Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 6 страница



Əкем жарықтық шыдамды адам еді ғой, Окинковты осы əзірде ғана көріп отырғандай, бастан-аяқ тəптіштеп шықты.

– Дұ-р-ы-ы-с-с, – деді милиционер енді шешеме бұры- лып, – енді сізге келейік. Фамилияңыз...

Қызық басталды. Бағанадан бері өз тізесін өзі тоқпақта- ғандай, əрең отырған кемпір шорт кетті.

– Əй, Əкемков, – деді ызадан жарылардай болып. – Өз тайыншамызды өзіміз ұрлағандай бізді тергегенің не осы?! Міне, жеті ай болды əлдеқашан сүйегіне қына бітіп кеткен ата-бабамыздың аруағын қозғап, пəмилиямды сұрай бере- сің ғой. Сен келген сайын басымның сақинасы ұстайды. Көк тайынша да, сен де құры. Кет өзің, жынымды ұстатпай!

В.В. Окинков үндеместен орнынан тұрды да есікке бетте- ді. Босағада тұрған қалпында сөмкесін ақтарып, əкем жазған өтініш қағазды алды.

– Арыздарың. Енді өзің жоғалсаң да, бұл үйге келмес- пін, – деді шешеме.

– Əдірем қал. Мені құдайдан басқа ешкім ұрлай алмайды. Сөйтіп, бұл үй милициясыз қалды. Осы күннің ертеңін-

де бастауыш класқа сабақ беретін əпкем – Аймен ұры ұмыт қалдырған қамшыны қолына ұстап шығады. Мектепке бар- ған соң, əр класқа кіріп: «Кəне, балалар, мына қамшыны та-


нитындарың бар ма?» – деп, бас-басынан сұрайды. Үшінші класқа кіргенде, мұрнын үнемі жеңімен сүртіп отыратын қара ұл: «Ой, мұғалима, бұл папамның қамшысы. Былтыр жазда ағам өріп берген», – деп орнынан ұшып түрегеледі. Иə, жеті ай милиционер іздеген ұры, жеті минутта табыла- ды. Бірақ баяғыда ұмытылып, садақаға шалып қойған көк тайынша дауын дабыралаудың реті ешбір болмайтын еді. Мұрнын жеңімен сүрте беретін қара ұлдың папасы – бұл үйдің құдасы, сыйлас адам. Сондықтан да жабулы қазанды жабуымен қойған. Тек баласы айтып барған болу керек, «құ- далар» жағы көпке дейін амандаспай жүрді.

Жаз шығып, ел-жұрт шөп науқанына кіріскен шақ. Əкем де тартпасын (шалғысын) шыңдап, көзі тірісінде əжеміз ті- гіп берген қара торсыққа сусынын құйып, пішен оруға шық- қан. Жылдағыдай емес, биыл жаз берекелі болды, шөп қа- лың, жеміс-жидек көп. Күн ыстық. Мосыға шəугім іліп, шай қайнатып, дем алып отырған.

Топ қайыңның түбінен бастау алар тұма тазарған, көк та- йыншаның ұры сойған орнын шөп басқан. Дегенмен, баяғы бір көрініс: көзі алайған малдың басы мен төрт сирақ көз алдына елестеп, жамбастай жатқан шалдың ойы онға, са- насы санға бөлінді. Мал ашуы емес еді оны мазалаған, шəй деспеген жұрағаттың басынғаны да... Осы кезде алаңсыз оттап тұрған құла аты құлағын тікті. Тоғай арасынан салт атты шығып, бері беттеген. Бұл – көк тайыншаның обалына қалған «құдасы» еді. Ол аттан жайлап түсіп, асықпай аман- дасты. Малдас құрған қалпы, шөптің бір сабағын аузына са- лып, тістелеп алысқа қарады. Жеңіл күрсінгендей болды.

– Құда, – деді сəл қарлыққан, сəл толқыған үнмен. – Сіз маған өкпелеп жүрсіз білем.


– Неге өкпелейін, – деді əкем насыбайын атып.

– Жоқ жасырмаңыз, өкпелеп жүрсіз. Болар іс – болды. Көк тайыншаларыңызды мен ұрлаған едім, оны өзіңіз де сез- генсіз.

– Оны кім айтты саған?

