|
|||
ББК 84 Қаз 7-44 15 страницаТасшоқының басына бет түзеген Бура алыстан қараған- да, қыбырлап бара жатқан алып қоңыз іспетті, мынау іштен тынып бойкүйез жатқан бел-белестің ендігі бір тіршілігі, бар үміт-арманы секілді; баяны жоқ екіталай пəнидің уақыт, за- ман ағысына деген ең ақырғы, ең зілді ашу-кегін де сол қара Бура арқалап бара жатқандай еді. Түйе өзінің бұл дəуірге əлі де керектігін, қазіргі қақпай көріп қаңғыруы шаруашылық басшыларының келте ұғым-түсініктері екенін қайдан білсін. Дүлей қысастық əбден меңдеп алған соң, қайтқан көңіл, ке- сапаты мол кекті жүрісті таңдап алған. Туған жер, өскен елге ренжіген хайуан түгіл, ер-азамат та осындай сандалбай қа- шып-пысудың, жорасыз жортудың талай-талай дəмін татқан ғой. Бура Тасшоқының кезеңіне ілінгенде, күн екіндікке тая- ған. Енді осы кезеңнен төр жайлаудың бергі беті шым-шым- дап басталады да үйір-үйір қарағайды бөктеріп алған сансыз бел-белестер əрмен қарай созылып, мінгесіп-ұштасып кете барады. Төр жайлауда найзадайын шаншылған құзар, шақ- пақ тасты жақпарлар жоқ. Бөртек-бөртек, құрақты дөңдер ғана. Бураның ұзақ-сонар итің-итің жүріс ала бастаған бойы сергіп салды. Қарайрықтың өзінен-өзі шаптығып, тұлан тұ- тып бұлқына аққан бұлағынан су ішіп алды. Бұлақ бойын қуалай өскен балдырды бытпырлата шайнап, бір сəт тұрған. Бірақ көп аялдаған жоқ. Əр ойпаңда шөп шықпай сарғылт- танып жатқан ескі жұртты, киіз үйдің орнын иіскелеп сəйір жасады. Бұл ескі жұрттан жоқ іздегендей айналсоқтап көпке дейін жырақтана алмады. Ұясына қызара бөртіп бара жат- қан күн де, сай жақтағы құрбақаның шұрылы да, орманды басына көтере əупілдеген елік те – бəрі-бəрі де алаң қыл- ған жоқ. Елпектей басып киіз үйдің орнын иіскелей берді, иіскелей берді. Күнге кеуіп сартап болып қалған ат байлай- тын мама ағаштың басында жарбиған бір-екі қарға отыр еді. Сендерге не жоқ, құстың қоры, дегендей ұшырып жіберді де, кеңсірігін қасыды. Қара Бураның есіне əлдене түскендей, артына қайта қай- рылып, ескі жұрттың орнына көз сата тағы да қараған... «Əнеу, жер ошақтың оты бықсып қайта тұтана бастады, əнеу, бақанға керме тартылды да, бірінен-бірі өтетін он бес ат қа- тарынан байланды, əнеу, көгендегі қозыны қараңыз – қозы- ны; əне, киіз үйден түйеші Əбіш шықты, қолында бұйдасы бар. Бірақ Бура осынау бірсін-бірсін жаңғырып бара жатқан колхозды ауылдан тек қана өз тобын – өз туысын таппады. Əлдеқайдан, қалың қорымдардың арасынан жас ботаның əлсіз үні естілгендей болды». Селк ете қалған Бура танауын жыбырлатып, пысқырып еді, əлгіндегі ғайыптан пайда бол- ған бар көрініс, сыңсыған үн ізім-қайым жоғалды. Сағыныштай сарғайған ескі жұрт қана жатыр... Тау іші салқын тартайын деді. Түстіктен майда жел тұ- рып, қызғалдақтың басы изеңдеді. Бура жайлаудағы ескі жұртты да місе тұтпады. Қоңыл- тақсып шырғалай алмай тау басына тартқан-ды. Жасынан тайраңдап өскен жері ғой; əр бұта-қарағаны, тау-тасы та- ныс; көзге жылы ұшырап тұратын ыстық. Əйтсе де Бура бүгін бір оқыс қимыл жасаған. Жыл сайын үйір-үйір боп топталып кеп, топырлап мəз-мейрам тілекпен емін-еркін аралап жүрсе де, мынау таудың басына шықпапты. Өз қы- зықтары өздерінде: етектің соны оты тұрғанда, тау басынан не алсын. Егер жалғыздық жаныңды жегідей жеп, сүліктей сорып меңдеп алса, адам да өз-өзінен мəңгіргендей албаты лағып, беті ауған жаққа сандала бермей ме? Түйенің басын- да да дəл осындай сарсаң хал бар-тын. Екі тілерсегі талып, мойны үзілердей ұйып тұрса да, бар қуатын тəрк етіп тау басына шықты. Тау басына шығып еді, ойдағы ел аяғының