Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Химиялық тазарту» сюжетті-рөлдік ойыны



«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- К. Чуковский «Федораның қайғысы»;

- К. Чуковский «Кірқоймас»;

- Г. Юдин «Кір жуатын орын «Егор және оның ұлдары».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- ақша, қабылдау бланкілерін дайындау;

- сүйікті ойыншығының кір киімін шешіп, химиялық тазартуға тапсыру.

Балалармен әңгімелесу

- «Химиялық тазарту деген не?», «Ол не үшін керек?», «Оны кім қолданады?», «Химиялық тазартуда кім жұмыс істейді?» және т.б.

Дидактикалық ойындар

- «Түсі бойынша таңда» графикалық модельдеуі;

- «Кімнің жұмысына не қажет?»;

- «Ассоциациялар тізбегі»;

- «Ақылды мәшинелер»;

- «Ғажайып сандық»;

- «Қуыршақтың іш киімін жуу».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- химиялық тазартуға, кір жуатын орынға топсаяхат жүргізу;

- қоршаған ортамен таныстыру - «Адам тұрмысындағы мәшинелер»;

- тіл дамыту «Өзінің жеке тәжірибесі туралы әңгіме құрастыру».

Ата-аналармен жұмыс

- үйде балаларға кірді қалай жуатынын көрсету.

«Химиялық тазарту» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты:рөлдерді орындау сапасына бағытталған бірлескен іс-әрекетті қалыптастыру. Қажет болған жағдайда басқа затты қолдану. Қызмет көрсету саласы туралы түсініктерді ойында бейнелеу, химиялық тазарту қызметкерлері жайлы балалардың білімдерін бекіту. Есте сақтауды дамыту, балалардың сөйлеу тілін белсендіру.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Тапсырысты қабылдау. Тапсырысты ресімдеу. Тапсырыс тың ақысын төлеу. Киім тазалау. Жаңа құралдарды табу үшін зертхананы қолдану. Тапсырысты орындау. Тапсырысты жеткізу.   Қабылдау бланкілері. Киімге арналған тыс қаптар. Киімдер. Зертханаға арналған жиынтық. Кір жуу мәшинесі. Үтік. Химиялық тазарту директорының рөлінде қызметшілерді басқарады, әдептілік ережелерін естеріне түсіреді, келушілерге кезек күту ыңғайлы болу үшін жағдай тудырады: орындықтар қоюды ұсынады, үстел үстіне журналдарды қояды және т.б. Қызметшілерге түскі үзіліс болғанын хабарлайды және дәмханаға баруды ұсынады, келесі кезектің жұмысын бастайды. Клиенттер кір киімдерін әкеліп, оны қабылдаушыға тапсырады, ақшасын төлейді, түбіртекті алады, таза киімдерді алады, алғысын білдіреді. Қабылдаушы, тіркеуші кір киімдерді қабылдап алады, қарайды, түбіртекті толтырады, кір жуушыға береді, телефон бойынша тапсырыс қабылдайды, жүргізушілерді мекен-жайлары бойынша жібереді. Кір жуушы бұйымдарды алады, жууға салады, ұқыпты болуын қадағалайды, бұйымдарды қабылдаушыға қайтарады.  Зертханашы бұйымдарды қарайды, дақтардың сипатын анықтайды, тазарту үшін қажетті ұнтақты таңдайды, заттарды операторға береді, түрлі ұнтақтарды араластырады, дұрыс тазарту үшін тәжірибе жүргізеді,  Оператор заттарды алады, ұнтақтың көмегімен тазалайды, заттарды қабылдаушыға қайтарады. Жеткізу қызметі заттарды мекен-жайлары бойынша түбіртекті көрсеткеннен кейін иелеріне жеткізеді, Жүргізушілер машиналарына жанармай құяды, жөндейді, таза бұйымдарды балабақшаға жеткізеді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.