|
||||||||||
Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны«Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығармалар оқу - Б. Житков «Менің көргенім» (шығармадан үзінді); - Д. Родари «Қолөнер деген не?»; - П. Воронко «Бәліш». Өнімід іс-әрекет түрлері - ас мәзірін жасау; - майлықтарды әдемілеп қою; - пиццалар мен тәтті тоқаштарды салу үшін қораптарды дайындау. Балалармен әңгімелесу - «Пиццерия» туралы түсінікті ашып айту, бұл жерде не пісіретіндігін айтып беру, балаларға пиццадан дәм татқызу. - «Макдональдс» деген не екендігін түсіндіру. Дидактикалық ойындар - Айгүл қуыршағына арналған ас-шай; - дастархан әзірле. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - жақын арада орналасқан дәмханаға, пиццерияға серуен жасау; - сурет салу «Жарнама»; - қоршаған ортамен таныстыру «Тамақтану мәдениетінің этикеті». Ата-аналармен жұмыс - атрибутика мен азық-түлікті таңдауға көмектесу; - саяхатқа қатысу «Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия» сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы Мақсаты:Азық-түлік өнеркісібінің қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін нақтылау. Балаларға рөлдерді бөлуге және рөлдері бойынша әрекет етуге көмектесу, өз беттерімен қажетті құрылыстарды салуға үйрету, балалардың тілектестік-қарым қатынас дағдыларын қалыптастыру. Балаларды қоршаған орта туралы алған білімдерін ойын барысында кеңінен қолдануға ықпал ету.
|
||||||||||
|