Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 8 страница



Ауыл азаматтары айтады: «Ой, ол итті судан емес, қыр- дан іздеу керек. Көресің əлі «албания, шалбариясын» айтып келе жатады».

Дегенмен, деп ойлаймын мен: Құмар суға кетерде, қолын неге бұлғады екен?!.


 

 

МАҢДАЙДАН БАҒЫҢ ШАЙҚАЛСА

Мен ол кісіні баяғыдан білетінмін... бірақ білмейді екен- мін. Жас кезінде, əсіресе, əскери міндетін өтеп, буыны бекіп, бұғанасы қатып келген кезде, екі иығына екі кісі мін- гендей, көрікті де сымбатты, аса қайратты жігіт еді. Тұла бойы тұнып тұрған күш секілденетін. Тілерсегін тіліп жі- берсең де жығылмайтын, ал алда-жалда жығыла қалса, қайтып тұрмайтын, өйткені ол үшін жамбасы жерге тию – өліммен тең екенін ауыл азаматтары ауыздарының суы құ- рып, таңдана, тамсана айтатын. Мерекелі күндерде өтетін ойын-тойда екі мықынын таянып, бас балуанға түсетін де осы – Шаған еді. Ауылдың тамам бозбалалары «Шағандай болсақ, əттең, қырқай шалып алып ұрсақ» деген тілекпен ержетті. Ондай жымысқы арман мені де түрткілеп, ертелі- кеш мазалай беретін. Қабағы түксиген, қол-аяғын шойын- нан құйғандай, бұлшық еттері білеу-білеу қимылдап қалса өз-өзінен ойнап, мұқым денесі денсаулықтың əнін шырқап сөйлеп қоя беретін атан азаматтың басына қонған бағы он-ақ жылға жетті. Содан соң... содан соң өздеріңіз де білесіздер ғой... ішу басталды. Əсіресе, жеті баланың əкесі болғанда, бақ шіркіннің шайқалуы, əй, пенденің пешенесіне бермесін, қиын-ау, қиын... Ал енді осы бақтың шайқалу кебін кім біледі? Себебі не? Сіздерді білмеймін, өзім бұл сұраққа жа- уап бере алмас едім. Кінəні жалғыз-ақ нəрсеге жабамыз, ол – арақ. Арақ ішкеннің барлығы жынды болып кетпегенін тағы да көріп жүрміз.


Шаған мас болғанда, аузынан тастамайтын жалғыз əні бар еді. Ұмытпасам, былай-ау деймін: «Жігітіңде мін жоқ, қалта- сында дым жоқ, ішейін деп ішпеймін, жетпеген соң ішемін». Аяқ жағын: «Ақшасы көп адамның маскүнем болғанын көр- генім жоқ, əкең...» – деп аяқтайтын да, өз шық-шытын өзі балғадай жұдырығымен қойып қалып, тісін шақыр-шұқыр қайрайтын. Əлдекімге кіжінетін, əлдекімді (бəлкім, өзін) ба- лағаттайтын.

Кейінгі жылдары атымыз бəйгеден келіп, атақ қуған соң, ауылға сирек қатынайтын болдық қой. Шаған өмірінің соң- ғы жылдарынан хабарсыз болғанмын. Тек, еститінмін, əнейі себептермен екі рет отырып келіпті (əрине, түрмеге). Адам өлтірмеген, ұрлыққа түспеген, ешкімнің ала жібін аттамаған. Сонда қалай дейсіздер ғой?.. Палуан ағамыз бұл күндері тат басып, тозыңқырап қалған намысын қорғаймын деп жүріп қор болған да. Рухын жоғалтқан адам – ол да бір түбі шірі- ген ағаш, жел тұрса құлап қалады. Елге соңғы барғанда ес- тідім – Шағанды саусақпен түртіп қалсаң, мұрттай ұшады екен. Қарап отырып қапаланасың. Жастық шағымның қол жетпес арманы, шыға алмас шыңы, жыға алмас бəйтерегі болған, қайран азаматты мүсіркеуім емес, жо-жоқ, айна- лайын ауылда «əттең, сол кісідей болсам» деп, ерлік тұтып, еліктейтін азаматтың азайғаны жаныңды жаралайтын.