– Екі дүниеде де ризамын сізге. Біле тұра тіс жарып еш- кімге айтпадыңыз. Мені мойындатып, аяғыңызға жыққан – дəтіңіздің беріктігі. Басқа біреу болса ғой, қалмақ қайта шап- қандай мұқым ауданға жар салар еді. Рақмет сізге, құдайдың құдіреті, бала жастан əдетім – бірдеме ұрламасам, тыныш ұйықтай алмаймын. Жоқ дегенде, өз қойымды өзім қорадан ұрлап шығып, тауға апарып сойып əкелетінімді қайтерсіз. Енді осымен бітті. Сіз үнсіздігіңізбен, шыдамдылығыңыз- бен жеңдіңіз мені.

Ол ұзақ сөйледі. Темекісін тартты. Əкеммен бірге шай ішті. Шөп шабысты.

– Құда, – деді кетерінде қойнына қол салып, – көк тайын- шаның бодауын он сиыр берсем де қайтара алмаспын. Бала- шаға көп, бір үйде өзім ғана бас көтеретін, қайтара алмас та едім... Мынаны шөп шапқанда киерсіз, жеңсіз, алды ашық, жеңіл көйлек. – Бес сом отыз тиынның шыт көйлегін əкем- нің алдына тастай берді.

– Рақмет, құда бұл да болса – жөн білгенің. Ол атына мініп ұзап кетті де, қайта оралды.

– Байқамай қонышыма тыға салыппын. Кешіріңіз, əдет қой, – деп керзі етігінің қонышынан əкемнің қамшысын суы- рып алды. Атын оқыс тебініп, желе жөнелді.

– Қайтқан малға береке, – деді құдасының соңынан көз жазбай қарап, қамшысын ұстап тұрған əкем.

– Ұрлап кетсе қайтер едім.


 

 

КҮЛПƏШТІҢ ҰРШЫҒЫ

Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұ- рады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айырылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Əйтеуір ұлда- ры ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі жəне бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тулақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпəштің екі көзі біздің үй- дің түтінінде.

Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қо- лаң оны онша жақтыра қоймайтын. Бірақ, сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ əйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық – Күлпəштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де шынтағын шо- шайтып созақтата жіп иіріп, шаншылып отырғанын көресің. Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дəл түсетін əдеті бары рас. Жұрт Күлпəштің осы міне- зінен зəрезеп болатын. Баяғы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузыңа енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адам – атаң болса да жақтырасың ба, тəйірі. Бірақ, жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпəш қаперіне де алмайтын. Салдырлап əңгімесін айтып, алды-ар- тына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп өз асың-


ды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.

Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қарақожалақ жатқан дала ақ көрпесін қымтанып, ұзақ ұйқыға кеткендей жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле алғашқы қар қалыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ сорпасы шығып бусана бастады. Ағаш күрек алып əрі-бері тазалап көріп едім, жабыса иленіп ырық бермеген соң, таста- ғанмын. Ағаш-ағаштың бұтағын сындырардай тұтасқан қар ептеп еріп, тамылжи сорғиды. Айналаңа, əсіресе күн шы- ғар жаққа қарай алмай ұяласың, көз қарығады. Қолтығына қысқан қалайы аяғы – ыдысы бар, екі қолын жеңіне қусы- рынған Күлпəш үйінен асығыс шығып, бізге қарай қаздаң- дай құлдилады. Жақындай бере одан бұрынырақ үйге сып етіп сіңіп кеттім. Апамдар шай ішіп отыр екен. Іле-шала бу- дақ-будақ бу алып Күлпəш та кірді. Кіре бере «алла, белім» деп табалдырыққа жалп ете түскені. Əлгінде ғана сайрап, есен-сау шай құйып, самаурынға иелік жасап отырған ше- шем, ол да сап етіп шекесін ұстап «алла, басым» деп зарлай жөнелгені. Мен аң-таңмын. Екі əйел еселесіп бірсыпыра ың- қылдады-ай... Күлпəш көзінің астымен ақырын ұрлана ше- шеме қарады да, өзінен зор шыққанына шындап көзі жетті білем, жылыстап, «аллалай» дастарқанға жақындады.

– Саумысың, Күлия? – деді жарамсақтана. – Ауырып қал- ғанбысың?

– Ауырмай отыратын күнім бар ма, Күлпəш. Бір үйдегі –

бір кісі болған соң сүйретіліп тұрасың.

– Мен де сол, əйтеуір өлмеген соң балаларға бас-көз бо- лып жүрген. Екі күн болды, белден шойырылғалы.


– Үш күннен бері менің де басымның сақинасы ұстап...

