Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





тқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны



«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- Б. Житков «Опырылып құлау»,«Көмек келе жатыр»;

- С. Маршак «Өрт», «Белгісіз батыр туралы әңгіме»;

- К. Чуковский «Айболит».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- плакатқа сурет салу: бір жері сынғанда, буынын шығарып алғанда көмек көрсету (балалардың тілегі бойынша).

Балалармен әңгімелесу

- «Құтқару қызметі деген не?», «Онда кім жұмыс істейді?», «Құтқару қызметіне ерекше таңдау не үшін қажет?» және т.б.

Дидактикалық ойындар

- «Кімге нешеу керек?»;

- «Кімде осынша бар?»;

- «Қай ойыншық жасырылған?»;

- «Мамандықтар»;

- «Құтқарушы мәшинелер».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- қоршаған ортамен таныстыру - «Құтқарумен тікелей айналысатын адаммен көзбе-көз тілдесу;

- сурет салу - «Өрт сөндіргіш мәшинелер», «Құтқару қызметі»;

- валеология - «Қауіпсіздік мектебі. Мен көшеде келе жатырмын», «Қауіпсіздік мектебі. Мен үйде отырмын»;

- жапсыру - «Жедел жәрдем», «Желкенді қайық»;

- құрастыру - «Кемелер».

Ата-аналармен жұмыс

- ойынға қатысу (тілегі бойынша);

- құтқарушылардың қызметі туралы телехабар қарау, ол туралы әңгімелесу.

«Құтқару қызметі» сюжетті-рөлді ойынының

технологиялық картасы

Мақсаты:әлеуметтік шығармашылыққа жағдай жасау және ынталандыру, ойын желісіне сәйкес шағын топтарға бөліне білуді және белгілі бір ойын әрекеті аяқталғанда тұтас ұжымға біріге білуді қалыптастыру. Құтқару қызметі жұмысының гуманистік бағыттылығы, оның қажеттілігі, төтенше жағдайларда олардың жылдам әрекет ететіні туралы балалардың түсініктерін кеңейту. Балалардың тілін дамыту.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дабыл қағып шақыру. Оқиға болған орынды қарау, жергілікті жерде бағдарлану. Түрлі топтар ішінде құтқару жұмыстарын бөлу. Арнайы техниканы қолдану. Зардап шеккендерді құтқару. Алғашқы медициналық қызмет көрсету. Оқиға болған орынға қажетті заттарды жеткізу.   Арнаулы техника жиынтығы. Рациялар, телефондар. Жоспарлар, карталар. Құтқару қызметінің рәміздері. Құрал-жабдықтар. Қорғаныш бас киімдері, қолғаптар. Қолшамдар. Басқа ойындардыңмысалы, «Жедел жәрдемнің» атрибутта рын қолдану. Басқару пульттері, жүк көлігі, арқан (жіптер).  ТЖМ басшысының рөлінде оқиға болған жерге барардың алдында қажетті құралдар, жабдықтар туралы естеріне түсіреді, арнайы үйретілген иттері бар жол сілтеушілерді, жедел жәрдемді және басқаларын шақырады. Қызмет диспетчері қала картасында оқиға болған орында жанатын дабылды қызыл жарықты бақылайды, телефон қоңырауларын қабылдайды, қай қызметтің іске кірісетінін анықтайды. ТЖМ кез келген жағдайдан күн-түн демей құтқарып шығады, адамдарды іздеу үшін иттерді қолданады, Жүргізушілер арнайы техникамен зардап шеккендерге азық-түлік, түрлі заттарды жеткізеді, базаға қайта оралады, техниканы жөндейді.  Өрт сөндіру қызметі өрттен, су тасқынынан құтқарады. Жедел жәрдем аурудың шақыруы бойынша үйіне барады, жедел көмек көрсетеді, Фотосуретші лер ТЖМ бірге оқиға орнына барады, суретке түсіреді.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.