Сонымен Шаған – Шаған болғалы, тура елу рет жұмыс ауыстырған. Совхоздан қуылған күні, жол жөндеу жұмысы- на, бұдан қуса – балташы болып, əркімнің үйін салады.

Қысқасы, істемеген ісі, ішпеген ішімдігі қалмаған. Қан- дай азып-тозып, жүдеп-жадап жүрсін, алған бетінен қайт- пайтын турашылдығы мен əділдігін, əсіресе, менің анам сүйсіне айтушы еді. Ол бізге көрші тұратын. Сондықтан да


жиі келетін. Ертеңгілік басы зеңгіп, көзі қызарып, «похмель»

іздеген шақта, шешеме:

– Əй, тəте, – дейтін. Шешем əдетінше:

– Оу, құлыным, – дейтін.

– Он сом ақша беріңіз, – дейтін.

– Ала ғой, жарығым, – дейтін.

– Сіз мені білесіз бе? – дейтін.

– Жөргегіңнен білемін ғой, қарғам, – дейтін.

– Тəте, мені сізден басқа ешкім түсінбейді. Даже, əйелім де. Күні ертең жолстройға жұмысқа кірем. Азамат емеспін бе, он сом деген не, суырып алмаймын ба... Əкең,.. жалғыз жаным аман болса...

– Суырып аласың, жарығым, азаматсың ғой, – дейтін ше- шем.

Шаған сөзінде тұратын, айтқан уақытында жерден шұқы- са да, он сом қарызын тауып əкеп беретін еді. Осы жігіттің тиын-сиынын құртып жүрген тіпті де арақ емес екенін ке- йін білдім. Жиырма бес жыл бұрын алған жалғыз орындық қара мотоциклі бар еді. Міне, содан бері үстінен түспей мі- ніп келеді. Мінгенде де қызық: күн шықпай, тырқылдатып от алдырады, қаздия отырып ауылды шыр айналып шығады, бұдан соң Қара жер деп аталар ауылдан он шақырым қашық- тықтағы молаларға тартады. Қайтып келіп, қорасына қамап тастайды. Ол осы айнымас та, жаңылмас əдетін кешке, ел орынға отыра тағы қайталайды. Ширек ғасырдан бергі қаре- кеті осы. Ал, Қара жердегі қорымда марқұм əкесі мен шеше- сі жатыр қара топырақты қымтана түсіп. Екі күннің бірінде почтада тұрады. Тапқан-таянғанын мотоцикліне тетік алу- ға жолдайды да... Егер жиырма бес жылдан бергі қосымша бөлшек алуға, яғни астындағы қара «тайын» жөндеуге жұм-


салған ақшасын жинап-терсе, ендігі «Москвич» сатып алуға жетер еді деседі құрдастары.

Сол Шағанды бес жылдан соң бүгін көріп тұрмын. Өс- кеменнің аэропортында теңселіп ары-бері жүр екен. Қайран қалдым. Аппақ сазандай, толған. Үнемі шүңірейіп, арақ құй- шы деп тіленіп тұратын көзі от шашады. Ине-жіптен жаңа шыққан қоңыр костюм. Аяғында биік өкше, қайқы тұмсық сабо-кебіс. Жасыл көйлек, мойнына жылтырауық алқызыл галстук байлаған. Келбетті де келісті, жауырыны қақпақтай жігіт ағасы жымия күліп, салмақтай басып, сабырмен сəлем берді.

– Иə, Ораш, хал қалай, бауырым? – деп, күректей алақа- нын ұсынды. Бірақ қанша қарулы болса да, менің біздиген ақ саусақтарымды мытып, қысқан жоқ. Осы шақта қаладағы қаламдастарымның əліне қарамай қолымды мыжғылайтыны есіме оралды.

– Аманшылық, аға. Өзіңіздің ден-саулығыңыз?

– Құдай маған жалғыз-ақ нəрсе берген. Ол – денсаулық, – деді мені бастап сыртқа беттей беріп. Қалтасынан «Космос» сигаретін алып, түбінен қағып бірін маған ұсынды. Тұтатты.