– Мен де жетісіп отырғаным жоқ, бəтір. Бес күннен бері екі тізем қақсайды.

– Он күннен бері менің оң иығым шағатын болып жүр.

– Бір ай болды, екі аяғымды кеміріп жатыр-ау, жеп жа- тыр...

– Былтырдан бері құданың құдіреті, екі көзім бұлдырап көрмейтінді шығарды. Өстіп жүріп суқараңғы соқыр бо- лып...

– Қойшы-ей, қайдағыны айтпай, кейде менің де екі құла- ғым тарс бітіп қалады.

Ендігі сəтте шешем де, Күлпəш та ауруларын ұмытып, құла шайды сораптай ұрттап ұзақ сонар əңгімеге көшкен. Ал, мен аң-таңмын.

– Е-е, замандас-ай, – деп күрсінді Күлпəш. – Шалың бар сен осындайсың. Жиырма жылдан бері жесір біздің не жа- нымыз шыдап жүр десеңші. Жүрген ғой əйтеуір, өлейін де- сек қол тимей. Е... е...

– Бойында шыбын жаны бар демесең, біздің үйдің иесі ауырады ғой, қатты ауырады. Трудовой өтіп кетсе керек. – Шешем төргі бөлмеде көзілдірігін киіп кітап оқып жатқан əкем жаққа мойнын соза қарап қойды. Содан соң маған:

– Есікті жаба салшы, – деді. Əңгімемізді естіп қоя ма деп сезіктенеді білем.

– Е, сөйт балам, төргі бөлменің есігін жаба сал, – деп қайталады Күлпəш. – Жүзіқара-ау, ұлыңа шай құйсаңшы, – деп шешемнің ұмыт қалдырған шаруасын жəне есіне салды.

– Күзден бері осы жаңғалақтық пайда болды, – деді ше- шем. – Қазір қойғанымды, қазір ұмытамын.


– Мен де ұмытшақпын-ей, – деді Күлпəш. – Əнеугүні Шəкендердікі ет асқан екен, барайын деп тұрып қара басып ұйықтап қалыппын.

– Кеше, соғым сойған күнге дейін тісіміздің суын сорып отырамыз ба деп, қалған қара ешкіні алып соқтық.

– Не дейді!.. – Күлпəш қайран қалып таңданды. – Айттым ғой, кейінгі кезде ес-ақылдан айырылып жүрмін деп. Айта салғанды да білмейсің. Тіпті түтіндерің бықсымап еді, сен де қуланып, сараңданып барасың-ау. Ішек-түшек, қарын-сарын алып қалушы едің... дəметіп...

– Алла, басым! – деп шешем əңгіменің ауанын бұзып жіберді.

– Алла, белім, – деді Күлпəш. – Көп отырып қалдым-ау, сенімен əңгімелесемін деп. Біздің қара сиыр қарасан болды. Арты бітеліп алты ай болды желіндегелі. Түйе секілді найқа- лып жүр албасты, қара суға қамалтпай бір шайлық сүт бер.

– Біздің қоңыр сиыр ерте туып, суалып барады. Өзі үш емшек, өзің білесің бір емшегі баяғыда кеткен. Жем-шөбін алдына төгіп отырған біз емес. Бір сағат созғыласаң, жалғыз шайлық сүт əрең шығады. Сенің ұлың қойда ғой, анда-сан- да біздің үйге де бір қапшық жем əкеліп тастамай ма? Міне, сүттің бары осы, – деп тостағандағы шайға қатып отырған сүтті көрсетіп еді, Күлпəш үңіліп қарады да:

– Е, мынауың көп сүт, – деді шімірікпей.

– Көп сүт болса аузымнан жырып саған-ақ бердім, – деп барлығын Күлпəштің ыдысына қотара құйып бере салды. Содан соң өзі үлкен бір мəрттік жасағандай замандасына риза көзбен күлімсірей қарады.

– Рақмет, Күлия! – деді ол қош көңілмен шығып бара жа- тып. – Ұлыңның қызығын көр, алла, белім, аяғымды бастыр- майды, сүйретіліп қашан жетер екенмін...


Терезеден тысқа қарап едім, үйіне қарай құстай ұшып, безіп бара жатқан Күлпəшті көрдім.

– Ораш, – деді шешем, – шоланда бір меске сүт пісіп тұр еді, алып келші.

Мен аң-таңмын.

