Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ББК 84 Қаз 7-44 4 страница



Міне, осындай бір қыстың ұза-а-ақ кешінде мен жолға шы- ғатын болдым. Алғашында барғым келмеген. Редактор қолқа- лап болмаған соң, еріксіз көндім. Біздің бастық негізінде қор- қытып-үркітіп жұмсамайтын жайдары, ақылды жігіт. Жас та


болса атқа ерте мінген, ерте өскен əлі де біраз жерге барарына сенгендейсің. Бұйрықты қолыма алып аттанатын болған соң жол қамына кірістім. Бірақ, барар жер алыс, Қазақстанның шығысы. Алматыда он градус ыстық болғанда онда қырыққа жетіп, ел мен жердің мазасын алып тұрған шығар.

Облыс орталығынан ары автобус жүреді екен. Айтқаным айнымай келіп, қаңтардың қақаған суығына тап болдым. Автобустың мұздай теміріне қолың тиіп кетсе, қырқып тү- седі. Киімім жұқа еді. Əлі ірге теуіп, үйлі-баранды болмаған адамның шаруасының қиюы келуші ме еді тəйірі, айына бір рет үй ауыстырып, басы қатып жүрген жас журналистердің əзірше бірі ғанамын. Жалаң қабат пальто, құлағы жоқ ескі- леу, жасанды теріден тігілген бас киім, жасанды теріден ті- гілген қолғап, жасанды теріден істелген қара портфелімнен өзге іліп алар еш нəрсе жоқ. Дірдектеп жұмсаған жаққа қа- рай шапқылай бересің, шапқылай бересің, өстіп шапқылап жүріп жан сақтайсың. Өстіп шапқылап жүргеніңде екі жас- тың біріне келмей ауруға ұшырайсың. Жас кезде бəрі қызық, байқалмайтын секілді. Табаныңнан өткен суық маңдайдан шығар мезгіл əлі алда...

Мен автобусқа мінгенде, сау етіп ел азаматтары қоса кір- ді. Тегі мен бағыт алған үлгілі ауданның басшылары іспетті. Үстерінде құндыз жағалы қыс пальто, кейбіреуінде əдемілеп сырып тіккен шолақ тон, бастарында үкілеген тиін құлақ- шын, аяқтарында аппақ пима, беттері қып-қызыл, буы бұр- қырап қарқ-қарқ күліп отыр. Дəл осындайда адамның бойын қызғаныш билейді. ҚазГУ-ді емес, мал дəрігерлік институ- тын бітірмегеніңе өкінгендей боласың. Өкін, өкінбе бəрі кеш екені есіңе оралып, одан əрі жаурап, енді іш мұздап, бүрі- се түсесің. Автобус əне-міне жүргелі тұрғанда ақтүбіт шəлі


оранған қыз кірді. Жүргізушіге билетін көрсетті де менің оң жағымдағы бос орынға отырды. Қуанып қалдым. «Ермек та- былды» дедім ішімнен.

Көлігіміз гүрілдеп-қырылдап, орнынан қозғалғанша жо- лаушылар да дабырласып, əр нəрсенің басын шалып, көңілді отырды. Суық қыса түсті. Ауыздан ұшқан будан автобус іші тұманға айналды. Терезе сірескен қырау. Қысқы демалыс- қа шығып, жұрағаттарына қыдырыстап бара жатқан кейбір мектеп оқушылары əлгі ұлтандай боп қатқан сіреу мұзды тілімен жалап ерітіп, көздей тесік жасап алып, сығалайды. Редакторым командировкаға жұмсағанда əуелі тартыншақ- тағаным – ертең жаңа жыл еді. Осы жылына жалғыз рет келетін мерекені жолдастардың арасында қарсы алып, сон- соң аттануыма да болушы еді, бірақ қалада жүргенде қарқ болар мекенім жəне атап шақырған ешкім болмаған соң қысастанып, жылжи беруді жөн санағанмын. Жаңа жылды жолда қарсы алуым бір бұл емес-ті.

