Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 5 страница




беме шықты. Басын көтеріп, жасты жанарымен қараған қай- ғылы əйелден сасқалақтап:

– Арай қайда? – деп сұрадым. Үнім шаңқ етіп жаман шықты.

– Айырылдым ғой, Арайымнан... – аңыраған жоқтау он- сыз да бор боп езіле бастаған жүрегімді шабақтап-шабақтап тілгіледі-ай... Сай-сүйегім сырқырап, тізерлей жығылып, қыздың анасын бас салдым. Бұл менің алғашқы, əрі ақырғы құлауым шығар.

Арайды сол боранды түнде қасқыр қамап, ауыл мен күре жолдың екі ортасында... жеп кеткен екен... Қыстақтың қыр жағында жерленген Арайдың моласына бардым. Аппақ, кү- містей жылтыраған ақша қардың үстінде қап-қара төмпешік- ке айналып, мəңгілік сапарға, қайтпайтын сапарға аттанған Арайдың бейкүнə балапан рухы жатты.

Қыз əкесі мені көрмегендей, сол жас қабірге тесілген қалпы меңірейіп тұра берген. Ақша қарға көзден аққан жас тырс-тырс тесе тамады. Қорадағы қамаулы қой маңырайды... бұл өңірдің ендігі қызығы да, қайғысы мен қуанышы да тү- гел осы... бірінің жүнін бірі жұлып жеп тұрған ақтылы қой сықылданды.

Мен ауылдан аялдамаға қайтып бара жатып, Арайдың қа- біріне ақырғы рет қарап едім, қыз əкесі молаға орнатқан тас мүсіндей болып əлі тұр екен.

Күре жолдың шетіндегі аялдамаға қайтып келгенімде, ба- ғанағы жігіт пен «Новостройкаға» оқуға жиналған бір топ балаларды көрдім. Ішіндегі біреуі Арайға өте ұқсайды, бəл- кім кішкентай сіңлісі шығар... Олар дірдектеп тоңып тұр. Автобус əлі жоқ...


Жігіт айтты: «Араймен бірге оқып, бір партада қатар оты- рып едім. – Көмейіне өксік тығылып барып, сөзін əрең жал- ғады. – Қалтасында сіріңкесі болған екен, таусылғанша жа- ғып, айбар ғып отырыпты да, қасқырлар қамалап қоймаған соң, шанадан түсіп қалған бір бау шөпті өртепті. Сонсоң... сонсоң қар беті апыр-топыр айқасқан, екі етігі мен шашын мазақтағандай қарға шаншып кетіпті. Əкеңнің аузын... мыл- тығымды алып келіп, Алтайда бір қасқыр қалғанша қыра- мын, тұқымын қалдырмаймын бұл жерге (жылады). Сол түні қасқыр көп ұлыпты...».

Осы кезде «Новостройка» жақтан сылаң етіп автобус кө- рінді.

Мен редакторымның тапсырмасын тұңғыш рет орында- мадым... Бүгінгі заманымыздың сəулетті селосы жайлы ма- қала жазылмады...


 

 

ҚИЯЛИ

Оның қияли түгі де жоқ, ауылдың көп адамдарының бірі ғана. Бірақ қиялилау екені де рас, жұрттың бəрі айтып жүр.

«Əдейі күлдіру үшін істейді» деп, ол жігіттің барған сайын ел аузынан тастамайтын қылжақбас атанып бара жатқанын қызғанатындар да табылатын. Басқаларды білмеймін, əйте- уір, өзім қара жолдың шетіндегі қос бөлмелі ағаш үйге кө- зім түскенде, сол алқам-салқам қорасы бар, жұпыны бас- пананың маңында жыбыр-жыбыр ойнап жүрген балаларды көргенде, Саршатамызша да «ғажап» өмір сүруге боларына илана түсемін. Қалай дегенмен қияли жігіттің тіршілігі көз еті өскен кісілердің тəубесін есіне түсірері рас еді...

