Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 13 страница



– Əттең-ай! – Ышқынды. Жан тəсілімін берді. Бірақ бет- əлпеті аса ризашылдықтың, нендей бір жұмбақты қуаныш- тың шапағатын шашып, уылжып жатты. Ажары атқан таң- дай сарғайыңқы. Əрі құп-қу.

– Аға... а... а...

Атып тұрып, тұра қаштым. Жар дəрмен ұшыртып келе- мін. Аяғымды бұтақ шалып, етпеттей құлаймын. Дал-дұлым шықты. Артымнан Фазыл қуып келе жатқан секілді. Ол мені кінəлап жатқан секілді. Бұрылуға жүрегім дауаламайды. Тек қана алға... Кім көрген мұндай аянышты өлімді. Осы Өске- леңнен сонау Сұлушоқының иығында отырған сиыр ферма- сына жеткенше жүгірдім, өкпемді қолыма алып, ана бұғып жатқан қарағайға жай түсіп, содан ыршыған бұтақ Фазыл- дың қарақұсына тиген екен. Егер Фазыл мені бауырына баса жығылмаса, ғұмырым осы жерде бітетін. Өйткені мен сол қарағай жақ тұста отырғанмын. Сол күні Фазылдың дене- сін ойға апарып қоймақ болып, зузамен алып түсті ауылға. Мен де барып топырақ салдым. Неге екенін білмеймін, тə- тем егіліп көп жылады... Өлгенде, денеңді үйден алып шық-


қанда, артыңда дауыс қылып жоқтап қалар туысың жоқ бол- са, қандай қиын. Фазылдың жамағат-ағайындары жоқ-ты, қара басы. Бірақ оның артынан тəтем, Əлима үшеуміз жылап қалдық. Ауыл-аймақтың адамдары тəтеме келіп: «Фазыл- дың иман байлығын беріп, алдынан жарылқасын» деп кө- ңіл айтады. Шын пейілімен күйзеліп, күрсініп айтады. Мен үшін Фазылдың өлімі аса аянышты болды. Түтінін сөндірген мен секілдімін. Ол менің өмірімді ұзартып, пенденің жауы- нан бір, тілсіз жаудан екі қорғап қалды. Өмірмен қоштасар ақырғы минутында не айтқысы келгенін, «əттең-ай» деген өкінішті аһ ұрған сөздің астарында не қалғанын бажайлай алмадым. Мүмкін, жайсаң жанын түсінбеген маған деген өкпе-назын айтқысы келген шығар. Мүмкін, тəтемді... Мен ол кісінің аруағы алдында, тіпті бүкіл əкелер алдында бо- рышты екенімді білемін («əкенің жақындығы жездедей-ақ» дегендердің өзегін өрт жаласын). Бірақ қайтып, қалайша өтерімді білмеймін сол борышты. Бар қолымнан келгені əр жыл сайын Сұлушоқының шыңына шығып: «Бақыл бол, Фа- зыл аға!» деп айғай саламын. Сонда менің жарықшақтанған даусымды Алтайдың құз-аңғарлары, мінгесіп-ұштасқан сі- лемдері бір-бірінен қағып алып: «Бақыл бол, Фазыл ағ... а... а...» деп қайталай береді, қайталай береді...

Фазылдан қалған дүние жоқ. Тек көзімнің қарашығындай сақтаған ері бар еді, оны да кер ит сындырды ғой. Иə...

– Ой, сен жылап отырмысың?..

– Кім, мен бе? – Нұрлан селк ете түсті. Көңілі босап «Ба- қыл бол, Фазыл аға...» деп күбірлеп отырғанын өзі де аң- ғармапты. «Мұқтардың кім екенін білмейді екенмін-ау, бір жатып, бір тұрсам да. Сіз осындай кеудеңіз мұң мен сырға толы жұмбақ адам ба едіңіз, Мұқа. Кім білген». Нұрланды


осындай тəтті сезім тербеп отыр. Ол дəл осындай «ертек»

тыңдап, дəл осындай толқып көрген жоқ-ты.