Автобус орнынан қозғалып сыза жөнелгенде, қатар отыр- ған көрші қызға тіктеп қарап үлгірдім. Əдемі екен. Екі бетін суық сорып, томпайып үнсіз отыр. Оның да киімі жұқалау көрінді. Бар байлығы – басындағы ақ түбіт шəлі сықыл- данды. Аққұба өңіне аса жарасады екен. Көзін үнемі төмен салып отырады да, оқта-текте кірпігін көтерсе жарқ етіп жанары шығады. Маған ол өз сұлулығын өзі бағаламайтын- дай сезілді. Үнемі жуас халде, ауыр ойдың үстінде келеді. Жанында, тіпті айналасында адамдар барын байқамайды да. Мұндайда пысықтық жасап, бас салып сөзге тарту қиын.

– Терезе жақ суық қой ауысып отырайық, – дедім. Ол бір- ден жауап берген жоқ. Естімегендей меңірейіп қарады да, ір- кіліп барып тіл қатты.


– Рақмет, сіздің киім менікінен де жұқа ғой, – деді.

– Бірақ менің жігіт деген атым бар ғой. – Бұл менің тауып айтқаным еді. Байқаймын, бұл əзілсымағым көкейінен қо- ныс таба алмады. Тағы да үнсіз отырдық.

Суық. Жолаушылар жағасына мойнын тығып-тығып, қо- нақтаған тауықтай мелшиіп-мелшиіп отыр. Тек манағы үлде мен бүлдеге оранған ожар топ қана қағанағы қарқ. Өздері жолда тоңбас үшін ептеп тартып алған сыңайлы. Биылғы қыстың қаттылығын, мал қыстату науқаны өте қиын тиерін айтысып, дабырлап сөйлеп, алғашында мазаны алды. Жа- санды теріден тігілген бəтеңкемнен ызғар өтіп, башпайла- рымды суық сора бастады. Бір-біріне соғып, тықылдатып, жылытқан боламын. Менің осындай мүшкіл халімді сезді ме, қыз:

– Пима киіп шықпаған екенсіз, – деді. Қуанып қалдым.

– Сол құрғырың жоқ қой.

– Не? Ақша ма, пима ма?!

– Екеуі де.

– Түрмеден босап шығып па едіңіз? – Əзілдеді ме шыны ма, айыра алмадым. Бет-пішіні өзгерген жоқ, салқын сұрады.

– Не десем екен... Алматы жылы болған соң...

– Ə, түсінікті. Бұдан былай есіңізде болсын, Алтай – Ал- маты емес, қатал.

– Əрине, бірақ қатыгез жерге қайтып оралу – екіталай-ау.

– Ат баспаймын деген жерін үш басады демей ме, ағай?

– Өзің қайдан келесің?

– Мен де Алматыдан.

– Оқисың ба?

– Иə.

– Қайда?


– Қыздар институтында.

– Факультеті.

– Тіл-əдебиет.

– Қайда барасың?

– «Өркен» ауылына.

– Ол қай тұста?

– «Новостройкаға» бес шақырым жетпей, тау қойна- уында.

– Оған автобус бұрыла ма?

– Айналдырған екі жарым шақырымға уақыт өткізіп жүр- мейміз деп, жол жиегіне тастап кетеді. Əрі қарай жаяу тарта- мыз. Сіз мені тергей бастадыңыз ғой...

– Дəм тартып сапарлас болған соң, таныса отырайық, де- генім ғой.

– Өзіңіз «Новостройкаға» барасыз ба?

– Иə, сол селоны жазбақпын. Газетте істеймін.