– Биыл біздің жақ тамылжып-ақ тұр екен. Елден кеткен екі жылда осыншалық сағынамын деп ойлаған жоқ едім. Бəрін бүлдіріп жүрген мен екенмін-ау... Тіпті жайнап, жаса- рып қалғандай... Естіген шығарсың, айтқан шығар... Жаман ағаң тағы да екі жылын өтеп қайтқан беті. Осы жолы нақақ кеттім, арақ ішесің деп, туған əйелім милицияның машина- сына салып жіберді. Албасты, мен бір жаңа ішіп жүргендей (Əйеліне деген өшпес өкпесі байқалады). Азамат емеспін бе, бір күнгідей болған жоқ, өтеп шықтық. Тіпті осы жарықтық- қа үйреніп, бауыр басып та қалыппын. Балаларым мен қара


мотоциклім болмаса, ауылға оралып, көзге күйік, көрінгенге түрткі болып нем бар.

Ол осы бір əңгімесін салқын сағыныш, өкпелі мұңмен айт- ты. Бірақ оның талайына жазылған тағдырына араласып, на- ласына ортақтасатын хал өзімде де тапшылау еді. Тайқылау біткен маңдайдағы аталарымыз айта беретін «жазуды» өші- ріп тастап, қалауымызша қайта жазып алуға дəрмен шіркін жете бермейтін. Мен Шағанның қолдан жонып жасағандай батыр тұлғалы мүсініне қарап тұрып, ептеп əжім əдіптей бастаған жанарынан жанып барып сөнген оттың қоламтасын көрдім. Бірі ұшып, енді бірі қонып жатқан самолеттердің құ- лақ етті жер гүрілі мезі қылды ма, ол темекісін сөндірместен шертіп жіберіп, анадай жердегі дүңгіршекке дəл түсірді:

– Жүр, ішке кірелік, – деді шұғыл бұрылып.

Аэропорт іші қапырық. Құжынаған халық. Осы құжына- ған халықтың ішінен бір таныс бейне көзіме оттай басылды. Ол – Шағанның жұбайы Жазира еді. Жанымда тұрған Ша- ғанды шынтағыммен түртіп:

– Жеңгеміз осында екен ғой, – дедім.

– Қайдағы жеңешең?

– Сіздің үйдегі.

– Ол не іздеп жүр, – деп мен нұсқаған жаққа жалт қара- ды. Осы шақта ерлі-зайыптылардың көздері түйісіп қалды білем, екеуі де сілейіп тұрып қалған. Бұдан соң Шаған: – Ал- бастыны көргім келмейді, – деп теріс айналып, тысқа шыға жөнелді. Мен барып амандастым.

– Бір айдан бері облыстық ауруханада жаттым, – деді Жа- зира. – Тамағымда бір бітеу жара бар еді ғой... соны кестіріп тастадым. Өзің ауылға кетіп барасың ба?

– Иə, үйге барып қайтайын деп...


– Əке-шешең жүрегі жарыла қуанатын болды-ау.

Диктор біздің ауданға ұшатын самолетке отыру бас- талғанын хабарлады. Адамдардың мінезі қызық қой, бізді тастап самолет өзі ұшып кететіндей немесе орын жетпей қалатындай таласа-тармаса ұмтылдық, жапа-тармағай са- лонға кірдік. Бұндай да кездейсоқтық болады екен-ау, Ша- ған мен Жазираның орны қатар болып шықты. Жеті баланың əке-шешесі бір-біріне алая қарады да, состиып тұрып қалды. Дəтім шыдамады, мен жеңгетаймен ауысып отырдым.

Самолет жерден көтерілгенде, дөңгелек терезеден анау, біз биіктеген сайын, бірте-бірте кішірейіп, үстін көк мұнар қымтай бастаған қыраттар мен тоғайға, құмырсқаша жыбыр- лаған үйлер мен машиналарға көз алмай қараған Шаған: – Тым болмағанда ұшқыш болуым керек еді, – деп күрсінді. Мен де мойнымды создым. Əсіресе, Ертіс өзені шығыстың күміс белбеуіндей ирелеңдеп, əдемі көрінеді екен.