Тəй-тəй басқан күннен əжесінің бауырында ерке-шолжаң өскен Саршатамыз, тіпті ересек тартқанға дейін шандыр- ланған кəрінің омырауын созғылап сора береді екен. Осы- лайша «арда» еміп өскен жігіт бұл дүниеде мұң-қайғы, жа- мандық пен жақсылық, күреске толы жылдар мен бұралаң соқпағы көп жолдар барынан мүлдем қаперсіз, тілін шайнап, сақаулана сөйлеп ержетеді. Өзі еңгезердей тұрықты бола тұра, көрінген баладан баж-бұж етіп таяқ жеп қалатын да,

«апама айтам» деп, үйіне қарай безе жөнелетін. Ал жарық- тық апасы болса қолына шыбық ұстап, еркесіне тиіскен та- мам баланы қуалайтын да жүретін. Бесінші класқа ілдалда- лап əрең жеткен ол, əрмен қарай «шаршадым» деп оқымай- ақ қойғаны. Содан соң он сегіз жасқа толып, əскер қатарына шақырылды.


– Апам барса ғана, барамын, – деп пəбескені жыртып тас- тайды.

Заң барлығымызға ортақ қой, оның саудайылығын тыңда- сын ба, дедектетіп ала жөнелгенде, апасы аудан орталығына дейін қалмай еріп барады.

– Шырақтарым, – дейді əскери комиссариаттағы жігіттер- ге, – Үш жылға шыдайтын шамам бар. Мені қоса алыңдар. Ұлымның шайын қойып беріп, қасында болайын. Басынан сипап отырмасам, ұйықтамайтыны бар еді...

Амал не, апасын əскерге алмады. Жылай-жылай Сарша- тамыз кетті. Медведка деп аталатын орысы көптеу селоға тоқтап, басқа жігіттерді жинай бастаған бір əредікте «ерке- міз» отыра қалып, апасына хат жазады.

«Апа, аман-саумысың. Бізді əкетіп барады. Əзірше Мед- ведка деген қалаға тоқтадық. Шошқалары көп екен. Қайда апарары белгісіз. Құдай басқа салған соң, көнемін де. Сені сағындым. Тірі ораларым неғайбыл. Мұнда соғыс басталып кетті. Жан-жақтан бомбылап жатыр. Неге екенін білмеймін, киім де, қару да берген жоқ. Соған қарағанда ортамызда шпион болуы мүмкін. Қорқамын, апа, қорқамын».

Саршатамыздың «жан-жақты бомбылап жатыр» деген сөзі тым бекер емес еді. Елу шақырымдай қашықтықта ор- наласқан Медведка селосы тұсындағы жолды жөндеп, Өске- меннен бері күншығысқа қарай «Шығыс сақинасы» аталар күре жол салынып, тау-тасты дəрі қойып, қопарып жатқаны жəне рас. Үйде өскен бұзау секілді жігітіміз өмірдегі ондай жаңалықтарды қайдан білсін. Иə, бəрі де жаман апасының арқасы ғой.

Тіпті Саршатамыз жалпақ жалғандағы ондай-ондай үл- кенді-кішілі оқиғалармен ісі де болмайтын. Екі жағын тая-


нып, түпсіз де шексіз ойдың жетегінде сұлық отырар еді, дəл жанына келіп: «Əй, Сарша» дегеніңше, сені байқамайтын. Не ойлайтынын, қандай жаңалық ашқалы жүргенін күні бү- гінге дейін ешкім білмейді.

