|
|||
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру. Интервал11 Дәріс Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру. Интервал Статистикалық бақылауды өткізу нәтижесінде статистикалық жиынтықтың әрбір зерттелген бірлігінің белгілері туралы мәлімет алынады. Алайда бұл мәліметтерді әрқайсысының сипаттамасын білу үшін емес, жиынтықты толығымен зерттеу үшін жинайды. Ол үшін алынған мәліметтерді жалпылап жүйелеу керек. Алғашқы статистикалық мәліметтерді жалпылау және жүйелеу – статистикалық зерттеудің жеке кезеңі, оның мақсаты – жиынтықтың өзі туралы да, оның әрбір бірлігі туралы да толық әрі жан-жақты ақпарат алу. Бұл мәліметтерді жинақтау мен топтастыру кезеңі. Статистикалық бақылау нәтижесінде алынатын мәліметтерді жинақтау жалпы нәтижелерді жүйелеп, өңдеп алудан және туынды көрсеткіштерді есептеуден тұрады. Ұйымдастыру әдісі бойынша жинақтауды классификациялау: - орталықтанған; - орталықтанбаған. Орталықтанған жинақтауда бақылаудың барлық мәліметтері олар өңделген бір орталықта шоғырланады. Орталықтанған жинақтауды пайдаланудың мысалы ретінде сыртқы еңбек миграциясын статистикалық бақылаудың нәтижелерін өңдеу болып табылады. Орталықтанбаған жинақтауда алғашқы статистикалық материалдар әкімшілік аудандар деңгейінде жасалады, қорытындылары субъектілері деңгейінде, содан соң мемлекет деңгейінде жасалады. Тәжірибеде орталықтанған және орталықтанбаған жинақтауды пайдалану кездеседі. Халық санағы кезінде материалдарды дайындау қорытындылардың бір бөлігін орталықтанбаған жинақтау негізінде, ал барлық белгілер бойынша толық нәтижелерді мәліметтердің орталықтанған өңдеуі негізінде алады. Статистикалық жиынтық бірліктері бір бірінен сандық және сапалық белгілер бойынша ажыратылады. Осыған байланысты жиынтықтың түрі, көлемі, басқа бөліктерге қатынасы бойынша жеке бірліктерін топтарға біріктіру керек. Топ деп - статистикалық бірліктің бір немесе бірнеше ұқсас белгілері бойынша бірігуін атайды. Топтастыру статистикалық бақылаудың мәліметтерін жүйелеуге көмектеседі. Топтастыру әдісінің шешетін міндеттері: - құбылыстардың типін анықтау; - құбылыстың құрылымын зерттеу; - құбылыстар арасындағы тәуелділіктерді анықтау. Интервал – бұл белгілі бір шекарада жатқан өзгерлемі белгінің мәні. Әрбір интервалдың өзінің шамасы, жоғарғы және төменгі немесе бір шекарасы болады. Интервалдың төменгі шекарасы деп интервалдағы белгінің ең төменгі шамасын, ал жоғарғы шекарасы деп ең жоғарғы шамасын атайды. Интервалдар: - тең; - тең емес (прогрессивті өсетін, прогрессивті төмендейтін, бос және арнайы) болуы мүмкін. Орташа үшін сенімділік интервалы – баға төңірегіндегі шамалар интервалы, мұнда сенімділіктің берілген деңгейінің үстінде популяцияның «шынайы» ортасы тұрады. Егер үлкен сенімділік деңгейін орнатса интервал кеңейеді, популяцияның белгісіз ортасын «басатын» мүмкіндік өседі. Сенімділік интервалының кеңдігі таңдаудың көлемі мен мөлшерінен тәуелді. Таңдау өлшемінің өсуі орта бағаны біршімі сенімді етеді. Байқалатын шамалардың шашыраңқылығының үлкеюі бағаның беріктігін азайтады. Егер интервал үлкендігі үтірге дейін бір белгісі бар болса ондыққа дейін дөңгелетіп интервал қадамы ретінде пайдалану дұрыс болады. Есептелген шама үтірге дейін екі санды болса бұл шаманы бүтін санға дейін дөңгелектеу керек.
|
|||
|