– Жауын толастапты ғой. Аттанайық.

Екі жолаушы атқа қонды. Жауыннан соңғы орман сорғып, бусанып тұр. Суға малшынған шөп керзі етіктерін жылтыра- тып тастады. Бағанағыдай емес ақшылтым тартып, шарбы- лана бастаған бұлттар тұманға айналып, баяу қалқып босып барады шығысқа. Жайлаудың салқынтым тымырсық барқыт кеші ұйыды. Кемпірқосақ туыпты. Өскелеңнің бауырынан басталып, Сұлушоқыға тірелген шұғыла дүниені нұрға бө- леп тұр.

– Ананы қарашы, – деді Нұрлан. – Сенің жүгіріп өткен жолың іспетті, Мұқа. Өскелеңнен басталып, Сұлушоқыға тү- йісіп тұрғанын.

– Иə, рас-ау, – деді де, ауыр күрсінді. Қағілез адамның мұңға берілгені өзгеше оғаш көрінеді. Бұлар таудың иы- ғына шыққанда, шұғыла əрмен қарай жылыстап кеткен-ді. Жақындаған сайын, əсем сағым бұлдырап алыстай береді.

– Жұмыр басты пенденің өзі де осы шұғыла секілді-ау, – деді Мұқтар қаракердің басын тежеп, – кейбірі жарқ етіп дүниені қызыл арайға бөлеп біраз тұрады. Сосын... сосын өледі. Басқасы келеді өмірге. Бойынан нұр бөліп шығаратын жақсы адамдар маңдайымызға неге сыймайды екен осы. Əлде жанымызда ондай адамдар көп, бірақ елеп-ескермей жүрміз бе оны. Оң беті ішінде абзал адамдар көп те болар. Қайдам... Дізгін ұшымен келіп, дізгін ұшымен кететін ғұмы- ры қысқалар – бір өңкей жақсылар...

...Əне, киіз үйдің төбесі көрінді.


 

 

ҚАМШЫГЕР

Ай астында: Қан жылап жетімсіреген қараша үй қалды, қара жамылған жесір əйелдің мұңдықты басы қалды.

Ай астында: Марғауланып ер мен елдің осыншама ерке- лігін, осыншама қасіретін мамырстан кеудесіне сыйғызып, қазақтың күреңселі даласы жатты.

 

* * *

 

Түйетастың аңғарынан аңырап жел соғып тұр. Атты кісі- ні аударып түсіретін қызыл еспе – ерніңді сортаңдатып со- рып, кебірсітіп тастайтын қызыл еспе. Екі жағы найзадай шаншылған, тіп-тік жалтыр көк тасты құздың ортасы аша- майланып, шыңырау шат боп біткен-ді. Шатқалдың дəл те- реңдей жеткен табанында салба-салба самырсындар бар. Са- мырсындар ақ көбігі аспанға атылған Шарықтыбұлақтың екі жағалауын қуалай өскен. Əлгі аңызақ өкпек жел осы ұңғы- ны өзектей кеп, осынау шаттың бітер аузына кептеле шөгіп қалған қара тасқа бар пəрменімен соғылысатын. Алып қара тастың сыртқы пошымы жампозға тым ұқсас. Сондығы ма, кейін келе Түйетас атанып кетті ғой. Түйетастың құбыласын иектей жұпыны ғана қараша киіз үй тігілген-ді. Тасты ықтап отырғандықтан, бұл үйді аңырақайдан соққан аңызақ шала алмайтын. Үй жалқы ғана. Көз көрімде ел жоқ: тек ұзын со- нар қож-қож тастар, сойдақ-сойдақ қарағайлар, алапат тау- лар ғана қаумалай қоршап, күргейлеп тұрады. Қараша үйдің


маңынан ербең еткен баланы да, өріп жүрген жетім лақ та көрмейсіз. Өне бойы өгейсіп, мынау жер-жаһанда аласта- лып, алыста қалғандай: үн-түнсіз ағараңдайтын шалғайдан.

