Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 9 страница



– Зейнептің қойшы келіні айтыпты əкеңе: кемпіріңнің ес- кіден қалған тайтұяқ күмісі бар екен. Соның бүтінін болмаса да жартысын берсін, білезік соқтырып аламын. Егер күмісті əкеліп берсең – үш қап жемді мотоциклге салып, өзім апа- рып тастаймын. Ол бетпақтың бұтын кергілеп, мотоциклмен дырылдап жүретіні рас.

– Сонымен берейін деп отырсың ба?

– Бермегенде қайтем, əкең əкіреңдеп, құлақ етімді жеп қойды. Төркінімнен келген, ендігі қалған жалғыз дүнием еді десем, «ол не керек» деп...


– Расында да, неге керек? – дедім мен тайтұяқ күмісті алақаныма салып салмақтап отырып.

– Балам, – деді. – Қазақтың «Өлгенде кеудеңді қара тас бассын» деген қарғысы неге айтылғанын білесің бе?

– Жоқ.

– Ендеше, тыңда, адам бұл дүниемен иманын айта қош- тасқан соң, жүрегінің басына – кеудесіне бісміллə деп бір ке- сек тас қояды, əйтпесе кеудесі толып, кеуіп кетеді. Мен əкеңе аманат қылып едім, егер құдай мені сенің алдыңда ала қалса, кеудеме тас қойма, осы тайтұяқ күмісті қой деп.

Шешем тайтұяқ күміс оралған ақ матамен көзін сүртіп жылады. Менің де кеңсірігім ашыды.

– Жемді ақшаға бермей ме екен? – дедім.

– Ой, олар ақшамен от тамызып отыр, қойшы құтырған заман емес пе.

– Жирен бие аштан өлмек түгіл, сеспей қатса да, тайтұяқ күмісіңді берме, – дедім мен.

– Ендеше, осы сөзді əкеңе айт. Сенің тіліңді алады, – деді шешем.

Ымырт үйіріліп, қас қарая бастаса да, бұл ауылдың шамы жана қойған жоқ. Баяғы заман емес, жердің жарығы аспан- дағы жұлдыздан бетер самаладай жарқыраған уақытта, қараңғы үйде қамалып, кешкі ас-суын іше алмай отырған өзгеше қызық екен. Қаладан барған адам елу жылға шегі- ніп, өмір сүргендей халді бастан кешері рас. Осы Шыңғыс- тайдың да дəл үстінен жоғары қуатты Бұқтырма ГЭС-інің арқандай шуатылған сымы, бұдан аттай алты жыл бұрын тартылған, əлдеқайда алысқа кермедей керіліп, кете барған. Аппақ күмістей бағаналары қолтық көтере, қол соза зəу- лімденген электр сымдарына ауыл адамдары тек  қызыға


қарағаны болмаса, осы бесжылдықтың аяғына дейін дəме қылып отырған жоқ. Дегенмен, көңіл шіркін көк дөнен емес пе, төбелерінде төніп тұрған темір бағандардан кү- дерін үзбейді. Ал ауылда дизель моторымен жанатын сық- сима жарық бар. Оның өзі де бір күн бар, бір күн жоқ, көксау шалдар секілді күркілдеп-күркілдеп, жым-жырт, тас бүркеніп жатып қалатын. Міне, кергіп барып-барып... тағы да тырқылдай жөтелді. Біздің үйдегі шамның кішкене сымы болар-болмас қызарған еді, шешем керосин шамды жақты да, өз бауырын – электрик Қисаның бас терісін ау- зына қаптап, ұрыса жөнелді.

– Əне тағы да соқыртеке ойнайтын болдық. Құдайым-ай, осы қу жалғыздан көргенім-ай. Тартпағыр кімге тартқан, жарықтық ағайым қандай кісі еді, кісінің сұлтаны емес пе еді...

– Қисаның өзі жоқ, оны кімге айтып отырсың? – дедім мен. – Оның жазығы не?