– Ұшқанға не жетсін, бауырым, – деді əлі де үмітсіз, бі- рақ үзілмес арманынан арылмаған қалпы. – Оныншы класты бітіргенімде, сөз жоқ, ұшқыш болар едім... Айтпақшы... сен жазушы екенсің ғой... – деді менің тіземнен салып қалып. Бұл сөзді ол бұған дейін тірі жанның ойына келмеген ұлы жаңалық ашқандай, ғажап таңданыспен айтты.

– Иə, аға... ептеп қағаз бүлдіретінім бар...

– Мен сені əлі оқып жүр екен десем... Апыр-ай, жиырма жыл көрші тұрып білмеппін-ау...

– Сонда қалай... Жиырма жылдан бері бітпейтін оқу бар деп ойладыңыз ба?

– Рас-ау, осыған ми жетпеген соң... Арақтан айықтыру орнындағы жұмысшылар бір кітапты қолдан-қолға жүгір- тіп оқиды келіп... Əке-ау, бұл кімнің кітабы деп көз қырын


салсам – сенің фамилияң. Міне, қызық. «Мұны жазған – ме- нің көршім, бауырым, бəріміз бір Қаратайдан тарағамыз», – деп, қанша өңештесем де, бірін сендіре алмадым. «Мүмкін емес, – дейді. – Сенің бауырың жазушы болса – сен мұнда отырмас едің». Бір биеден ала да туарын, құла да туарын қайдан білсін лəуқилар...

Біз аудан орталығына аман-есен жетіп, енді одан ары ауылға аттану үшін автобусқа міндік. Ерлі-зайыпты екеуі əлі лəм дескен жоқ, танымайтын адамдай автобусқа отыр- ды. Мен қайран қалдым – жиырма жыл бірге тұрып, бірге жатып, жеті баланы бірге бағып өсірген жарлардың жаны- ның беріктігіне қайран қалдым. Бітімдестірудің, дəнекер сөз айтып, пəтуаға келтірудің реті жоқ, тіпті қолымнан келмес те еді. Сонда бұлар қайда барады? Бір ауылға, бір шаңы- раққа... Ары қарай ойлауға ақылым жетпеді... қорқынышты сықылданды.

Дəл солай болды. Автобустан түскен соң, үшеуміз ілге- рінді-кейін бір бағытта аяңдап келеміз. Үйлерімізге жақын- даған сайын, бойымызды өзіміз де білмейтін үрей биледі ме, əлде баяғыда байқаусыз өшіріп алған ошақ отын жаға алма- дық па, əйтеуір, басымыз салбырап, қазадан қайтқандай дел- сал хал кештік. Менікі не жорық? Бəлкім, ерлі-зайыптылар үшін ұялғаным шығар... Не дегенмен көрші тұрамыз ғой. Ал, «көрші ақысы – құдай қақысы» – дейтін аталарымыз. Мүмкін, бұл сөзді үшеуміздің де жетінші атамыз Қаратай жарықтық айтқан шығар.

Мен: «Ал, сау болыңдар», – деп өз үйім – өлең төсегі- ме бұрылдым. Ол екеуі біздің бақшаның ішімен өтер қара шаңырақтарына тартты. Бірінің соңында бірі... Енді не болар екен. Күндіз үндемес, ал түнде ше?..


Əрине, мені мəре-сəре қарсы алды. Əкем сабырлы қал- пында маңдайымнан иіскеді. Шешем сабырсыз мінезімен бас салып, бет-аузымның сау-тамтығын қалдырмай шөпіл- дете сүйді.

– Менімен бірге Шаған мен Жазира да келді, – дегенімде, мені тастай салып, бүкіл үй-ішіміз терезеден қараған еді.

Екеуі де есен-сау оралған көршілеріміз үш күн бойы түң- лігі жабылғандай жым-жырт жатып алды. Тіпті от жағып, шай қайнатып ішпеген секілді, түтіндері шықпады. Сабақ- тан қайтқан немесе есік алдында ойнап жүрген балалары болмаса, өздері төбелерін де көрсетпеген. Осынау үнсіздік шешемнің қабырғасына қатты батты білем:

– Қалай дегенмен соттала берген соң қаны бұзылып, əйе- лін бауыздап тастамасын, – деді үлкен уайыммен.