Ержетіп, ауылдан ұзап кеткеніме көп жыл өтті. Анда- санда ғана қатынап тұрамын. Елдің қадір-қасиеті əлі бұзыла қойған жоқ. Əрине, алыстан жолаушы келген соң мал сояды, амандасуға ағайын-туған жиналады. Содан бірінен соң бірі сабылып жатар ауылдастарымның ортасынан ең əуелі іздей- тінім ұршық иіріп отыратын Күлпəш еді. Шешемнен аман- дығын алғашқы сұрарым да сол кісі.

– Е, ол қатынды құдай ала ма? Жүр ғой əйтеуір, жеті күн – елден, жеті күн – жерден жеп. – Шешемнің бұл сөзді зілсіз ешбір кек, жаулық тілемей айтарын білемін. Өйткені баяғы- да мал сойса Күлпəштан қулығын асырып ым-жымын көр- сетпей қоятын да, егер келмей қалса: «Əлгі қатын қайда жүр, ауырып қалған жоқ па?» – деп елегізіп іздеп отырар еді. Сы- бағасын сақтап, бөлек алып қоятын.

Ауылға оқта-текте бара қалсақ «туған жердің келбеті-ай, ауасын-ай» деп тамсанып, күні кеше ғана зəрезеп болып, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көрген- дей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды əдеті- міз бар ғой. Сондай əрі жалған, əрі монтаны мінез маған да жұққан-ды. Тыртиған трико киіп, қырыққан серке бұттанып, маң-маң баса өзен жаққа беттедім. Бұқтырма барған сайын молайып, екі жағалауын кеміріп, кенересін кеңейтіп келеді екен. Су алатын жар қабақтың жиегінде екі шелекті төңке- ріп тастап ұршык иіріп Күлпəш отыр. Кішкентай немересі


құмнан үй жасап ойнап жүр. Мені көріп орнынан лып етіп тұрып қарсы жүрді.

– Үйбай-ау, Орашжан-ау, қашан келіп қалғансың? Дені- қарның сау ма? Күлия ұлы келіп көзайым болып, той жасап жатыр екен ғой. Жүзіқара əбден қуланып алған, мен тіпті ауыл үй отырып сезбей қалдым.

Бетімнен сүйді.

– Түу, жүдеусің ғой. Ала қағаздың бетін айналдырамын деп азып кетіпсің. Біздің ұл шұжықтай... Иə, оқуыңды қашан бітіресің? Оныншыдан соң оныншы класқа мұғалім болып жүргендер көп қой. Бітпейтін неме болса қайтып келсеңші, жаман əкеңді жалғызсыратпай.

– Оқуды əлдеқашан тауысқанмын, шеше.

– Енді неғып қайтпайсың?

– Қалада қызмет істеймін.

– Қызметті қайтесің. Жаман əкең отын-шөбін жеткізе ал- май біздің ұлға сан рет келеді. Біздің ұл мықты болып өсті... Трактордың құлағында ойнайды. Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес. Қалада да қарап жүрмейтін шығар.

Мен не айтарымды білмедім. Ауылда қалып не тракто- рист, не орманшы болмағаныма өзім де сан рет опынған едім... Əкем қартайыңқырап, оның үстіне денсаулығы нашар, шаруасының қиюы қашып жүргені рас-ты. Енді қайтейін, қаладан отын-шөп жіберетін емес...

Бағланның төре табақ етін алдымызға енді ала бергенде, самбырлай сөйлеп Күлпəш кірді.

– Ей, қатын, – деді шешеме айбындап. – Неге қуанбай- сың? Жаман жүрегің неге жарылмайды, ойбай? Май ішкен мысықтай, екі көзіңді тарс жұмып жылмиып отырсың ғой. Ұлыңның келгенін неге айтпадың? Ораш сенің ғана ұлың