– Жазығы не?.. Білмейтінің бар – тыныш отыр. Жазығы сол – бізге тиесілі энергияны тағы да 200 грамм араққа са- тып жіберді. Жиенісің ғой Алматыдан келіп жатқан, бар, бір шөлмек экстра беріп, аударып əкел жарықты.

– Тəте, мен түк түсінбей отырмын.

– Түсінбейтін несі бар. Қай үй арақ береді, сол үй- дің энергиясын көбейтіп береді нағашың. «Апам, жалғыз апам», – деп күні кеше ғана келіп кетіп еді... Дүкенге жүгір- тіп жіберетін қайсыбір қолды-аяқты бала бар бұл үйде... Құр ауыз шыққан... «Орашың жылында бір-ақ рет келеді, сонда да қуанбайсың», – деп бопсалап кетіп еді... Енді, міне, 200 грамм берген Қабанның үйіне бұрған да жіберген. Сенбесең қарашы...


Терезеден тысқа үңіліп едім, шынында да, көршінің үйін- дегі лампалар жарқырап тұр екен. Осы кезде əкем кірді, сөй- леп кірді.

– Бəйбіше-ау, бəйбіше, жалғыз бауырыңды тағы да құр ауыз жібергенсің-ау, жүз грамың табылмады ма, тым болма- са ұлың аттанғанша алдай тұрсаң етті, сонан соң май шам- мен отырсақ та бізге бəрібір.

– Ол жүз грамға екі жүз грамның электрін жағып бермей- ді, – деді шешем.

Мен далаға шықтым. Бұл жақтың кеші салқын болады. Өліараның қою қараңғысы. Ауыл əлден ұйқыға кіріскендей. Түн қараңғылығының құшағында тұншығып жатқан ағаш үйлердің бəрі-бəрі өлеусіреген, қысық көз жарықты тіпті жаққанды қойып, əлдеқашан өшіріп тастағандай. «Екі жүз грамм энергияны» артық алған көрші Қабанның терезеле- рі ғана осы ауылдың жалғыз көзіндей шақырая жарқырай- ды. Ал, дəл ауыл үстінен өткен жоғары вольтты бағаналар телефон сымындай емес, уілдеген мұңды үн де шығармай, серейіп тұр...


 

 

«МƏШƏБИНƏ»

Мен биыл елге ертелетіп бардым. Жыл сайын қалада- ғы қапырықтан қашып, бас сауғалап үйреніп қалғандікі ме, қардың шеті cөгілсе болды, Алтайға қарап танауды көтеріп тұрар ғадет таптым. Əсіресе, бұл жақтың жазы – шуақ, қо- ңырлап соғар желі бар аса жұмсақ келуші еді.

Ауыл деген немене, əсіресе, мен үшін, жүз жылда да өз- гермейтіндей, баз қалпы, – əлденеге асығыс, əлденеге ашулы, торсаң-торсаң желісте мəз қалпы. Алыста жүрсең сағына- сың, ал ағайынмен аралас-құралас жүрсең, кетуге асығасың. Келгеніме екі-үш күн болған. Біздің шал биыл былтыр- ғыдан ары қартайыңқырап, көбірек сүрініп, қойғанын қой- ған жерінен таба алмайтын ұмытшақ, əрі жаңғалақ болып барады екен. Көктем ерте шықса да, үйінің маңайын тазалап үлгермеген; екі сиыр, бір тайыншаның қыстайғы тезегі қо- раның іргесінде тау болып үйіліп қалған, міне, үшінші күн, трактордың телешкасына тиеп əуремін. Сырты қарайып, көңдене қопсып жатқанымен, ішінің тоңы əлі жібімеген, сүймелеген сайын, бетіңе саржағал мұздақ шашырайды. Ары-бері өткен ауылдастарым қаланың қара таяғы қалай қи- мылдайды екен дегендей, байқамаған боп қызықтап, мал қа- раған боп қырындап өтеді жанымнан. Менікі намысқа шабу ғой, алақанымның қолдырап ойылғанына қарамастан, тыр- тыңдап екі сиыр, бір тайыншаның қыстайғы тезегіне шабу- ыл жасаймын. Қас қылғандай, қарасан тигірлер, осыншама мол ластар ма? «Қарасан» деген сөзді ішімнен ғана айтамын.


