|
||||||||||
Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлдік ойыны«Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - С. Мәуленов «Кішкентай суретші»; - Б. Заходер «Құрылысшылар»; - Н. Айтов «Киіз сырмақ»; - А. Санабеков «Мен сурет саламын»; - С. Қалиев «Үлкен үйлер не үшін қажет?». Өнімді іс-әрекет түрлері - үй-жай интерьері бар журналдарды қарау; - фланелеграфты безендіру. Балалармен әңгімелесу - «Дизайнерлік студия деген не?», «Ол не үшін қажет?», «Онда кім жұмыс істейді?» және т.б. Дидактикалық ойындар - «Бөліктерден құрастыр»; - «Әр нәрсенің өз орны бар»; - «Геометриялық кілем». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - сұлулық салонына топсаяхат (безендірілуіне назар аудару); - бұйымдарды безендіру элементтерін қағаздан және тастанды материалдан құрастыру. Ата-аналармен жұмыс - серуен кезінде ғимараттардың және үй-жайлардың ішкі жағының безендірілуіне балалардың назарын аудару, оны жасаумен айналысатын адамдар туралы әңгімелеп айту. «Дизайнерлік студия» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:ойында рөлдік өзара әрекеттестікті құруға және рөлдік өзара қарым-қатынастарды меңгеруге мүмкіндік туғызу. Өздігінен ойын желісін құра білуді, тақырыбын келісе білуді дамыту. Тапсырманы орындау сапасын бағалауға, көпшілік алдында өз пікірін білдіруге үйрету; қоршаған өмір туралы білімдерін бекіту, дизайнерлік студия қызметкерлерімен таныстыруды жалғастыру.
|
||||||||||
|