Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Маркетингті жоспарлау



Маркетингті жоспарлау

Маркетингтік жоспар жалпы корполративтік жоспардың маңызды бір бөлімі.Оған кәсіпорынның әр функционалдық бағыттарының (өндіріс,қаражат,өткізу,кадр,маркетинг) жоспарлары кіреді.

Маркетингтік жоспар кәсіпорынның маркетингтік қызметін жоспарлау мен жүргізу құралы.Оның көмегімен үздіксіз кәсіпорынның мүмкіндіктерін нарықтың талаптарына сәйкес келтіруге бағытталған талдау,басқару және тексеру үрдісі қамтамасыз етіледі.

Маркетинг жоспарының кезеңдері:

1.ағымды жағдай мен маркетингтік мүмкіндіктерді талдау;

2.мақсаттарды анықтау;

3.стратегиялық шешімдерді қабылдау;

4.маркетингтік шаралардың жоспарын әзірлеу;

5.шығындардың жалпы көлемі мен құрамын есептеу,

6.тексеру және жоспарға түзету;

Маркетинг жоспарларын ұтымды етіп жасап,оны зор табыспен жүзеге асыру үшін нысанды амалдар (процедуралар),ұйымдастыру жүйесі,сауатты әдістеме,жазбаша жоспардың болуы қажет.

Маркетингтік жоспар айқын көрсетіліп,ұжымда талқылануы керек.Жоспарлауға қатысушы менеджерлер маркетинг жоспарын әзірлеудің мәнін,рөлін,мақсаттарын,талдау мен жасау тәсілдерін білгені жөн.Жоспардың табысты орындалуы үшін менеджерлер арасында міндеттерді дұрыс бөліп,оның жасау мерзімін,бюджетін белгілеу қажет.

Маркетинг жоспары-бұл белгілі уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат.

Ол-маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы.Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып,басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.

Маркетингтік жоспарлар корпорация және оның бөлімшелері,стратегиялық шаруашылық бөлімшелер (СШБ),компания,өнім түрлері және жеке өнім,жеке нарықтар және маркетинг кешенінің әрбір элементі бойынша жасалынады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.