Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 12. ЖАЛПЫ ЗАУЫТТЫҚ НАКЛАДНОЙЛЫҚ ШЫҒЫНДАР БЮДЖЕТІ



ЛЕКЦИЯ 12. ЖАЛПЫ ЗАУЫТТЫҚ НАКЛАДНОЙЛЫҚ ШЫҒЫНДАР БЮДЖЕТІ

Лекцияның мақсаты: Бюджет жүйесі, түрлері, құрылымы және бюджеттік деңгей, бiрыңғай бюджеттік класиффикациясы және бюджетаралық қарым-қатынас, бюджеттік есепке алу мен есептілік, бюджетті орындаудағы қаржылық бақылау.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Бюджеттік жүйе, ынтымақтық принцип, толыгу принципі, шынайшылық принцип, жайдарылық принципі, орталық (республикалық) бюджет жэне жергілікті бюджеттер, бюджеттік катынастар, трансферттер нормативті, бюджет тапшылығы (профициті), бюджет тапшылығын қаржыландыру.

 

Лекция сұрақтары:

12.1 Жалпы зауыттық накладнойлық шығындарды құрастыру. Әкімшілік және өткізу бөлімдерінің сметасы.

12.2 Өндіріске қажетті банк қаражаттарын тарту сметасы.

12.1 Жалпы зауыттық накладнойлық шығындарды құрастыру. Әкімшілік және өткізу бөлімдерінің сметасы.

 

1. Кешенді өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша тарату үшін "Көмекші өндірістің керсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық шығындары, өндірілген өнімнің саны керсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша-будың тоннасы, компрестік қондырғы- қысылған ауаның куб метрі, электростанция- киловатт/сағаты, автотранспорт- тонна/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.

"Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалык кестесі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, керсетілген қызметтердің және көмекші өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-қарсы қызметтердің өзіндік құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бір өлшемінің өзіндік құны анықталады.

Екінші бөлімнің деректері "Цех шығындарының" негізінде ведомосқа жазылады, содан соң өнімді, жұмысты және кызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі де, 8210 шоты кредиттеледі.

Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын бөімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.

Технологиялық процестің сипатына жөне шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай қосымша өндіріс карапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар (электр станциялары, бу-қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі) болмайды.

Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілгем қызмеггердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді. Күрделі өндіріске жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.

Мысал:

Кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық, жөңдеу механикалык, бу - қазаңдық цехтары бар болсын делік. Олардың ішінен жөңдеу-механикалық цехы-күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі карапайым цехтар қатарына жатады.

Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылды:

Қарапайым өндірістің калькуляциясы. Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметгің және жұмыстың өзіндік кұнынын бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге, жұмысқа, қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі (өзара көрсеткен қызметтерін шегеріп барып).

- Бу қазан цехы. Бу қазан цехынын таза өзінін, шығыны 2610080 теңге кұраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен кызметі (құрал-жабдыктарды жөндеу бойынша) - 175150 теңге кұраған, автотранспорт цехынын көрсеткен қызметі (есептік кұны бойынша) - 382719 теңге кұраған.

1 тонна будың есептік өзіндік кұны — 185 теңге кұраған (өткен айдағы нақты шығындарының денгейінен алынған).

Ағымдағы айда жьлжыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, енді ол счетчиктердің көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардын арасына таратылады:

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметгің нақгы өзіндік құны 2920049 теңге кұраған: 2610080 + 175150 + 382719 - 1340 х 185 (жоспарлы өзіндік кұны бойынша жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік кұнының бірлігі 223,64 теңгеге тең болған (2920049 : 13057).

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны туралы мәліметтің (223,64 теңге) және тұтынылған қызметтің саны туралы ақпараттың негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен шығарылады.

- Автотранспорт цехы. Автотроанспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны 18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал автотранспорт цехынын өзі жасаған шығын 3414419 теңге құраған, карама-қарсы қабылданған қызметтің деңгейі — 253861 теңге кұраған Өткен айдың нақты өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір т/км-дің жоспарлы өзіндік құны 193 теңге кұраған.

Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметгің сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:

бу казан цехы бойынша - 382719 теңге (1983 т/кмх193);

жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 теңге (520 т/кмх193).

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік кұнының сомасы 3185021 теңге құраған (3414419+253681-382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің көлемі 16454 т/км кұраған (18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар бойынша шығындардын, жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің көлеміне (16454) бөлеміз де, 1 т/км нақты өзіндік кұнын табамыз, ал ол біздің мысалда — 193,57 теңге құраған (3185021:16454).

Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспортгық қызметті тасымалданған жүктің т/км бойынша есептелген санына пара-пар (пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.

Кешенді өндірістің калькуляциясы. Шығындардың талдамалық есебі жөндеу түрлері жәнежөнделетін объектілер бойынша, дайындалған аспаптар, керек-жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы аяқталмаған өндіріс калдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы аяқталмаған өндіріс калдықтары көрсетіледі.

Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы тапсырыстар кітабына жазылады және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядында және басқа кұжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға кажет. Материалдар бір тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға кайтарылады және сол қайтарылған материалдардың кұнына тапсырыстың шығыны азайтылады. Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда есептелінеді. Өзіндік кұнның калькуляциялық-карточкасының негізінде ай сайын 920 шоттың кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.

Мысалға, жөндеу-механикалық цехының еңбеккерлері негізгі цехтың (кесу және пішу) құрал-жабдықтарына күрделі жөндеу жұмысын жүргізген, сондай-ақ бу қазан және автотранспорт цехтарына ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізген және олардың өндірісіне кажет құрал-саймандарды әзірлеген.

Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалады:

Бу қазаны мен автотранспорт цехының жөндеу-механикалық цехына көрсеткен қызметі қарама-қарсы қабылданған өткен айдағы қызметтің нақты өзіндік кұны туралы мәліметтің негізінде аныкталған есептік құны бойынша көрсетілген:

- бір т/км өзіндік құны — 193 теңге;

- бір тонна будың өзіндік құны - 185 теңге.

Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің деңгейін анықтаудың үлкен маңызы бар екенін атап өткен абзал. Нақтылап айтқанда, осы екі әдіс бойынша, яғни: іс жүзіндегі өзіндік құны бойынша да, есептеп шығару жолымен де бағалауға болады.

Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот (тапсырысы) бойынша анықталады.Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке алынған шығындары қосылады жөне айдың соңында аяқталмаған өндірістің сомасы алынып тасталынады. Осыдан келіп шыққан айырмашылығы шығарылған өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құнын құрайды. Көмекші өндіріс кызметін тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік кұны анықталады.

Алдымен негізгі тұтынушының тұтынған қызметін табады (ол бойынша мысалы: бу қазаны бойынша - 13057, ал автотранспорт цехы бойынша - 16454 болады). Содан соң негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік кұнын (2920049; 3185021) сол тұтынушының тұтынған қызмет санына бөледі (13057; 16454). Егер де біз жоғарыда алынған қызметтің өіндік кұнының бірлігін (223,64) көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің санына көбейтсек (13057), нәтижесінде, негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің накты өзіндік құнының сомасын аламыз. Онда әрбір цех бойынша жоспарлы өзіндік құны көрсетілген.

Жалпы зауыттық накладной шығындарын құруға өндірістік бөлім жетекшісі міндетті. Сметадағы накладной шығындарының жалпы сомасы өндіріс деңгейіне қатысты шығындар динамикасына байланысты.

Кәсіпорындағы жалпы зауыттық накладной шығындарының жылдық сметасы төмендегідей.

№1 цехтың негізгі өндірістік қызметінің уақыт шығыны – 102000 сағат.

№2 цехтың негізгі өндірістік қызметінің уақыт шығыны – 24075 сағатты құрайды.

 

 

Көрсеткіштер

Негізгі өндірістік жұмыс-шылардың 1 сағатқа есептелінген накладной шығындарының ставкасы

 

Накладной шығындары

 

Барлығы,

мың тг.

1 цех, тг 2 цех, тг 1 цех, мың тг 2 цех, мың тг
І. Бақыланатын накладной шығындары: - көмекші материалдар - көмекші жұмысшылардың еңбегі - энергия (өзгермелі бөлігі) - жөндеу және техникалық кү-тім жасау (өзгермелі бөлігі)                     30 600   30 600 1 530   5 100     4 815   7 222,5 2 407,5   2 407,5  
Барлығы - - 67 830 16 852,5 84 682,5
ІІ. Бақыланатын накладной шығындары: - амортизация - бақылау - энергия (тұрақты бөлігі) - жөндеу және техникалық кү-тім жасау (тұрақты бөлігі)         25 000 25 000 10 000   11 400     20 000 10 000    
Барлығы     71 400 31 299 102 699
Жиынтық накладной шығыны     139 230 48 151,5 187 381,5
Жалпы зауыттық накладной шығындарын бөлудің смета-лық ставкасы   -   -   1,365 (1)   2,00 (2)   -

 

(1) 139230 мың теңге жиынтық накладной шығындарын №1 цехтағы уақыт шығнына және (2) 48151,5 мың теңге жиынтық накладной шығындары №2 цехтағы негізгі өндірістік қызметтің уақыт шығынына бөлу арқылы накладной шығынды бөлудің сметалық ставкасы анықталады. 

