Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Мұражай» сюжетті-рөлді ойыны



«Мұражай» сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:

Көркем шығармалар оқу

- С.В. Михалков «Ленин мұражайында»;

- Ж. Жабаев «Өнер жайлы өлең».

Өнімді іс-әрекет түрлері

- қолданбалы-сәндік өнерінің топтамасын дайындау;

- өнер, жолсілтеме бойынша альбом жасау.

Балалармен әңгімелесу

- «Мұражай деген не?», «Мұражайда не бар?», «Мұражайда кім жұмыс істейді?», «Гидтің, күзетшінің киімдері қандай?» және т.б.

Дидактикалық ойындар

- «Керісінше айт»;

- «Бұл қай кезде болады?»;

- «Бұл неден жасалған?»;

- «Кім не киген?».

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- мұражайға топсаяхат ұйымдастыру;

- тіл дамыту - «Қолданбалы-сәндік өнерінің бұйымдары туралы әңгіме құрастыру»;

- халық шеберлері бұйымдарының суретін салу.

Ата-аналармен жұмыс

- өлкетану мұражайына ұйымдастырылған топсаяхатқа қатысу;

- баламен бірге мұражайға бару.

«Мұражай» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: мұражай қызметі, оның қажеттілігі туралы балалардың түсініктерін бекіту. Ойын барысында қарым-қатынас жасауға, өз өтінішін білдіруге, сұрақтар қоюға, әрекеттеріне түсініктеме беруге, бір-біріне қайырымды болуға үйрету.

 

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мұражайға баруға дайындалу. Жолсілтеме ні қарау. Мұражайды таңдау. Экспозиция ларды безендіру. Топсаяхат. Қалпына келтіру шеберханасы   Қолданба лы-сәндік өнері бұйымда рының топтамасы. Фотосурет тер, репродук циялар. Маңдайша жазулары. Өнер туралы альбомдар. Түрлі бағытты мұражай лар бойынша жолсілтеме лер. Экспонат тардың паспортта ры. Қалпына келтіруші қызметкер лердің құрал-саймандары арнайы киімдері.   Директордың рөлінде мұражайды басқарады, экспонаттар ды қабылдап алады, қалпына келтіруші қызметкерлер мен келіседі, қызметшілерді басқарады: мұражай қызметкерлерін проспектілер жасауға, экспозициялар ды безендіруге, келушілермен жұмыс жүргізуге үйретеді. Кассир билет сатады, жолсілтемелерді таратады. Мұражай қызметкерлері экспонаттарды таңдайды, экспонаттардың паспорттарын, маңдайша жазуын дайындайды, экспозицияны безендіреді. Суретшілер мұражайдың ашылуы туралы жарнама дайындайды. Қалпына келтіруші қызметкерлер ескі экспонаттарды жөндейді. Топсаяхат жүргізуші (гид) келушілерді мұражай ішімен алып жүреді, экспонаттар жайлы әңгімелейді. Келушілер билет сатып алады, бағдарламамен таныс болады, экспонаттарды қарайды, сұрақтар қояды, өз тілектерін кітапшаға жазады,  Дүңгіршек сатушысы өнер жайлы фотосуреттер, открыткалар, альбомдар сатады. Жүргізушілер экспонаттарды алып келеді, көліктің жүріп-тұруын қадағалайды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.