Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сметаны құруды компьютерлендіру



14.2 Сметаны құруды компьютерлендіру

Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымының күрделенуіне байланысты ішкі бақылау қызметінің қызметі үлкен мәнге ие болуда. Бәсеке ортасында ішкі бақылаудың тиімді жүйесі ұйымның өміршеңдігінің кепілі және табысты қызметтің басты шарты болып табылады.

Шоттардың келтірілген өзара байланысы шығындар құрамын, шығын шоттарына жатқызылу мен олардың жабылуын көрсетеді. Мәселен, өндіріске шикізатты, материалдарды жіберу, еңбекке ақы төлеу шығындары, демалысқа ақы төлеу резервтерін есептеу, еңбекке ақы төлеуден жарналарды әлеуметік салыққа жіберу, жүкқұжатты шығындарын есептен шығару негізгі өндіріс шотына және шығындар бөлігі кезең шығындары шоттарына жатқызылады. Есеп беру кезеңнің аяғында негізгі өндіріс шоттары дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылады, ал кезең шығындары 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотында жабылады.

Өндіріс процессі – кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі негізгі, сондықтан өндіріс шығындары есебі мен аудиті – бухгалтерия жұмысы мен аудиторлық тексерудің жалпы учаскесі. Сондықтан осы циклды тексеру кезінде аудитор өндіріс пен дайын өнімді тиеуге, шикізаттың босалқы қорларын сақтауға қатысты қолдаеылатын бақылау процедураларын түсінуі керек.

Өндіріске жұмсалған шығындарды аудиторлық тексеру – аудиторлық қызметтің көп еңбекті қажет ететін процестерінің бірі, ол ұйым қызметінің жекелеген түрлерінің өндірістік шығындарының дұрыс есептелу ерекшеліктерін білуді талап етеді.

Өндіріс шығындарыміндеттерін орындауға кіріспес бұрын, өндіріс процесі мен шығындарға жасалатын ішкі бақылаудың әлсіз және мықты жақтарын бағалау мақсатында алдын – ала шолу жүргізу керек. Жалпы мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесін бағалау үшін ұйымға арнайы сұрақтар жиынтығын дайындаған орынды. Тексеру барысында құрылыс жұмыстарын орындауға жұмсалған шығындарды есепке алудың дұрыстығын, әрі заңдылығын анықтау қажет. Шығындарды тексеру кезінде орындалған жұмыстардың өзіндік құнының дұрыс есептелгенін құжаттармен растау керек, өйткені өзіндік құн жұмыстарды орындау барысында жұмсалатын материалдық және еңбек шығындарының пайдаланылу тиімділігін, ұйымның табыстылығын және қаржылық тұрақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды синтетикалық көрсеткіштердің бірі.

Құжаттық тексеруді жүргізерге дейін аудитор ұйымның ұйымдық және технологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оның өндірістік қызметінің барлық түрінің сипатын, мамандану аясын, қарқынын (масштаб) және құрылымын анықтауға міндетті.

Үстеме шығындар құрылыс – монтаж жұмыстарына жұмсалынған шығындардың құрамында едәуір үлесті алады, сондықтан олардың қалыптасу және бөліну негізділігін мұқият тексеру керек. Шығындардың үстеме шығындарға жатқызылуының дұрыстығын бухгалтерлік есептің №7 және №12 стандарттарының әдістемелік нұсқауларына сәйкес тексеру керек. Үстеме шығындар есебінің дұрыстығын тексеру алғашқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Тексеру кезінде үстеме шығындардың құрамында басқа шоттарға апарылуы тиіс сомалар көрсетілгенін яки көрсетілмегенін анықтау қажет. Электрэнергиясының, коммуналдық және басқа да қызметтердің құнын прорабтардың, шеберлердің және өзге де материалды жауапты тұлғалардың растауынсыз үстеме шығындарға қоса салу жағдайлары кездеседі.

Жалпы, талдау (грек сөзінен «analysis») –бұл зерттеліп отырған объектіні бөлімдерге, элементтерге әртүрлі факторлар әсерінен өзгеру бағытын анықтау мақсатында бөлшектеу деген мағынаны береді.

Шығындардың қайсысы өндіріс ықпалымен, қайсысы өзгедей құбылыстардың ықпалымен қалыптасатындығына қаржылық нәтижеге тәуелді.