Қараша үйден кейде қолында құманы бар бөкебайлы əйел шығар еді, шығар еді де қаздаңдай басып Шарықтыбұлақтан су алар еді. Су алған күйі үйге қайта кіріп, жоқ болар еді. Бұдан соң оның төбесін қайта көрмейсің. Жым-жырт... меп- меңіреу тыныштық ұйып, қаймағы бұзылмастан мелшиеді- ау келіп. Аңғарды құлазыған өлі тыныштық жайлайтын... Өлі тыныштық жайламайтын кейде. Құлаққа Шарықтыбұ- лақтың арсыл-гүрсіл арыны, əупілдектің əні шалынатын; мұрынға боз көденің иісі келіп қытықтайтын, тау қызғалдақ- тары қызықтыра мен мұндалайтын. Қазір тау қызғалдақтары жоқ-тын. Күз ғой, солған, қуарып қалған... Қазір боз көденің жұпары да сезілмейді. Күзгі таудың шөп-шаламы қаңсып, қолқаны алады.

Қараша үйдің белдеуіне кейде тұрықты, есік пен төрдей баран ат байланатын. Қызыл іңірден намаз шамға дейін суы- нып, сонсын үйдің ар жағындағы көкорайға арқандалатын- ды. Атты жауырыны еңкіштеу келген еңгезердей атанжілік адам арқандайтын. Бұдан соң қараша үйдің жыртық-тесігі- нен жылтылдаған от сəулесі, түндігінен сыздықтап болар- болмас түтін шығады. Түйетастан лық етіп оқыстан асып қалған қоңылтақ самал қараша үйден қаңғырып шыққан жас еттің иісін лып еткізіп іліп ала жөнелер. Қараша хананың есігі үркер тас төбеге көтерілгенде ғана сыңсып ашылар, сыңсып ашылар да, бағанағы дəу жігіт шығып айға қарап есінеп, өңкеңдей басып атқа барар еді. Маңайды самарқау, бірақ жіті шолып шығар да, дəрет сындырып алады. Сонсын қараша үйге үш бүктеліп қайта кірер. Ештеңе болмағандай


тау мүлгіп тұр... Көк күмбезінде ай зытып барады. Айқай- шусыз момақан тыныштық. Қараша үй де, қара көк аспан да, қарауытқан тау мен қара барқын орман да – бəрі-бəрі бір сəт ұйықтап кетеді. Ұйқысы қандай керемет дейсің...

Керегеде салбырап ілулі тұрған бұзау тіс он екі өрім қам- шының ұшынан сүт ағып тұр?.. Сүт тамшысы тұп-тура төр- де жатқан жігіттің көз ұясына құйылады. Жып-жылымшы əрі саумалдай дəмді мəйектің қайдан ғана шыпылдап шы- ғып тұрғаны беймəлім. Əйтеуір, жезбен орамдап, тас қып түйіп тастаған ұшынан мөлт етіп ағады да, жігіттің көзіне сырт етіп үзіліп түседі. Бір қызығы бағанағыдан бері сорға- лап тұрғанымен, көзін дымдап ашытқан емес. Құмға сіңген судай жоқ болады. Ол аз дегендей сүйсініп, осынау оқшау құбылысты хош көре қызықтағандай тырп етпестен, қымыз ба деп қыбы қана сүйсініп қалған. Іргесінде албырап, таң алдындағы тəтті ұйқы меңдеп, түшіркеніп-ақ жатқан əйелі- не осы ғажайыпты айтпақ боп бұрылайын деп еді, шегелеп тастағандай аунай алмады. Екі-үш рет: «Қамқа, əй, Қамқа!» – деп дыбыстап та көрді. Өндіршегіне оқтау тығып тастаған ба, үні шығар емес. Қамшы ұшынан шыққан əлгі сүт əлі де то- ластамаған. Енді көз шарасынан құлдилап ерінге тамшылай бастады. Жігіт жұмған аузын ашпастан қалың дүрдік ернін жымқырып көп жатты. Көп жата да алмады. Не де болса дə- мін татып көрейін деп аузын ашып еді, қып-қышқыл қан дəмі таңдайына тақ ете қалды. Адамның қаны ма, малдың қаны ма, айыра алған жоқ. Өне бойы мұздап салды. Селк етіп аса бір сасқан қатты шошыспен көзін ашқанда, уықты қуалай бе- тіне тамған суды сезді. Атып тұрып тысқа шығып еді, түн ор- тасында ғана шөкімдей бұлты жоқ, айнадай тап-таза аспанды сұп-сұр бұлт сықастыра құрсаулап алған екен. Рахман ақ жа-


