Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 12 страница



Төсектен атып тұрдым. «Япырау, бұл кім?! Менің қарын- дасым Өскеменге қайдан келді? Еркежан ба? Бірақ сестра оны танитын. «Қызың сұлу екен» деп қалжыңдап жүретін- ді. Жалаң аяқ, жалаң бас шыға келсем, қарақаттай көзі жау- дырап Күмісайым тұр. Ол маған тура қарай алмай, басын піскен алмаша ие берді.


– Сіздің Еркежан берген мына кітабыңызды əкелдім. Жəне Еркежан бір записка беріп жіберіп еді, – деп баяғы

«Мөлдір махаббаттың» арасын ақтара беріп еді, таза махаб- батты лайламаймын дегендей, Еркежанның хаты сусып тү- сіп кетті. Жүрегім атша тулап, хатты ашып жібердім. Денем тоқ соққандай дір-дір етеді. Бұл хат əлде нендей белгісіз се- беппен үнсіз кеткен Еркежанның бүркеулі жұмбақ сырының кілті болды. Ол қысқа ғана былай депті:

«Алтай өткен өмірді ұмытайық. Ренжімессің, мен əрі ой- лап, бері ойлап, сенімен бірге бола алмайтыныма көзім жет- ті. Мен өз бақытымды табамын. Хош! Еркежан».

Еркежанның бұл қылығына қатты қапалансам да, көптен бергі зіл боп басқан ауыр ойдан жеңілдегендей, еркін тыныс алдым. Дүниеде не ауыр десе, тұманданған ой ауыр дер едім. Кім біледі, оныкі дұрыс та шығар, мен аурумын ғой. «Ауру адаммен қалай бақытты тұрмыс құрам» деген де. Жас өмір өксімесінші. Мен оны кінəламаймын, кінəлі – ауру. Бірақ бір жапырақ суық қағазы менің «Еркежан» деп елжіреген ет жүрегімді мұздатып, тауын шағып-ақ кетті.

Күмісайым мені аяйтын секілді. Қос жанары мөлт-мөлт етеді. Ол менің жанымда ұзақ отырып, əр нəрсені айтып күл- дірумен болды. Бүгін өзі өзгеше ашық-жарқын, бір нəрсеге қуанышты секілді. Жүзінде жылылық сақтап тұрған өзгеше бояу бар. Салиқалы қимылы, мағыналы нұрға толы, жұмбақ- ты мол сезіммен қараған үлкен қара көзі тілсіз сəлем жолда- ғандай күмəнсіз қарайды. Иə, оның жаны сұлу еді.

 

...Күндер өте берді. Адамның реніші тамшыдан жиналып, шарасынан асып төгілетіні бар ғой. Жүрегім аунақшиды, өрекпиді. Еркежан өзімен бірге оқитын жігітке шығыпты,


деп естідім, Күмісайым күн сайын келіп, көңілімді аулап ке- теді. Келген сайын жүдеу көңілім алай-дүлей болатын. Ме- нің жүрегімде күйік те, үміт те, азап та, қуаныш та бар. Кү- йік – өткенге өкіну, азап – қазіргі сəтім, үміт – белгісіз қылаң беріп келе жатқан Күмісайыммен арамыздағы үнсіз достық, қуаныш – мені де елеп-ескерер жан бар екен ғой деген ой.

Өстіп жүріп, талай күндер өтіп кетті. Күмісайыммен ара- мыздағы достық шетінемеген, қайта беки түскен. Бір сəт ер- теңіме көз жіберіп қарасам, осы бір тар кезеңде болған мық- ты достық келе-келе шынайы махаббатқа ұласатын секілді. Күмісайым əр келгенінде маған үнсіз телміріп қалушы еді. Үнемі мен бір нəрсе айтса екен деп тұратын. Байқаймын, ол мені ұнатады. Бірақ өз-өзімнен қорынған мен Күмісайым- ның жүрек толқынысына ортақтаса алмадым. «Аузы күйген үріп ішер» деген емес пе, запы болып қалсам керек.

