Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жалпылама статистикалық көрсеткіштер. Абсолюттік шамалар



15 Дәріс

Жалпылама статистикалық көрсеткіштер. Абсолюттік шамалар

 Статистикалық бақылау мәліметтерін жинақтау нәтижесінде жиынтықты және оның жеке бөліктерін сипаттайтын түрлі көрсеткіштерді алуға болады.

Жалпы құбылыстарға сандық баға беретін статистика жай сандарды ғана емес, статистикалық көрсеткіштерді пайдаланады.

Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объект не құбылыстың жалпылама сандық сипаттамасы.

Статистикалық жинақтау кезеңінде белгілердің жеке мәндерін қосу арқылы жиынтық көрсеткіштеріне көшеді.

Қорытынды мәндер негізіндегі көрсеткіш болып табылатын есептеулерді жалғастыруға болады. Мысалы, өнім шығарудың жиынтық көлемі мен оны өндіруге кеткен адам-сағат саны бойынша орташа сағатты өнім шығаруды есептеп шығаруға болады. Бұл көрсеткіш екі қорытынды көрсеткіштің бөлінуі нәтижесінде алынды және аталған қызметкерлер жиынтығының еңбек өнімділігінің деңгейін көрсетеді.

Басқа жағдайларда жалпылама көрсеткіштерді алу үшін белгілердің жеке немесе қорытынды мәндерін салыстыру керек; осылайша салыстырмалы көрсеткіштерді есептейді.

Жалпылама көрсеткіштердің түрлері:

- абсолюттік;

- салыстырмалы;

- орташа шамалар.

Әрбір көрсеткішке арнайы есептеу әдіснамасы сәйкес келеді. Мұнда кез келген статистикалық көрсеткіш нақты анықталған болу керек. Онда көрсетілуі тиіс:

- көрсеткіштің статистикалық құрылымы;

- оның мазмұны;

- классификациядағы орны, объектілер жиынтығы;

- өлшем бірлігі;

- уақыты;

- арнайы нақтылаулар.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер – түгел жиынтық бойынша және оның жеке топтары бойынша бірліктер саны. Бұл көрсеткіштер басқа көрсеткіштер негізінде есептік жолмен де алынуы мүмкін.

Жалпылама көрсеткіштер ретінде абсолюттік шамалар жиынтық санын (мысалы, түрлі меншік түрлеріндегі кәсіпорындар саны), жиынтық белгілерінің көлемін (мысалы, жұмыс күшіне кеткен шығындар) сипаттайды.

Кез келген абсолюттік шаманың өзінің өлшем бірлігі болады.

Өлшеудің натуралды бірліктері кең қолданысқа ие:

- тонна;

- дана;

- квадрат және текше метр;

- километр;

- тонна-километр;

- киловатт-сағат.

Натуралды көрсеткіштердің түрі шартты-натуралды көрсеткіштер болып табылады. Оларды абсолюттік-жалпылама көрсеткіштерді алу үшін пайдаланады. Қайта санаудың арайы коэффициенттері көмегімен қосындыны бірдей стандартты өлшем бірлігінде көрсетеді, бұл жалпылама көрсеткішті жақсартуға мүмкіндік береді.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер есебінде құндық көрсеткіштерді пайдаланады, олар натуралды түрде өлшеуге келмейтін шамаларды ақшалай түрде өлшеуге мүмкіндік береді.

Абсолюттік жалпылама көрсеткіштер ретінде еңбек бірлігінде өлшенген көрсеткіштерді де қолданады.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.