астында қалды. Əне, бұлтақтай ағып Бұқтырма жатыр. Суы аққұла. Əне, қалың мұнарға шомып туған ауылы, өскен елі жатыр. Бура туған ауылын көптен бері көрген жоқ еді. Бұ- рынғыдай емес бүрісіп, жұтаң тартып кеткен сықылданды. Мүмкін, ауылдың жоқ-жұтаңдығы өзі ішінде тайраңдай ба- сып жүргенде сезілмеген де шығар. Мүмкін, өз көңіліне, боқ жеген иттей қайтқан көңіл күйіне сайып, базарлы ауылдың барын көре алмай тұрған шығар. Бура ой-қырдағы бар əлем- ге жіті, сергек көз тастады. Мойнын созып, төрт құбылаға бірдей үздіге телмірген. Апыр-ай, бұрын неге байқамаған. Мына Ұлытаудың басында көштің сартаптанған жолы бар екен-ау. Бұл – қайдан басталып, қай-қайда кететін жол. Бұл кімнің жолы, ненің жолы, кімдер жүрген жол? Ғажап-ау, қу-мекиен, иен-тегін таз басты тауда ұзыннан- ұзақ құр жіптей шұбатылып кете берген көштің сілемі бар. Небір ықылым заман өтсе де, көмескіленбей, шөп шықпас- тан сайрап жатқан сүрлеу Бураның бұрынды-соңды көр- ген жолдары іспетті емес, өзгеше еді. Бұл сүрлеумен Бура- ның өзі де, кешегі торғайдай тозып кеткен ағайын-туғаны да жүрген жоқ. Бұл жолмен бағзы дəуірдегі атан-інгендер жүріпті, солар салған жол. Солардың арқа еті арша, борбай еті борша болып, жалпақ табандары сартаптаған жол. Иə, олар сонда да жұмыр басты пенделерге қызмет етіп, жұмыр басты пенделердің қайғы-қуанышын арқалап өтпеп пе еді осы сүрлеумен. Осы сүрлеумен сол өз-өздерімен қырқыса беретін адамдарды талай-талай алып қашқан жау қолына тастамай, анасыз жетім қалған сəбидің таңдайына уыз сү- тін тамызған да, аруағыңнан айналдым, аруаналар, сендер едіңдер ғой. «Жосылған жол, біз құрыдық, сен қалдың. Бірақ түйе сал- ған, түйеден қалған белгі екендігін ерсі санамай еске алар- мысың...». Бураның, əйтеуір, бір жері сыздағандай, көз жанары ша- тынап, тау басындағы бағзы көштің жолымен əрі-бері сен- деліп жүріп алды. Тіпті жата қалып аунағысы да келді. Тар- паң-тарпаң таптағысы, жаңартқысы келді ме... Егер үстіне ауыл-аймақтың жүгін түгел артып, мынау қан тамырындай ескі сүрлеумен нелер қиырға тартсаң да миземес едім дегісі келді-ақ. Əттең, дей алмайды ғой хайуан. Күн ұясына қонып тынған. Бірақ түйе тұрған тау басынан алтын алауын жиып алған жоқ. Маздатады. Бура көш жолымен сенделіп көп жүрді. Оттауға да зауқы шапқан жоқ. Бура ескі көш жолын ұзақ, тым-тым ұзақ иіскеді де, есей- ген шағында тұңғыш рет боздады. Ұзақ боздады. Ол бұлай- ша бота шағында ғана бір рет боздаған. Онда да енесін жай- лауға ащы артып кетіп, екі күн зарыға күткенде, қарны аш- қанда боздаған. Сүрлеуді иіскеп, боздап тұрған түйенің көзі- не мөлтілдеп жас іркілді. Бұл да бұдан сандаған жыл бұрын шыққан мөлдір де саф таза көз жасының екінші қайталануы. ...Оның бота шағы тым-тым еркетотай қылықты бастал- ған-ды. Алғаш дүниеге келгенде, мұны енесінен шаранасы кеппей жатып бөлек алып, оң жаққа құрып тастаған қызыл бəтес шымылдықтың ішіне көтеріп кіргізген. Он күн бойы еш аламанға көрсетпей, оңаша ұстаған. Түйеші Əбіштің тар- ғыл қатыны ұзақты күн маңынан кетпей бағып-қаққан. Тыр- тиған бота қарақаттай көзін жаудыратып тəй-тəй басқанда, өзегі түссін деп атан қойдың тегенедей құйрығын ерітіп іш- тіріп еді. Бота алғаш рет далаға шыққанда, маужыраған маңатты тосырқап тұрмай, əлсіз буындарын дір-дір еткізіп ойнақшып əлінше тыраңдаған еді. Мойнынан құшақтап, басынан си- палаған түйеші Əбіш пен тарғыл кемпірдің қоламтадай ыс- тық қолдары Бураның мəңгі бақи көмескіленбейтін бақытты шағы ғой. Дəурен-ай десеңші... Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт- сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан. Енесін жонға ащы артып əкеткен түні жаңа ғана аяқтан- ған қара Бура адасып қалып еді. Боз інгенді іздеп боздап жүріп, қайыңды қалың тоғайдың арасына кіріп кетіпті. Ай сүттей жарық болатын. Тағатсыз ұшып-қонған шымшық зəрені алады. Анық қорқыныш билеген бота боздауды қо- йып, бас сауғасына көшкен. Бірақ ұшқалақ шымшық та, жын қаққандай секектей беретін қоян да – тіпті табиғаттың бұрынды-соңды көріп-білмеген небір кереметтері ботаны тым өгейсітпей, таңғажайып түске айналып, ет үйренісіп кетіп еді. Бір мезгілде ботаның қылша мойнына түнгі ауа- ны тілгілей жыланша ысылдап келген қыл арқан оралды да, тегеурінді күшпен жұлқа тартып бұрап түсірді. Бота одан əрі не болғанын білмейді. Алқымынан шеңгелдей қысқан тылсым күштің құдіретіне бағынып, жан тəсілім беруге ырықтанған. Оның есінде қалғаны – мұны тұзақтаған жұм- бақты адамдар Əбіш емес, басқа жұрт екені ғана... есін жиып, көзін ашқанда, əлгі жезтырнақты қолдар ауыртып кеткен мойнын Əбіштің жұмсақ алақаны сипап отыр екен. Құлағы- на тағы да өз иесінің түсінікті күбір-күбір сөздері шалынды. «...Ботақаным... қайтып қана бауыздамақ сені... сенің жыл- бысқа етің қыстан шығара ма... тас жүректер-ай, ботаның етін жегенше, баланың етін жемеймісің... жауыздар-ай!..». Түйенің көзінен бұршақтап аққан жас көш жолына сырт- сырт үзіліп түсіп жатқан, түсіп жатқан... Алыстан талып жеткен түнгі сарын мынау мейіздей қа- тып-семіп жатқан меңіреу тау-тастың бойына қан жүгірт- кендей, жан бітіргендей болды. Тау иығына сібірлеп тұрған қара көк мұнар пердесі де бір сəт желп етіп, желпініп қал- ғандай болды. Бұл – жылқышының айғайы, күзетшінің ай- тағы немесе түн құсының сұңқылы емес, тым-тым биіктен үзіліп естілген əсем əннің екпінді қайырмасы секілді... Түн түндігін дір еткізген мұңды əуез Тасшоқының қыр арқасы- нан шымырлап шығып, мұқым тау əулетін əлдилеп тұр. Үп еткен жел жоқ. Тымық. Сымпылдай ұшқан үйректердің бат- бағы, шегірткенің шырылы, ешкішектің үні жым болған, шерменде əн əуелеген сайын, тұншығып қала береді, құмыға береді. Алтай самалындай қоңыр, əрі майда, əрі мұңды, те- рең тебіреніс, өкінішті қаяуға толы жаяу адамның жайымен шырқап салған əуез даусы іспетті əсем үн. Тау қарауытып жатыр. Тау селт етпестей сілтідей тынып жатыр. Орман тыл- сым, орман үнсіз. Орман үдемелі үнге ден қойған. Орман ой- ланып тұр. Тау... Тəкаппар тау мынау құдіретті үн алдында кербез басын əлдеқашан иген. Мынау мұңды дауыс аза бо- йыңды қаза етеді. Сай-сүйегіңді сырқырата боздаған үн тіпті қарабайыр түйелердің қарапайым боздауындай емес, басқа соны, тың дауыс-тын. Сіз бұл үнді еш əуенге ұқсата алмас едіңіз. Бұл – жүректің, сағыныштың, аңсардың ардақты зары ма... Жо-жоқ. Бұл – ауыр өкпе-наздың, еркеліктің əн- шейін əм зеріккенде шығаратын жарықшақ үні ме... Жо-жоқ. Əлде жоқтау шығар. Олай да емес. Бұл – ертеңгі атар таң- ның бұлыңғыр бұлаң құйрық болашағының түңіліс мұңы. Жан тəсілімі алдындағы, ұрпақтары алдындағы іш құса қай- ғының шеменделген шерменде запыраны еді. Иə, бұл боз- дау – бірегей əсте қайталанбайтын боздау. Мынау күңірене, зарлана шығып кешкі ауаға шымырлап тарап жатқан үнде «Елім-айдың» да, «Балталы, Бағаналы ел аман болдың» да, «Қорланның» да, «Жанботаның» да, тіпті қауқарсыз қағілез əн «Меңдіқыз» бен «Айшажанның» да əуеніне ұқсастығы жоқ, басқа бір құдіретті, тосын күй іспеттес. Тау қара барқындалып, түн түндігі жабылып келе жатыр еді. Бура көш жолында сең соққандай сенделіп, түннің бір уа- ғына дейін боздап жүрген...
