Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Ауыспалы шамалар



14 Дәріс

Ауыспалы шамалар

Ауыспалы шамалар – бұл зерттеулерде өзгертуге, бақылауға, өлшеуге болатындар.

Ауыспалы шамалар түрлері:

- Тәуелді;

- Тәуелсіз.

Тәуелсіз ауыспалы шамалар деп зерттеуші өзгертетін шамаларды, ал тәуелдішамалар деп өлшеніп тіркелетін шамаларды атайды. «Тәуелді және тәуелсіз ауыспалы шамалар» терминдері көбінесе эксперименталды зерттеулерде қолданылады, мұнда тәжірибеші кейбір ауыспалы шамаларды өзгертеді және бұл жағдайда олар әсер етуші факторлардан тәуелсіз.

Ауыспалылар олардың өлшеу шкаласы қанша өлшенетін ақпаратты қамтамасыз ете алатыны бойынша ажыратылады. Әрбір өлшемде одан алынатын «ақпарат мөлшерінің» шекарасын анықтайтын кейбір қателер болады. Ауыспалыда бар ақпараттың мөлшерін анықтайтын басқа фактор өлшеу жүргізілген шкала типі болып табылады.

Шкалалар (және ауыспалылар) типі:

- Номиналды;

- Реттік (ординалды);

- Интервалды;

- Қатынастық.

1. Номиналды ауыспалылар тек сапалық классификация үшін қолданылады. Ауыспалы мәндері түрлі таптарға жататын терминдерде ғана өлшене алады. Номиналды ауыспалының типтік мысалы – жыныс, ұлт, түс. Номиналды ауыспалыларды жиі категориялық деп атайды.

2. Реттік ауыспалылар объектілерді ранжирлеуге көмектеседі. Реттік ауыспалының типтік мысалы – отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі.

3. Интервалдық ауыспалылар өлшеу объектілерін тек реттеп қана қоймай олардың арасындағы айырмашылықтарды санмен көрсетіп салыстыруға мүмкіндік береді. Мысалы, Цельсий не Фаренгейт бойынша өлшенген температура интервалды шкаланы құрайды.

Интервалдық шкалада өлшенген ауыспалының барлық қасиеттеріне қоса қатынастық ауыспалалардың ерекше қасиеті абсолюттік нольдің белгілі бір нүктесінің болуы, мұнда Х У-тен екі есе үлкен.

4. Қатынас шкалаларының типтік мысалы уақыт не кеңістік өлшемі болып табылады. Статистикалық процедуралардың көпшілігінде интервалдық және қатынастық шкалалар қасиеттері арасында айырмашылық берілмейді.

Типінен тәуелсіз екі немесе одан да көп ауыспалылар олардың зерттеу мәндері келісілген әдіспен бөлінсе байланысты болады.

Нәтиженің статистикалық мәнділігі оның «шынайылығына» көз жеткізуінің өлшенгені болып табылады. Бұл үшін р-деңгей атты түсінік қолданылады – нәтиже беріктігінен азаймалы тәуелділікте тұрған көрсеткіш. Біршама жоғары р-деңгей сенімділіктің төменгі деңгейіне сәйкес келеді.

Мәнділіктің одан жоғары нәтижелері жоққа шығарылатын белгілі бір деңгейін таңдау біршама еркін болып табылады. Әдетте көп облыстарда р < 0,05 статистикалық мәнділіктің оңтайлы шекарасы болып табылады, алайда бұл деңгей, сонымен қатар, оның үлкен қателік ықтималдылығын қосады (5 %). Р < 0,01 деңгейіндегі нәтижелер әдетте статистикалық мәнді, ал Р < 0,005 және Р < 0,001 деңгейлі нәтижелер жоғары мәнді болып саналады.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.