– Шағанның ондай иттігі жоқ. Тек жолы болмаған жігіт, –

деп басу айтты əкем.

– Маңдайдан бақыт шайқалса, көрер күнің осы, – деді ше- шем. – Жас кезінде қандай азамат еді... иə... бақытың шай- қалмасын де...

Үшінші күні Шағанның өзі келді. Əдетінше əп-əдемі бо- лып киінген: шеберханадан жаңа ғана шыққан зат секілді мұнтаздай-ау, мұнтаздай. Сақал-мұртын қырып, əтір жақса керек, иісі мұрныңды жарады. Көтеріліп бара жатқан күннің нұрына шағылыса жалт-жұлт сəуле шашып ойнаған кавказ- дықтар əуес келетін жылтырауық галстугі көз қарықтырады. Əкеммен қол беріп амандасты. Ал анам болса сүйсіне, əрі таңдана қарап қалған.

– Аман оралдың ба, жарығым. Қашан келдің? – деп біле тұра сұрады.

– Үшінші күн болды... Өліп қалсақ та сезбейсіздер-ау, апа.


– Үйбай-ау, қарғам Шаған-ау, түтіндерің бықсымаған соң, балалар су-суанын ішіп өздері отыр екен дедік... Жазира да келді ме?

– Келді, – деді Шаған қабағын түйіп. – Бізді осылай тоң-теріс күйде бір үйге қамап қоясыздар ма? Кінə – менен емес, Жазирадан. Қаймана қазақ қай заманда құдай қосқан қосағын ұстап беріп еді, айдатып-байлатып жіберіп еді. Ал- басты... түк болмағандай түнде... арсалаңдап жетіп келіпті қасыма... «Кет! – дедім. – Күнəға қалма... Татуласу шайын ішкен жоқпыз, ұят болады», – дедім. Мотоцикліме мен жоқ- та запчасть келген екен, соны тығып тастапты. Тауып бере- йін деп жалынса да, теріс қарап жатып алдым... Ал, аға, апа, жүріңіздер, татуласу шайын ішіп, баталарыңызды беріңіз- дер. Бостан-босқа азаптана бермейік.

– Жөн сөз, – деді əкем. – Шикі өкпе, ши борбай балала- рыңның көз жасына қалмаңдар.

– Балаларды өкімет далаға тастамас. Көңіліміз көбең тартпасын деңіз.

Əке-шешем жəне Шаған үшеуі бітім шайына кетті. Мені ерткен жоқ.

Сүт пісірім уақыт өткен соң, əке-шешем қайтып оралды –

тым тез оралды. Екеуі де тас-талқан ашулы.

– Ой, ол адам болмайды! – деді əкем. – Екі жыл араға са- лып барып қайта ішіп кету деген – не сұмдық.

– Жазираға ерегескені шығар, – деді кемпірі ара түсіп. – Келгеннен бері, екі ұртына су толтырып алғандай, жақ аш- папты. Біздің көзімізше торсаңдамай-ақ қойса еді.

– Жоқ-ау, тіпті, өз əйеліне өзі «аяғыма жығылсын» деп кергігені несі. Ол неге аяғына жығылады-ей. Ішсе де – мас, ішпесе де – мас, бала-шағасының шырқын бұзып, басына


əңгіртаяқ ойнатқаны үшін бе? Шаған жоқта қандай əп-əде- мі өмір сүрді. Үсті-бастарын, қора-қопсысын бүтіндеп алды.

– Байсыз қатындар құтырған заман болды ғой, – деді ше- шем Шағанды əлі де жамандыққа қимай.

– Бітім шайы жүзеге аспаған екен, – дедім мен.

– Ой, бітім шайының ішін ұрайын, – деп əкем ашулан- ғандағы əдеті бойынша астыңғы ернін жымқыра тістеп сарт- сұрт шыға жөнелді.