– Мен де солай-ау, – деп ойлаған едім. Өйткені сұрағы- ңыз – нақпа-нақ. Ол селоны жазуға болар, – деп ойланып қалды. Мен оның үнсіз тыныштығын одан əрі бұзғым кел- меді. Тақымдап сұрақ та қоймадым. Есіме редактордын сөзі оралды: «Шығыс Қазақстанда «Новостройка» деген қала типінде салынып, мəдени-тұрмыстық жағынан бүкіл рес- публикаға үлгі болар село бар екен. Бүгінгі сəулетті қоғамы- мыздың ауыл-селолары барған сайын көркейіп, қаладан еш айырмасы болмай өркендеп, өсіп отырғанын паш ету үшін именно сол селоны насихаттауымыз керек. Орталық газеттің бірінде «Села Казахстана меняют облик» деген тақырыппен мақала шығып та кетті. Мейлінше зертте, мəдениет сарайын, универмагын, тұрмыстық қамту үйі мен ресторанын суретке түсіріп ал, еңбек адамдарымен кездесіп, бастығымен жүз-


дес, сұхбаттас». Мен таңғалғаным жоқ, өйткені, шынында да мұндай жаңа типпен жобаланып салынған сəулетті село- лар саны күн өткен сайын көбеюде. Демек, қаладан ауылдың айырмасы азаюда... Тамаша, əрі табылған тақырып! Газеттің бір бетіне етектей етіп тастап жіберемін...

Қыстың ұза-а-ақ кеші бітіп, түнге айналды. Барар жер əлі алыс, күн суық, аяз буып тұр. «Көңілсіз сапар болатын бол- ды» – деп ойладым ішімнен. «Новостройканың» азаматтары мұрындары шуылдап, ұйқыға басты.

Қыз өзімен-өзі бір нүктеге қадалған күйі əлі үнсіз келеді. Тау арасына ілінгенде боран басталғаны байқалды. Қар қиыршықтары сабалап, тіпті қасқырша ұлыған үні құлаққа жеткендей болған. Қиюы қашып, тозған терезенің жақтау- жақтау саңылауынан ішке ұмтылып, əлі аласұрған боран да жылы мекен іздегендей. Анда-санда бір толқып тастап, мынау алай-түлей боранды сұрықсыз дүниеден қашып құ- тылғысы келгендей зымыраған автобуста əзірше кінə жоқ. Ауа райы секілді адамның бойын да қалтыраңқы суық сезім билеп, өз-өзіңнен қажисың, қан түкіргендей көгеріп, сазара- сың, еш нəрсеге зауқың жоқ, дүниенің рақаты маздап жанған от екеніне иланасың, əрі мың мəрте табынасың, іштей. Құ- лаққа мотордың бірқалыпты гүрілінен басқа сырттан шың- шыңдаған дыбыс келеді. Мен көз алдыма жел кеулеп, аңы- раған қарлы адырлардың ортасында жалаң аяқ, жалаң бас безектеп келе жатқан жалғыз жаяуды елестеттім. Қызық, əлгі тізеден қар кешкен жалғыз жаяу – қасымда жым-жырт отырған түбіт шəлі қызға ұқсады. Қандай қаталдық. Селк етіп есімді жидым да, жалт қарадым. Қырау құрсауланған

əйнекті тесіп, сығалап отыр екен.

– Не қарадың?


– Ауылдың тұсынан өтіп кетем бе деп...

– Шофер хабарламай ма?

– Кейде ағып өте шығады.

– Мен ескертіп қояйын, – дедім де жүргізуші жігітке ба- рып «Өркеннің» тұсына келгенде айтарсыз, – деп тапсыр- дым. Қыз:

– Рақмет, – деді сыпайы ғана. – Үлкен ойдың үстінде ке- лесіз ғой. Мақалаңызды қалай бастап, қалай аяқтауды жос- парлап отырсыз-ау, шамасы.

– Жоқ. Тіпті де олай емес. Мен сіз... сені ойлап келемін.

– Ал мен сізді...

– Қызық екен. – Ішім жылып сала берді.

– Сізді болғанда... өзіңіздің жеке басыңызды емес қалай түсіндірсем екен... жалпы сіз секілді үнемі жол тартып жү- рер... үнемі далада машина немесе ат үстінде жүрер адам- дарды. Айталық, менің əкем көп жылдан бері қойшы, қазір ол отарын жайғап, бел суытып, шайға отырған шығар.

– Ол кісілер қыстауда ма?

