Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Рефлексиялық - түзетушілік



Рефлексиялық - түзетушілік

Өз ойларын айта білгені үшін балаларды мақтау, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:Біледі: ертегінің мазмұны мен жан-жануарлардың атауларын.

Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.

Меңгереді: ертегінің мазмұнын айта білуді.

Күні________

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 

18.Тақырыбы:«Құлыншақ» (өлең)

Мақсаты: балалар көркем әдебиетіндегі адамгершілік әлемімен таныстыру. Туынды мағынасын түсінуге, кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Әдеби кейіпкерлердің бейнесі мен ересектерге жақсы қарым-қатынасты үлгі ету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: сурет, үнтаспа, хрес­томатия.

Сөздік жұмыс:құлын, құлыншақ, құндыз, жұлдыз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Психологиялық сәт.

- Ал, балалар, шеңбер бойына тұрып, қимылды жаттығулар жасайық.

Өзен

Өзенге қарай жүгірдік,

Рахаттана жуындық.

Батылдықты растап,

Жүзіп бердік құлаштап.

Жүзе бердік еркіндей,

Су төресі дельфиндей.

Сөйтіп жақсы демалып,

Қайттың үйге оралып.

Бір орында жүгіреді, кеуделерін еңкейтеді, жуынғандарын көрсетеді, жүзеді (қолдарын алға созып, дельфин тәрізді жүзеді) бір орында тұрады.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінде ерекше бір өлең жолдарымен танысамыз. Өлеңді оқып беру.

Құлыншақ

Құлын, құлын, құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ.

Маңдайында жұлдызы,

Құйрығында құндызы. (М.Жаманбалинов)

Сұрақ-жауап.

- Оқылған өлең сендерге ұнады ма?

- Авторы кім?

Құлын қай малдың төлі?

Сергіту сәті

Жеті мен сегіз,

Қошақан ғой егіз.

Тоғыз бенен он,

Көгершін боп қон.

Балалар сұраққа жауап береді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.