|
|||
ББК 84 Қаз 7-44 10 страница– Іштерін тазалап болса, жабық қораға қама! – деп бұ- йырды баласына. Болған оқиғаны апама айтып беріп едім, ол кісі қайран қа- лып, біразға дейін көршісінің қулығына тамсанып отырды: «Бəсе, – деді, – өзім де солай-ау деп жорамалдап едім. Тіпті қыстай малының асты құп-құрғақ болып шаңытып жатады. Əй, қақпас-ай, жердің жыртығын жамаған зəлімсің-ау». Келесі күш өзіміздің екі сиырды апам екеуміз бақанның астына алып, Тоқаның соңынан қуа жөнелдік. Осы күн- нен былай біздің малдың қорасы да тап-таза болып, құрғақ тұратын еді. Апамның екінші тапсырмасын да орындадым. Тоқа шал шөптің мал жемей сояу болып қалған қалдық-сағдарын қораның бел ағашына биігірек етіп баулап, байлап қояды екен. Сиыр малы қаскүнем келеді, бір нəрсені бүлдірмесе, сүзгілемесе басы ауратын қу мүйіз əуесқой ғой. Алдында жатқан шөпті тастай беріп, аузы жетер-жетпестегі сояу-сояу сағдарға ұмтылады да, созылып барып тілімен орап, ілінге- нін күтірлетіп шайнап-шайнап жеп қояды екен. Сиыр «пси- хологиясына» əбден қанық Тоқа шалдың шөбі жазға жетіп, ал пішені тақа таусылып қалған ауылдастарына артығын са- тады. Осы қыста біз де мал азығын көп үнемдедік. – Ассалаумағалейкүм! – деймін. – Əлексалам, молда бол, балам, а-а-а, – деп мұрнын тар- тады. – Соғысқа қатысқаныңыз рас па? – деймін. – Оның несін сұрай бересің тақуалап. Беріп қайттық қой бір құлақты. Əлі есімде, соғыс бітіп елге қайтып келе жа- тырмын, а-а-а... Қолымда дəу қара чемодан. Іші толған олжа, бала-шағаның қамы дегендей, а-а-а. Не болса – сол болсын, балаларға сорпа болсын деп, əжептəуір дүние салып алған- мын. Шойын жолмен неше күн, неше түн жүріп Новайсібір- дің вокзалына түсе-түсе қалыстық. Аяңдап енді жүре беріп едім, еңгезердей бір орыс «ой бауырымдап» келіп бас салып құшақтап, солқылдап жылады-ай. Өзіміздің ауылдың мен соғыста жүргенде ер жетіп кеткен ер-азаматының бірі шы- ғар-ау деп, ел жұртты сағынып əрең келе жатқан мен жүре- гім жібіп, көрісіп солқылдап жыладым. Бір уақытта əлгі оры- сым мені итеріп тастай беріп, теріс қарап өз алдына жүрді де кетті. Артынан аң-таң қарап тұрып-тұрып еңкейіп қолымды созсам, чемоданым орнында жоқ, а-а-а... Арада көп жылдар өтіп, білім, одан соң қызмет қуып, ауылға сандаған уақыт – көп мезгіл бармай жүрдім. Жаздың тамаша тамылжыған күнінің бірінде, бітік өскен егіндіктің арасын қақ жарып өтетін қара жолмен ызғытып келе жат- қанбыз. Астымызда – қызыл «Жигули». Сонадай қырдың басында, ыстық күн болса да, тымағын шошайтып тұрған атты адам көрінді. Мал қайырып жүрген Тоқа шалсың-ау деп ойладым. Машинаны тоқтатып, «ақсақал» деп айғай салып, қол бұлғап шақырдым. Сəлем бере кету ниеті еді, жаман- жақсы болса да көз көрген үлкен адам. Атты кісі бүлкек-бүл- кек желіп, жасқаншақтана жанымызға келді. Ептеп жасарып, үшкіл сақалды алып тастап, тек сепсиген мұрт қана жіберген Тоқа шалдың дəл өзі. – Ассалаумағалейкүм, ата! – дедім. – Əлексалам, а-а-а... Орашпысың? – деді. – Қуаттысыз ба, ақсақал? – дедім. Ол ыржың етіп күлді. Күлді де мұрнын бір тартып: – Мен ақсақал емеспін. Тоқа шалдың жалғыз ұлымын ғой. Атам баяғыда өліп қалған, а-а-а, – деді. Ұзап кетсек те, төбенің басында секиіп тұрған Тоқа шал- дан қалған жалғыз тұяқтан көз алмадым. – А-а-а...
ТОРТАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ Біздің ауыл Салықсалғанның иығында отырған. Шілде- нің дəл ортасы болса да, бұл жерде қоңыр салқын, бұлтсыз күндері тамылжыған тамаша мезгіл басталушы еді. Не ыстық емес, не суық емес жайлаудың жаймашуақ сəтінде, төбең- нен көкпеңбек болып төңкеріліп тұрар аспанға қарағайдың бүршігін лақтырып ойнайсың. Қанша құласаң ауырсынбай- тын, қанша құласаң жапырылмайтын күлтеленген күреңсе балапан табанымызға кілемдей жұмсақ тиюші еді-ау. Теңіз бетінен қаншама биік болғанмен, осы Салықсалғанның кез келген жеріне жер ошақ қазсаң, көлкілдеген су шыға келетін. Əсіресе, жаңбырлы күндері қырдан құлаған лайсаңға айна- лып, шошайтып-шошайтып қарағай бөренеден қиып салған үйлердің мазасын кетіретін. Ол кезде колхоз. Колхоздың си- ыры күніне үш рет сауылады. Ал əр сауынның арасында шөп шауып, оны маялайтын. Кеште, тіпті түні бойы сеператорға сүт тартып, май шайқайтын. Шаршау дегенді білмейтін қыз- келіншектер соғыс жылынан кейінгі бейбіт күннің шуағына жылынып, сызылта əн салатын. Тау арасында жылтылдатып от жағып, əн шырқағанда, лаулаған жалын бақсыдай тілін жалаңдатып күй шертіп, тау-тасты күңірентіп тұрғандай əдемі сезілуші еді-ау. Біздер – балалар, күні бойы өгіз үйре- тіп, бұзау жаямыз, үш уақ сиыр сауғызамыз. Ымырт үйірі- ле, алтыбақан құрған азаматтардың маңайында арпалысып, тиіп-қашып ұлардай шулап ойнап жүргеніміз. Біздің ішіміз- де менен екі-үш жас үлкендігі бар Тортай атты бала болу- шы еді. Əке-шешеден тым ерте айырылып, алыстан қосылар аталастарының есігінде жүретін. Қой аузынан шөп алмас жуас, құлағының сəл мүкісі бар, бала болып көп ойнамай- тын жасқаншақ еді. Бəрімізден гөрі ерекшелігі, таңертеңнен кешке дейін бас алмай кітап оқи беретін. Қолына не тисе, соны талғамсыз оқитын Тортай ортамыздағы білгішіміз, ау- зымызды ашып тыңдар абызымыз сықылды. Тортай, əсіресе, мені жақсы көреді. Жанынан бір елі қал- дырмайтын. Əкем ферма меңгерушісі, үйде ішім-жем мол, ит басына іркіт төгіліп жатушы еді. Шешемнің қолынан – бір, жолынан – екі алып, əр күн сайын Тортайға таситынмын. Ол мені алдап, тамақ үшін дос болмайтын, қайта: «Мен аш жүр- генім жоқ, əкеле берме», – деп ұрсатын-ды. Өз пейілі мен көңіл хошы болмаса лəм деп аузын ашпайтын, əрі құлағы хақас еститін болған соң, əңгімеге зауқы бола бермейтін. Тек менімен ғана оңаша сəттерде ағыл-тегіл əңгіме құрушы еді. Бір күні мен Тортайды көп іздеп əрең таптым. Тұрған үйі аузына келгенін айтып, ұрысып қуып жіберіпті. Салықсал- ғанның ұшар басындағы қалың тас қорымның үңгіріне кіріп, от жағып отыр екен. Мені көрген соң, қуанып