Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 13. СМЕТА БОЙЫНША ТАПСЫРЫСТЫҢ ОПТИМАЛЬДЫ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ



ЛЕКЦИЯ 13. СМЕТА БОЙЫНША ТАПСЫРЫСТЫҢ ОПТИМАЛЬДЫ КӨЛЕМІН АНЫҚТАУ

 

Лекцияның мақсаты: Сенімді сұраныс жағдайында релевантты шығындар. Өндіріс циклының ұзақтылығын анықтау барысында тапсырыстың оптимальды шамасы.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Релевантты шығындар, маржиналдық тәсіл, таза пайда мен маржиналды табыстағы өзгермелі шығындарды, қысқа мерзімді жоспар, сызықтық программалау, өндірістік-календарлық жоспарлау.

 

Лекция сұрақтары:

13.1 Сенімді сұраныс жағдайында релевантты шығындар.

13.2 Өндіріс циклының ұзақтылығын анықтау барысында тапсырыстың оптимальды шамасы.

 

13.1 Сенімді сұраныс жағдайында релевантты шығындар.

 

Релевантты шығындар бұл біріншіден, болашақта басқарушылық шешімдер қабылдауға, екіншіден, вариант бойынша ерекшеленетін табыстар мен шығыстар жатады. Шығыстар туралы өткен мәліметтер болашақ шығындар шамасын болжау үшін негізгі база ретінде қажет болып табылады. Арнайы тапсырыстарды қабылдау туралы шешімдерді талдау барысында маржиналды пайданың салыстырмалы есебін пайдалануға болады. Маржиналдық тәсіл таза пайда мен маржиналды табыстағы өзгермелі шығындардың өзгерісінің нәтижесін нақты көрсетеді.

Арнайы тапсырыстарды орындау барысында барлық өзгермелі шығындар ереже бойынша релевантты, ал тұрақты өндірістік шығындар релевантты емес болып табылады.

Қойылған мақсаттарға жету үшін шектеулі ресурстарды оптимальды бөлу бұл табыс алуды максимальды немесе тұтынылатын ресурстар көлемін азайту сызықтық программалау көмегімен жүзеге асырылады. Сызықтық программалау моделі өнімнің ассортиментін анықтау, берілген материалдарды үйлестіру, өндірістік-календарлық жоспарлау секілді басқарушылық міндеттерді шешу барысында қолданылады. Осы модель арқылы ресурстардың шынайы шығындар деңгейін анықтау қамтамасыз етіледі.

Қысқа мерзімді жоспарда сату қажеттілігі кәсіпорынның ағымдық өндірістік қуаттылығынан жоғарылауы мүмкін. Мысалы, өндіріс көлемі жеткіліксіз көлемде жұмыс күнгі және материалдармен шектелуі мүмкін. Егер сұраныс кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігінен жоғары болса, онда өндірісті шектеуші факторларды іздестіру қажет. Бұл факторлар шектеуші (лимит) деп аталады.

Кәсіпорын үш түрлі өнім өндірудің өндірістік жоспары мен өткізу бағдарламаларын жасауда қажетті ақпарат көздері:

 

Көрсеткіштер А бұйымы Б бұйымы В бұйымы
1. Бір бірлікке есептелген жалпы табыс, доллар 2. Бір бірлік өнімді дайындау үшін өндіріс құралдарының жұмыс уақыты, машина-сағат 3. Есепті сұраныс, бірлік 4. Қажетті уақыт, машина-сағат (2*3)     1 200        

 

Техникалық мүмкіндігі 1 200 машина-сағатпен шектелген. Кәсіпорын алдағы уақытта қай бұйымның түрін өндіретінін анықтау қажет.

Өнім өндірісі мен таза пайданы ұлғайтуда кәсіпорын мүмкіндігі құрал-жабдықтардың өнімділігімен шектелген. Бірінші жағдайда «А» бұйымынан түсетін табыс мөлшерінің 12 доллар болуына орай тек осы бұйымды өндіруді көздейді, бірақ бұл сәйкессіздік. Себебі өндірістік қуаттылықтың жеткіліксіздігі жағдайында «А» бұйымының бір бірлігіне 6 машина-сағат қажет, ал «Б» және «В» бұйымдарын өндіруге сәйкесінше 2 және 1 машина-сағат жұмсалады. Екінші жағдайда, кәсіпорын «Б» және «В» бұйымдарын шығаруға шешім қабылдаса, онда олардың әрқайсысынан 200 данадан сата алады, бірақ тағы да кәсіпорында «А» бұйымын дайындау үшін өндірістік өндірістік қуаттылық қалады. Үшінші жағдайда, кәсіпорын тек «А» бұйымын өндіруді көздесе, онда осы бұйымға деген сұранысты толық қанағаттандырады, бірақ кәсіпорында «Б» және «В» бұйымын өндіру үшін өндірістік қуаттылық қалмайды. Бұйымдар бойынша оптимальды өндірістік бағдарламаны жасауда әрбір бұйым түрі бойынша жалпы табысты шектеуші факторларды анықтау қажет және содан соң осы есептеулер негізінде рентабельділік бойынша бұйымдарды өндірудің кезектілігін анықтау маңызды.