Үш жыл деген ер-азаматқа сөз бе екен. Жылай-жылай əскерге кеткен Саршатамыз екі иығына екі кісі мінгендей азамат болып оралды. Əскер киімі өзіне жарасады, сырттай қараған адамға соқталдай жігіт, тепсе темір үзетін еркек. Өкінішке орай, үш жыл бойына солдаттардан таяқ жегенін апасына жазған бір сандық хаттары əшкерелеп қоятын. Са- уатсыз қария əр келген хатты көрші келіншекке оқытып отырған, ал келіншек білді дегеніміз бүкіл ауданға жайылды деген сөз. Оған қысылатын Саршатамыз ба, үш бүктетіліп өз үйінің табалдырығынан аттады. Төбесі үйдің бел ағашын тіреп тұрып, «здрастите» деген екен. Етегіне сүріне жүгірген апасы мойнынан құшақтап, бетінен сүймекке ұмтылады, бі- рақ серейген Саршатамыз илікпейді.

– Құлыным-ау, аман-есен келдің бе? – деп жабысады.

– Келдік, апа, келдік.

– Құлыным-ау, дені-қарның сау ма? – деп тырмысады.

– Сау, апа, сау. – Орнатқан діңгек секілді, бүгілмейді.

– Жарығым-ау, əйтеуір, бітіріп келдің бе?

– Шабаш, апа, бітті! – деп қолын бір-ақ сермеп отыра кетті. Ал апасы болса жүгіріп далаға шығып, көрші кемпір- лерге «Құлыным əлгі шабашын бітіріп келіпті», деп қуана хабарлап жүр.

Қыс еді. Командировка алып, ауылға бардым. Кейінгі жылдары қар аз жауатын болып жүр. Қызыл асықтан ғана келетін күпсекті Алтайдың желі бұта-қараған, сай-салаға ай- дап, тығып тастайтын-ды. Аудан мен екі ортаға күніне бір-


ақ рет қатынайтын автобус сонау қырдан бері саркүшіктей домалана көрінсе болды, аялдамада құжынап тұрған ауыл адамдары лап ете түсер еді. Одыраңдап келіп, түтін бүрке тоқтаған шағын автобустың жүргізушісі біразға дейін кергіп ашпай қоятын. Қораздана басып дүкенге кіреді, түк шаруасы жоқ болса да почтаға бас сұғады... темекісін асықпай тартып, қыстың қақаған суығына қарамай түкіріктеп тұрып мұқият сулап, тұқылын аяғымен мыжғылап өшіреді, шырт-шырт тү- кіреді, одан соң ғана... «Қырық бес тиындарыңды дайындаң- дар» деп, саңқ етер еді. Осы шақта ауылдың жігіттері жолын- дағы кемпір-шал, бала-шағаларды қоғадай жапырып итеріп тастайды да, есікке ентелей жетеді. Алғашқы болып автобус- тың ішіне кіреді. Ең жайлы, жұмсақ деген орындықты таң- дап отыра кетеді. Бұдан соң туған əкесі түрегеліп тұрса да, астындағы «тағын» беруі мүмкін емес.

Имене-имене, қысылып-қымтырыла мен де кірдім-ау, əй- теуір. Отырғандардың барлығы танымайтын адамдай беті- ңе бақырая қарайды, кейбір иманы бар-ау дегендері болса, көрмеген кісідей теріс бұрылады. Көп жылдан бері Сар- шатамызды жолықтырмап едім, тегінде кассир отыратын жалғыз кісілік көлденең орындықта қырау басқан терезені тілімен жалап тесіп, сонау қар басқан тауларға көз сата үңіліп отыр екен. Ол аудан орталығына жақындағанша тіс жарып, жақ ашпады. Сол ойланған қалпы, ешкімге де, еш нəрсеге де мəн бермеген қалпы, сыртқа қадалып қалған. Жігіттер «сөйлетеміз бе» деп əрі-бері қажап көріп еді, құ- лағына да ілген жоқ, естімеген кісідей меңірейіп отыра бер- ді... Соншалықты ауыр ой үстінде... Суық сорған қоңырқай жүзі, түк-түк жағы, жарланып біткен қабақ астындағы оты аз, бірақ алақандай ауқымды көзі – бар-барлығын барлаған


адам енді бірер сəттен соң ұлы жаңалық ашатындай салмақ- ты да салиқалы дидарын көрер еді. Саршатамыздың түбіне құрық бойламайтын терең қиялының сыры ауданға бір ша- қырымдай жер қалғанда ғана ашылды.

