тиген тұңғыш түрендей болды. Жүрсем де, тұрсам да, көзімді тас қып жұмсам да Еркежанды көрем. Апырай, адамның кейде өститіні бар-ау!

Ауыл қыздарының ішіндегі сорпа бетіне шығары да осы көрінді. Ептеп хат жазып едім, тулатып алдым. Өзімнен де бар, хатымда Абдрахманның Шұғаға жазған хатынан өлең келтіріп, өзім жаздымды аңғартқам. Оны сезген қыз: «Өлең ұрлаған адам махаббатты да ұрлайды» деп жауап жазып жіберіпті.

Бір рет кинода қатар отырдық. Мен өзімді өзгеше бақыт- ты сезіндім. Бір кезде осылай отырудың өзі қол жетпес арман еді. Бар мықтағаным, кино көрінбейді деген сылтаумен, ба-


сымды оның басына тигізіп қоямын. Өзім де нашармын-ау, əйтпесе Еркежанның маған деген ілтипаты тым теріс емес секілді. Деміміз тоғысып, басым басына тиген кезде қым- сынбады ғой. Сезіктеніп, сескенсе, кет əрі демес пе еді. Ба- ғанағы қайрап-қайрап жіберген Кеңестің сөзі қамшы болып,

«қыдырсақ қайтеді?» дедім, үстіңгі ернімді тістелеп. Ой, да- риғай десеңші, Еркежан жымиып күлді де: «Мұғалімдер кө- ріп қойса қайтеміз?» дегені.

Иə, маған біртүрлі батылдық бітті. Біз сөйтіп тұңғыш рет қыдырдық. Ауылдың кең де мерейлі дархан даласы, қара мақпалдай түні бізге ұшпақты еркіндік берген еді. Күнəден де, кінəден де пəк жүрегіміздің соғысы бір-бірімізге естіліп келеді. Алғашқы сыр тартысып сырласқанымыз осы болға- нымен, көп жайларды айтыстық. Бұл кеш екеумізді бір-бірі- мізге соншалықты ынтық етті. Еркежан мені ұнатады екен.

Күн бұлтты, пəлендей əсер берерлік əсемдігі жоқ бола- тын. Əдетте жазушылардың адам көңіл күйіне байланысты табиғатты жылатып, не жұбатып алатыны бар ғой. Бірақ ма- ған осы бір аспанды бұлт басқан айсыз қараңғы, желі жай- сыз түн өзгеше бақыт, ерекше шаттық бергендей еді...

Алтай есіктен басын шығарып тағы бір қатты айқайла- ды да, қарауыта бастаған отқа бірер бұтақ тастап жіберді. Ала көлеңкелене бастаған үй жап-жарық болып кетті. Күмі- сайым осы бір əңгімені бұрыннан-ақ білем дегендей, онша тұрақтап тыңдаған жоқ, кіріп-шығып əр нəрсенің күйбеңі- мен жүр. Алтай алаулай жанған отқа тесілген күйі сөзін жал- ғастырды:

– Алғаш жүрек құйынын соқтырған Еркежан он жыл- дықты бітіріп, оқуға аттанатын болды. Мен оны күйіне де, сүйсіне де шығарып салдым. Күйінетінім – онымен бұрын-


ғыдай жиі ұшыраса алмайтыным. Оны қойшы, мен оған «он жылдықты бітірген соң қосылайық, сен сырттан оқисың» деп қолқа салғамын. Ол көнбеді. Сүйетінім – кетерде жақсы тілекпен, игі ниетпен аттанды. Қоштасар сəтте: «Мені тос, Алтай! Адал махаббатымыздың ала жібін аттамаспын», – деп қиыла айтқан.

Иə, ол сонымен кетті. Адамның кейде бір əкең де, шешең де емес, ала бөтен бағзы біреуге ынтығатыны, жанындай жақсы көретіні қызық-ақ. Еркежан кеткенде мен жүрегімнен ел көшкендей болып жүрдім. Бірақ мен Еркежанның бұл ке- тісі біз үшін тым баянды бақыт болмайтынын сезбеген едім. Бір жылдай хат жазысып, қиюымыз қашпай жақсы жүр- дік. Келесі жылы мен суық тиіп ауырып қалдым. Бір өзіміз- дің ауылдың ауруханасында жаттым, сосын қалаға жіберді. Менің ауруым бара-бара асқынып, құлаққа түрпідей тиетін өкпе ауруына айналды. Жаңа Гаваньдағы тубдиспансер мені бел баласындай күтті. Емдеген дəрігерлеріме əмісе рақме- тімді айтамын. Ауруханаға түскен соң, бір жұмадан кейін

Еркежан келді.