Өр жақтан естілген айқай-шу мені еріксіз елеңдетіп, есік алдына шығарды. Шаған жəне менің жездем, көрші жігіт Қа- лан үшеуі булары бұрқырап, құшақтаса əндетіп жүр. Қойны- қоныштары толған арақ. Бұдан ары отыра берсе, іс насырға шабатынын сезсе керек, үлкен əпкеміз Шолпан мен Қалан- ның келіншегі қайтып келе жатыр екен.

– Шағанның өңі қандай жақсы, – дейді əпкем. – Аппақ болып семірген.

– Ақшасын айтсаңшы – ақшасын. Бір сағаттың ішінде жүз сомдықтың бірнешеуін суырып, араққа жіберді ғой. Жа- зира да жылаңқы, күйеуі əкелген табысты бізге көрсетпей тығып ала қойды. Ей, Шолпан, – деді содан соң. – Ертеден қара кешке шейін совхоздың жұмысында салпақтап жүрген біздің күйеулеріміз ғой, айдың аяғында «бересі болып қал- дық» деп, балаға беретін бес-он тиынға жармасады. Бала таппасаң, аштан өлтірер ме еді... Одан да Шаған секілді екі жылға жіберіп алсақ, өздерінің де қабырғасына шыр бітіп, табысты оралар еді!

– Сен де қайдағыны айтасың. Обал емес пе, – деді əпкем. Ал Шаған болса өзінің ұмытыңқырап қалған образына қайта кіріп, екі жылдан бері бұл маңайда қасаңданып қалған

тыныштықтың пердесін дар-дар айырады.


Ертең қалаға қайтамын деп отырған күнгі кеште, ымырт- шылап Шаған келді. Үсті-басы алба-жұлба. Жүзі отқа күйіп шыққандай күлгін тартқан. Арақ сіңіп кеткен өне бойынан ешкімге керексіздікті сездірер иіс шығады. Кісінің айнал- дырған он-ақ күнде осыншалық азып-тозарын бұдан бұрын неғып аңғармағанмын. Адамның адамдықтан кетуіне, иə, не бары бір ғана апта уақыт кетеді екен. Ол мені жеңімнен тар- тып жетелеп шықты да:

– Сен мен туралы неге жазбайсың? – деп төбеден түскен- дей сауал қойды. – Жаман ағаңнан артық кейіпкер табамын деп жүрсің бе?.. Жо-жоқ, бауырым, менің өмірім Алтайдың жыныс орманы секілді, ішіне кірсең адасасың... Оны жасау, мен болу ешкімнің қолынан келмейді...

– Ешкімнің өмірін ешкім қайталай алмайды ғой, аға...

– Сен бұлтарма... жаз... ақшасын дауламаймын. Еріксіз күліп жібердім. Шамданып қалды.

– Күлесің, ə... ішпей, дұрыс жолдан таймай, бір ізбен кі- ріп, бір ізбен шығатын тəртіпті де тəрбиелі сенің қай жерің артық айтшы маған. Менен бұрын сен өлесің... Кездесеміз əлі сол... жақта...

– Артықпын деп тұрмын дедім бе сізге, – іс насырға шаба бастады.

– Ендеше, кекіреймей мені кітапқа жаз.

Құтыла алмасымды білдім. Білегімнен тас қылып ұстап алған. Айрылар емес. Айлаға көше бастадым.

– Ой, ағасы-ай, мен сіз туралы əлдеқашан жазып жүрмін.

Бірақ...

– Не бірақ?

– Аяқтай алмай жүрмін.

– Неге.


– Өзіңіз де білетін шығарсыз. Сіз секілді адамдарды, əсі- ресе, сотталғандарды жазу оңай-оспақ емес. Өте қиын та- қырып. Ондай адамдар өмір жолын дұрыс бастағанмен, дұ- рыс аяқтай алмайды. Қателікті көп жібереді. Ал шығармада сол қалпында көшіре салмайды. Əлгі сіз сияқты азаматтар кітаптың соңында міндетті түрде түзелуі керек. Əйтпесе бас- пайды... Ал енді мен өзіңіз жөнінде жазып жатқан дүниемді, амал жоқ, бітіре алмадым.

– Неге?