уын үнсіз сіркіреп тұр. Арқандағы баран ат сүңгілесіп, сал- пиып қара торы боп кетіпті. Оттамастан басқа ұрғандай мүл- гиді. Шарықтыбұлақ шанағынан асып-тасып жатыр.

Тау іші бұрынды-соңды болмаған бір сұрқай сұсты күйге енгендей, мазасыз қоңыр күздің əупірімді ырқына көнген- дей, өзгеше бір қоңыржай жуастықпен мойынсұнады нөпір нөсерге.

Садақбай арқаннан ағытып, етек-бұтақтары айгөлектене кең, мол біткен самырсынның түбіне байлады атын. Киіз үй- дің іргесінде су боп жатқан ер-тоқымды ала кірді. Қамқа ты- рапай асып əлі ұйықтап жатыр екен. Тəмпіш мұрны пыс-пыс етеді.

– Тұрсай! – деп шаптыға айқайлады ері.

Садақбай дастарқан үстінде де танауы қусырылып, тоң- торыс қысастана отырған. Əйелі түннен қалған еліктің етін жылытпалап əкеп алдына қойып еді, бір іліп аузына салып талмады да: «Қыл-қыбырын тазаласаңшы», – деп кепиетси ысырып тастады. Өзге тағамдарға да зауқы шаппады білем. Қалың түйе жүн шекпеніне тас бүркеніп жатып қалды. Көп жата алған жоқ-ау, əлдекім бас салып тұншықтырғандай, өз-өзінен булығып, быршып, үстіндегі шекпенді ауырсына, шамырқана сілкіп жіберді. «Уһ! Пəруардігер-ай!» – деп, кү- ңіреніп қатты күрсінгенде, қараша үйдің түндігі желп ете түскендей болды. Қамқа күйеуінің ықылымнан бері мұндай күйінішті күйін көрмеп еді. Аң-таң. Жөн-жосығын сұрауға батылы барған жоқ. Аш арыстанша дөңбекшіген ашулы Са- дақбайдың сықпыты бейне кісі өлтіргендей түтігіп отырған соң, жүрегі дауаламаған.

– Қамқа! – деді арыстай денесін керегеге сүйеп. – Қамшы қайда?


– Бас жағыңда ілулі тұр ғой.

– Салбыратпай алып тасташы!