Өйткені аузын аққа тигізіп, бірсыпыра елден беделін асырып отырған екі сиырдың амандығы – шешем үшін жалғыз ұлы- нан кейінгі тілеулі дүниесі. Ал екі сиыр керіскедей болып туып тұр еді, айналайындар.

Тіпті пұшпақ-пұшпағымнан тер сорғалап, дымым құри берген соң, қағынып-сілкініп үйге кірдім. Мəншүк пен Ғалия сабағына, əкем почтасына кеткен. Бірақ шешем жалғыз емес екен, көрші Зейнеп кемпір екеуі бір-біріне шақша ұсынып, насыбай атып, ұзақ сонар əңгімеге кеткен. Тіпті менің кіргенімді де, «Сəлеметсіз бе, апа» дегенімді де естіп, байқаған жоқ.

– ...Уызынан жарып тумаған соң, несін айтасың, – деді шешем.

– Əншейін сөздің сыралғысы ғой. Еңбегіміз бір кісідей- ақ сіңіп еді, енді, міне, сəлемге сараңдық жасап отыр. Ана жылы үлкен ұлы қатын алғанда, ту қойымыз бен жүз сом ақ- шамызды сақалды басымызбен...

– Бөлек шыққандарына, сырмалап тіккен сырмағыңды қолтығыңа қысып, тағы барғаныңды білем. Қайран көз майың.

– Е-е, соны айтсаңшы. Былтыр арғы беттен...

– Құдалары келгенде бір малыңды сойып, бас-басына жа- ғалы киім-киіт кигіздің.

– Е-е, соны айтамын да. Осыдан үш ай бұрын соғым ба- сына шақырдым... – Шешем тағы іліп əкетті. Шешемнің өзі- нен де көп біліп, алдын орай бергені Зейнептің қытығына тиді ме:

– Сөзге қонақ бер, Күлиə, – деп қабағын тыржитты.

– Шақырғаның бар болсын, ішіп-ішіп жаман шалыңның сақалына жармасыпты ғой.


– Е-е, сонысы ұят болды, сорың құрғырлардың. Одан ал- дыңғы күні келіп, «ата, апа» деп...

– Алдап-сулап бір жарты арағыңды ішіп кетіпті ғой. Бұдан соң екеуі арбалғандай сол үнсіз қалды. Шешем ас-

тарындағы сырмақтың оюын сұқ саусағымен қуалай ермек қылып, ал Зейнеп көзінің астымен «құрбысының» əр қи- мылын бағып отырды. Орталарында жайрап екеуінің де на- сыбай сауыттары жатыр еді, ендігі сəтте уəделесіп қойған- дай, бір-бірінің шақшасына бірдей қол созды. Сол бір-бірін аңдыған қалпы, алақандарын толтыра күрең насыбайды ая- май салды-ау, қай-қайсысы да есе жіберген жоқ.

– Ей, Күлиə... Ей, Зейнеп... «Сөзді мен бұрын бастаймын» деп келісіп алған емес, дауыстары қатар шыққанға, екеуі де сасқалақтап қалды да:

– Ей, тұра тұршы... Ей, тұра тұршы... – десіп, тағы да бір- бірін қайталап алды.

Оларды осы тығырықтан мен шығарғандай болдым. Екеуі бірдей аузын енді аша берген кезде:

– Тəте, үйдің маңайын тазалап қойдым, – деп едім.

– Құлыным менің, үсті-басыңды былғап нең бар еді. Жаман əкең өзі-ақ тазалап тастар еді ғой, – деп, жік-жапар болды.

– Біздің ұлға айта салсаңдар етті. Дүр еткізіп əп-сəтте жылан жалағандай қылсын. Бірақ ол арғы бетке – пəсепке кеткен, – деді Зейнеп.