– Негесі сол – сіз түзелген жоқсыз. Қайтадан ішіп кетті- ңіз. Қалайша өтірік жазамын?

– Оның жөн екен-ей, – деді бойын тіктеп. – Ойлану керек екен.

– Ойланыңыз. – Ол жас балаша иланды.

Тəлтіректемей де, сүрінбей де қара жерді дүрс-дүрс ба- сып, өз үйіне беттеді.

Мен Алматыға ұштым. Бір айдан соң ауылдан хат алдым. Шаған ішкенін қойыпты. Совхозда балташы болып жұмыс істеп жүр екен... «Ораш келсе, қонаққа шақырам, азамат емеспін бе?» – деп, бір тоқтысын семіртіп жатқан көрінеді.

Ал мен де ағайынның алдында өтірікші болмайын деп, осы əңгімені жаздым.


 

 

«200 ГРАММ ЭНЕРГИЯ»

Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді. Өз-өзінен

«құдайым-ай» деп күбірлеп, əлдекімге айбат қыла сөйлей- ді. Табиғаты байсалды, бес биенің сабасындай болып мол пішілген, мінезді ананың ашуланғаны – үлкен тайқазанның маңғаз қайнағаны секілді, бұрқ-сарқ емес екен. Əйтсе де осы шымыр-шымыр ашудың өзі ана болмысынан тым жарасы- мын тапқан жоқ-ты.

– Не болды, тəте? – дедім.

– Жай өзім ғой. Маған алаңдамай қағазыңды жаза бер. Күңкілдей сөйлеп, сары ала сандығын ұзақ ақтарып отыр-

ды. Отырды да артына бұрылмастан дауыстады:

– Əй, Ораш, бері келші, құлыным.

– Жай ма?

– Сенімен ақылдасар шаруа бар.

Сандығын ақтарып отырып, ақ матаға түйілген бір нəрсе- нің орауын шеше бастады.

– Əкең екеуміз таңертең ұрсысып қалдық, – деді.

– Неге?

– Неге дерің бар ма? Жирен биенің айы-күні жетіп тұр емес пе? Жүгенін сыпырып алып, басқа бір салып қоя бе- рейік десек, қысыр биелер құлынын тартып алам деп жү- ріп, жарақаттанып қала ма деп қорқасың. Аштан-аш қо- раға байлап қаңтарып қоюдың да реті келмейді. Жем-шөп тақа таусылған. Совхоз маңайлатпайды... Қойшылардан жең ұшынан жалғасып, бірер астау жем алушы едік, қазір


олар да кергіп алған, қойшы-қолаң құтырған қиын болады екен.

Мен, шынымды айтсам, жалығыңқырап кеттім де:

– Тəте, не айтайын деп едің? – деп едім, шешіліп айтқан əңгімесін бөлгенімді жақтырмай қалды.

– Айтып отыр емеспін бе. Əкеңмен таңертең ұрысып қал- дық. Буаз биеге берер жем жоқ. Зейнептің үйіндегі қойшы келіні, қайдан естігенін қайдам, құдай біледі, сыпылдақ ене- сі айтты, қыз кезінде ұртына ұрлап салған бидай тоқтамау- шы еді, енді тісі түсіп кемиек болғанда, сөз тоқтар дейсің бе... былтыр, əкең тоқтыға бір ту қой айырбастап əкеліп еді, сол сəтінде жеткізіпті дүзқара...

Мен тағы да қипалақтай бастадым. Шалы жұмысқа, қызы сабағына кетіп, қаңғыр-күңгір сөйлесер адам жоқ, не шошаң етер, айналып-толғанар кішкене бала жоқ, шешем ертең- ді қара кеш екі көзі төрт болып, əлдекімді тосар еді, алда- жалда келе қалған кісімен аздап болса да əңгімелесіп қалу үшін, оның алдына барын тосар еді. Қаладан менің келуім бұл кісі үшін ұлы мереке, мəз-мейрам боп, жасап қалатын. Мен кеткен кездегі жым-жырттық шошыта ма, қайтар күнім жақындаған сайын, шешемнен де маза кетер еді. Енді, міне...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.