– Иə, бірақ қыстақ ауылдан онша алыс емес, іргесіне тиіп тұр.

– Сен бүгін сонда барасың ба?

– Енді қайда?

– Қорқынышты ғой. Түн іші, сыртта боран, қақаған аяз.

– Ой, ағай-ай, мен бұл жердің табиғатына əбден үйрен- генмін, талай-талай тапталған жол. Біздің «Өркеннің» бұ- рынғы аты – Бөрілі деп аталған, кейін келе өзгертті. Аты өз- гергенмен, заты – сол баяғы қалпы. Жиырма шақты ғана үйі бар. «Аюлы» совхозының бір бригадасы. Бастауыш класы бар. Қалған жылды сіз кетіп бара жатқан «Новостройкаға» барып оқиды. Мен де оныншы класты сол селода бітірген-


мін, ауылға тура автобус қатынамайтын болған соң, ары өткен, бері өткен, қала мен екі ортадағы кез келген көлікке мініп, жолдан түсіп қалып, тау қойнауындағы үйге жаяу ба- рамыз. Жасырып керегі не, əсіресе қыстыгүні аса қиын. Ал қыс дегеніміз Алтайда өте ұзақ қой. Амал не?

Қыз күрсінді. Сонсоң əлгінде өзі ойып алған тесікті сүр- тіп, тағы да сыртқа үңілді. Екі тізем мен башпайымның жау- рағаны əңгімеге айналғанда ұмытылған еді, енді қайта діріл- дей бастаған. Жолаушылардың бəрі қалғып-шұлғып, бейжай келеді. Мотордың əдеттегі гүрілі, даладағы боранның соғуы, бағанағы семіз азаматтардың қорылынан өзге тырс еткен дыбыс жоқ.

Мен ойладым: «Өмір деген – ғажап дейді, түк те ғажап емес, əншейін осындай автобусқа мініп, белгілі бір аялда- мада түсіп қалу, біреудің тойып секіруі, біреудің тоңып се- кіруі. Əлдекімдер көрер таңды көзімен атқызып, ой қажап ұйықтамайды; əлдекімдер ішігіне тас бүркеніп, уайымсыз тоқұйқыға басады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз – өзгенің бақытына қызығып өту ғана... Ал мынау жанымдағы тойған қозыдай томпиып отырған қыз ше?... Оны ертең не күтіп тұр? Бақытты ма, бақыты жоқ болса, оны іздеп таба ала ма? Не ойлады? Жігіті, ұнатқан біреуі бар ма? Тіпті мен туралы қандай сезімде келеді? Адамдарға сене ме? Аты кім? Қайтып кездесер ме екенбіз?..».

– Атыңыз кім, аға? – деді оқыстан.

– Нұрлан. Өзіңнің есімің?

– Арай.

– Жақсы екен.

– Неге жақсы, аға?

– Есіміңді айтамын...


– Таң ата туған соң əкем Арай деп атай салған. Мен жай- лауда дүниеге келіппін. – Бетінен күлкінің əдемі бір толқы- ны шымырлап өткендей болды.

Мен ойладым: «Өмір деген ғажап-ау, кеше ғана мынау жалпақ жаһанда Арай есімді қыз барын білмеп едім, енді міне... демінің қалай шыққанына дейін сезіп, əп-əдемі ди- дарын көріп отырмын. Адамдар бір-бірін əрең іздеп табады, сонсоң іп-лезде жоғалтады. Сайып келгенде, өмір дегеніміз адамдардың бір-бірін тауып, қайтадан жоғалтуы емес пе өзі. Мүмкін...».

– Онжылдықты бітірген соң екі жыл əкеме көмектес- тім, – деді Арай мұңды жүзбен маған қарап. Əлгіндегі бір күлкінің табы да қалмаған. – Ересектері мен болдым, қал- ған сегізі – əлі жас. Оқуға бармай-ақ қояйын деп едім, əкем қолқалап қоймады. «Біздің тұқымнан да мұғалім шықсын» дейді. Намыстанғаны. Əне бір күнгі хатында: «биыл қыс қатты, қызым. Ит-құс көп, жаңа жылдық демалысыңды пай- даланып, мұғалімдеріңнен бірер күнге сұранып келіп қайт, сағындық», – деп жазыпты. Не күйде отыр екен?