Бір күні дəрігерден сұрап Күмісайыммен ұзақ қыдыр- дым. Түн болатын. Қазан түбіндегі тоңмай секілді дөңгелек ай көк төсінде самарқау жүзіп барады. Дыбыс саябырлап, қала тыныс алғандай еді. Тек баған басындағы электр шам- дары ғана аспан жұлдызымен таласа жымыңдайды. Айға қарсы қарап тұрған Күмісайымның ақ бетіне ойнап шыққан қызыл қан, қыз көңіліне бүркеулі шынын, терең сырын əй- гілеп қойды. Бір нəрсе айтайын деп айта алмай, біресе қо- лындағы жапырақты жұмырлап, біресе туфлиінің тұмсығы- мен жерді шұқылайды. Мен үнсіз тұрмын. Шиыршық атқан асау ойлар кезек-кезек құлағыма келіп ызыңдайды. Бір ой кеп: «Үп еткен желге ұшатын жеңіл-желпі сүйем де, күйем» дей салу оңай. Ол сөзден опық жедің емес пе. Қой, Алтай, көзді жұмып көлге секірме. Күмісайым да Еркежан секілді бір күні жалт берсе қайтесің» дейді. Енді бір ойым: «өзің


сүйгеніңді, өзі сүйгенді ал» деген. Ол сені сүйеді. Сол сенің өмірлік пəруəнə серігің», – деп мазалайды. Алай-түлей кө- ңіл, арпалысқан жүрек. Дыз-дыз еткен сезім. Бəрін көрген төзім. Япырау, не деймін мен оған. Əттең-əттең... Аурулық... Қырылысқан қиян-кескі ой бұғалығында тұрған мені

Күмісайым үні селт еткізді:

– Алтай!

– Ау!

– Мен... Мен сені ұна...

– Жоқ, жоқ, айтпай-ақ қой. Айтпа. Керек емес. Білемін ғой. Сеземін. Сезіп жүргем де. Менде де жүрек бар емес пе? Бірақ...

Маған алты ай ауырғаннан алты минут ауырған қатты тиді. Ең қатты ауру – жан ауруы екен.

– Күмісайым!

– Ау!

– Мен... Мен сырқат...

– Жоқ, жоқ, айтпай-ақ қой. Алтай, айтпа. Керек емес. Бі- лемін ғой. Бір күн болса да медучилищеде оқып жүрмін, ме- нен жақсы түсінетін ешкім жоқ шығар. Менде де жүрек бар емес пе. Менде де махаббат бар емес пе?! – деп, булығып кеп басын төсіме қойды.

Көзіме жас үйірілді. Менің бұл көз жасымды еркін жүз- ген айдан басқа ешкім де сезген жоқ еді. Сезбей-ақ қой- сыншы. Бұл жас – өткенге өкініш жасы. Міне, досым, «өзің сүйгеніңді, өзі сүйгенді ал» деген халық сөзінің даналығы осында екен... – деп əңгімесін аяқтады Алтай.

– Содан кейін...

– Одан кейін не болсын. Бұдан кейінгі өмірдің жеміс- ті дəм-тұзым татып, Қосжүректің бауырына тігілген қосы-


мызға түнегелі отыр емессің бе?! Дəрігерлердің емі маған шипа болды, мен сауықтым. Бір адам – бір адамның сақшы- сы. Күмісайым мені, мен қойды бағам. Мен де көңілдімін, қой да аман! – деді де ол орнынан тұрды. – Досым, алаңсыз ұйықтай бер, біз Күмісайым екеуміз қой күзетеміз, – деп Ал- тай шығып шығып кетті.

Міне, баяулап бастаған тəтті əуенді, асқақ əуезді əн қа- лықтап мұнарланған тау үстінде дірілдеп тұр. Бұл əн «өзі сү- йіп» табысқан екі жастың жарасты өмірлерінің айғағы еді. Екі жастың сырлы əніне тербеліп көзім ілініп, көкірегім тəт- ті сезім тұңғиығына шомып кетті.


 

 

ШҰҒЫЛА

– Мұқа-ау, Мұқа! Аттарды шешсек қайтеді. Күн еңкейіп қалды ғой.

