Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 11. СМЕТАЛЫҚ КЕЗЕҢ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІН ҚҰРУДЫ БАСҚАРУ.



ЛЕКЦИЯ 11. СМЕТАЛЫҚ КЕЗЕҢ. КӘСІПОРЫННЫҢ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІН ҚҰРУДЫ БАСҚАРУ.

 

Лекцияның мақсаты: Жоспарлау мен бақылау үшін ақпараттар, сметалық кезең. жылдық бюджетті құру кезінде басқаруды қарастыру.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Сметаны құру орталығы, сметалық кезең, сату көлемі, сату бюджеті, негізгі материалдарды қолданудың жылдық сметасы, жылдық өндірістік бағдарлама.

Лекция сұрақтары:

11.1 Жоспарлау мен бақылау үшін ақпараттар. Сметалық кезең.

11.2. Жылдық бюджетті құру кезінде басқару

11.1 Жоспарлау мен бақылау үшін ақпараттар. Сметалық кезең.

 

Сметаны құру орталығы – бұл сметалық бақылау жүйесін қалыптастыру мен жүзеге асыру мақсатындағы ұйымдастырудың нақты бөлігі. Ұйымдастыру шеңберінде әрбір функция сметаны құрудағы сәйкес орталыққа жатқызылуы тиіс. Мұндай орталықты анықтау барысында басқарушының жауапкершілігі ескеріледі. Сметаны құру орталығына жауапты басқарушы (мысалы өндіріс функциясы шеңберінде механикалық цех) өз сферасының жауапкершілігіне қатысты сметаны құрудың жоспарлау сатысына тартылуы тиіс.

Сметалық кезең – бұл бақылау объектісі болып табылатын бюджетті дайындаудағы уақыт кезеңі. Мерзім ұзақтылығы мыналарға байланысты болады:

а) бизнестің табиғатына (мысалы энергиямен қамтамасыз ету өнеркәсіптерінде бюджетті құру мерзімі 10 – 20 жылға дейін, ал жеңіл өнеркәсіпте 1 жылға жасалады);

б) компания бөлімшесіне (өнім өндірісіне қарағанда күрделі шығындар бойынша смета құру ұзақ мерзімге жасалады);

в) бақылау негізіне (көптеген кәсіпорындар негізгі сметалық мерзім үшін 12 айды қолданады, бірақ жылдық бюджет тоқсан немесе айларға бөлінеді) бюджетті ай және тоқсанға бөліп көрсету онда бақылауды ұйымдастыруды жеңілдетеді.

Сату көлемін болжау, жөнелту нүктесі және бюджетті дайындау процесінің ықтималды сыни мезеті болып табылады. Сату бюджеті маркетинг бөлімінің зерттеу негізінде жоғары басшылықпен анықталады. Көп жағдайда сату көлемі өндірістік қуаттылықпен шектеледі.

Барлық кәсіпорындар үшін сату бюджеті жоспарлау процесіндегі күрделі этап болып табылады. Бұл сату көлемі мен одан алынатын табыс ұйымның өндірістік мүмкіндіктерімен емес, шынайы нарықта қаншалықты сату мүмкіндіктері бар екенімен байланысты. Әсер ететін негізгі факторлар:

- контрагенттердің қызметі (өзіне белгілі міндеттерді шарт бойынша алатын адам немесе мекеме);

- ұлттық және әлеуметтік нарықтағы жалпы ережелер;

- сатып алушылар мен жеткізушілердің тұрақтылығы;

- жарнаманың нәтижелігі;

- циклдық, маусымдық және басқа да кездейсоқ ауытқулар;

- баға белгілеу саясаты;

- өнімнің рентабельділігі.

Сату бюджетінде екі негізгі бағалау бар:

1. өндірістің өсуі, нарық конъюнктурасы және жалпы экономикалық жағдайларды математикалық талдау негізіндегі статистикалық болжам.

2. өткізу бөлімінің мамандарының пікірлерін жинақтау жолымен алынған сараптамалық баға.

Сату көлемін заттай формада жоспарлауға әсер ететін факторлар:

- келісімшарт;

- өндіріс қуаттылығының өзгерісі;

- баға саясаты;

- тұрғындар табысы

- бәсекелестер саны;

- ассортимент құрылымының өзгерісі.

 

Жылдық өндірістік бағдарлама

 

Көрсеткіштер 1 цех 2 цех
  1. Сатылатын бұйым, дана
  2. Жыл соңына жоспарланған запастар
  3. Барлық сатылғаны (1+2)
  4. Жыл басында жоспарланған запастар
  5. Бұйымды өндіру (3-4)

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.