– Жігіттер! – деп орнынан ұшып түрегелді. Шағын авто- бустың ішіндегі темекінің көк түтінінен бір-бірін əрең көріп отырған адамдар селк ете қалды.

– Жігіттер! – деп тағы да қайталады. – Егер бір қойма ас- тыққа бір шібиді қоя берсе, неше жылда жеп тауысар еді?..

Саршатамыздың ауылдан шыққаннан бері бас қатырып, сарыла ойлап отырғаны осы екен...

Расында да, неше жылда жеп тауысар еді...


 

 

КӨК ТАЙЫНША

Мен бүгін ауылдан хат алдым. Тасқа басылғандай əп- əдемі тізілген жазу – бұл хатты қарындасым Мəнсия жаз- ғанын айнытпай танытып тұр еді. Ел-жұрт, ауыл-аймақ, бота-тайлақтың амандығын айта келіп, үстіміздегі жылы аудан бойынша өсек-аяңның тым қораш болып, керісінше өлім-жітімнің көбейіп кеткенін, көрші ауылда оныншы клас- та оқитын қыз баланың күйеуге тиіп, оқу ісінің меңгерушісі орнынан алынып, ал мектеп директорының өскенін ғана сөз арасында айтып өтіпті. Ең соңғы жаңалық, депті үшбу хаты- ның аяғында, біздің үйдің керіскедей көк тайыншасын Ұзақ тауының бауырында ұрлап, сойып əкеткен. Тек терісі, төрт сирағы, көзі алайған басы ғана қалған... Мал ашуы – жан ашуы деген ғой, əке-шешеміз қатты қапаланып, қайғырғаны болуға керек, үш күн сүт қатпай қара шай ішіпті. Амал не?.. Милицияға хабарлаған, əлі хабар жоқ. Көк тайыншаның орны бөлек еді-ау, қорамыздың бір бұрышы үңірейіп қал- ғандай болды. Енесі – көк сиыр да ұдайы үш күн мөңіреп жоқтаған екен. Есесіне ағайындар ойран-асыр, əлемдегі ең бір сүтті, қысы-жазы сауа беретін (тусын, тумасын) жылдым болар деп, үміт күтіп, болашағына сенім артып отырған «да- нышпан» тайыншаның айдың-күннің аманында қолды бо- луы, əрине, жандарын жай таптырған.

Ағымнан жарылсам, осы «суық хабарды» естіген соң көңілім жүдеп, жұмысқа бармай қалдым. Екі құлағым шы- ңылдап, басым айналып, көзім қарауытқандай болған соң,


дəрігерге барып едім: «Жүйкең жұқарған, бір нəрсені қатты уайымдағансыз, дем алу керек» – деп шығарып салды.

Жазғы демалыста ауылға барғанымда, əлгі қолды болған көк тайыншаны алғаш рет көріп, қайран қалып едім. Қай- ран қалған себебім: соңғы жылдары біздің үйдің сиырлары əлде бұқадан, əлде ауа райының күрт өзгеруінен, себебін кім білсін, əйтеуір, шыбыштанып, ұсақтап бара жатқан. Ірі қара тұқымының осыншалық азуы, əсіресе, шешемнің жайын жегідей жейтін. Орыстардан ақ бас қызыл сиыр сатып ала- йық деп, ертеден қара кешке дейін əкемнің құлағына маза бермеуші еді. Расында да, желіні жер сызып, маң-маң басып, не берсең соны жей беретін, маңызды оттайтын, маңқайып күйсейтін асыл тұқымды текті сиырлар бұл ауылдың асыл арманына айналған. Ал мен жазда көрген көк тайынша- ның жөні бір басқа, керіскедей-ау, керіскедей. Қайдан ғана қаңғып туылғанын кім білсін, көрші-қолаңның аузының суын құртатын əдемі еді-ай жарықтық. Иə, ал енді «жарық- тық» келмеске аттаныпты. Кеше түсіме кірді: ақ бас, қызыл бұзауы бар, таудан асып барады екен деймін. Артына қарап мөңіреді де, көрінбей кетті... мəңгілікке...