қалды. Орны- нан атып тұрып: – Мені қалай таптың, ей? – деді. – Сенің үйің – осы тас күрке емес пе? Тортай тас күркені ұядай қылып жинап, тазалап қойыпты. Бұдан бұрын да осы жерге сан рет келіп, мекеніне айналдыр- ған секілді. Қайран қалдым. Ағаштан қиып нар жасап, үстіне шөп төсеген. Өзіне тиесілі кітаптар əбден көп оқылғандық- тан, жемтір-жемтір болып бір бұрышта жинаулы тұр. Төр алдына ешкінің терісі төселген. Қарағайдың жуан кеспелтек шəркесінен стол жасап, май шам қойыпты. Тастан қалан- ған жер ошақта маздап жанған от. Сіркіреп жаңбыр жауды. Үңгірге су тимейді екен. Күн бұлтты болған соң ба, ымырт ерте үйіріліп, көз байлана бастады. Үйден ұрлап алып шық- қан нан мен ірімшікті столдың үстіне қойдым. Нардың ше- тінде жалаң аяғын салбыратып үнсіз отырған Тортай: «Рақ- мет», – деді. Үні бір түрлі көңілсіз, қарлығыңқырап шықты. Ешкім жоқта жылаған секілді, оттың сəулесі тиген көзі қы- зарып, домбығып тұр еді. – Əке-шешең іздеп жүрер, үйіңе қайт, қорықсаң, мен шы- ғарып салайын, – деді Тортай. «Əке-шешең» деген сөзді қырсығып айтқандай болды. Ал əке-шешемнің тірі, жер ба- сып жүргеніне мен кінəлі емес едім. – Сенің жаныңа жата кетсем қайтеді, – дедім оттың ша- ласын ысырып. – Қайтасың! – деді ол міз бақпай. Мен бүгін оны мүлдем танымай отырмын. – Қайтасың, əке-шешең менің басымды жарады. – Жармайды. Сен мені қума, дос емес пе едік. – «Ораза-намаз – тоқтықта ғана» деген. «Тоқ бала аш ба- ламен ойнамайды» деген. Мен жауап бере алмадым, үндемеген қалпы, мыңқиып отыра бердім. Тортай мең-зең. Лаулаған отқа тесілген күйі күрсінді. Содан кейін нардан қарғып түсті де, тас үңгірдің тесігінен сыртқа үңілді. – Жауын ұзақ жауатын түрі бар. Төңірек тұтасып алыпты. Қонғың келсе, қона ғой, – деді маған. Өзі тізесіне салып қу бұтақты сындырды да, отқа тастады. Мен əкелген ірімшік- ті бір асап нарға қайта мінді. Содан соң «Аласталған Али- тет» деген кітапты қолына алып əрі-бері аударыстырды да, ірге жаққа лақтырып жіберді. Жаңбыр толастар емес, құлақ- қа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-сыбдыр үн естіледі. Күркіреп, сарқырамай ұрлана жауған нөсер, қайдағы-жайда- ғыны еске түсіріп, қиял дүниесіне жетелейді немесе маужы- ратып ұйқыны келтіреді екен. – Босағада отырғаның не? – деді Тортай. Бағанадағыдай емес, көңілденейін депті. – Кел жаныма, мен сені тым жақсы көремін. Бастықтың баласымын деп мұрныңды көкке көтер- мейсің, қарапайымсың. Тас ошақтағы оттың сəулесі қабырғаларға түсіп, қоңыр- қай тартады. Төбеде тесік бар-ау деймін, тырс-тырс тамшы тамады бір жерден. Біз ертекті ескі дүниеде отырғандай едік. Менің кеңсірігім ашып, бір