Есік ашылды сықырлай. Бəріміз жалт қарастық. Келген – Зейнеп кемпірдің мектеп жасына толмаған кішкентай неме- ре қызы екен.

– Үйбай-ау, саған не жоқ. Əкең келді ме, қойдан, – деп еді, анау: «Жоқ», – деді.


– Е-е, айналайын-ай, ағасы Алматыдан əкелген кəмпитті көксей келген екен-ау, – деп өз немересін өзі айналып-толға- нып, сау-тамтығын қалдырмай сүйіп тастады.

– Бергем. Жеген. Ораш Алматыдан келсе, əйтеуір, осы маңайдың тамам балалары сілекейлері шұбырып, қарқ бо- лып қалады.

Мен шыдай алмадым. Таңертеңгі шайдан қалған кəмпит- ті уыстап əпере беріп едім:

– Ораш-ау, жартысын-ақ бер, əрі-беріден соң бəрібір қай- та айналып соғады. Келген сайын кептесең, сенің зарплатың жете ме, – деді шешем. Кəмпитті жан қалтасына сықай тол- тырып алған бала далаға тұра безді.

– Күлиə-ау, сен не білдің? – деді Зейнеп кемпір. – Бұл ауылда үлкен жаңалық бар.

– Қойшы əрі.

– Рас айтамын.

– Е, қандай, шақшаңды бері таста. Насыбайың тəуір екен, Өскеменнің темекісі ме?..

– Жоқ, құдай. Ол жақтан əкеп берер кімім бар, əдейі күйдірейін деп айтасың-ау, Күлиə. Сенің балаларың секіл- ді оқып-жетіп кеткен жоқ. Бірі қара темірмен алысып, бірі жаман торысын «шу-шулеп» қой соңында жүр. Өзіміздің Қатонның сасық темекісі, оның өзінде де жапырағын то- нап алған ірік. Өз шақшаңды бері тасташы, күлі аршанікі ме?

– Зейнеп-ай, біздің шал таудан арша əкеп берер деген... талдың күлі...

Екеуі шүйіркелесіп отырып бір-бірінің насыбайын (біз жақта мұрынға атады) құшырлана иіскеді. Алақандағы жұ- ғынды қаққылап отырған Зейнеп айтты маған:


– Балам... аспанға тағы да адамдар ұшқан ба?

– Ұшыпты.

– Е-е, ұшсын, – деді шешем, – ұша берсін. Аман-есен түсе алса, ұша берсін.

– Шіркін-ай, – деді Зейнеп кемпір, – айға барды деп еді, темекісі қандай екен?

– Айда темекі өсуші ме еді, сен кемпір де қайдағыны ай- тасың, – деп білгішсінді шешем. – Одан да əлгі ауылды ала тайдай бүлдірген жаңалығыңды айт.

– Бетім-ау, Күлиə-ау, ұмытып барад екем-ау сөзге айна- лып. Бұл ауылда бір «мəшəбинə» деген пəле шығыпты. Жем- ге қосып қойға беретін дəрі екен. Оны жеген қойдың ішінде- гі құрты өлсе, жақсы семіреді екен. Аз-аздап, шым-шымдап бермесе, қой түгіл ірі қара, тіпті адамның өзі сеспей қата- ды екен. Тоқа шал Балтабаймен кеше ұрсысып қалған екен, таңертең бүкіл қаздың балапаны серейіп-серейіп қырылып жатыр дейді. Қаскүнем Тоқа қайдан алғанын кім білсін, балапанға «мəшəбинə» себе қойыпты.

– Обал-ай, обал-ай, – деді шешем.

– Түк те обал-сұбабы жоқ, Балтабайдың өзі оңбаған, қы- шынып тыныш жүрмейді.

– Балапандардың жазығы не? – деді шешем.