– Неге? – Ол күйеуінің бұл қылығына есі шыға таңыр- қады. Садақбайдың аласапыран пəруай жүзіне сұрақты ке- йіппен тосырқай қарап тұрды. Қарап тұра беруге шыдамаған дəт шіркін. Қамшыны еппен алды да, босағада жатқан ер- тоқымның қасына тастай берді. Садақбай отсыз шүңгіл көзі кіртиіп, əмісе серік санап келген қамшысына қимай шаншы- ла қарады. Бұзаулы сиыр беріп өрдірген қамшысы тағынан түсіп, пұшайман болып қалғандай сезінді. Он екі өрім бұзау тіс қамшының осы шаңырақтың толайым тірлігін арқалап келген есіл еңбегін ұмытқысы келді-ақ. Бұл қамшының көзі жоғала қалса, ертеңгі күні талшық етер малды қалай таба- рын есіне алғысы жоқ. Көзін жұмды. Бəрібір көз алдында көлеңдеп-көлеңдеп қамшы тұрды. Бейқарар тірлігінің тұз- дығы дəл қазір алай-түлей жан дүниесімен жараспаған... Ол бейнеқақ қамшы жазғанды талақ тастап отыр. Талақ тас- тағысы келгені аузынан қан дəмі кетпейді. Бүк түсіп қайта жығылды. Түс əлетіне дейін тұяқ серпіп, оң жамбасынан аунамаған, ұйықтап жатыр ма, ояу жатыр ма, оншасы белгі- сіз. Садақбайдың мұншалық тоқайрауы Қамқаны бөтен ойға итермелеп, іштей əбігерін шығарды. Ақырдағы кешеден қалған еліктің етін жүн-жұрқадан арылтып та біткен. Бұдан соң жайымен сырт-сырт жанып жатқан жер ошақтағы отқа мұңдана телміріп, ауыр... тым-тым ауыр тұманды ойға бат- қан. Ол тұңғыш рет жалғызсырағандай, ию-қию мол ауыл- аймақты сарыла сағынғандай сазды көңілде сезінді өзін. Ая- дай есіктен бес-алты жігіт сау ете қалғанда ғана, есін жиды. Түйетастың арғы бетіндегі Қаратай жігіттері екен. Үсті-бас- тарын қағынып, қақырынып-түкірініп дабырлай кірісті.


– Садағаң қайда? – десті төр алдында аюдай сұлап жатқан Садақбайды байқамай.

– Жатыр ғой.

– Сырқаттанып қалды ма?

– Соны өзім де білмей отырмын.

– Садаға, а, Садаға! Не болды? Бір жеріңіз ауырып қалды ма? Біз ғой. Басыңызды көтермейсіз бе?..

Ол басын көтерген жоқ:

– Бұл қайсың! – деп ашулы гүр етті.

– Інілеріңіз ғой. Күз де туып қалды. Əлгі келісім бойын- ша, Абақ, Керей жағына шығып қайтайық па деп келіп қал- ған едік.

– Қайта беріңдер! Бүгін жол болмас. Жігіттер тым-тырыс аттанып бара жатты.

Садақбай екі ойлы. Түндегі түсін: «Қатынға айтып жо- рытсам нетеді», – деп оқталды да: «Ой, ол не біледі дей- сің?» – деп іштей іркіліп қалған. Есінеп-құсынап бейжай мүлгіп отыр. Сонсоң:

– Əй, Қамқа! – деді. Даусы тарғылданып шықты. – Сенің де жатырың кеуіп қалды ғой! – Түйеден түскендей сөзді шынымен-ақ сен айттың ба дегендей, екі көзі мөлдіреп, дел- сал состиып тұрған Қамқаға жалт бұрылып:

– Шақыршы əлгі жемтік аңдыған немелерді! – деген тағы да. Шығып бара жатқан əйеліне қажыспен аяй қарап қалды.

«Апыр-ай, маған не көрінді бүгін...».

 

* * *

 

Алтайдың иығына шыққанда, айдын шалқар көл көрін- ді. Айнакөл. Көлді жағалай мамырлап қонған ығы-жығы ел


екен. Ителгі – Керей елі алақандағы асықтай боп ап-анық кө- рінді. Кермеде жеті-сегіз ат байлаулы тұр.