 

* * *

 

Уақиға былай болған екен. Біздің шал əдеттегісіндей күн шықпай тұрады. Сауын сиырларын өрістен айдап қайтуға Ұзақ тауына беттейді. Қолында жүген. Кеше кешке тұсап жі- берген құла аты сиырлармен бірге жайылатын. Малын түген- дейді. Көк тайыншадан өзгесі өрісте жүр екен. Құла аттың тұсауын шешіп, жайдақ мініп жер шолады. Жоқ. Бір кезде өзінің ата-бабасы жайлаған таудың ұңғыл-шұңғыл, бұта-қа-


рағанын бес саусағындай білетін ол, көк тайыншаның қарасы көрінбеген сайын, күдерін үзе бастады. Топтанып қайың өскен, сол қайыңның дəл түбінде көк тас жататын, сол көк тастың алқымынан қайнап бастау ағатын бала кезінде, сол жерді – «Апамның көк тасы» деп атапты. Үстіне тоқым төсеп, күні бойы жүн түтіп, иіріп отыратын шешесі елестейді. Енді құла аттың басын солай бұрған. Өз көзіне өзі сенбеді. Көк тас көк тайыншаның қанына былғанған. Көзі алайып, күзгі ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас, серейіп төрт сирақ жатыр. Ұры əккі, əрі саспайтын қу болса керек, бастаудың суын ластап, ішек-қарнына дейін аршып алған. Меншікті сиырын соғымға жыққандай-ақ, боршалап, əдемілеп сойғаны соншалық – тіпті терісіне дейін тұздап, керіп, жайып кетіпті. Шалдың жүрегі сыздап ауырды. Малым қолды болды деп емес, атаңа нəлет ұрының басынғанына, саспай мүшелеп, боқты ішегін қалдырмай, қырып-жонып əкетіп қалғанына, ит жыны ойнады. Бастаудың күзгі күні де жасаңданып жата- тын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қа- рағанда ұры – екеу секілді. Дегенмен, батырға да жан керек, бірі сасқалақтап жүріп, қамшысын қалдырып кетіпті. Басқа көзге ұрып, куəға тартар дерек жоқ.

Күн ұясынан көтеріліп, етекте жайрап жатқан ауыл қы- быр-қыбыр тіршілік қамына кіріскенде, жайдақ атты ұры- ның қамшысымен сипай қамшылап, үйіне қайтты. Бұл шақ- та күздің сан алуан бояуына малынған табиғат тамылжып-ақ тұр еді...

Милицияға хабарлады. Өз беттерінше əрекет жасаған жоқ.

Қыркүйекте шақырған милиция қызметкері қараша біт- кенде келді. Бұған да шүкіршілік, келмей қойса қайтер еді.


Ауданнан күніне бір рет қатынайтын сары ала автобус- тан милиция формасын киген, қолтығында тері сөмкесі бар кіші лейтенант В.В. Окинков түсіп, біздің шалдың үйіне бет- теді. Оның төбесі сонадайдан көрінгенде, көк тайыншаның өзі келе жатқандай қуаныштары қойнына сыймаған. Самау- рынға шай қойды, қазанға ет асты. Астына көрпе, шынта- ғына жастық төседі. Тамақ ішіп, ар жағына ел қонғанша, В.В. Окинков лəм-мим деп еш нəрсе сұрамады. Жамбастай жатып, үйдің ішін шолды, көз қыдыртып жан-жағына қара- ды. Қолын тарақтап желкесіне салып, шалқасынан жатты. Көзі ілініп кетті білем, мұрны шұр ете қалып еді, сабағы бітіп, үйге екпіндей кірген Қанаттың дабыр-дұбыры оятып жіберді. «Ұйықтасаңшы, ұрыны іздеймін деп шаршадың ғой», – деді шешем.

