|
|||
Мерекені байырғы. Алды халқым қабылдап.. Ошақта от жалындап.. Сергіту сәті. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.. Мен сендерге оқып берген өлең шумағында не жайлы айтылған?Мерекені байырғы Алды халқым қабылдап. Ақ дастарқан жайылды, Ошақта от жалындап. Сергіту сәті Музыка ырғағымен қимылдар жасау. Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. - Мен сендерге оқып берген өлең шумағында не жайлы айтылған? - Наурыз мейрамын қалай қарсы алады? Әртүрлі әуенге би қозғалыстарын жасайды. Балалардың жауабы. Рефлексиялық – түзетушілік «Гүл құрастыру» ойыны. Ойынды ойнайды. Күтілетін нәтиже: Біледі: өлеңнің мазмұнын. Игереді: күн мен түннің теңелетінін, басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды. Меңгереді: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін қалыптастырып, салт-дәстүрді құрметтеуді.
Күні________ Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімі:«Бала тілін дамыту» 21.Тақырыбы:«Бәріміз үшін бәрі де» өлеңі Мақсаты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттестік ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру. Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер. Сөздік жұмыс:мамандық, наубайшы, тас қалаушы. Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық – қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, шаттық шеңберін өткізу. Достарды біз қолдаймыз, Қиын шақта қорғаймыз, Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз. Шеңбер болып тұрады.
Өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды. Ұйымдастырушылық – ізденістік Кіріспе әңгіме. - Бүгін ерекше күн. Біз оқу іс-әрекетінде поляк ақыны Юлиан Тувимнің «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңімен танысамыз. Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Сергіту сәті Зуылдаймыз, зулаймыз, Алыс-алыс жерлерге. Бақытты біз достармыз Сапар шеккен елдерге. Сұрақ-жауапарқылы өлеңнің мазмұнын ашу - Қандай мамандықтарды білесіңдер? - Тас қалаушы деген кім? - Наубайшы деген кім? Мақал-мәтел айту. Еңбек етсең ерінбей Тояды қарның тіленбей. Еңбек түбі береке. Еңбектің наны тәтті, Жалқаудың жаны тәтті. Мұқият тыңдайды. Қимылдар жасайды. Балалардың жауабы. Қайталайды.
|
|||
|