Өндіріс шығындарын талдаудың міндеттері:

өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің бір өлшеміне материалдық, еңбек ақы, үстеме және тағы басқа шығындардың нормасын анықтау;

нақты шығындардың нормадан ауытқуын, олардың себептерін анықтау;

материалдық, ақшалай және еңбек ресурстарының тиімді пайдаланудың ішкі шаруашылық резервтерін шығару;

өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құндарына әсер етуші факторларды талдау және өзіндік құнды төмендету жолдарын анықтау

Шаруашылықты жүргізудің тиімділігін арттыру көбінесе басқарушылық шешімдердің дәлелдігіне, мақсатқа лайықтылығы мен өз уақыттылығына тәуелді. Бұның барлығына талдау барысында жетуге болады деп ойлаймын. Бірақ та тек шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне аналитикалық зерттеулерді дұрыс ұйымдастыру оның әрекеттілігін және тиімділігін қамтамасыз етіп, шаруашылық процестердің ағымына негізді түрде әсер етеді. Сондықтан, серіктестікте шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру бірқатар талаптарға сәйкес болуы тиіс. Оның ішінде, біріншіден, талдаудың ғылыми сипатын атап өту керек.

Талдауды жүргізу әрбір маманның, шаруашылықтың әртүрлі деңгейлері басшылырының қызметтік міндеттерінің табиғи байланысты бөлігі, басқару шешімдерін қабылдауға қатысы бар барлық қызметкерлердің міндеті болуы тиіс. Осыдан талдауды ұйымдастырудың тағы бір маңызды қағидасы – жеке атқарушылар арасында шаруашылық қызметті талдауды жүргізу бойынша міндеттерді негізгі түрде бөлу. Бұл бөлудің мақсатқа лайықтылығынан талдау объектілерін қамту толықтығы ғана емес, сонымен қатар бір ғана зерттеуді көп өлшемді (әртүрлі адамдармен) жүргізу мүмкіндігін жоққа шығарады. Бұл мамандардың жұмыс уақытын тиімді қолдануға көмектеседі және талдау жинақтылығын қамтамасыз етеді.

Аналитикалық зерттеу тиімді болуы керек,яғни оны жүргізуге кететін шығындар талдаудың үйлесімді түкпірінде және жинақтылығында аз мөлшерде болуы қажет. Осы мақсатпен ұйымдастырудың мақсатқа лайықтылығынан басқа, оны жүргізуде кең түрде аналитик жұмысын жеңілдету үшін озат әдіснама, құралдар қолданылуы керек.

Аналитикалық жұмыс екі-модульді құрылым негізінде жүргізіледі: қаржылық есептің экспресс-талдауы және қаржылық жағдайды тереңдетіп талдау. субъектісінің дамуының динамикасы мен қаржылық жағдайына баға беру.

Экспресс-талдау үш сатыда жүргізіледі:

1) дайындау, дайындық

2) қаржылық есепті алдын-ала шолу

3) есепті талдау және экономикалық

Талдау жүргізуде қолданылатын ақпарат сапасы мен мазмұны, құрамы шаруашылық қызметті талдау әркеттілігін қамтамасыз етуде шешуші рөль атқарады. Талдау тек экономикалық мәліметтермен ғана шектелмейді, сонымен қатар техникалық, технологиялық және басқа да ақпаратты кеңінен қолданады. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің барлық көздері жоспарлы, есептік және есептік емесболып бөлінеді.

Жоспарлы көздергекәсіпорында өңделетін барлық жоспар типтері жатқызылады(шаруашылық есептік тапсырмалар, технологиялық карталар), сонымен қатар нормативтік материалдар, сметалар, баға көрсеткіштер, жобалық ғимараттар және т.б.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Ішкі пайдаланушыларға кімдер жатады?

2. Табыстар мен шығыстар туралы ақпарат?

3. Өзгермелі шығындар дегеніміз?

4. Іскерлік белсенділік дегеніміз?

5. Амортизацияны есептеу әдістері?

6. Өндіріс шығындары дегеніміз?

7. Өндіріс шығындарын талдаудың міндеттері?

8. Экспресс-талдау неше сатыда жүргізіледі?

9. Шаруашылық қызметті талдауға қажетті мәліметтердің бөлінуі?

10. Жоспарлы көздерге кәсіпорында жоспардың қандай типтері жатқызылады?

Негізгі пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.Телегенов Э.Т. Баскару есебі. Оку Құралы . Алматы 2006ж

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3.Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

4. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

5.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

6. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

Слайдтардың тізімі:

 

  1. Табыстар мен шығыстар туралы ақпараттарды жоспарлау мен басқару мақсатында шығындардың бөлінуі
  2. Өзгермелі шығындарды байқау мақсатында шығындардың әсер ету коэффициенті


  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.