Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маркетинг бюджетті құру.



15.2 Маркетинг бюджетті құру.

 

Көптеген фирмалар ресми қабылданған жоспарсыз жұмыс атқаруда. Жаңадан құрылған фирмалардың басшылары жұмыспен сонша көп айналысатындығынан олардың - жоспармен айналысуға уақыты жоқ. Кемелденген фирмаларда, көптеген басқарушылардың айтуынша, олар осы уақытқа дейін формалъды, жоспарлаусыз да жұмыстарын орындап келе жатқандықтан, оның онша маңызы болмағаны ғой деп санайды. Олар жоспарды жазбаша дайындауға уақытын алғызғысы да келмейді. Олардың айтуынша, нарықтағы жағдай соншама тез өзгеретіндіктен, жоспарлаудан онша пайда болмай, ол ақыр аяғында шаң болып сатыда жатады. Міне, сондықтан және де басқа бірқатар себептерден көптеген фирмалар өздерінде формальды жоспарлаумен айналыспайды.

Дегенмен, формалъды жоспарлау бірталай пайдалардан дәмелендіреді. Ол пайдаларды Мелвиил Бранч мынадай ретімен атап өтеді:

1.Жоспарлау басшыларды тұрақты түрде келешекті ойлауға итермелейді.

2.Ол фирманы алдын ала жасалған әрекеттеріне тура үйлестіруге мүмкіншілік береді.

3.Ол келешекте бақылауға болатын жұмыс көрсеткіштерін белгілеуге мүмкіншілік береді.

4.Ол фирманың өз міндеттерін және саяси нұсқауларын дәл анықтауға мәжбүр етеді.

5.Фирманың төтенше езгерістерге дайыңдығын жоғарылатады.

6.Ол барлық лауазымды адамдардың міндеттерінің өзара байланысын көрнекті көрсетеді.                                                    

       Стратегиялық жоспарлау фирма шегіндегі басқа жоспарлар үшін плацдарм болатын болғандықтан оны ең алдымен қараймыз. Стратегиялық жоспарлауға былай деп анықтама береміз:

Стратегиялық жоспарлау - бұл маркетингілік өрісте фирма мақсаты мен потенциальды мумкіншіліктерін стратегиялық қатынаста болдыру және жалғастыруға керекті басқару процесі. Ол фирманың дәл тұжырымдалған бағдарламалық мәлімдемесіме, көмекші мақсаттар мен міндеттер мазмұндамаларына, дұрыс шаруашьшық портфеліне және өсу стратегиясына сенеді.

Стратегиялық жоспарлау үш негізгі шарттарды сақтауды талап етеді:

Бірінші шарт-компанияның қызметі инвестициялық қоржынды басқару принципінде құрылады.оның мәні-компанияның әрбір қызмет бағытын орындау үшін ресурстардың тиісті түрде бөлінуінде.

Екінші шарты-әрбір қызмет түрінің келешегін бағалау.Осы мақсатпен нарықтық өсу көрсеткіштері және компанияның нақты нарықтағы позициясы зерттеледі.тек ағымдық сату немесе пайда көлеміне бейімделген компаниялар олардың шектеулі екндігіне көздері жетті.Мысалы,1970 жылдары «Ford Motor» компаниясы үшін үлкен машиналарды өндіру тиімді болды.алайда нарықтық зерттеулер тұтынушылардың сұранысы шағын литражды автомобильдер жағына ауғанын көрсетті.Сондықтан компания инвестицияларды өндірісі сол кезде залалды болған шағын автомобильдерге жұмсады.

Үшінші шарты-стратегияны әзірлеу.Әр бизнес үшін ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жоспары жасалады. Сондықтан,әрбір компания іс-әрекетін,мақсаттарын,мүмкіндіктерін,ресурстарын зерттей отырып,өз стратегиясын әзірлейді.Егер компания саясаты шығындарды төмендетуге бағытталса,оның бәсекелесінің саясаты жаңа өнімге өндіруге бағытталуы мүмкін.

Стратегиялық жоспарлаудың кезендері 1 суретте келтірілген, ал оларды суреттеу төменде беріледі:

 


                                                                                                       

1 с

 

cурет. Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдері

 

Көптеген ірі компаниялардың ұйымдық құрылымы төрт деңгейден тұрады. Олар-корпоративтік,бөлімше,бизнез-бірлік және өндірістік желі деңгейлері.Компанияның бас кеңесі іс-әрекетін келешекте пайда берсе,штаб-пәтер оның бөлімшелерін дамыту,бизнестің жаңа бағыттарын ашу немесе келешегі жоқтарын жабу туралы шешім қабылдайды.Компанияның әрбір бөлімшесі іс-әрект бағыттары бойынша ресурстар бөлінген жоспарын әзірлейді.Бизнес-бірліктің стратегиялық жоспары оны ұзақ мерзімді рентабельділікке,ал өндірістік желінің жоспары мақсаттарына жетуге бағыттайды.

Көптеген компанияларда маркетингтік жоспар стратегиялық және тактикалық екі деңгейде әзірленеді.Стратегиялық жоспар компанияның даму келешегін анықтайды, тактикалық-ағымдық міндеттерді шешуге бейімделген.Стратегиялық жоспар тек бір ғана өнім желісіне немесе нарық секторына байланысты жасалып қоймайды,ол кәсіпорынның барлық іс-әрекетін қамтитын бірыңғай жоспардан тұрады. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпорындар негізінен стратегиялық жоспарлауда қарағанда, жедел жоспарлауды көбірек пайдаланады. Стратегиялық жоспарлау нарықтағы бәсекелестік күрестегі басты фактор болып табылады. Стратегиялық жоспарлаумен айналысатын фирмалардың жетістіктері жоғары болатындығы зерттеулер нәтижесінде анықталған. Стратегиялық жоспарлаудың мәні болашақта технологиялық, экономикалық және әлеуметтік-мәдени өзгерістерге байланысты өсіп отырады.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Маркетингті жоспарлау?

2. Маркетинг жоспарының кезеңдері?

3. Маркетинг жоспары?

4. формалъды жоспарлау?

5. Стратегиялық жоспарлау?

6. Стратегиялық жоспарлау қандай  шарттарды сақтауды талап етеді?

7. Компаниялардың ұйымдық құрылымы қандай деңгейден тұрады?

8. Сандық және сапалық көрсеткіштерге нелер жатады?

9. Көлемдік және көлемдік көрсеткіштерге нелер жатады?

10. Табиғи өлшемдерге нелер жатады?

Негізгі пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.Телегенов Э.Т. Баскару есебі. Оку Құралы . Алматы 2006ж

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3.Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

4. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

5.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

6. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

Слайдтардың тізімі:

 

1. Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары

2. Маркетинг жоспарының кезеңдері

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.