– Енді Балтабайдың балаларына себе ме? – деді Зейнеп кемпір. Бұдан соң жаңа келген газеттерді қарап отырған мен жаққа бірер рет жалтақтап қарап алды да, шешеме: – Құла- ғыңды жақындатшы, Күлиə, – деді. – Сенің қайның бетврач қой. «Мəшəбинəнің» бəрі соның қолында көрінеді. Көрші- қолаң, ауыл-аймақпен ұрыспай, ырылдаспай отыра аламыз ба, бəтірекеш. Сақтықта – қорлық жоқ деген... Қайныңнан кішкене «мəшəбинə» сұрап ал, бөліп алайық. Кетіспей, шəй


деспей отыра аламыз ба, ауыл-үй болған соң... Қазақпыз ғой...

– Əй, ол жынды берер деймісің...

– Үйбай-ау, бір жарты берсең – бір қабын əкеп тастар.

– Күні ертең насыбай аттырмай қойсам...

– Қойшы əрі, қайдағыны айтпай, саған қас қылғанша, өзім езіп іше салмаймын ба...

Екі кемпір бір-бірінің насыбайын рақаттана атып, ұзақ сырласты.

 

* * *

 

Келесі жылы демалыс алып, ауылға тағы бардым. Тебен ине іздеп, шешемнің ағаш сандығын ақтарып едім, түбінде шүберекке түйген «мəшəбинə» жатыр екен... кішкене ұрлап алғым келді... Сақтықта – қорлық жоқ, Алматыда да шəй деспей жүре аламыз ба?..


 

 

ТОҚАДАН ҚАЛҒАН ТҰЯҚ

– А-а-а...

Біздің үй мен Тоқа шалдың үйі көрші тұратын. Əcіресе, қыстыгүні қорадан асыра лақтырған, қатып қалған жылқы- ның қиы бір-бірінің ауласына түсіп, итіс-тартыс болып жа- татын. Үлкендердің арасындағы ондай дауға мен араласа бермейтінмін. Ана бір жылдары Тоқаның есігі біздің үй жақ- қа қараушы еді, «дүзге отырғанымызға дейін, кірген-шық- қанымызды аңдып пəле қылады» деп, құбыладан шығарып алған. Шоқша сақалы бар, аласа бойлы, екі қолын үнемі артына ұстап, желдегендей көкке қарап телміріп тұратын шалдың мінезі шатақ, өзім деген кісісі болмаса, иімейтін бір беткей еді. Шаруасы түгел, қора-қопсысы жинақы, тықадай болып ертеңді-қара кеш тырбаңдап келіп жүретін. Соғыс- қа қатысқан. Бір құлағын беріп қайтыпты. «Құлақты Гитлер алып, шұнақ Тоқа атандым» деп, жарықтық қарқ-қарқ күліп отыратын-ды. Көп жыл қорықшы болып, ел-жұртты қан қақ- сатты-ау. Ауылдан ұзап шыққан малды ұшына темір байлаған бишігімен басы-көзге сабалап, не қораға қамап тастайды, не болмаса Алтайды асырып таудың арғы бетіне қуып жібереді. Қарттығына қарамай най тартатын əдеті жəне бар. Махор- каны бір қарыстай етіп орап алып, түтінін будақтатып күні бойы жүрелеп отыратын. Есік алдына шыға келген сайын, будақтатып темекі тартып, іннің аузындағы суырдай шоқиып отырған Тоқаны көруші едім. Сол Тоқа үйінде жалғыз жатқан бір кеште, найзағай ойнап, жай түсіп, талып қалыпты. Ауыл-


аймақ жиналып, талып жатқан шалдың басын көтергенде, есін əрең-əрең жинаған Тоқаның алғаш сұраған сөзі:

– Мені қойшы, қара ешкі қайда екен? – деген екен.

– Ассалаумағалейкүм! – деймін қашаға мінген күйі ай- қайлап.

– Əлексалам, молда бол, балам, а-а-а, – дейді. «А-а-а» демекші, Тоқа шал не əзіл əңгіме айтып отырып немесе өзгені тыңдап отырып өз-өзінен «а-а-а» деп мұрнын тартатын. Мұр- нын тартатын себебі, бала кезден бергі əдет аурудан жаман қалмай келеді екен. Шал болған шағында мұрнын тартқаны біздерге ерсілеу көрінетін, амалы не, үйреніс қой... үйреніс...

