Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ЛЕКЦИЯ 14. СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУ ФУНКЦИЯСЫ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН БАСҚАРУ



ЛЕКЦИЯ 14. СМЕТАНЫҢ ОРЫНДАЛУ ФУНКЦИЯСЫ БОЙЫНША ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІН БАСҚАРУ

Лекцияның мақсаты: Шығындарды басқару үшін шығындар функциясы, сметаны құруды компьютерлендіру, тікелей өндірістік шығындар кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне байланыстығын анықтау.

.

Негізгі қарастырылатын сөздер:Ішкі пайдаланушылар, табыстар мен шығыстар, өзгермелі шығындар, іскерлік белсенділік, амортизация, коэффициенттер, тұрақты шығындар, өзгермелі шығындар, жүктелген шығындар, қайтарымсыз шығындар, жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар.

 

Лекция сұрақтары:

14.1 Шығындарды басқару үшін шығындар функциясы

14.2 Сметаны құруды компьютерлендіру

14.1 Шығындарды басқару үшін шығындар функциясы

 

Шығындар функциясы өнім өндіру мен өндіріс процесінде шығындарды басқарудың міндеттері мен мақсаттарынан туындайды. Ішкі пайдаланушылар үшін бухгалтерлік ақпараттарды дайындау, жоспарлау мен шешім қабылдау секілді әртүрлі функцияларды орындау үшін қамтамасыз етіледі. Бюджеттеу барысында жоспарлауды ұйымдастыру үшін шығынның атқаратын ролі зор. Табыстар мен шығыстар туралы ақпараттарды жоспарлау мен басқару мақсатында шығындар мыналарға бөлінеді:

- өндіріс көлемінің өзгерісіне әсер етуіне байланысты: өзгермелі, ұзартылған, шартты тұрақты;

- шешім қабылдауды есептеу барысында ескерілетін және ескерілмейтін;

- қайтарымсыз шығындар;

- жүктелетін шығындар (кәсіпорынның қате жіберуінен болатын);

- жоспарланатын және жоспарланбайтын;

- шекті және өсіңкілік табыстар мен шығыстар.

Тікелей өндірістік шығындар кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне байланысты емес, сондықтан оларды тұрақты шығындар деп атайды. Оған жарнама шығындары, жалгерлік төлем, негізгі құралдардың амортизациясы және т.б. шығындар жатады.

Өзгермелі шығындарды байқау мақсатында шығындардың әсер ету коэффициенті көрсеткіші қолданылады:

 

 


Мұндағы, Крз – шығындардың әсер ету коэффициенті

Трз – шығындардың өсу қарқыны, %  

Трда – іскерлік белсенділіктің өсу қарқыны, % 

 

Бұл есептеуді тұрақты шығындар үшін де қолдануға болады.

       0 Крз =                  = 0        20
Мысалы, егер сату көлемін 20 % ұлғайтқан жағдайда ғимаратты жалға алу құны өзгермейді.

 

 

Мұндағы нөлдік белгі, тұрақты шығындармен жұмыс жүргізудің айғағы.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігімен бірлесе өсетін өзгермелі шығындардың бір түрі пропорционалды шығындар деп есептеледі. Мысалы, өндірісті 30 % ұлғайтқанда пропорционалды шығындар да осы шамада ұлғаяды.

 

 

 


 

 

Егер Крз = 1 болса, онда шығындар пропорционалды деп есептеледі.

Егер кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің өсу қарқынынан өзгермелі шығындардың өсуі төмен болса, онда оны дегрессивті (азаю, төмендеу) шығындар деп атайды.

 

 

 


Өндіріс 25 % ұлғайса, шығын 15 % ұлғаяды. Егер 0 < Крз < 1 шарты орындалса, онда шығындар дерессивті деп аталады.

Егер шығындар кәсіпорынның іскерлік белсенділігінен тез өсетін болса, онда прогрессивті шығындар деп аталады. Өндірістің көлемі 22 %, ал өндіріс шығыны 37 % болса, онда

 

 

 


Егер Крз > 1 болса, онда шығындар прогрессивті деп аталады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.