түрлі жылағым келді. – Тортай, – дедім. – Ау, – деді. – Əңгіме, не ертек айтшы. – Баяғыда бір жетім бала болыпты, – деп бастады... – Бая- ғыда бір жетім бала болыпты... ары қарай күңгір-күңгір, кү- бір-сыбыр ертекке айналды. Бүгінде менің есімде Тортай айтқан ертектің көбі қалмаған, тіпті сол арманшыл баланың өзін де ұмытқандай едім. Тек, «баяғыда бір жетім бала бо- лыпты» деп басталушы еді, ал, қалай аяқталатынын білмей- мін, мүлдем есімде жоқ, қалай аяқталушы еді?.. Менің жадымда тамаша сақталғаны: ол тас үңгірде шөп төселген нардың үстінде жатып, оқыған кітаптары мен өзі- нің арман-қиялы туралы түн ортасы ауғанша айтқан күбір- күбір əңгімесінің еміс-еміс елесі ғана. Мені жып-жылы қой- нына алып, ағалық ақылын айтатын тым зеректігі еді. – Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нəрсем бар, ол – кітап, – дейтін. – Əкем де, шешем де сол – кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыз- дығың, жетімдігің, бəрі-бəрі ұмытылып, басқа бір жұмақ- ты өмірге сапар шеккендей боламын. Əттең, жағдай келсе, оқуымды одан əрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді. Ақ жауын сіркіреп тұр. Тас ошақтағы от қоламталанып, үңгірдің ішіне қорқыныш ұялап, қараңғылана бастаған. Тор- тай əлі сөйлеп жатыр, сөйлеп жатыр... Арманы таусылар емес. Демі құлағымның түбіне жып-жылы болып сезіледі, ептеп қытықтайды. Мен үнсіз тыңдай беремін. Əлде тоңа- зығаннан, əлде қорқыныштан, Тортайдың бауырына тығыла түсемін. Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортайға еріп бұзау бағуға шықтым. Менікі еріккеннің ермегі сықыл- ды еді. Тас шоқының ұшар басына дейін бұзауларды өргі- зіп бардық та, еркіне қоя бердік. Өйткені төрт аяқты мал бұл жерден ұзап ешқайда кете алмайтын. Биіктеген сайын қалың барағы орман таусылып, таудың таз төбесі басталатын. Заң- ғар таудың төбесінде үнемі суық жел соғып тұратындықтан, ағаш болмайды жəне шөп те бойлап қалың өспейтін тақыр. Жазды күндері үнемі сезіміңді сергітер майда леп есіп тұрар еді. Ал шоқылар өркеш-өркеш болып, көк күмбезіне найза- дай кіріп ұшпалана қол бұлғайтын. Қыздың жиған жүгіндей тай-тай, тең-тең жақпар тастың ара-арасына тас сарымсақ өседі. Тортай екеуміз тыртысып, қол-аяғымызды жаралай сол биікке шығып, сарымсақ жұлып жегенбіз. Бұл тұстан таудың балағы алақандағыдай көрінеді. Сонау шатқалда Ал- тайдың шолпысындай мың бұралып, ағараң қағып Бұқтырма өзені күмістене ағады. Ал біздің ауылымыз көкжалқақ мұнар пердесіне тұмшаланып, тек нобайы ғана сүлделенеді. Қына басқан тасқа құлап кетердей болып атша мініп отырған Тор- тай анау көк мұнар дүниеге бірдеңесін жоғалтып