ІІ Қара Бураның ұдайы бір жыл жоғалуы Қазақбай ауылына өзгеріс енгізген жоқ. Қызылқайыңды мінбелей отырған бір тайпалы ел сонау бір етек-жеңдері жинақы үйіріліп отырған шақтарында, түйе түгіл түйме жоғалса да, əп-сəтте естіп, у ішсең руыңмен дегендей, аттан сала іздеп, ұзатпай тауып алатын. Кейінгі кезде үй санының өрескел көбеюі, шаруа- ның шанағы шалқи молаюы ма, бірі өліп қалса да, араға ай салып есік ашыспайтын қылық пайда болған. Қара Бураның ұшты-күйлі ғайып болғаны – тек Əбіштің ғана арқасына аяздай бататын. Жасынан түйе бағып үйреніп қалғандығынан ба, осы ауылдан сол ескі көз түліктің қара- сы өшкенде, томырық мінезіне басып, ауыл ағаларын жеті атасынан түсіп сыбап алған. Қайтып жұмысқа да шықпады. Жұмысқа шық деп бригадир өзі іздеп келедімен біраз аялдап еді, тіпті олар мұның ауласының түбімен жүрмейтін болды. Əбіштің жанын қинаған осы жайт еді. Ежелден сүйекке сіңді қырсықтығы бар қиқар шал төбемді мен де көрсетпейін бұ- ларға дегендей, «сегізкөзім сырқырап жүр», – деп, кəдімгі- дей төсек тартып, саржамбас боп жатып алған. Оқта-текте немересі келіп: – Ата, қара Бура Тасшоқының бауырында жүр дейді. Төр- қуысқа өтіп кетіпті дейді, – деген дүңк-дүңк хабар жеткізе- тін. Өзі іздеп шықсам ба деп те сан рет оқталған. Құрғыр аяқ артар көлігі жоқ болған соң, бөлімше бастықтарына ат сұрап баруға арланып, қорына беретін. Бірде немересі: – Ата, қара Бураны қасқыр жеп кетіпті, – деді. Төсектен шаптыға атып тұрған шал шықшытын шатынатып: – Көкіме, ақырзаманның баласы. Қара Бура екеуміз өз ажалымыздан өлмесек, ит-құсқа жем болмаймыз, – деп қат- ты зекіп тастаған. Бура бұл шақта Нарынның құмдауына өтіп кетіп еді. Қаңтар айы туып, күн əбден суып алған. Алақаншықтана суси ұйтқыған боран бірнеше күннен бері ішін тартып, ыш- қына соғып тұр. Ықтасыны жоқ ысқаяқ жердің самаладай- самаладай шилері, жел қаққан сайын, мұңлы үн шығарып, ызың-ызың шулайтын. Сиыр таңдайлана күпселеніп қалған күртік қар Бураның жалпақ табаны тиген сайын, морт-морт опырылып сынады. Суық қанша қысқанымен, көпке дейін ырық бермей, сүйекке қарысып жүрді. Көбінесе жер ша- лып, бұта-талдың басын сүзіп қайтатын да, аздап болса да қақтама күнгей дегендей Нарынның теміржол жақ беткейін- де жүретін. Нарынның бұл жағы кең төскей болушы еді, əм- бесінде қалың шилі, тебіндікке шүйгін келетін тепсең. Сонау бір жылдары осы өңірден кен ашылып, теміржол түспек болғанда, Бура не бары тайлақ еді. Тайлақ əлі жас, белі кетеді деген жоқ. Мұны да Əбішке ұстаттырып шана- ға үйреткен. Бұл – ағасы Ақбастай емес жуастау болды да, жұмысшы қолына тез көндікті. Теміржолға қажетті құмтас, бөренені, сосын зілдей-зілдей рельстерді сүйреп жанталас- қан. Сонда Қазақбай ауылында ботадан өзге қоқаң еткен түйе қалдырмай, түгелдей дерлік теміржолға айдаған. Сонда қара Бураның ағайын-туғандары аттай бір жыл бойы мынау ұзыннан-ұзақ Шығысқа жарыса жосылып кете берген