Мен ойладым. «Өмір деген тіпті де ғажап емес, Алтай- дың қысы секілді қатыгез, кімдерге суық, кімдерге ыстық. Дегенмен өмірді лағынеттеп, өкінуге де болмайды-ау».

– Сіз бір түрлі аз сөйлейді екенсіз, – деді Арай. – Мені сынап отырсыз ба, жоқ əлде мінезіңіз сол ма?

– Мінезімнің ауыр екені рас. Бірақ бір қызып сөйлеп кет- сем, атымның басына ие бола алмай қалатын көкезу əдетім де бар.

Жол барған сайын күрделеніп, көлігіміздің жүрісі бəсең- дей береді. Боран қарсыдан соғып тұр. Автобустың алдыңғы терезесін қар жентегі тұтып, шофер қайта-қайта сүртіп əуре


болады. Аяздың барлығы тау ішінен қашып тығылып, аядай ғана автобусты иектеп тұрғандай. Маған енді сол даладағы арпалысқан боран ит боп үріп, қасқыр болып қыңсылаған- дай үрейлі сезіледі. Жер түгелдей мұз шарға айналып, мəң- гіге қатып-семіп, ыңырсығандай жүректі өзгеше суық сезім қариды. Мен амалсыздан Арайға қарай жақындап, осынау қаршадай ғана қыздан пана тілегендей бүрісе түсемін. Ал ол болса жаурағанын мүлдем ұмытып, маздап келген ойдың ақ шанасына түсіп, баяғыда ағып кеткендей. Маған қыз да жақындап тақала отырғандай болды. Біздерді қоян-қолтық қауыштырған, бəлкім Алтайдың ақ бораны да емес, аяз да емес, басқа... өзіміз ұғып-сезе бермейтін жастықтың лыпып тұрмақ тартылыс күші ме əлде жүректен шым-шымдап жас- қана шығып, бойға тараған ұяң сезімнің жауратпай, жатыр- қатпай жарастыққа бастаған қуаты ма; ішімнен Арай сөй- лесе екен, ойында не бар түгел ақтарса екен деп тілеймін; табандап жақындап, адымдап қашатын тыз етпе алдамшы үміт, адамның жастық шағымен келіп-кетер оңғақ сезім емес бұл – осы мəуріттің бақилығын арман етер тəтті хал, мұзды денеден жалындап шығар ыстық сүйіспеншілік: сүйіспен- шілік болғанда қыз бен жігіттің екеу арасындағы күйдім- жандым ба, жоқ-жоқ осы айнымас сəттің қымбаттылығын паш етер мұңлы минуттар, кейінірек жүріп сағынатын бей- күнə отырыс, айтпай түсінетін көңіл ұғыстығы шығар-ау.

Жылы киініп, алаңсыз ұйқыда жатқан «Новостройка-

ның» атқамінерлері қорылға басты.

Менің көз алдыма, неге екенін білмеймін, ат құлағы кө- рінбейтін боранда үстінде жұқа ғана шыт көйлегі бар, шашы жалбырап, тізеден қар кешіп, адасып жүрген қыз елестеді. Тағы да өз ойымнан өзім шошындым.


– Арай, айып болмаса мен сені қыстаққа дейін ертіп ба- райын. Түн, аяз...

– Жо-жоқ, аға, ол не дегеніңіз, ыңғайсыз ғой. Жолыңыз- дан қалмаңыз. Мен үшін бұл Алтайдың түні мен бораны – үйренген жау.