– Др... р... р... р... Жамандатқыр шағырқасқаның болды- рып қалғанын көрмеймісің жекпей жатып-ақ. Осымен доғар- сақ дейсің бе? Мына қалған жерді шауып тастамадық па...

– Жə, қойшы соны. Ертең де күн бар ғой. Жауын жаумай, жылқылы ауылға барып қайтайық та.

– Бригадир бұрқырап жүрмесе...

– Əй, Мұқа-ай, бұрынғыдай емес, жасқаншақ болып кет- кенбісің, қалай. Нормаңды асыра орындадым. Қылатының- ды қылып ал деп шалқаңнан түсетін тентектігің қайда?

– Шешсек шешейікші. Менікі тиын-тебен болсын деген ғой, бауырым. Сен секілді сүр бойдақ емеспін, бала-шағам бар, көк қарын қолға қарап отырған. Др... р... р... Апрым- ай, осы кер дөненнің бас асауы басылмай-ақ қойды. Құр... р... р... деймін. Əй, Нұрлан, ұсташы мына иттің басын. Ана жолы еңіреп жүріп тапқан ерімді шағып едің, енді қа- мыт-сайманды бүлдіргің келіп тұр да. Құр... р... р... ой, ит. Əкетті.

Мұқтар əбзелді сыпыра берем дегенде, кербесті басын ке- кең еткізіп оқыс тартынып қалды. Сағалдырығы салынбаған жүген бестінің басынан сыпырылып, Нұрланның қолында қала берді.

– Əп, бəлемді. Нұрлан! Шық алдынан. Қайыр! Қасқыр жегір, бабыңды табармын ұстасам.


Мойнына ілінген қамыттың салпылынан үркіп, есі шық- қан жас ат құйындай ұшырып лаға жөнелді.

– Ой, енді ол ұстатпайды.

– Оттама! Бір көрген асауым бұл емес. Əуселесін байқа- йын мұның. Қалған атты шеше бер. Мен əлгі арам қатқыр- ды тырағайлатып əкелейін. Ерді сындырғаннан бері ашуыма ашутастай тиіп жүр еді, көзіне көк шыбын үймелетіп... – Мұқтар əдетінше тісін шақыр-шақыр қайрап-қайрап жібер- ді. Оқшау күтімге алып, мініс атым деп жүретін қаракерге қарғып мінді де, қуып берді қашағанның соңынан.

Нұрлан аттарды шешіп те үлгерген жоқ, кербестіні қа- рагердің бауырына алып, сабалап келе жатқан Мұқтардың қарасы қылаң берді. Кербесті байғұс əбден болдырған. Ақ көбігі шығып, пыр-пыр етеді танауы. Кібіртіктеп, көсіліп шаба алмайды. Қаракер əлі тың. Бастырмалата бүріп қаша- ғанның көбіктенген жаясынан тістеп-тістеп алады. Ондайда бесті əдетіне басып теппек болады. Бөксе жақты бос көтеріп тастағаны болмаса, дəрмен жоқ тұяқ серпуге.

– Мə, саған, қашамысың! Міне, мынау мен үшін, мынау ер үшін!

Қолындағы шашақтап тастаған дырау бишікті ысылда- тып, оңды-солды осқылайды бестіні.

– Əке-ау, Мұқа өлтіруші ме едің. Мал баласына обал емес

пе.

– Таяқ өтпесе, мал екеш мал да əспенсіп алады. Тіпті ба-

сынып... Осыдан көрдім, əкри. Əнеугүні ерді сындырғанда, бауыздап тастар едім, сен киліктің тағы да. Əкри, қайран қа- зақы ерім-ай десеңші.

Тықпалап əкеп үйірге қосты. Сорпа тері шыққан бесті дымы құрып, үздігіп тұр. Дір-дір қағады.


– Ой, Мұқа, сен де жоқтан өзгені ұмытпайды екенсің. Сол бір кетеуі кеткен ыңыршақты көз құның қалғандай даулап қоймадың ғой. Отыз бес сомға алған жаңа ерімді берейін, ұмытшы, бəтір, соны.

