![]()
|
|||||||
йымдастырушылық – ізденістікҰйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Отан деген не? - Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? - Біздің ұлтымыз - қазақ. Отанымыз - Қазақстан Республикасы деп аталады. - Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетінде ақын Ермек Өтетілеуұлының «Отан» өлеңімен танысамыз. «Отан» өлеңін мәнерлеп оқып беру. Әңгімелеу. - Отанды біз «атамекен» деп айтамыз, өйткені оны бабамыз бен атамыз мекен еткен. Отанды әркім анасындай бағалап, қастерлейді. Өйткені Отан бізді баласындай өсіріп, аялайды. Отан деген - атамекен, Отан деген - туған жер, Отан - ана, Отан - үлкен Қазақстан — туған ел. Балалардың жауабы. Мұқият тыңдайды. Қосыла қайталайды. Рефлексиялық - түзетушілік
- Отан туралы қандай өлең, тақпақтар білесіңдер? Мақал-мәтелдер айту. Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер айтады. Күтілетін нәтиже: Біледі: өлеңнің мазмұнын түсінеді. Игереді: өз Отанын, жерін сүйіп, құрметтеуді. Меңгереді: мақал-мәтелдер арқылы ой-өрісі кеңейеді.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 12.Тақырыбы:«Әке мен бала» (әңгіме) Мақсаты: ересектермен қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, еңбекке қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету. Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, үнтаспа. Сөздік жұмыс:таға, қанағат.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Шаттық шеңберіне тұрып орындайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе кезең. - Бүгінгі оқу іс-әрекетінде Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесімен танысамыз. Сурет арқылы әңгімелеу. «Әке мен бала» суреті арқылы сұрақтарға жауап беру. - Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар? - Олар қалай киінген? - Әкесі мен баласына ат қояйық. - Олай болса, қазір мен сендерге «Әке мен бала» әңгімесін оқып берейін. Әңгімені оқып беру
|
|||||||
|