– Ата, бүгін қорықшылыққа бармадыңыз ба?

– Баламды жібердім, а-а-а. Сен не ғып тауықша қаша- ға қонақтап отырсың. Қораның тезегін неге тазаламайсың, əлде сіздің үйдің сиыры бітеу ме еді.

– Жоқ, ақсақал, қайта сізден сұрайын деп едім. Қашан көрсек те жылы қораңыздың көңі бұрқырап, үнемі бір құп- құрғақ болып жатады. Біздің қарасандар астын көк тайғақ, үсті-басын салтақ-салтақ қылып, сар жамбас болып жүргені. Немене, ата, сиырларыңызды қораға қамар алдында балаша тосып аласыз-ау деймін.

Тоқа мəз болып күледі:

– Оның əдісі бар, бірақ айтуға болмайды, а-а-а...

Күндер жылжып өтіп жатады. Тоқа шал сол қабақтың үс- тінде махоркасын будақтатып əлі отыр. Күрк-күрк жөтеліп, алдын көл-жайсаң қылып түкіріп қояды.

– Ассалаумағалейкүм! – деймін.

– Əлексалам, молда бол, балам, – дейді. Жайлап басып жанына барамын.

– Халыңыз қалай, ақсақал? – деймін.


– Қатты жүрмейміз, қарап тұрмаймыз, а-а-а, – дейді.

– Ата, осы сіз соғысқа қатыстыңыз-ау, – деймін.

– Е, қатыстық. Герман тұрғанда – құлақ тұра ма? Беріп қайтқамыз, а-а-а, – деп шұнақ құлағын көрсетеді.

– Сонда жауды қалай жеңдіңіз?

– Апыр-ай, анауың да, мынауың да тақуалап сұрай бер- діңдер-ау, – деп кейиді.

– Əнеугүні сəскеде үйден шығып едім, – деп бастайды əңгімесін сосын. – Үйден шықсам, аспан ала бұлтты екен. Кеңсе жақты болжап қайтайыншы, совхоз мал сойып жатса, ішек-қарын, бас-сирағын сұрайын деп, дорбамды арқалап со- лай қарай беттедім. Алдымда көлденең дөңбек жатты. Осы- дан бес-алты күн бұрын жағалауға тасқын шығарып таста- ған су-су теректі əлгі бес қыздың ортасындағы жалғыз ұлым сүйреп келген екен. Иə, сонымен əлгі дөңбектен аттап өтіп, жоқ... айналып өтіп, жоқ, аттап өттім-ау деймін... жоқ, ай- налып өттім бе?.. Қара басып ұмытып қалғанымды қарашы, апыр-ау, аттап өттім бе, əлде айналып өттім бе əлгі дөңбектен, а-а-а... (ойланып, сақалының ұшын тістеп біраз отырады). Е-е, құдай-ай, айналып өткен екем ғой, жо-жоқ, денсаулық бар, жаман дөңбектен аттап-ақ кеткен шығармын... Ұмытша- ғым-ай осы. Бəрі Гитлердің кесірі, а-а-а... айналып өттім-ау деймін, ол кезде ауырыңқырап жүргенмін. – Шырағым, – дейді содан соң орнынан қолын таяна тұрып, – ертең келші, қалғанын есіме түскен соң айтайын.

Ертеңінде Тоқа шал меншікті мекенінде жоқ екен, тегі, қорықшылыққа кеткен болуы керек, жирен қасқа аты да көрінбейді. Біздің қара сиыр да жым-жылас, сауайын десе маңайдан іздеп таба алмай, тоғай жақтан апам келе жатыр екен.


– Əкеңнің атына міне сал да, сиырды болжа. Бозтал жақ- та екі-үш қара жайылып жүр екен. Бəлкім, сол шығар. Əлде Тоқа қақпас азан-қазан мөңіретіп қамап тастады ма, – деген соң, көк атқа жайдақ мініп, жоқ іздеуге шықтым.

