Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын болжау



10.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын болжау

 

1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.

2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының Үкіметіне және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға бюджетті жоспарлау немесе нақтылау процесінен тыс бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.

3. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

Жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

Бюджет түсiмдерiн болжау

1. Бюджет түсiмдерiн болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

2. Өтеусiз техникалық көмек түрiндегi байланысты гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтiң) құны түрiнде бюджет түсiмдерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтiң) құнына тең көлемде бюджеттiк бағдарлама көзделуге тиiс.

3. Бюджет түсiмдерiн болжау әдiстемесiн мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган әзiрлейдi және бекiтедi.

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның аман қалу кепілі мен тұрақтылық негізі болып оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы есептеледі.

Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз әрекетін қаржыландыру қабілеттігі есептеледі. Қаржылық жағдай – жиынтық ұғым. Ол кәсіпорынның жақсы жұмыс істеуге керекті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуімен, олардың орналасу пайдалылығымен, пайдалану тиімділігімен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық өзара қатынасымен, төлем қабілеттігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қаржылық-экономикалық әрекетінің маңызды сипаттары. Егер кәсіпорын қаржылы тұрақты, төлемге қабілетті болса, ол ұқсас профильді басқа кәсіпорындар алдында инвестиция тартуда, кредит алуда, жабдықтаушыларды таңдағанда және квалификациялы кадрларды дайындағанда артықшылықты болады. Ол мемлекет және қоғаммен дауға бармайды, неге десе бюджетке уақытында салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге – жалақы, акционерлерге – дивидендтер төлейді, ал банктерге кредиттерді қайтаруға және олар бойынша пайыз төлеуге кепіл береді.

Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатының бірі– оның қаржылық тұрақтылығы. Ол кәсіпорын әрекеті шеңберінде жасалатын экономикалық орта тұрақтылығымен, сонымен қатар оның жұмыс істеу, оның ішкі және сыртқа факторлардың өзгерістеріне белсенді және тиімді әрекет ету нәтижесімен анықталған.

Қаржылық тұрақтылық бүкіл өндірістік шаруашылық әрекет процесінде қалыптасады, ол кәсіпорын тұрақтылығының бас компоненті болып саналады. Оның мәні қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуымен, бөлінуімен жіне пайдалануымен анықталады.      

Қаржылық жағдай сапасын анықтау, оның мерзім ішінде жақсару немесе жаман болу себептерін зерттеу, кәсіпорынның төлем қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау – қаржылық жағдайды талдаудың басты сәттері деп саналады. Бірақ қандай болса да кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды экономикалық талдаумен бірге өткізуі керек.

Қаржылық талдау әдістерінің процедуралық жақтарын бөлшектеу қойылған мақсаттарға, ақпараттық, уақыттық, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етудің түрлі факторларына тәуелді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау – жалпы қаржылық талдаудың құрамды бөлімі.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін абсолюттік және салыстырмалыларға бөледі.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері – ТМШ-ды олардың қалыптасу көздерімен қамсыздану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер. ТМШ қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштерді анықтайды:

1) өзіндік айналым капиталының болуы (Өак) өзіндік капитал (баланс пассивының 1 бөлімі) және ұзақмерзімді активтер (баланс активінің 1 бөлімі) арасындағы айырма ретінде анықталады. Ол өзіндік айналым қаражаттарды сипаттайды. Өак көрсеткіші маңызды аналитикалық коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады: кәсіпорынның ағымды активтеріндегі өзіндік айналым қаражаттарының үлесін (нормативтік маңызы 0,1-ден аспауы қажет), тауар қорларындағы өзіндік айналым қаражаттарының үлесі (бұл коэффициенттің нормативтік маңызы 0,6-дан аспауы қажет);

2) ТМШ (Өак) қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді несие көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш алдыңғы көрсеткішті, яғни өзіндік айналым капиталын ұзақмерзімді міндеттер қосындысына көбейтумен келесі формула бойынша анықталады:

 

Өак = Өак + Ұм = Өак + П,

 

мұнда Ұм – ұзақмерзімді міндеттер, П – баланс пассивінің екінші бөлімі;

3) ТМШ қалыптасуының негізгі көздерінің жалпы мөлшері алдыңғы көрсеткішті қысқамерзімді кредиттер мен несиелер қосындысына көбейту арқылы мына формула бойынша анықталады

 

НК = Өак Өак+Қк,

 

мұнда Қ к – қысқамерзімді кредиттер мен несиелер.