емес, күні кеше мұрнынан сығып алған менің де балам. Ба- лам болмаса – баламның жан жолдасы, күні кеше тай-құ- лындай тебісіп бірге өскен. Жылқының майындай жылбыс- қаланып, Орашыңның əкелген сəлем-сауқатын жалғыз өзің жамбасыңа басып жатырсың ғой. Қысқы – қызылымыз бен жазғы – ағымызды қылдай қылып бөліп жеуші едік. Бая- ғыда біреу «Ауыл үй қонсақ қонайық, бірақ аяқ-табақ ара- ластырмайық» деген екен. Отыз жыл отас болған көршінің қақысынан қиын не бар бұл жалғанда. Ұлың қайда? (Мені жаңа көргендей құшақтап, екі бетімнің сау-тамтығын қал- дырмай сүйді). Келші, құлыным, мауқымды басып, шө- лімді қандырып шөпілдетейін-ай. Реңің жақсы, бұрынғы- дай емес, толып азамат болыпсың. Ай сайын ақша жіберіп əке-шешеңді асырап жатырсың, естімей, көрмей отырғамыз жоқ. Əлгі біздің жаман ұл май-май болып, темір итаяғының астынан бір шықпайды, жүргенінен тұрғаны көп. Көк тиын əкеліп жатқан ол емес, «апа, бересілі болдым» деп ашқарақ сиырдай мөңіреп тұрғаны. «Аласысы» қашан, ит біле ме? Неге ауыздарыңды аңқайтып қалдыңдар, ет жесеңдерші. Ей, шал, жамбастың етін азайтып маған берші, – деп салалы сау- сақтарын табаққа тарбайта салды.

Мен аң-таңмын.

Əкем мырс-мырс күліп, жамбасты етімен ұстата берді. Ал шешем болса бір қызарды, бір сазарды. Содан соң тамағын кенеп сөз бастады. Бейне бір бұрынғының билеріндей...

– Əй, Күлпəш, сен өйтіп бастырмалатпа, «Жуас түйе жүн- деуге жақсы» деп. Қара суымнан қалдырып көргенім жоқ, көзіңнен шықсын. Баламның алдында жер-жебір, жекен суы- ма жетіп есімді шығарып жібердің ғой. Көшке берген тайың- ды ал, бірдемесін өткізіп қойғандай ер-тоқымыңды бауыры-


ңа алып тулағаның неткенің. Бозталдан шөбімді жеткізіп бер деп он рет барғанда, он күн аяғыңа бас ұрғанда төгіп-шашып əрең əкелмеп пе еді, ала көз ұлың, онда да ақысын былай алып, шөлмек-шөлмек арағымды ішкен, ол аздай трактор- мен сүзіп қораның қанатын құлатып кеткен. Бір басыңда бес ұршық бар, бірін бере көр деп жалындым, бетпақтанып міз бақтың ба?.. Енді келіп, иығыңды жұлып жеп, тамағымнан тас өткізіп, отымның басын сабалайсың... Əдірем қал...

– Сенің де сырың белгілі. Шалым бар деп кергисің келіп, кердеңдейсің келіп...

Мен орнымнан тұрып кеттім. Əкем: – Жетті енді, желіге бермеңдер! – деп зекіп еді, екеуі бірдей жым болды.

Сүт пісірім уақыттан кейін жайдары жарасып, маңдайла- ры жіпсіп шай ішіп отырды. Ұзақ бір əңгімеге кеткен. Бір- біріне аса риза көңілмен рақаттана күледі.

– Сен қатын да қайдағыны білесің, – деп Күлпəш құла шайды сораптай түсті. – Шалыңның қолын қағып көргем жоқ, сен де кеңсің ғой.

– Рас, сенен қызғанып қайтемін. Бір өтірігі жоқ, – деді шешем. Екеуі тағы күлді. Мен аң-таңмын.

– Осы Күлия, сен əлгі жоғалған шелегіңді таптың ба? –

деді Күлпəш.

– Жоқ, судай сіңіп, тастай батты ғой.

– Құлағыңды бері жақындатшы. – Сыбырлап сөйледі. – Тірі адамға мен айтты деп аузыңнан шығарып, сездірме. Се- нің шелегіңді мен бір үйден көрдім.

– Қойшы əрі, рас па?

– Рас, өтірік айтсам жаным шықсын. Шелегіңнің бүйірін- де кішкене майысқаны бар еді ғой.

– Дəл өзі.


– Ендеше сол шелек Мағыштың сеңкесінде керосин құю- лы тұр. Тегінде осы ауылдың бары мен жоғын менен сұра.

Шешем Күлпəшқа қағазға орап бір асым ет беріп, ол қол- тығына қысқан олжасын зыр жүгіріп апарып тастады да, сү- йектен жонып істеген ұршығын алып құстай ұшып қайтып келе жатты.

Өте əділ айырбас, екі жақты түсінушілік жағдайда өткен бүгінгі кеңес келесі күні басқаша сипат алған.

Етті асып жеп алған Күлпəш ұршығын сұратып жіберіп- ті...