Біз келе жатқан жол тақтақ, əрі оқтай түзу. Тек дүңкиген- дүңкиген алып жоталарды айналып, сайлау жерге түскен- де ғана ирелең тартады. Əдетте мұндай əдемі тас жолдың бетіне қар қиыршықтары тоқтамай, үп етіп жел соқса, сусып алақаншықтана билеп, сай-сайға тырағайлап қашады. Сон- дығы болар, жол соқты болып шаршаған жоқпыз. Əйтсе де, екі иінімнен қос қолдап басқандай тынысым тарылып, тал- мау тартып отырмын. Қарным ашқаны сезілді. Мен тағы да ақ көңіл, ақ жарқын Арайды ойладым. Шынында да, өзінде бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар- ay. Жалғыз көрген кісісін жатырқап-жатсынбай, бауыр тар- тып, ақтарыла сөйлейді екен. Ол қайта-қайта қойшы əкесін аяп, шиеттей бауырларын еске алып қояды.

– Əкемдер ендігі шайын ішіп болып, ертең ерте тұра- мыз деп жату қамына кіріскен шығар. Білесіз бе, аға, біздің

«Өркен» ауылында əлі электр жарығы орнаған жоқ. Бұқтар- ма ГЭС-ін «Новостройка» жаққа тура тартқан. «Жиырма шақты үйі бар ауылға əуреленіп, бұрып жүрмейміз, кейін асықпай тартамыз» деседі. Білесіз бе, аға, біздің ауылда клуб та, киноқондырғы мен кітапхана да жоқ, бар болғаны: ыдыс-аяқ, мата, қант-кəмпиті араласқан жалғыз дүкен, ол да сатушының екі үйінің бірінде үйіріліп жатыр. Қызығы, «Өр- кен» бригадасы совхоз бойынша жоспарды үнемі артығымен орындайды, ал мəдени-тұрмыстық ахуалымыз осындай... Бірақ сіздер мұндай жетім ауылды менсінбей, тура түзу де


жайлы тас жолмен үлгілі селоға тартасыздар, тек сондай та- машаны ғана көріп, жазасыздар?

– Арай, егер сен қарсы болмасаң, мен қазір сол қойнауда- ғы өгей ауылға бірге барсам...

– Соқыртеке ойнайсыз ба?! – деп сыңғырлай күлді. Күлкі- сі əдемі, бір түрлі кісінің ести бергісі келеді жəне күлу оған соншалық жарасады.

– Қайтар жолыңызда соға кетіңіз, екі-үш күнде мен де қайтармын.

– Мақұл, оған да келістік. Бірақ... Жүргізуші жігіт артына бұрылып:

– «Өркенде» түсетін кім бар? – деп дауыстады. Жатқан- дар жапа-тармағай қозғалып, үрпиісіп тұра бастады. Алғаш- қы айтқандары: «Қай жерге келдік?» болды.

– «Өркенге».

Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп, осы ауылға тоқтап бекер əуре болады, – деп, нəумез бола күңкілдесті. Арай ықшам тұрып, шағын қара сумкасын иығына асып тысқа беттегенде, мен де соңынан ілестім. Автобус есігін ашып жібергенде, анталаған аяз лап беріп, бетті шарпи шабуылдады-ай. Көзге түртсе көргісіз мылқау да дүлей қа- раңғылықты болар-болмас тесіп, сонадайдан əлсіз жарық сығыраяды. Бағанағыдай емес, алақұйын боран бəсеңдеп, кебінге оранған жер бетін өлім тыныштығандай – ұлы ты- ныштық иелік ете жалмап, жайпай бастаған екен. Мен Арай- ды сол түн-түнектің қара отауына кіргізіп тұрып, соңғы рет

«шығарып салайын» деп өтіндім. Ол қарсы болды. Тек авто- бус орнынан қозғала бергенде:

– Қайтарда келіңіз, аға, күтемін, – деген əдемі дауысын естіп қалдым.


Осы кезде жүргіншілердің арасынан: «Осы күнгі жастар тауық секілді, көзді ашып-жұмғанша танысып, табыса қала- ды» деген күбірін жəне естідім.