темір- жолдың ауыртпалықтан қылша мойны талша болып тартқан. Тегінде, мұнан соң түйелер мұндай ауыр еңбекке жегілген жоқ. Ақырғысы еді бұл. Қара Бура жасынан момындау болды да, пішілмей қалды. Лағнат мұның үлкені еді. Ақпан айы туған сайын, аузынан ақ көбігін ағызып жарайтын. Ал жынданып алса, мынау өңір- дің тайлы-таяғын қалдырмай тырқырата қуатын. Бір жылы февраль айында аса қатты құтырып еді. Ежелден салқын қанды қара Бура Ақбас құсап шаптыға жараған жоқ. Аузы- нан ақ көбігін ағызып, бу-булап өз бетінше тыныш жүретін. Совхоздың бас зоотехигі бұлардың қасынан қаперсіз желе жортып өте бергенде, Ақбас қапелімде тұра қуған. Зоотех- ник аты – дəмелі жүйріктің бірі екен, көпке дейін құйрық тістетпей ұзап кетті. Бірақ екілене өршеленіп алған Ақбас қуып жетуге айналған. Ал қуып жетсе, кеудесімен бір ұрып мұрттай ұшырады да, қос тізесімен езіп, үстіне жатып алар еді. Абиыр болғанда, зоотехник Қарасудың көк тайғақ боп қатып жатқан мұзынан тағалы атпен тасыр-тұсыр құйын- перен шауып өте шықты. Ақбас та қаймығар емес. Көк қасқа мұздан май табаны тайып өте алмайтынын алдын ала сезді ме, екпіндей кеп əнейімен қос тізерлей қалды. Артқы екі ая- ғын талтақ ұстап қос тізерлей қалған түйе, əуелгі екпінімен арғы бетке зыр етіп өте шықты. Ақбастан мұндай ерен ерлік күтпеген ол жаны шығып орманға қашты. Ол қашып құтыла алмайтын еді. Ақбас бəрібір құтқармас еді. Зоотехник осыны сезді. Астындағы атын сауырына бір сап қоя берді де, бойы көкке тірелген зəулім теректің басына мысықша тырмысып шығып кетті қас қағымда. Ақбас бура терекке кеп ұзақ үй- келді. Көкке қарады. Жынын шашып жер тарпыды. Сосын теректің түбіне жайымен шөгіп, сен шыдасаң мен шыдадым дегендей, жайбарақат күйсеп кеткен. Əбіш ауырып аудандық ауруханада жатыр еді. Зоотех- никті құтқаратын басқадай лаждың жоқтығы болды ма, Ақ- бас Бураны атып өлтіріп, зоотехникті ағаш басынан түсіріп алған. Ал қара Бура болса мұндай тентектіктен бойын аулақ ұстайды. Неге екені белгісіз, осы жылдың қаңтар айында бұған да төтенше желік пайда болды. Екі апта қурай басын тісте- мей, өз-өзінен жараған, көзі шелиіп, құрдың артынша қыза- ра беріп айналып шығып кетті. Бір жыл ұдайы жалғыз жү- ріп, əбден іш құса боп жалықты ма, əлде арынды ашудың қысастығына басты ма, тісін қайрап, аузынан дамыл-дамыл ақ көбігін ағызатын. Шолақ құйрығын тағатсыз сабап, екі бұтын кезек қайшылап көбіктендіріп, үнемі буы бұрқырап бусанып жүретін. Басын жерге салмастан қайқайтқан қалпы бу-булап, ертеден қара кешке дейін дамыл таппай безектей береді. Көзіне көлденең көк атты көрінсе, əлдеқашан шай- нап тастар-ды. Өкінішке орай, мынау мекиеннен өзінен бас- қа ұшқан құс, жүгірген аң таппады. Бура ағасынша жынданды. Бірақ Ақбас атан əншейін пə- туасыз, мұңсыз-қамсыз еріккеннен еркексініп құтырынса, бұл жалғыздықтың зары əбден өткендіктен шамырқанған- дай, шамданғандай. Бірнеше күн аузына нəр