Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 15. МАРКЕТИНГ БЮДЖЕТІ. СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ АУЫТҚУЛАР



ЛЕКЦИЯ 15. МАРКЕТИНГ БЮДЖЕТІ. СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ АУЫТҚУЛАР

Лекцияның мақсаты: Маркетинг бюджеті. Өндіру мен өткізу көлемі бойынша ауытқулар. Маркетинг бюджетті құру Маркетинг жоспарының кезеңдерін қарастыру.

 

Негізгі қарастырылатын сөздер:Жоспар, жоспарлау методологиясы, норматив, техникалық және технологиялық нормативтер, нақты еңбек шығындары, нақты еңбек шығындары, материалдық шығындар нормасы, еңбек құрал - жабдықтарын қолдану нормативтері, маркетингтік жоспар, стратегиялық жоспарлау.

.Лекция сұрақтары:

15.1 Маркетинг бюджеті. Өндіру мен өткізу көлемі бойынша ауытқулар.

15.2 Маркетинг бюджетті құру.

 

15.1 Маркетинг бюджеті. Өндіру мен өткізу көлемі бойынша ауытқулар.

 

Жалпы жоспарлауды нарықтық қарымқатынастардың дамуы шарты негізінде қолдана бастады. Жоспарлау-өндірістің пропорциялық қарым-қатынасына және аяқталған ішкі экономикалық заңға,жолдауға,бөлу мен тұтынуға бағытталған саналық адам қызметін көрсетеді.Сондықтан, жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты бөлімшелерінің бірі болып келеді.Оның мақсаттары экономиканың даму ортасында өзгерушілік пен анықталмағандықтың кері әсерін жоюға негізделген.

Яғни,жоспарлау-алдағы қызметтерді қамтамасыз етуге анық бағытталған ақпаратты ой үрдісінде өңдеу.Жоспарлау - бұл ең бірінші, қоғамдық өндірістің нәтижесі мен дамуын ғылыми алдын алу,оның заңдылығын құру,ғылыми-техникалық үрдістің,обьективті тәуелділіктің және экономикамен байланысты себептік салдарлықтың әлеуметтік тенденциясы.

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары,өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның әлеуметтік - экономикалық даму жоспары жатады.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.

Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың барысында, жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:

- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуді ұлғайту;

- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;

- өндірісті техникалық - экономикалық негіздеу;

- баланстық есептеулер жүргізу;

- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;

- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;

- еңбек өнімділігін арттыру;

- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;

- жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.

Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.

Норматив дегеніміз-салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.

Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.

Техникалық - экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:

-   нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

- нақты еңбек   шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);

- материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал  отын, жылу, энергия, жабдықтарын үлестік нормалары);

- еңбек құрал - жабдықтарын  қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал - жабдықтарды, механизмдерді, құрал - саймандарды қолдану нормативтері);

- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклінің ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);

- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс куатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық материалдың жеке түрлері анықталады.

Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.

Жоспарларды техникалық - экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.

Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:

- сандық;

- сапалық;

- көлемдік ;

- үлестік.

Сандық көрсеткіштерге - жалпы өнім мен тауар өнімнің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.

Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндірістің тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.

Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.

       Көлемдік көрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.

Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады, мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.

       Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.

Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық жэне сандық көрсеткіштерді қамтиды.

Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма - сағатпен белгіленеді.

Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.