Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері



2-Модуль

8 Дәріс

Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері

Кез келген статистикалық бақылауды өткізу үлкен дайындықты қажет ететін біршама күрделі іс; ол дайындық мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

- ақпаратты алудың толықтығы;

- мәліметтердің нақтылығы;

- ақпараттың біртектілігі;

- дәйектердің салыстырмалылығы.

Сондықтан мәселелердің көбі бақылауды өткізуден бірсыпыра бұрын шешіледі. Бұл мәселелерді бағдарламалық-әдістемелік және ұйымдастырушылық деп бөлуге болады.

Статистикалық бақылаудың ұйымдастырушылық мәселелері өзіне мына анықтамаларды қосады:

- бақылау субъектісін;

- бақылау орны мен уақытын;

- бақылаудың ұйымдастырушылық формасын;

- бақылаудың түрі мен әдісін.

Бақылау субъектісін анықтау статистикалық бақылауды кім өткізеді деген мәселені шешуге тіреледі. Бір жағдайларда бұл статистикалық аппараттың кадрлық қызметкерлерімен қоса статистика органдары болуы мүмкін. Басқа жағдайларда статистикалық бақылауға маман-статистиктармен қатар қоғамдық топтар да тартылуы мүмкін. Және де бақылауға тұрғындардың өздері тартылуы мүмкін, оларға санақшылар сұрақ парақтарын таратып толтырылған күйінде жинап алады.

Статистикалық бақылауды жоспарлағанда бақылау уақыты туралы мәселені шешіп алу керек. Мысалы халық санағын тұрғындардың көші-қон процесі біршама тоқтап тұрған жыл мезгілінде өткізген дұрыс.

Таңдап алынған кезеңде критикалық деп аталатын белгілі бір сәтті таңдап алу керек, оған сәйкес барлық мәліметтер тіркеледі. Критикалық сәтті бақылау уақытын немесе бақылауды өткізу уақытын – зерттелетін құбылыс туралы барлық мәліметтер жиналуы тиіс уақыт өлшемін ажырата білу керек.

    Мысалы, Ресейде 2002 жылғы халық санағында санақ мерзімі 8 күнге тең болды: қазанның 9 нан 16 дейін. Критикалық сәт 9 қазанның 0 сағаты болды. Бұл дегеніміз, санақшы бір отбасына келген уақытына тәуелсіз санақ парақтарына критикалық сәтке сәйкес барлық отбасы мүшелерін қосуы тиіс еді, егер біреу 9 қазан сағат 0 ден кейін қайтыс болса оны қайта жазуға тиіс болды.

    Бақылау уақыты мәселесімен қатар бақылау орны туралы мәселе шешіледі. Мәселен, кеңестік және статистикалық тәжірибеде бақылау орны тұрғылықты жері, жеке пәтер болып табылатын.

    Статистикалық бақылауды өткізбес бұрын оның ұйымдастырушылық формасы қандай болатыны, бірліктерді қамту бойынша қандай бақылау жасалатыны, мәліметтерді қандай дереккөздер негізінде тіркелетіні, ақпарат жинау қандай жолдармен жасалатыны шешілуі керек.

Мәселен, 2002 жылы өткізілген халық санағы кезінде кейбір мәліметтер жалпы бақылау негізінде, ал кейбіреуі таңдамалы жолмен алынды. Санақ парақтарын толтыру экспедициялық әдіспен халықтан сұрау бойынша толтырылды.

Халық санағы сияқты кең ауқымды есептік жұмысты сәтті жүзеге асыру үшін, бағдарлама жобасын және санақшылар жүктемесін тексеру үшін әдетте елдің жеке аудандарында байқау санқтары өткізіледі. Байқау санақтары статистикалық бақылаудың көптеген мәселелерін есепке алып түзетуге мүмкіндік береді.

Дайындық жұмыстарының қатарына мыналар да жатады:

- қалалық тұрғын жерлердің шекараларын, көше аттарын нақтылау;

- үй иеліктерінің тізімдерін жасау;

- аумақты санақтық бөлімдерге бөлу;

- санақтық кадрлардың керекті санын қамтамасыз ету;

- санақ құжаттатарын даярлау;

- халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.