|
||||||||||
Олимпиада» сюжетті-рөлдік ойыны«Олимпиада» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - Е. Өтетілеуов «Кім күштірек?»; - Қ. Жұмағалиев «Мұз айдыны»; - Р. Қунақова «Қақпашы». Өнімді іс-әрекет түрлері - олимпиада рәміздерін, танымбелгілерін дайындау. Балалармен әңгімелесу - «Олимпиада деген не?», «Ол не үшін қажет?», «Оған кімдер қатысады?» және т.б. Дидактикалық ойындар - «Бүгін мен өзімді не үшін мақтар едім?»; - «Бүгін мен өзімді не үшін ұрсатын едім?»; - «Мен қандай болдым? Мен қазір қандаймын? Мен қандай боламын?». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - валеология - «Денім сау болсын десең»; - қоршаған ортамен таныстыру - «Спорт. Спортшылар. Спорт түрлері»; - сурет салу - «Біз жаттығулар жасаймыз»; - ұжымдық жапсыру - «Стадион». Ата-аналармен жұмыс - «Денім сау болсын десең» тақырыбындағы сабақтар туралы ата-аналарға арналған ақпараттық парақ. «Олимпиада» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты:ойын желісіне сәйкес шағын топтарға бөліне білуді және белгілі бір ойын әрекеті аяқталғанда тұтас ұжымға біріге білуді қалыптастыру. Балаларды қызықтыратын қоғамдық өмір оқиғаларын бейнелеу, балаларды бір мақсат айналасына топтастыру, эгоцентризмді жеңуге, бірлескен іс-әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік жасау, балалардың зейінін рөлдерді орындау сапасына, оның әлеуметтік мәнділігіне бағыттау.
|
||||||||||
|