Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Біледі: ертегінің мазмұнын.



Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді.

Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы оқуды.

 

 

Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 

17.Тақырыбы:«Айна» (халық ертегісі)

Мақсаты: балаларды ертегіні түсініп, мазмұнын мәнерлі айтуға үйрету, сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі суреттері, саусақ театрының кейіпкерлері, әр балаға айна.

Сөздік жұмыс:кірпі, керік, қоян.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

- Балалар, бүгінгі біздің жасалатын жылулық шеңбері өте қызықты өтеді. Сондықтан шеңбер бойына дөңгеленіп тұрайық, үлкен шеңбер құрайық. Жылулық шеңбері

Алақан арқылы бір-бірімізге жылулық лебіз білдіреміз.

Домбырам күмбірлеп, Күй шерте аламын,

Бұрала би билеп,

Сурет те саламын.

Кіріспе әңгіме.

- Тапсырмада берілген «Айна» ертегісін тыңдай отырып, ертегі кейіпкерлерін есте сақтап қалуға зер салайық.

Мәнерлі дауыс ырғағымен балаларға ертегі оқылады.

Сұрақ-жауапарқылы балалардан мазмұнын сұрап, ертегінің желісін ашу. Сөздік қорларын байыту үшін сездік жұмысын жүргізу. Мысалы:

- Ертегі сендерге ұнады ма?

- Ертегіде не жайлы айтылған?

- Ертегі кейіпкерлерін естеріңе түсіре аласыңдар ма?

- Кейіпкерлердің бір-бірінен айырмашылықтары неде?

Балалар қимыл арқылы өлең шумақтарын қайталайды.

Балалар зейін қоя тыңдайды.

Педагогтің жетелеуімен балалардың жауабы.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сергіту сәті (жаттықтыру ойыны арқылы тілдерін жаттықтыру).

Кірпі, керік, қоян сөздерін анық айту үшін тілдің қалай қозғалып, жұмыс жасайтынына көздерін жеткізеді.

Балалар көтеріңкі көңіл күйде болады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.