– Сонымен, – деді В.В. Окинков, есіней сөмкесін ашып, –

сиырларыңыз қашан жоғалды?

– Осыдан бір жарым ай бұрын, – деді əкем оған жақтыр- маған кейіпте насыбайын атып (Адамдардың іс-əрекеті іші- не сыймағанда, бір шақша насыбайды бір сағатта атып қою- шы еді).

– Неге ерте хабарламадыңыздар?

– Хабарлағанбыз.

– Да, да... қол тимейді. Ұры көп. Аты-жөніңіз? – деді əке- ме тіктей қарап.

– Раисов Исахан.

– Сіздің фамилияңыз, апа? Шешем əкеме:

– Əй шал, айтсаңшы, – деді.

– Ол да Раисова.

– Дұрыс-сс... с... Сиырларыңыздың жасы, түсі, белгілері...


– Үш жасар, көк, құйрығы шуатылған ұзын, мүйізі əдемі, келісті біткен керіскедей.

– Тұра тұрыңыз, – деді əкемнің сөзін бөліп, – керіскедей деген белгі болмайды. Кім ұрлап сойды деп ойлайсыз?

– Шырағым-ау, кімнің ұрлағанын білсем, сендерден кө- мек дəметіп нем бар?

– Дұр-ы... с... ссс... іздейміз, табамыз. Шеше, тағы бір кесе шай құйып жіберіңізші. Автобустан қалып қоймай тұрғанда қайтайын, асығыспын, жұмыс көп, ұрылар одан да көп.

Қанат В.В. Окинковты иттен шығарып салды.

Жарықтық күз шолтаң қайрылып, қыс келді. Биыл тіпті асығыс келді. В.В. Окинковтан хабар-ошар жоқ.

Жаңа жыл есік қағып, қапалақ-капалақ қар жауды. В.В. Окинковтан сыбыс білінбеді. Тек, февраль айын орта- лап, Алтайдың қақаған суығы мал мен жанды қысып тұрған шақта ғана аппақ дүниенің арасынан В.В. Окинковтың тө- бесі қараңдаған. Көк тайынша тарихын өздері баяғыда ұмы- тып, құрысыншы, от пен суға қарап отырған жоқпыз ғой,

«ақсағын қойып сауын бағайық» деп, тəубеге келген бейбіт тіршіліктерін бұзғанына реніш білдірген.

Шай қойылды. Ет асылды. В.В. Окинков соғымның етін, əсіресе жылқының етін, жақсы жейді екен. Құрт қосқан сор- паны сарқа ішіп, қолын сүртіп болған соң, көзі ілініп, қалғи бастады. Осы Қанаттың жүрген жері оңбайды, əсіресе, қыс- та ойбайлап ашылатын қырау тұтқан есікті жұлқа тартып кі- ріп келмесі бар ма... В.В. Окинков сасқалақтай атып тұрып, тапаншасына жармасты. Шешем: «Ойбай, көтек!» – деп, бетін басып отыра қалды. Əкем шақшасын қаққылап: «Əй, кемпір, насыбай бітіп қалыпты ғой», – деп шыны сауытты домалата салды.


– Фамилияңыз, яғни аты-жөніңіз? – деді есінеген Окин- ков қағаз-қарындашын ыңғайлап.

– Раисов Исахан.

– Жасыңыз?

– Алпыс үштемін.

– Ұлтыңыз?

– Қазақпын! – Əкем бұл сөзді нығыздай айтты. Милицио- нер енді шешеме шұқшия қарады.

– Аты-жөніңіз, жасыңыз, ұлтыңыз?..

– Құдай-ау, əнеугүні айтып едім ғой.

– Тағы да қайталаңыз. – Шошып оянған соң ба, бас терісі келіспей, қатаң ұстады өзін.

– Раисова, жасы 65-те, – деп, кемпірінің орнына тағы да əкем жауап бере бастап еді, милиционер көнбеді.