Күн əлдеқашан шықса да, бұлттың арасында бозамық- танып тұр. Малы түгел ағайын сиырын сауып, өріске айдап барады. Шелектері шиқылдап екі-үш əйел суға келе жатыр. Мектеп жақтан пионер кернейінің даусы шығады. Жұқалтаң шық түскен екен, əлі ерімепті; жабағы бұлттың ара-арасынан сығалап қалған күннің сəулесі түсіп, көздері жылт-жылт етеді. Еріншектене басып ауылдың ер-азаматы кеңсеге беттеп бара- ды. Тоқа шалдың жалғыз ұлы пыс-пыс етіп отын жарып тұр.

– Атаң қайда? – деп едім. – Мал қайыруға кеткен, – деп шəңк ете қалды. Сосын мұрнын тартты. Денелі болғанымен, даусы шіңкілдек, жіңішке. Япыр-ау, айнымаған əкесі... мұн- шама ұқсар ма, аузынан түскендей.

Бозталдың күйкеңімен сыпыра аяңдап, етекте жатқан то- ғайдың үстінен қарап келе жатқанымда, алдымдағы сайлау- дан жылт етіп əуелі шошайған бөрік көрініп, артынша-ақ То- қаның басы шықты.

– Ассалаумағалейкүм!

– Əлексалам, молда бол, балам, а-а-а... ертелетіп жүрсің ғой. Əкесі еріншек болса, баласының мазасы кетеді деген осы, шырақ.

– Біздің сиыр жоқ, ақсақал, түнде күресінде жатыр еді... көрмедіңіз бе?

– А-а-а... Көрдім-ау деймін. Жоқ, көрмедім білем... Мен таңертең ерте тұрып арқандаулы атыма барғанда... деді де самбырлай жөнелді. Енді Тоқа шалдың тоқтамайтынын біл- дім де, көк атты тебініп қалып ілгері жүріп кеттім. Былайы-


рақ ұзап шығып артыма қарағанымда, қолын сермеп қойып Тоқа шал бағанағы орнында əлі сөйлеп тұр екен...

– А-а-а, – деп мұрнын тартқаны алыстаған сайын құлағы- ма жақын естілгендей.

Қыс түскенде, апам айтты: «Биылғы қыста көршінің бар сырын ашуымыз керек, балам. Тоқа қақпастың қорасын қа- шан көрсең де құп-құрғақ. Сиырларының артына шелек байлап қоя ма? Бірінші, осының себебін білу керек; екінші, шөп шарбағында тіс шұқитын қоқым-соқым, сағдар-сояу қалмайды, оны қайда жібереді, соны анықтау керек», – деп құпия тапсырма берді.

Алтайдан арқан бойы ғана биікте еріншектене батысқа жылыстаған қыстың қысқа күні бағана батып кеткен. Жылы киініп, құлақшынның бауын мықтап байлап, Тоқа шалдың қорасын аңдыдым. Көз байланып, төңіректі қою қараңғы- лық қымтай бастаған. Қардан жабу жабылған жер ағараң тартып, түн құшағына бой ұсына алмай жүдеу жатқан. Сы- қырлап ашылған үннен селк етіп, құлағымды түре қойдым. Тегі, Тоқа болуы керек, екі сиырын қорадан шапшаң айдап шықты да, жалғыз ұлы екеуі шыбыртқының астына алып қуа жөнелді. Тұяғы сыртылдап, тапталып қалған жылтыр қарға тайғанақтаған шаңырақ мүйіз сиырлар бүрсең-бүрсең желіп барады. Əке мен бала малды ұзата қуып əкетті. Едəуір уақыттан соң, сол толас таптырмай қуалаған қалпымен қайта айдап əкелді. Мал да, адам да əбден шаршаған секілді, ырс- ырс етеді. Екі сиыр куғын-сүргінге шыдай алмай, құйрығын шошайта жапа тастап зəр жіберіп еді, Тоқа да құманын ұстап дəрет сындыруға қораны айналып кетті.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.