|
||||||||||
Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны«Кітапхана» сюжетті-рөлдік ойыны Ұйымдастыру жұмысы: Көркем шығырмалар оқу - «Кітапхана» Е. Өтетілеуов; - «Оқи білген қандай тамаша» В. Берестов; - «Кітаптарды қалай басып шағарады» Б. Житков; - «Менің кітабым» Ғ. Мусрепов. Өнімді іс-әрекет түрлері - көрме сөрелерін, тақталарды, оқырмандардың карточкаларын дайындау; - балаларға арналған жиналмалы кітаптар жасау. Балалармен әңгімелесу - «Кітапхана туралы не білесіңдер, ол сендерге не үшін қажет, кітапханада қалай жүріп-тұру керек»; - «Кітап — өте керек зат екенін, сондықтан оған ұқыпыт қарау керектігін айту. ». Дидактикалық ойындар - «Сөзді аяған жеткізіп айт»; - «Жұмыс үшін кімге не қажет». Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - кітапханаға саяхат; - Қоршаған ортамен таныстыру «Бізге кітап келді». Ата-аналармен жұмыс - үй кітапханасын қарау, балаларға оқу үшін кітаптарды таңдау, оларға жеке сөрелер арнау, бұл үй кітапханасы екендігін, ол кітаптармен толықтырылатындығын айту. «Кітапхана» сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы Мақсаты: Ойын барысында қоршаған орта туралы алған білімдерін, кітапханалардың әлеуемттік маңыздылыған көрсету. Кітапхана қызметкерлері туралы түсініктерін нақтылау, қоғамдық орындағы мінез-құлық ережесін бекіту. Ойынды ойластыруын өз құрбыларының ойымен келістіру. Ойын барасында рөлдерді ауыстыру. Балалардың есте сақтауын, тілдерін дамыту.
|
||||||||||
|