Өткізу және әкімшілік бөлімнің сметасы бөлек жасалады және ол ағымдық операциялық шығындар жоспарын жан-жақты көрсетеді. Мұндай бюджетті жасау осы шығындарға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет. Осы бюджет элементінің көп бөлігін тұрақты шығындар құрайды.

 

2-кесте. Өткізу және әкімшілік бөлімнің жылдық сметасы

Шығын элементтері Шығын көлемі, мың теңге
Өткізу бөлімі: - еңбекақы төлеу шығындары - комиссиондық шығындар - транспорт шығындары - жарнама   7 500 15 000 5 500 20 000
Барлығы 48 000
Әкімшілік бөлімі: - кеңсе шығындары - еңбекақы - басқа да шығындар   1 000 12 800 2 000
Барлығы 15 800
Жиынтық сома 63 800

 

2. Кәсіпорында өндіріс қажеттілігі үшін тартылған банктік құралдардың сметасын құру барысында өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ету үшін меншікті құралдар ескеріледі. Өндіріс қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында меншікті айналыс құралдарының жеткіліксіздігі барысында екінші деңгейлі банктерден қарыз-қаражаттарды тарту сметасы құрылады. Мұндай сметаны құру меншікті айналыс құралдарының айналымдылығы мен кәсіпорынның төлеуін қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Кассалық консолидировалық смета – бұл кез-келген уақытта қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету. Кассалық консолидировалық смета іс-жүзінде ай және аптаға бөлінеді. Кассалық смета бұл қажет етілген мөлшерден асып кеткен құралдардан кәсіпорынды құтқаруда үлкен роль атқарады.

Кәсіпорындағы кассалық консолидировалық смета нысаны мына түрде болады:

Көрсеткіштер І тоқсан ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІV тоқсан Барлығы
Бастапқы қалдық Дебитордан келіп түскен құралдар 8 500   250 000 28 500   300 000 73 500   280 000 105 496   246 250   1 076 250
1. Жиынтығы 258 500 328 500 353 500 351 746 1 084 750
Төлемдер: - материалды сатып алуға - еңбекақы төлеу - басқа да шығыстар   100 000 100 000 30 000   120 000 110 000 25 000   110 000 120 000  18 004   136 996 161 547 3 409   466 996 491 547 76 413
2. Жиынтығы 230 000 255 000 248 004 301 952 1 034 956
Соңғы қалдық (1-2) 28 500 73 500 105 496 49 794 49 794

 

Бақылау жүйесі – бұл кәсіпорын кызметін басқару мен болашақта негізін дұрыс қамтамасыз етуге көмек көрсететін коммуникативтік сеть. Бақылау процесіне мониторинг жүргізіледі, егер нәтиже берілген тапсырмадан ауытқыса, онда түзетулер енгізіледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. "Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалык кестесі неше бөлімнен тұрады?
  2. Қарапайым өндірістің калькуляциясы дегеніміз?
  3. Кешенді өндірістің калькуляциясы дегеніміз?
  4. Күрделі және көмекші өндірістеріндегі өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын есептеу формуласы?
  5. Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны қалай есептеледі?
  6. Тұрақты шығындар дегеніміз?
  7. Көмекші шығындар дегеніміз?
  8. Кассалық консолидировалық смета?
  9. Кассалық смета?
  10. Бақылау жүйесі?

Негізгі пайдаланатын әдебиеттер:

1.Телегенов Э.Т. Баскару есебі. Оку Құралы . Алматы 2006ж

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3.Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

4. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

5.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

6. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

Слайдтардың тізімі:

 

1.Қарапайым өндірістің калькуляциясы

2."Көмекші өндіріс қызметін таратудың" талдамалык кестесі

3. Өткізу және әкімшілік бөлімнің жылдық сметасы

4. Кәсіпорындағы кассалық консолидировалық смета нысаны

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.