– Плебал, сенің отыз бес сомдығыңды. Енді бір сөз қоз- ғашы, тура шықшытыңды бұзам, білдің бе, – деп Нұрланға ала көзімен сүзе қарады да, қаракердің ішпегін салып, ерт- тей бастады. Нұрлан əрі қарай ештеме деген жоқ. Секем ала қалды. Кербесті ерді сындырып тастағанда, Мұқтардың екі күндей дəн татпай, бүк түсіп жатып алғаны əлі есінде. Əй- теуір, табиғаты өзгеше, əз жанында əмір жоқ, тылсым жара- тылған жан-ау.

– Қамыт-сайманды қалыңдап жап, су өтіп кетеді. Онсыз да аттардың тамағын езіп, мойнын соғып тастапты. Аттана- йық, жауын төпелегелі келеді.

Түстіктен желемік есті. Аспан қарақұрықтанып, бұлттар жөңкіле бастады. Əуе аласарып, көкжиек жақындап кеткен секілді. Бұлар Өскелеңнің бауырындағы қалың самырсынға ілінгенде, сансыз тамшылар жамырай тасырлап қоя берді. Бейне бір жерге шеге қағып жатқандай.

– Айттым ғой, күн жауады деп. Жə, көпке ұзай қоймас, айбыны қатты көрінеді. Аялдай тұрайық.

Мұқтар атының басын ұлардай шулаған орманға бұрды.

– Тұз емеспіз ғой еріп кететін, аяңдай берсек нетті, Мұқа...

– Желпілдеме. Несіне асығамыз... «Қайныңа да барарсың, пұшық күйеу атанарсың» демекші. Жылқы ауылына да ба- рармыз, екі тостаған саумал да ішерміз.

Нұрлан досының бойкүйездігіне налығандай бейжай, ке- ренау түсті аттан.

– Шалдуарсың, Мұқа.


– Əке-ау, маған күлер бетің қайсы-ей. Сіріңкең бар ма, от тұтатайық. Бажа, білемісің, түнеугүні салтақ құла арында- ғанда, сенокосилкеден секіріп түсіп, құлағын бытыр-бытыр шайнағаныңды. Онымен тынбай көзін нұқып қалып, ағар- тып жəне жібердің. Ит əурең шығып, екі жұма көмір шайнап бүріктің емес пе, мұндар. Жоқтан өзгеге қабағың қар жамы- лып, кіреукелене қаласың. Бағы заманның бақсысы реуіштес сендей көк періге балдызымды бергім жоқ.

– Алмаймын, тіпті.

– Сенікі бойы жетпеген етті сасық деп кінəлаған мысық болды ғой.

Нұрлан Мұқтардан мүшел жас кіші. Бірақ төсекте де, төс- кейде де бір жатып, қосақтаған құлындай бір жүргендігі ме құрдастан бетер қатты қалжыңдасатын. Нендей ауыр, зілді сөздер айтылса да, ренжуді, кек тұтуды білген емес-ті. Олар- дың бұл əзіл-оспағы өздеріне өзгеше жарасып та тұратын-ды.

– Мұқа құрсақта жатқанда-ақ көк жынды болған, деседі ел, рас па?..

– Əлбетте, – деді шімірікпестен. – Шешемнің құрсағы тар соқты білем. Тулап қалып алты айда туа салдым. Сонда тə- тем: «Бұл жылбысқы бəрібір адам болмайды» деп, сырғақ- тап емізбепті. Бейшара əкем: «Əлі осының қолына қарай- сың» деп, түлкі тымағына сап байлап қояды екен керегеге. Кер баққанда, бес жасыма дейін мешел болған екем. Əкелер- дің орны бөлек қой...

– Əнеу үстін мүк басып жатқан қарағайды көрдің бе.

Қарашы өзің. Міне, былай...

– Е, оны жаңа көрді дейсің бе. Одан да ертек айт, не өтірік айт, сөз болсын. Қарап отырғанша қажай отыр деген емес пе... Күннің толастар сыңайы жоқ. Үдеп салды.