Қой сауып жүрген бірлі-жарым ақ жаулықты əйелдер бол- маса, шошаң еткен айыр қалпақты шалынбайды. Шықардағы- лар бұлар тұрған тауға оқыстан қарап қалса, осынау топтың бар қарасын ап-анық байқары хақ еді. Абиыр болғанда иек көтерген халайық болмаған-ды. Қай-қайсысы да қой борба- йына тас кенедей жабысып, тұқшың-тұқшың созғылап отыр емшегін. Садақбай бүктеп ұстаған қамшысын əнтек сермеп қалғанда, артынан ерген алты жігіт жалақ төскейдің шақпақ- шақпақ қызыл қойтасын сусытып, жітірмелете ылдилады. Көл ернеуіндегі жынысқа əп-сəтте сіңіп, жоқ болып кетісті.

Қас қылғандай күзгі аспан шаңқай ашық еді бүгін. Талма- тал түсте қапылы, бес қаруы сай отырған елге солақай килігу көзсіздік əрі амалдың жоқтығы-ау.

Лықып жақындап кеп, жер астынан шыққандай жеті жігіт тұс-тұстан андыздай лап қойды.

Көлдің су жайылған қалың қоғалы шалшығында пыр-пыр жүзіп жүрген жылқы, қырымнан қиқу таянғанда, дүр етіп, жапырыла жөнелген де, бет-бетімен лағып кеткен-ді. Көл- ге тұйықталып, шұрқырасып қалған бір үйірді алты жігіт тырқырата қаумалаған күйі, дыбыс шығармастан Марқаның шыңайтына тықсыра қуды. Ішінде жауырыны жазық тақтай- дай мамалары, ойық желке, көкшіл бас қысыр тайы мен құл- жа бедеу, қаз мойын пырақтары бар Керейдің келісті көрме иық жылқылары құрықты қолға тез көне қоймады. Көбісі қайыру бермей, қабырғасымен соғып жалт-жалт берісіп, се- тіней бастаған.

Садақбай ауыл жақты қарауылдай байырқалап қалған-ды. Жігіттердің анау бос белбеу пəстігіне қаны қайнап, шиыр-


шық атып тұрған. Ауыл жақтан аттаншы шықпаса, өкпе тұ- сынан өзі килігем бе деп еді:

– Қаратайлар! Қаратайлар! – деп аттандаған айқай-шу ес- тілді. Енді бір мəурітте өзіне қарай қапталдап, қаптай шауып келе жатқан бес-алты аттыны көрген. Қаймыққан жоқ. Сас- пады. Марқасқадай қасқиып қарсы алды. Асығыс атқа қон- ғандықтан ба, Ителгі жігіттерінің қолында шоқпар да, сойыл да жоқ, құр қамшылары ғана бар екен. Садақбайдың құдайы тіпті жасап, мерейі шамырқанып-ақ тұр. Қарсы далбақтаған топты, жалт бұрылып ағындарымен өткізіп жіберді. Өтіп кеткен соң, қырғидай шүйлікті қыр желкелерінен. Ор қоян- дай ойнап, сақ-сақ күліп, Ғайып ерен – қырық шілтенің пірін шақыра, езуі көпіршіп, топтың топанына бір араласып шық- қанда алтауының бірдей қамшысын сарт-сұрт жұлып, тақы- мына қыса кетті. Атын жайтаңдата жорғалатып дөй далаға жырақтанды да, бұлаңдаған алты қамшыны бірдей алдыңғы қанжығасына байлап үлгерді. Марқаға қиястай тартқан се- ріктеріне көз тастап еді.

Алдарында қылқұйрық қалмаған алты азамат астыртта болып жатқан майданды қызықтағандай ошарылып тұрға- нын болжады. Анау қырда тұрған алты азамат мұндай қан- құйлы майданның талайын көрген, бірақ мынандай ғажабын көрген емес. Алдына сап берген бар жылқыны бытыратып алды. Садақбайға не бетімен көрінеді!

