|
|||
Статистикалық таблицаларСтатистикалық таблицалар Статистикалық таблица – зерттелетін статистикалық жиынтық туралы цифрлік мәліметті қысқаша әрі толық көрсететін форма. Сандары толтырылмаған статистикалық таблица макет деп аталады. Статистикалық таблицалар макеты мәліметтерді дайындау кезеңінде жасалады. Таблица макеты – көлденең жолдар мен тік бағандардан тұратын торкөз. Олардың қиылысында пайда болған торкөздерге статистикалық мәлімет толтырылады. Әрбір статистикалық таблицада бастауыш және баяндауыш болады. Таблицаның бастауышы– сәйкес көрсеткіштермен сипатталатын жеке бірліктер. Баяндауыш деп бастауышты сипаттайтын белгілерді атайды. Бастауыш әдетте кестенің жолдарын, баяндауыш бағандарын құрайды. Статистикалық кестенің бастауышы баяндауышы сияқты жай және күрделі болуы мүмкін. Бастауыштан тәуелді кестелердің түрі: - жай; - топтық; - комбинациялық. Жай кестеде бастауыш зерттелетін объекттің жеке бірліктерінің тізімін құрайды. Мысалы, кәсіпорын, ұйым және компаниялар тізімі. Топтық кестелерде статистикалық жиынтық бір белгі бойынша жеке топтарға бөлінеді. Мұнда әрбір топты бір немесе бірнеше көрсеткіштермен сипаттауға болады. Аралас кестелерде зерттеу объектісі, яғни бастауыш топтарға бір емес бірнеше белгі бойынша бөлінеді. Баяндауышты құрастырудың жай жолында бастауышты сипаттайтын көрсеткіштер біріне бірі параллель орналасқан. Баяндауышты құраудың күрделі жолында бір белгі екіншісін алмастырады. Әрбір статистикалық кестенің талданатын объектінің мазмұнын айқын әрі нақты көрсететін атауы болу керек. Әрбір жолдар мен бағандар аталуы керек. Кестенің жолдары мен бағандарында бастауыш пен баяндауыштағы көрсеткіштерге сәйкес өлшем бірліктері болу керек, оларды қысқартудың баршаға белгілі тәсілдерін алынуы тиіс. Бір жолдың (бағанның) барлық мәліметтері бір дәлдікпен жасалуы тиіс. Қорытынды жолдар (бағандар) бастапқы және соңғы жолдарда (бағандарда) орналасуы мүмкін. Үлкен кестелер құрастырғанда оның жолдары мен бағандарын нөмірлеген дұрыс. Кестенің барлық торкөздері толтырылуы керек. Белгілі бір торкөзде мәліметтің жоқ болуының себептері әр түрлі болады, сондықтан төмендегідей шартты белгілерді қолданады: - «...» (көп нүкте) – берілген құбылыс бойынша мәлімет жоқ; - «0» (ноль) – берілген құбылыс көрсеткішінің мәні белгіні дөңгелету үшін пайдаланатын бірліктің жартысынан аз; - « - » (тире) – құбылыс жоқ; - «х» (крестик) – торкөзді толтырудың қажеті жоқ. Кестеде келтірілген мәліметтер дереккөзін көрсету керек. Аталған ережелерді сақтау статистикалық кестелерді талданатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жағдайы мен дамуы туралы негізгі көрсеткіш болып қалады.
|
|||
|