алғандай көзін сығырайтып ұзақ қарады-ай. Сонсоң шығыс жақты нұсқап, ереуілдеп сөйлей жөнелетін. – Ей, – дейтін маған, танауы делдиіп, – егер осы тұрған жерімізден тұп-тура шығысқа тартып кетсек, қайда барар едік? Білемісің, (мен иығымды кетеремін) ə, білмейсің. Мон- ғолиядан бір-ақ шығар едік. Сен болмасаң, мен жүре беруден əсте шаршамас та, қорықпас та едім. Рас айтамын, Монғо- лияға барар едік. Бізді «о, қазақтар келді» деп құшақ жая қар- сы алар еді. Аппақ киіз үйге кіргізіп, тай сойып қонақ қылар еді. Боз биенің сүтіне шомылдырып, алдымызға астау-астау қазы-қарта қояр еді. Ішеріміз – алдымызда, ішпесіміз – арты- мызда, қымызға қызыңқырап шəниіп жатқанда, ақ отаудың есігін ептеп ашып, ай мен күндей қос ару кірсе əттең, дүние- ай, армансыз күліп-ойнасақ, содан соң... содан соң екеумізге екі ақ боз ат мінгізіп, əлгі екі сұлу қызды алдымызға өңгеріп елге қайтсақ. Алдымыздан ферманың бүкіл сиыры, бұзауы, түйесі, барлық адамдары қақ жарылып қарсы алып, шулап соңымыздан ерсе... əттең, дүние-ай, мұндай рақаттан кейін өліп-ақ кетсең, не арман... Тортай көзі жайнап, астындағы жақпар тасты тебініп-те- бініп қалғанда, ар жағындағы шатқалға құлап кетеді екен деп, зəре-құтым қалмайды. – Ақ боз ат демекші, түнде түсімде көк өгізім арғымақ болып, жер тарпып кісінеп тұр. О несі екен? – деп, бұзаула- рымен бірге кəперсіз оттап жүрген өгізіне күн сап қарады. – Тортай, сен түбі сол ақ боз атқа мінесің, – дедім мен шын көңілімнен. – Қайдан, – деді ол тастан-тасқа секіріп, төменге түсіп бара жатып. – Қайдан білейін... Əкем марқұмның тақымы қотыр тайға тимей кетіп еді, қайдан білейін. Күз жақындап, фермадағы барлық бала жайлаудан ауыл- ға оқуға аттанғанда, тау басында бұзау бағып жападан-жал- ғыз Тортай ғана қалған. Əрине, мен оны қимадым, қинал- дым. Өзіммен бірге ала кететін шаманың жоқтығына жыным келді. Кетерімде, ол маған ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы. Бəлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің». – Сенің өз ақ боз атың бар емес пе? – Жоқ, менің маңдайыма көк өгіз жазылған. – Онда мен ақ боз атымды саған сыйға тартамын. Содан бері көп жылдар өтті. Мен Тортайды да, ақ боз атты да əлдеқашан ұмытқанмын. Бір рет ауылға барғанымда, азаматтар сөз қылып отыр екен. Тортай үйленбек болып іш- кері жақтан жуастау бір қызға сөйлеседі. Сонда қыз: «Жеке басыңды қорламаймын, мен көндім, бірақ жаман-жақсы бол- са да əке-шешем бар, солардың ықыласынсыз кете алмай- мын, өзің алдарынан өтіп қайт», деген екен. Содан Тортай атына міне шауып, қыздың үйіне барады. Сəлем алысқан соң, қалыңдықтың əкесі: «Кімнің