– Жоқ, сен түкті де білмейсің. Алтайдың қара тасы иійді маған. Сен бар ғой, ердің ана сұлап жатқан қарағайдың хи- каясымен сабақтас екенінен бейхабарсың... Иə, сендер үшін бəрі ертек. «Керқұла атты Кендебайдан» басқа не білесің, тəйірі... Тылсымсың-ау, қанды ағаш... Момақансуын... һа... һа... Əкри.

– Дөй даладағы қу ағашты тілдеген адамға не жорық.

– Жоқ. Оттапсыз! Білмейсің оны...

Мұқтар тісін егеп-егеп жіберді. Ат жақты беті суалып, мұңая қалды. Жиегі қызарып, қанталап тұратын бота көзі бұрынғыдан да аларып, жасаурап шірік қарағайды тесіп ба- рады. Терең күрсінді. Күн ақ жауындатып алды.

Сіркіреп тұр. Сұп-суық өкпек салқын леп бар ауада. Са- мырсынның ұшар басынан мұнтаздап аршыған балқарағай домалап түсті. Тиіннің олжасы болу керек құлатып алған. Мұқтардың кере қарыс жазық маңдайына кіреуке сызық тартылып, бұлт ілікті. Манағы жайдары мінезі жым-жылас жоқ болған. Құнысып отыр. Қушиыңқы баспақ денесі əдет- тегіден бетер семіп, күйкентайдай-ақ болып бүрісіп қалған. Мойын сіңірі адырайып, қорқыныштан елес əкеледі байқап отырған адамға. Нұрлан аң-таң. «Мұқтар мұндай бөтен мі- нез көрсетпеуші еді ғой. Ренжітіп алған жоқпын ба?» – деп іштей қылпылдап отыр.

– Жоқ, оттаған екенсің, – деді Мұқтар əлден соң томаға- сын сыпырған бала бүркіттей шаңқ етіп.

– Білмейсіз. Сендер үшін бəрі ертек.

– Нені, Мұқа... Қойшы, бұлай қарамашы кісіге.

– Қарағайдың деймін, тарихын білмейсің деймін. Найың бар ма? Өлтірді ғой əкемді... Да, бəрі ертек, бəрі мақтан.

– Сенің əкеңді немістер өлтірмеп пе еді, – деп Нұрлан əдетінше əзілге шаптырып еді, Мұқтардың түсі бұзылып,


бір ағарып, бір сұрланып отырған соң қоя қойды. Ішінен: «О несі екен» деді.

– Жоқ, оттапсыз.

– Жұмбақтамай айтыңызшы. Тек бүлінбеңіз. Қорқамын. Сізге мұндай мінез жараспайды. (Нұрлан «сеннен» «сізге» көшкенін өзі де сезген жоқ).

– Сол кірбіңді уақиға есіме түссе, ет жүрегім қан жылап, өзім де шошынамын. Иə, не көрмедік... Біз соғыстың тауқы- метін тартып, бұтымды тері шалбар қажап жүргенде, сендер қызыл шақа бала едіңдер. Ержетіп, бізбен жағаласып шау- жайға жармасып жүргендерің мынау. «Осы күннің баласы аласа туады, үлкендермен таласа туады» деуші еді Сəрсен ақсақал. Тегі, рас-ау. Тыңда, жарқыным, ертек айтайын. Дұрыс, əкемді жау өлтірді. Бодаусыз кетпегенін сеземін. 1942 жылдың жылауық қоңырқай күзінде қарақағаз кел- ді ғой. «Қарақағазды» мейірімсіз деп неге кінəлаймыз осы.

«Сіздің балаңыз ерлікпен қаза тапты» деп қарлығаштай шы- рылдап келіп туғаныңыздан хабар бергені ме жазығы. Кү- нəһар – қағаз емес, халықты қасіретке байлаған неміс бас- қыншылары ғой. Сол қағаз келген күні қарындасым Əлима екеуміз таң атқанша жылаған едік-ау. Тəтем сазарып дым сызбады. Ымырт жабыла бізге тамақ даярлап, төсек салып берді де, шығып кетті үн-түнсіз. Біз шулап, ботадай бозда- ғанда, «жыламаңдар» деп те айтқан жоқ. Қара су ұрттамастан жатып қалдық. Өксіп-өксіп, үркер ауа көзіміз ілініп, ұйықтап кетіппіз. Күн көтеріле тұрсақ, тəтем тағы жоқ. Умаж көжені темір пештің үстіне қойыпты. Тасып төгіліп, үй іші қоңыр- сып, қолқаны атып тұр. Көзіміз домбығып қалыпты. Тəтем біздің қатарымызға жатып көз шырымын алса керек. Сонда мен жиылмай қалған төсектегі жастықтың үш жері суланып


қалғанын көрдім. Бізге білдірмей тəтем де жылаған-ау кірпі- гі айқаспай.