«Новостройкада» екі күн еру болып, үшінші күні жол- ға қайта шықтым. Мен барған село расында да көз тоятын көркем еді. Қалаша салынған, оқтай түзу көшелер, қаздай ті- зілген ақ шағала үйлер – бейне бір ғажайып түс көргендей боласың. Онша далиған көлемді де емес. Шап-шағын селоға əлемдегі жақсылықтың бəрін үйіп-төккенге ұқсайды. Облыс пен ауданға келген өкіл, ұятты қонақты осы «Новостройка- ға» ала жөнеледі білем. Маған осынау ауыл көрмеге қойған макет село секілденген. Десек те іштей ризамын. Басшыла- ры да қонақжай, лыпып тұрған, өңкей жүзіктің көзінен өткен жігіттер. Бірақ маған сонау «Өркеннің» бүкіл байлығы мен бақыт несібесін осы сүйкімді село ұрлап, тонап жатқандай əсерді жəне қалдырды. Арасы атшаптырым ғана екі ауылда неге соншалық жер мен көктей айырмашылық бар деп ой- лаймын. Өйткені «Новостройка» бұрыста емес, түзу жолдың бойында...» деді ішімнен бір үн...

Қызық, əнеугүні танысқан түбіт шəлілі қызды ептеп са- ғынғандаймын. Таныстық неғұрлым келте болса, сағыныш анағұрлым ұзақ болады-ау. Мен оны оқыстан таптым, мүм- кін өмірімнің алғы күндері соған телулі шығар-ау. Мүмкін, əйтеуір біреуді үнемі іздеп, елеңдеп жүрер жүрек байыз тауып, байырқалар айдынында жолыққан шығар-ау... Осы тілек, осы үміт-ау адам баласын елеңдетіп, ертеңгі күндер- ге асықтыратын, ұстатпай, сағымша бұлдырап шаршата- тын.

Таңертең аудан орталығына барар автобусқа мініп, дəл

«Өркеннің» тұсынан түсіп қалдым. Таңға жуық қырбақ қар


жауып, қансонар болып жатқан. Таудың көк желкесінен бо- лымсыз сығалаған жансыз күн сəулесі шағырмақ қарға түсіп, көз суыртып қаратпайды. Аппақ ұлпа дүниенің таңғажайып, көркем қысқы көрінісін айтып жеткізу қиын. «Өркенге» ба- рар жолды айқындаған шананың айқыш-ұйқыш ізі ғана, өзге белгі əзірше жоқ. Əлгі шананың қатар жарысқан қос сызы- ғы, кейбір адамдардың қиылыспайтын тағдыр соқпағын еске салады. Қойнаудағы ауылға беттедім.

Мұржадан ұшқан түтін желсіз тымық ауаға тік ұшып, баяу қалқып көзден ғайыптанады. Мұрныма сол күре жол- дан екі-үш шақырым қағаберіс оң шынтақта бұйығы жатқан қайран ауылдың түтіні келгендей еді. Қайқаң болғандықтан ба, алқынып жүрісім мандымады. Мен тіпті асығып та келе жатпағанмын. Арай, сөз жоқ, мені алаңдап тосып отыр. Ертең Алматыға бірге аттанамыз. «Əке-шешесі қалай қарар екен», – деп сезіктене ойлаймын.

Мен «Өркенге» келгенде, алғашқы көрген кісім – орта бойлы, қалың қара қасты, əдемі жігіт болды. Басы салбырап, аялдамаға қарай асығыс құлдырай жөнелген.

– Əй, жігіт, – дедім дауыстап. – Арайдың үйі қайсы? Ол маған түнере қарап тұрды да: – Оның кімі едің? – деп қайыра сұрақ қойды.

– Жай əншейін, танысымын.

– Анау... анау... ауыл шетіндегі қыстақ, – деді де, шұғыл бұрылып жүріп кетті.

Қыстаққа жақындағанымда, сыңсып жылаған дауыс есті- дім. Батылым бармаса да, тəуекел деп кіріп келгенімде, ба- сына қара жамылып, ағыл-тегіл жылап отырған əйелді, оны қоғамдай қоршаған шиеттей-шиеттей балаларды көрдім. Шешесіне қосылып пырсылдап жылайды. Жүрегім тас тө-



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.