баласысың, шырақ?» – деп жөн сұрағанда, құлағының мүкісі бар Тортай ұқпай қалып: «Малдан келдім, ата», – деп қойып қалса керек. Ха-ха-ха... Шал: «Саңырауға қызымды бермеймін», – деп ит қосып қуып салыпты. Елге енді бір рет барғанымда естідім. Тортай үйленген. Екі-үш баласы бар. Қой бағады екен. Былтыр жазда демалыс алып ауылға тағы бардым. Əкем- нің төрт бөлмелі, бау-бақшалы үйінде еркін сайрандап, то- йып жеп, тасыраңдап жүрмін. Шешем бəйек болып: «Не іше- сің, не жейсің, құлыным», – дейді зыр жүгіріп. Түске жақын жұп-жұмсақ диван үстінде шалқамнан түсіп серейіп, газет оқып жатыр едім. Алдыңғы бөлменің есігі əндетіп ашылды да, əлдекім кіргендей болды. Көрші-қолаңның бірі шығар деп, аса мəн бере қойғаным жоқ. Əйтеуір, шешеммен сөй- лесіп отырды. Əңгіме күңгірлеп еміс-еміс естіле берген соң, есіме баяғы бір қоңыр үн түсіп, еріксіз құлағымды түрдім. Келген – Тортай екен... – Тəте, айып етпеңіз, əншейін. Орашқа амандасайын деп, өзімсініп келіп едім... – Ол ұйықтап жатыр, – деді шешем. – Оятпай-ақ қоялық. Төрге шық, отыр. – Жо-жоқ, о не дегеніңіз, тəте, маған осы босаға да же- теді, əншейін Ораш келді деген соң, амандасайын деп, бая- ғыда... бала кезде бірге өстік... талай рет бұзау жайып едік; енді, міне, ел таныған азамат болды... айып етпеңіз, мен қа- зір кетемін, тəте... Ораш келді деген соң... жалғыз ұлың ғой, құдай қуат берсін... бізді қойшы... біз ондай үлкен кісілер- дің садағасымыз ғой... рақмет, тəте, тамақ ауыз тиейін; осы құрғырды жақпаса да баз-базында ішіп қоятыным бар... ал, тəте, Орашың аман жүрсін... атағы аспандай берсін... қол қойдырып алайын деп, мына бір кітабын қойныма тыға ке- ліп едім, тағы да соғармын... малдан қол тие бермейді... қыс- тай жемдеген торы атты управляющий алып қойған, тəте, мың салса баспайтын тағы бір тырақысын берді, «саған осы да жетеді, торы атты озат шопан мінеді» дейді... ал, кеттім, рақмет, тəте... келді-кетті деп сөге жамандамаңыз; əншейін Ораш келді деген соң, үлкен кісі ғой... бірге өскен, сəлем берейін деп... мен келді деп, тіпті айтпаңызшы, тəте, ұят бо- лар, ал сау болыңыз, рақмет... итіңдеп баяғы өзіңіз білетін Салықсалғанға жеткенше, түн ортасы болар... өзіңіз білесіз, Салықсалған алыс, өте алыс... Монғолияның бер жағында... Мен сұлап жатқан орнымнан белім кеткендей тұра алма- дым. Шынымды айтсам, ұялдым – Тортайдан ұялдым. Ба- тылым бармады. Бет-жүзім шыдамады. Сонда ғана менің есіме «баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертектің қалай аяқталары оралды. Е-е, осылай аяқталады екен ғой, осылай... Тортай мінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді...