– Өзі айтсын. – Шешем сасқалақтады.

– Құдай-ау, қайын атамның атын қалай атаймын... Əй, шал... Тайыншамыз керіскедей, аузымызды аққа жарытайын деп тұрған асыл тұқымды мал еді, – деп, шешем зарлай жө- неліп еді, оны В.В. Окинков тоқтатып тастады.

– «Керіскедей» деген белгі болмайды.

– Алғаш келгеніңде ұмытып кетіппін, шырағым, ұрының орнында ұмытылып қамшысы қалыпты. Міне, – деп сегіз өрім, тобылғы сап қамшыны Окинковтың алдына тастады. Ол қамшыны ары айналдырып, бері айналдырып қарап отыр- ды да: – Бұл ауылда не көп – қамшы көп жəне бір-бірінен ай- нымайды, – деп əкеме қайтарып берді. Бұдан соң: «Іздейміз, табамыз», – деді де, орнынан асығыс көтерілді. Оны Қанат иттен шығарып салды.

Қыс өтіп, жазғытұрымның қара қатқағы келді. Ойдағы қар жылбысқалана еріп, қалғаны тау бөктерінде күн санап кө-


біктене мүжіліп жатқан, түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз деп аталар ала-құла шақ еді. Біздің үй бір қалыпта тіршілік кешіп, біреуден кейін, біреуден ілгері күн көрісімен, ертеңгі атар таң, татар дəмімен дəмелі күй кешіп жатқан-ды. Көк тайыншаны да, көк сөмкелі В.В. Окинковты да ұмытқалы қа- шан, «тəңірім, бермей-ақ қой, бірақ қолда барын ала көрме» дегендей, қалғанды қанағат көңілмен көктемді қарсы алған. Міне, осындай жазға салымның уайым-қайғысыз бір тыныш күнінде, алдыңғы күні туған мұқыр мүйіз қызыл сиырының уызын жеп, жайбарақат сорпа, шай ішіп, оңашадан оңаша өздері ғана шүйіркелесіп отырған қоңыр кеште, ағаш үйдің есігі сыңсып ашылды. Ғажабы, есік көзіндегі аса сақ ала мойнақ, төрт көз ит те шəу деп үрмеген. Тегі, еті үйреніп қалса керек. Алғашында көршілердің бірі шығар деп, алаң- сыз көңілмен ешқайсысы да елемей тамақтарын іше беріп еді. «Есенсіздер ме» деген дауыстан бастарын кекжең еткі- зіп оқыс көтерісті. Осы мезетте В.В. Окинков та дүрс-дүрс басып төрге оза берген. Сəлемін əкем ғана алды. Ал шешем болса «құдай-ай, тағы да Əкімқов қой» деп, қолындағы кесе- сін шайымен төңкере салып, шегініп кетті.

– Ауданыңда не жаңалық? – деді əкем арада орнаған ты- ныштықты бұзайын деген ойменен.

– Аманшылық, ақсақал... Көк тайынша табылған жоқ па?..

– Соны сенен сұрайын деп едік. – Шешем бұл сөзді шап- тыға айтты.

– Іздейміз, табамыз. Жұмысбасты болып көпке дейін келе алмадым. Көрші ауылдарыңыздағы бір семья соғым- ның етін ұрлапты. Соны іздеп əрең тауып бердік. Сөйтсем, өзі жоқта үйде қалған əйелі күнде асып жей берген соң, кү-


йеуі шөптің астына тығып тастаған екен... əй, қазақтардан бəрі шығады...

– Ол оқиғаны мен де естігенмін, етті сен емес, иті тауып алған, – деді шешем қарап отырмай. Ас ішіп, көңілі жайлан- ған соң В.В. Окинков:

– Ал, басынан қайта бастайықшы өзі, – деп қағаз-қарын- дашын суырды. – Аты-жөніңіз, көк тайыншаның жасы, түр, түсі...



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.