– Үй, қолаба ынжықтар-ай! – деп, тісін шақыр-шұқыр қайрап, ақырып жіберді. Ақырып жіберді де, қамшыдан айрылып пұшайманы шыққан жігіттерге тап берді. Олар құр- дан-құр, бет-бетімен есі шыға тырағайлап барады. Еті қызып алған ат ауыздығын қарш-қарш шайнап, еліріп сүзе жөнеле- ді, билейді. Оның торғайдай тозып, талапайы шыққан топқа алаңдамай, тіке тартпақ ниетін оң жақ бүйірден:


– Тоқта! Қатынбысың қашатын! – деген тəйтік дауыс саңқ етіп, шорт үзген. Астында кермаралдай керілген шандоз аты бар, əлеуетті жігіт ағасы шатынай ұмтылды бұған. Азу тісі ақсиып: «Жаһаннамға жіберейін!» – деп, зікір сала тебітті Садақбайға. Екі көзі ақықтай сүзілген, ішіп-жеп барады. Қо- лында күрзі, Садақбай шынымен-ақ сескеніп қалды. Енді таяған тықырдың кімнің пайдасына шешілерін бағамдамас- тан, бұ да ілгері мінбелеген-ді.

– Сойылмен жер жастандырайын! – деп, аузынан жалын ата, күрзісін білемдей берем деген керейліктің қасқа маң- дай атын кеңсірігін ала осып жіберді. Қамшы қиястай тиген екен. Құйқа терісі бір елідей боп қан-сөлсіз ырсиып, ар жа- ғындағы сүйегі ағарып қалды. Ауырсынған ат шыр көбелек айналып жүр. Осыншама алапат шапшаңдықты күтпеген Ителгі боздағы, атының басына ие бола алмай, далы шығып құр-құрлайды. Садақбай қалқан құлағын жымқыра, самайы- на қисайып қалған шытын қайта бір түзеп алды. Қайта бір түзеп алды да, құрақ ұшып, ұршықтай иірілген ат жігіттің астаудай жонын өзіне енді бір қаратқанда, қамшысын жəне бір сілтеді. Тері желеткенің қарс айрылып кеткен ұзынша сы- зығын қуалай аққан қап-қара қан ат сауырына тырс-тырс та- мып тұр. Ендігі сəтте керейлік ат-матымен омақаса құлады.

Садақбай қамшысына сүйсіне қарап, ауаны ысқырта оңды-солды осқылап алды ғой. Ілгері қарай жедеғабыл тар- та жөнелді.

 

* * *

 

Ол Марқаның жонын асып түскенше мелшиіп жұмбақты күйде келген. Бағанағы айқаста қозған жыны əп-сəтте сап


болып, жүні жығыла қалған. Жігіттер де лəм дей алмай, өз оспадарлықтарына іштей қиналыңқы, ту ит арқасы қияннан ат арытып келгенде, саусақты мұрынға тығып құр қол қай- ту арқаларына аяздай батпайды дейсің бе? Дегенмен, үлкен бір орашолақ əбестік жасағандарына қиналыстан гөрі, Са- дақбайдан қаймығу, ұялу басым секілді. Жолбасшыларының бұлайша сыздана, жағының кірісін ашпастан қаһарлы жүрі- сінен қамшысымен бір тартқаны жеңілдеу ме еді. Бірақ осы- лар сол бір сілтенген қамшыдан қала қояр ма?..

Сыпыра ылди бітіп, қалың қарағайлы жүндес жоталар ба- сталды. Сайлауға келгенде Садақбай ат басын тежеді. Жапа- тармағай түсті де, аттарды бірінің құйрығына бірін шылбы- рынан байлап дөңгелентіп қойды.

Садақбай əлі үнсіз отыр. Сырт киімдерін аспай-саспай шешіп былайырақ қойды. Сонсоң талып, салбырап қалған қарын алақанымен мыжғылап, қолын ары-бері сілкілеп, қа- йыңның безіндей беріш бұлшық еттерін бұлтың-бұлтың ой- натқан. Түртпектеп жүріп жерден ағаш тауып алды. Қарма- нып пышағын іздеп еді, қыны бос екен.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.