ІЗДЕГЕНІН ТАПТЫ МА? Баяғыда, тым-тым баяғыда да емес, анау бір жылдары біздің жаққа пішен өте қалың шықты. Тау-тас, орман-тоғай, жота-қырат, сай-қолаттың бəрі-бəрі құлпырып, желкілдеген шабындықтың астында қалып еді. Үйдің ар жағында тас- тақты төбе бар болатын, қақтамада жатқандықтан сап-сары болып, баланың жаялығындай сарғайыңқы кеспірінен ары- ла алмаушы еді. Биыл сап-сары ала бақпақтан тана тағынып жетіседі. Пішен оруға да ерте шықтық. Біздің жақта шөп шабатын машинаға төрт ат жегетін. Төрт ат жегетін себебі, жер қия, өрлі-қырлы, екі-үш жұмыс көлігінің шамасы жете бермейді. Төрт ат жеккен соң, оның міндетті түрде ат айдаушы баласы болады. Алтыншы класты тамамдаған біздер сол атшы ұлдармыз. Елең-алаңнан тұрамыз. Жылқышы қиқу сала айдап кел- ген аттарды ұстап, жүгендеп, сақадай-сай етіп қоямыз. Со- дан соң қара шайды шикілеу піскен қара нанға қосып ар- мансыз ішер едік, екі көзіміз төрт болып ауылдан келер «қо- жайындарымызды» күтер едік. Ал олар əсте асықпайтын. Астарындағы тоқ жарау аттарын сипай қамшылап, əлденені айтып, қарқ-қарқ күліп, қызара бөртіп келе жатар еді. Маши- нистердің осынау бақытты жүзі, еркін жүрісін көріп отырып, ержетіп, ерттелген ат мініп, езуге темекі қыстыруды қанша рет армандадық десеңізші, қанша рет... Жылдар өтіп... есейе келе, сол бақытты балалық шақты қайта армандап, кері оралар жолдың жоқтығына налып, табиғат-анаға өкпелеп, сананың саздау тартарын білдік пе, тəйірі, білдік пе... Енді, міне, енді, міне, енді, əне... Менің машинист ағайымның аты – Мұхтар-ды. Ала көз, төртбақ денелі, гүрілдеп сөйлейтін, мінезі шатақ жігіт. Ма- ған дейін үш-төрт ат айдаушы ауыстырып, жанына жақпа- ған, яғни айтқанына көніп, айдағанына жүрмеген баланы ұрып-соғып қуып салады жəне ауылға төсек-орнын арқала- тып жаяу қаңғыртып жібереді екен. Иемнің осы қылығын бі- летін мен қайтсем көңілінен шығам деген ниетпен мұрным қанағанша безектеймін. Əзірше бетіме қарап көрген жоқ. Дегенмен, машинистерден гөрі, біздердің, ат айдаушы- лардың жұмысы анағұрлым ауыр еді. «Баланың істегені білінбейді» деген мəтел сондықтан шықса керек. Əсіресе, біздерді қинайтыны – аттың үстінде келе жатып жерден көз алмай тесіліп, қалың шалғынның арасында жасырын жатқан ұры тас, томар, тышқан қорық көрінсе, айғай са- лып, машиниске ескерте-ескерте ес-ақылдан айырылып қа- лар қырағылық еді. Айғайлай-айғайлай үннен айырылып, қырылдап сөйлей алмай жүретінбіз. Кейбір кезде, əсіресе, шөп қалың жерлерде, бұғып жатқан жер тасты көрмей қа- лып, шөп машинасының бір тетігін бүлдіріп алсақ, бізге күн жоқ; ондайда қожайыныңның бишікпен қыр жіліншік- тен осып-осып жіберіп, əкеңнен түсіп боқтауға құқы бар. Дегенмен, осындай қиындығына қарамастан ат айдаушы бала болудың қайталанбас, қашып кетпес қаншама мол қы- зықтары бар еді. Əсіресе, күн батар сəтте, дертеден мой- ны босаған, үсті-басы салтақ-салтақ, тер қақтаған аттарды алдымызға салып тырқырата қуып, қиқулап қара қосқа қай- ту – тек бізді ғана емес, ересек жігіттердің де делебесін қоз- дырып, қай-қайдағысын есіне салар. Қай-қайдағысы есіне түскен машинистер ойқастап, баяғының батырындай кеу- дені шалқақ тастап, шат көңілмен бір шырқар. Қамыт пен қамшыдан құтылып үйге қайтқанын ат байғұстар да сезетін, сезетін де жаппай желіп, жайтаң қағып басын изеп тастап, ауыздықтарын сүзе пырылдап, пысқырысып кетер еді.
|
|||
|