Бұл ТМШ қалыптасу көздері болу көрсеткіштеріне ТМШ-ны қалыпатсу көздерімен қамтудың үш көрсеткіштері сәйкес:

- өзіндік айналым капиталының артықшылығы (+), кемшілігі (-)

 

+ Өак = Өак – Ш, мұнда Ш – ТМШ

 

- ТМШ қалыптасуының өзіндік және ұзақмерзімді көздерінің артықшылығы және кемшілігі

 

+ Өак= Өак – Ш

 

- қорлар қалыптасу негізгі көздерінің жалпы мөлшерлерінің артықшылығы немесе кемшілігі

 

+ НК = НК – Ш.

 

Бұл есептер кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық деңгейі бойынша келесі түрлерге классификациялауға көмектеседі:

- қаржы жағдайының абсолюттік тұрақтылығы;

- қаржы жағдайының қалыпты тұрақтылығы;

- тұрақсыз қаржылық жағдай;

- дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай.

Қаржылық жағдайдың абсолюттік тұрақтылығы жағдай Ш < Өак, Өак > Ш теңсіздікпен сипатталған кезде құралады. Бұл салыстыру ТМШ өз айналым қаражатымен жабылуын және кәсіпорын сыртқы кредиторлардан тәуелсіз екенін дәлелдейді.

Қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы Өак < Ш < НК теңсіздігімен сипатталады. Келтірілген арақатынас кәсіпорын ТМШ-ны жабу үшін түрлі «қалыпты» қаражат көздерін - өзіндік және тартылған – пайдаланғанда жағдайға сәйкес.

Тұрақсыз қаржылық жағдай ахуал Ш > НК немесе НК < Ш теңсіздігімен сипатталған кезде құралады. Бұл жағдай кәсіпорын өз ТМШ жартысын жабу үшін белгілі деңгейде «қалыпты» болмаған қосымша жабу көздерін қатыстыруға мәжбүр болғанда құралады.

Дағдарыстық (ауыспалы) қаржылық жағдай алдыңғы теңсіздікке қосымша кәсіпорында уақыты өткен кредиторлық қарызы, сонымен қатар уақытында өтелмеген кредиттер мен несиелердің болу жағдаймен сипатталады.

Өтімділік көрсеткіштері кәсіпорынның өз қысқамерзімді міндеттерін орындау қабілеттігін бағалау үшін қолданылады. Олар кәсіпорынның төлем қабілеттігі туралы бұл сәтте ғана емес, төтенше жағдай кезінде де мәлімет алуға көмектеседі.

Төлем қабілеттігінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден аз болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңыз – екіден артық немесе тең.

Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.

Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды қандай түрлерге бөледі?

2. Баланстың кіріс бөлігіне қандай көрсеткіштер кіреді?

3. Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері?

4. Қаржылық көрсеткіштердің жүйесі?

5. Бюджет балансы?

6. Салалық (ведомтволық) қаржы жоспарларының жүйесі?

7. Қаржы жоспарларының барлық түрлері қалай байланысты?

8. Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық дегеніміз?

9. Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі

10. Бизнес-жоспар дегеніміз?

Негізгі пайдаланатын әдебиеттер:

 

1.Телегенов Э.Т. Баскару есебі. Оку Құралы . Алматы 2006ж

2.Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

3.Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

4. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

5.Есімжанова С.Р. Маркетинг оқу құралы.-Алматы:«Эко»Баспа үйі,2005.

6. Сүндетов Ж. Планирование и прогнозирование в условиях рыночной экономики:Учебное пособие(2-е издание,дополненное и переработанное)-Алматы:Экономика, 2004.

Слайдтардың тізімі:

 

1.Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық деңгейі бойынша классификациялау

2.Ұйымдарда абсолюттік қаржылық көрсеткіштерді пайдалану

3.ТМШ қалыптасу көздерін сипаттау үшін үш негізгі көрсеткіштер

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.