 

Көрсеткіштер А бұйымы Б бұйымы В бұйымы
1. Бір бірліктің жалпы табысы, доллар 2. Қажетті уақыт, машина-сағат 3. Бір машина-сағатқа түскен түсім (1:6), доллар      
4. Кезектілігі

 

Кәсіпорын 1200 машина-сағатты бұйымдардың кезектілігіне сәйкес болуы қажет. Бірінші кезекте «В» (200 бірлік) бұйымын максималды көлемде дайындап, оған 200 машина-сағат жұмсайды. Екінші жағдайда «Б» бұйымын (200 бірлік) максималды өндіріп, оған 600 машина-сағат жұмсалады. Қалған 600 машина-сағат «А» бұйымын 100 бірлікте өндіруге мүмкіндік береді.

Өндірістік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, жекелеген өнім түрлері бойынша алынған жалпы пайда:

«В» бұйымы 200 дана ´ 6 доллар = 1 200 доллар

«Б» бұйымы 200 дана ´ 10 доллар = 2 000 доллар

«А» бұйымы 100 дана ´ 12 доллар = 1 200 доллар

Барлығы: 4 400 доллар

 

 

2. Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру — адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс — адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды — материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адам­дар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттілік­терін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл — өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек — бұл қандай шектеулі ресурс­тар­дан және қандай комбинациялардан, билікті қандай техно­логияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек — бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруа­шы­лық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары — жер, еңбек, капи­тал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары — бұл тауарлар мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуметтік, пайда­лы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қал­пы­н­а келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» — бұл өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған инструменттер, машиналар, сарқылатын шикізаттар.

3. «Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыру үшін ақша қаражаттарын бөлуі болып табылады.

Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторларды құрайды.

Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурс­тардың алуан түрлерін шынайы түрде біріктіруді білдіреді. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана фактор­ларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі фактор­лардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі болады.

ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан, экономикалық теория өндірістің төрт негізгі факторларын: жер, капитал, еңбек, кәсіпкер­лікті бөліп көрсетеді.

Өндіріс факторларының нарығы ресурстарға деген сұраныс өндірістік қайталама сипатын білдірсе де, сұраныс пен ұсыныс әртүрлі субъектілер арасындағы шектеулі ресурстарды бөлуді реттейді. Дегенмен, түпкі тұтыну үшін өнім неғұрлым қажет болса, осы ресурстарға деген сұраныстар да солғұрлым жоғары болады. Барлық ресурстар өндіріске белгілі бір комбинацияларда, өзара толықтыру және өзара алмастыру түрінде ғана қатысады. Машинкалар мен құрал-жабдықтарды табиғи (жанды) еңбекпен, оған керісінше ауыстыруға болады, ал табиғи материалдарды — жасанды еңбекпен ауыстыруға болады. Сондықтан да ресурстар бағасының өзгеруі, әрқашанда өзге ресурстар бағасының өзгеруіне әкеліп соғады. Жер өндіріс факторы ретінде өндірістік процесте бүкіл пайдаланылатын табиғи ресурстарды білдіреді. Бірсыпыра салаларда (аграрлық пен өндіруші және т.б.) жер тікелей шаруашылық жүргізу объектісі еңбек «заты» мен «құралы» ретінде түсіндіріледі. Одан өзге, «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады.

Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материал­дық және қаржылық ресурстар.

Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.

Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық пробле­ма­­ларды шешу.

Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы көрсетілген, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және меншік иелері арасындағы қарым-қатынас арқылы өндіріс факторларын көруге болады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғам­дық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Релевантты шығындар,

2. Маржиналдық тәсіл,

3. Таза пайда мен маржиналды табыстағы өзгермелі шығындарды,

4. Қысқа мерзімді жоспар,

5. Сызықтық программалау мен өндірістік-календарлық жоспарлау.

Негізгі пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.Телегенов Э.Т. Баскару есебі. Оку Құралы . Алматы 2006ж

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3.Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

4. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

5.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

6. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

Слайдтардың тізімі:

1. Өнім өндірісі мен таза пайданы ұлғайтуда кәсіпорын мүмкіндігі

2. Кәсіпорын үш түрлі өнім өндірудің өндірістік жоспары мен өткізу бағдарламаларын жасауда қажетті ақпарат көздері

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.