Мен аң-таңмын...


 

 

ҚҰЛАШАНЫҢ ШОТЫ ЕДІ

Баяғыда... ертеректе Қатынқарағай ауданы бойынша Құ- лаша деген ортақ шал өмір сүрді. Ол кісіні жұрттың бəрі жатқа білетін. Ағайын-туғанынан ерте айырылған, панасыз жетім еді. Жетімдіктің ең қиыны – қартайғанда екен. Ел ара- лап, дəруіш боп күн көру пайғамбар жасынан асқан адамға лажсыздық еді. Лажсыздық емей немене, жетпіске жеткен шалдың қара жолды шаңдатып, жаяу-жалпылы ел кезіп, кер- зі етігін тоздырып тірлік кешуі қайбір жетіскендік. Бұл кісі- нің əбден қартайған шағында не себептен панасыз, малсыз- жансыз тұл қалу сырын мен білмеймін. Менің білетінім – Құлашаның былғары қапшығы, тобылғы асасы болушы еді. Ал былғары қапшығының ішінде əсте де ішім-жем жол азық емес, көненің көзі іспетті: мүйіз сапты жезмойын пышақ, мүйізден жасалған насыбай шақша, ұлтан, тебен ине, біз, тарамыс, сонсоң соншалықты əдемі қаз мойын шот жүре- тін. Қапшасын күніне бір рет ақтарып, бар-жоғын түгендеп қою əдетіне айналған. Осы сүйекке сіңді ғадет Құлашаның құйрық-жалсыз қалуының салдары сықылданатын. Бірақ жығылып жатып, аяғының басын қайқайтар мекерлік пен жалған паң мінез, табиғи қалпын сақтамай үнемі жасанды шығар еді. Ол жалғыздығын, пайғамбар жасынан асып тө- рінен көрі жуық қалған жылдарда өз тағдырының қайраңға айналған болымсыздау сəтін мойындап, ұнжырғасы түскен емес. Əлі есімде, сонау бір жылы сол Құлаша шал Тоқамен қатты кетісіп ұрысты. Сонда Тоқа шал өз мінін байқамай:


– Құлағын кескен шұнақсың, құйрығын кескен шолақ- сың, – деп қу бас жалғыздығы мен кем-кетігін санай бастап еді, асасымен қара жерді сабалап, тұлан тұтып ашуланды, қолы дір-дір етеді, көзі қанталаған.

– Ей, Тоқа, мен жалғыздықты құдайдан сұрап алғам жоқ, көрпеңе қарай көсіл, тегінде. Көкек өз атын өзі шақырады деп, қатыныңмен төбелескенде қыршып алған шұнақ құла- ғыңды Гитлерден көресің. Ал мен құлағым жоқ шұнақ бол- сам – сұңқарлығым; құйрығым жоқ шолақ болсам – тұлпар- лығым. О, несі-ей, ол қай басынғаны-ей... Түске дейін есі бар, түстен кейін есі жоқ, боқ мұрын, салпық ерін жаман ұлыңа мақтанамысың-ей... Төбеңді көкке жеткізгенін көрермін...

Əншейінде сыңар езулеп бой бермейтін Тоқа шал қашып құтылған.

Алтай күзінің енді-енді басталып, сары ала, қызыл ала, жасыл ала бояу жағынып, жасанып тұрған маужыраңқы мезгілі еді. Огородтағы картопты қазып, подвалға төгіп ал- ғанша, қас қарайған. Біз жақта пісіргенде үгіліп тұрар үл- кен-үлкен, қойдың басындай картошка мол шығады. Оны күзде жиып алып, үй астынан қазып жасалған шұңқырға төгіп тастаса, қыстан бұзылмастан сақталатын. Ал жертөле- нің қақпағы үйге кіреберіс табалдырыққа жақын. Ол шақта электр жарығы жоқ, тапқан үйдің керосин шамы бар, ал тап- пағаны май шаммен отыратын. Оның өзінде тамақ ішерде ғана болар-болмас жылтыратып, ыдыс-аяқ жиналған соң, тым-тырыс жатып қалуға мəжбүр болатынсың. Апақ-сапақ уақытта апам екеуіміз қара көлеңке үйде жаңа ғана асылған қара картошканың қабығын аршып қарбыта асап отыр едік, ашық тұрған есіктен əлдене қараң еткендей болды да, «Асса- лау...» деген дыбыс шығарды. Сосын жым-жырт құлаққа ұр-



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.