Соғыс та бітті. Елде бардың ерні қимылдап, қалақ-құлақ тірлік кешіп жаттық біз де. Əлима екеуміз мектепке барған болып жүрміз. Сен білмейсің ғой. Бертін көшіп келдіңдер емес пе. Бізге көрші Фазыл деген ноғай тұратын. Ауыл оны сарт дейтін-ді. Əкем екеуі майданға бір күні аттанып еді-ау. Сол Фазыл соғыстан бір аяқсыз оралды. Тізесінен жоқ. Бал- дақпен жүреді. Ауылдың дарбаза ауыз балалары «шойнақ» деуші едік. Бəрі де есерлік қой. Бір аяныштысы, ол соғыста жүргенде, үй-іші тегіс шешек ауруынан өліп қалды. Ғалия деген шайқалмаған сары ауыз жұмыртқадай қызы болушы еді. Нəркес көзді, ауылдың гүлі еді. Ол да Бұқтырмаға кетіп өлді ғой. Иə...

Тақтаймен шегелеп тастаған есік-терезені жұлып тұ- рып: «Майданға бардым, үйге келдім – крест. Құтылмай-ақ қойдым-ау бұл кесапаттан», – деп қабырғасы қайысып, қат- ты босады.

Неге екенін білмеймін, сол Фазылды суқаным сүймей-ақ қойды. Ертеңді-кеш біздің үйден шықпайды шырғалап. Бай- қаймын, тəтемнің сол «шойнаққа» деген ілтипаты оң секілді. Қашан келсем де, балдағын жамбастап, төр алдында сұлап жатқаны. Тəтемнің шайы да əп-сəтте бұрқ-сарқ қайнап кете- тін секілді. Бір ретт Фазыл маған:

– Əкең – жігіттің бозтайлағы еді. Сен шіріген жұмырт- қасы болғанбысың, немене. Аманыңды ит жеп кеткен бе? – деді.

– Мүмкін, саған... сізге тартқан шығармын. Шідерлеген аттай біздің үйді айналсоқтап... – Ашуға тұншығып сөзім- нің аяғын бітіре алмадым. Есікті бір теуіп шыға жөнелдім.


Əкем: «Екі балама көзімнің тірісінде қалдырған ескерткішім болсын» деп егіп кеткен қос қайыңның түбіне барып ұзақ жыладым. Қызғаныштан жүрегім удай ашып, тісімді қай- рай берем. Байқаймысың, Нұрлан, қазір де қайраймын ғой тісімді, иə. Адам бір əдеттеніп алса, қоя алмайды екен.

Күн жұма болатын. Біз түстен кейін оқимыз. Кешқұрым сабақтан қайтсам, шарбақта Фазылдың бар киімі жаюлы тұр. «Жұма күні кір жуа ма екен». Жүрегім сыздап қоя бер- ді. «Мынаны жуған тəтем-ау». Көзім қанталап, басым зеңгіп, дүние дөңгелек айналды. Барыстай атылып бардым да, Фа- зылдың бар киімін жерге атып ұрдым. Бажылдап жылап жүрмін. Балағаттап жүрмін. Аяғыма салып таптап жүрмін. Ауыз үйден тəтем шықты жүгіріп:

– Мұқтар, не болды, саяшым. Ұят емес пе? – деп иленген киімдерді алмақ болды.