– Əурe болдым, мен секілді көксау енді кімге керек! – деп, өмірдің күнгейінен күдер үзіп, қайғы мен қорынудың бұлты үстемдік құрып тұрған сəтте жарқ етіп келе жатқан Еркежан дүр сілкіндіріп түлетіп жіберді. Болашақ жарым, көп жұл- дыз арасындағы туысы бөлек шолпаным болған Еркежан, палатадан шыққанда, есік алдында тұр екен. Достым-ай, өзің ойлашы, туберкулез дегенді сау адам естігенде не күй- де болатынын. Өзің ойлашы, тамам көксаулардың арасында еліктің лағындай мөлдіреген қыздың мені іздеп келіп тұрға- нын. Өзің ойлашы, бұл өкпе ауруы тəнді ауыртпайды, жанды қинап, жүрегіңді ауыртады емес пе! Өзің ойлашы...


Шу дегенде, ол дір етіп қысылып қалды да, іле-шала кү- ліп жіберді. Көптен көрмегендікі ме, екеуміз де құмарлық- пен тоятсыз қарастық.

Сол кез есіме түспеуін тілеуші едім. Пенде боп жаратыл- ған соң, тағдыр тауқыметін көтеру міндет секілді.

Май айының жайма-шуақ күні. Аспанда теңгедей бұлт жоқ. Ағаш гүлдеп, көк шығып, Өскемен көктем құндағын- да ерекше сұлуланып тұрған. Осынау көктем мені де өз қы- зығына ортақтастырып жүрген-ді. Сырқатымның беті бері қарап, жұрт айтатындай, мысқылдап шыға бастаған еді. Ау- рухана сорған бетім бозарып, өзімді-өзім танымастай өз- гергем. Менің ермегімнің көбі – бақ ішінде отырып кітап оқу.

Сенбі күні болатын. «Мөлдір махаббатты» құмарта оқып отыр едім, жанында маған бейтаныс жолдас қызы бар Ер- кежан келді. Жанындағы қыз маған тұнық қара көзін кең ашып, бір қарады да, ұзын кірпіктерімен көлегейлей қойды. Мен де елти қарап қалсам керек. Еркежан:

– Неге таныспайсыңдар? – дегенде бір-ақ есімді жидым.

Қыз қасыма жақындады да, қолын созып:

– Күмісайым, – деді.

Бір сағаттай отырып қалдық. Көп отыруды өзім қалама- ған едім. Өйткені булығып, жөтел қысып кеткенде жаным- ды қоярға жер таппай қысыламын. Бір рет шыдай алмай күрк-күрк жөтелдім де, оң жақ кеудемді басып боп-боз боп отырып қалдым. Бағанадан бері жарқ-жұрқ етіп отырған Еркежанның өңі кіреукелене қалды. Күмісайымның жүзін- де бір түрлі аяныштың табы бар еді бұл шақ. Олар қайтып кетті. Байқаймын, Еркежанның өңі сынық. Күмісайым ке- терінде:


– Тез сауығыңыз, – деп алғаш қарағандай мағыналы нұр- ға толы көзімен өткір бір қарады да, осы көздің сақшы сол- даттары тəріздес ұзын кірпігімен жаба қойды.

Мен олардың қарасы үзілгенше қарап тұра бердім. Ер- кежан бұрылып қарай ма деп едім, қараған жоқ, тек Күміс- айым ғана мойнын əнтек бұрған еді. Міне, мен Күмісайым- мен алғаш осылай танысқан едім, – деп Алтай əңгімесін бір қайырып тастады. Əңгіме осы тұсқа аялдағанда Күмісайым өрттей боп қызарып кетті де, Алтайға:

– Мен қойды күзете берейін, – деп киіз үйден асыға басып шығып кетті.

– Шіркін, өмірде өзің біреуді есің кете сүйіп, бірақ ол сүймей кетсе, одан бақытсыз не бар екен? Мен Еркежанды ерекше жан деп бағалап, шын сүйіп едім. Оның өмірін кешу, ырқына көну дегенге ойым тірелсе, сол ойымның құлы бо- латынмын. Беташар махаббатымның артынан мұрнын тес- кен тайлақтай желуім хақ еді. Мен оған құмар едім. Еркежан да сүйетін секілді еді. Амал не, тағдыр шілəпісін теріс киіп кетіпті ғой. Ой, досым-ай, бұл махаббат дегеннің өзі ұста- раның жүзінде тұра ма деймін. Жə, қойшы, Еркежаным сол кеткеннен қайырылмады. Күндер зулап өте берді.

Бірде ой тұңғиығына батып жатқанымда кезекші сестра келіп:

– Қарындасың шақырып келіп тұр, – деді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.