салмағандық- тан шығар – екі көзі шұңғыл тартып, ішіне кіріп кеткен-ді. Қарны қабысқан. Былтырғы жылдың жүні қырқылмай, жаңа жүнмен араласып, иттің құйрығынша сабалақтанып қалған. Бура, əсіресе, бүгінгі күні ес жия алмай шабынды. Бу-буы да көбейіп аласұрған. Қыстың тұсаудай ғана қысқа күні жаңа ғана көтерілген еді, енді, əне, батып барады. Дала мелшиіп, мəңгі өлі күйге енгендей сарынсыз жатыр. Түндегі итше ұлыған алақаншық боран жаңа ғана толас тауып, сап бол- ған. Шабынған Бура ақ кебінді айқара жамылып, көсіле тү- сіп жатқан даладан қыбыр еткен жан іздеді. Құныға, көзін қарықтыра ұзақ іздеді. Таппады. Шаптығып жер тарпыды. Боздайын деп еді, көмейі көбікке толып, үнін шығара алма- ды. Жылайын деп еді, тулақтай көні кеуіп қалған көз жанары шыланған жоқ. Өлейін-ақ деп еді, көпті көрген көмпіс сірне жан көнбеді. Енді қайтпек? Енді қайда бармақ? Ауылға ма? Құдай көрсетпесін... Ақбастай атып тастар. Атып тастар... Бу-бу... бу-бу... Енді қайтпек – гу-гу... гу-гу... гу паровоздың ышқына боздаған даусын құлағы шалды. Бірақ оны поезд деп ойлаған жоқ. Əйтеуір, дауыс шығады ғой. Таныс дауыс өзі. Бура солай беттеді. Түтінін будақтатып сонадайдан қарауытқан поезд таңда- йын тақылдатып əлінше ұшыртып келеді. Үстіне тиеп алған ағаш, көмір, темір-терсегі бар вагондар жұлдызша ағып, Бу- раға қатарласа берді. Ұрынарға қара таба алмай, сандалбай күйде жүрген ол поездың өкпе тұсынан атой салды. Тіпті өзінен зор алпауыт күш екенін, қан қақсатып кететінін еске алғысы жоқ. Бар күш-қуатын жиып, мойнын иіп алып тұра шапты. Өлген-тірілгеніне қарамай шапты. Аузынан аққан ақ көбік жерге мұз боп түседі. Қос танауынан буы будақ-будақ атқылап, тарпаңдап кеп таптап тастамақ болды, мынау зу-зу, гу-гу еткен дəу қараны. Шаптығып кеп кеудесімен бір қо- йып еді, өзін сонадай жерге итше бұрап лақтырып жіберді де, бір қышқырып зытып отырды. Бураның кеуде сүйегінің быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, біразға дейін тырбаңдап жатты. Бұдан соң аяғын қатты бір серпіп, жан тəсілім берді. Бірақ қазбауыр бұлттар қалқыған көгілдір ас- панның суреті түскен қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, таза əрі күнəсіз жас ағып жатты... Өзегі талып өртеніп жүріп, өрге сүйреп жеткізген бала- ның аяулы анасына қол жұмсағанын көргеніңіз бар ма? «Өз қолыңды өзің кесемісің» деп, іштен егіліп, қорлана жыла- маушы ма еді. Сонда ардақ ананың көз жасын таңдайыңа тамызып татып көрсең ғой. Қара Бураның қазіргі халі дəл осындай еді. Даланы да бір сəт қайғы басқандай, түйесіз жетімсіреп қалғандай еді. Қазақбай ауылының ең соңғы түйесі осылай- ша ит жемі болып қазаға ұшыраған. Төсек тартып жатқан Əбіш шал Бураның поезға ұрынып өлгенін естіген соң, бөлімше басқарушысына барып көлік сұраған. – Хайуан болса да пайдасы көп тиіп еді. Сүйегін далаға қалдырмай, жеткізіп алайын. Тым құрыса шудасы кəдеге жа- рар, – деп еді, бастық:
|
|||
|