– Оңбағансың, тəте! Оңбағансың! – Бар пəрменіммен кеу- деден итеріп жібердім. Маңдайымнан сұп-суық тер бұрқ ете түсті. Тəтем еңіреген күйі үйге кіріп кетті. Балдағын əндетіп Фазыл келді. Лəм деген жоқ. «Не істер екен» дегендей беді- рейіп маған қарады да тұрды. Көйлекті жұлып алып бетіне былш еткіздім. Өз-өзімнен есеп алған жоқпын. Бұқтырманы бойлап жүгіріп келемін... Жүрегім апалас-төпелес. Бүйтіп тірі қорлық көргенше өлейін деп те ойладым. Жан тəтті ғой, шіркін. Əмбесінде су да суықтау болды...

Қыс өтіп, жаз шықты. Жер арқасы кеңіген. Өлмеген пен- де мамырдың шуақты нұрлы ауасымен тыныстады. Алтай табиғаты дүр сілкініп, тотыдай түрленіп тұр. Сиырмен бір- ге жонға көштік. Сол бір кіркілжіңнен кейін Фазыл біздің үйге аттап баспайтын болған. Тəтем маған қатты ренжіді.

«Аямайсың. Ол ғаріп емес пе», – дейді. Онда мен қияңқыла-


нып: «Ендеше, қатын алсын» деймін. Ол сиыр жаяды. Мына қаракердің енесін Фазыл мінуші еді бір кезде. Жануар бір-ақ рет құлындады да, қайтып үйірге қосылмай саяқсып кетті. Қаракер секілді жүрісті, жалы майда, сүмбіле болатын. Бе- деу болған соң ба, етке мықты, ару, арындау дегенді білмей- тін. Сол жылы жасын түсіп өлді ғой.

Бұл тағдыр кепешін теріске бір кисе болмайды екен, қан- ша тыраштанғаныңмен.

Ферма бастығы шақырып алып:

– Ала жаздай бостан-бос салпаңдағанша, ана шешеңе қолғабыс тигізбеймісің. Фазылдың жанына бір кісі керек. Сиыр бақ сонымен, – дегені. Сөйтіп, Фазылға қандай жуы- маймын, қарада бой, қарда ізін көрмейін десем де, бір жіпсіз байлап, матай берді мені оған. Ол соншама жақын тартып бауырына басса да, осқырып, тұздығым жараспады. Күрең қабақ жүрдім. «Фазыл Сəнияға үйленгелі жүр екен» деген елдің пыш-пыш өсегі ме, жоқ болмаса балалар кермалдас- қанда: «Фазыл сенің əтиің, Фазыл сенің əкең» деп мазақта- ғаны жанға бата ма... Қайдам...

Ол сиырдың мына жағында жүрсе, мен одағайлап ана жақ шетіне шығып кетемін. Майданнан əкелген ақ қалайы құты- сы бар еді.

– Кел, Мұқтар. Шөлдедің ғой, таңдайыңды жібіт.

– Рақмет. Су бар ғой шөлдесем, – деймін де, шауып өзекке түсіп кетемін.

Дəл осы Өскелеңнің бауырында жайып жүрдік сиырды. Ол кезде бұл жер пəйек емес, шабылмайтын. Күн бүгінгідей төпелей жөнелді. Табынды осы терістің ішіне иірдік те, ана сұлап жатқан қарағайдың қарсысындағы самырсынға қорға- ладық. Мойнымды жағама тығып, үн-түнсіз отырмын. На-


йын будақтатып Фазыл да үнсіз отыр. Ауыр ой үстінде. Нө- сер құйып тұр. Найзағай жарқ-жұрқ етіп, аспан əлемін төс- тен осып жіберсе, боздап қоя береді. Шатыр-шұтыр ете түс- ті. Дүниенің бəрі жап-жарық болып кетті. Бір пəлі гүрс омы- рылды. Қапелімді не болғанын сезбей қалдық. Іргемде теріс қарап отырған Фазыл оқыс ұмтылып, менің алқымымнан ала алпамсадай денесімен бүркей жығылды. Дəнеңе түсінбедім. Сезбедім. Бір мезетте есімді жисам, еңгезердей боп Фазыл əлі жатыр үстімде. Суқаным кетті. Бұлқынып едім, қанға бөккен дене былқ етіп аунап түсті. Екі көзі ақшырайып, қан- қан ерні жыбырлайды:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.