Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері



9 Дәріс

Статистикалық бақылаудың бағдарламалық-әдістемелік мәселелері

Бағдарламалық-әдістемелік мәселелердің құрамына мыналар кіреді:

- бақылаудың объекті мен мақсатын анықтау;

- бақылау бағдарламасын жасау.

Кез келген статистикалық бақылауды жоспарлағанда ең алдымен оның мақсатын нақты анықтап алу керек. Әрбір нақты статистикалық бақылаудың мақсатын дұрыс анықтау бірліктердің зерттелетін сипаттамасын ғана емес, оны ұйымдастыру формасын, өткізу әдісі мен түрін жобалап алуға мүмкіндік береді.

Бақылау объектін анықтау – бұл зерттелетін жиынтықтың шекарасын нақты белгілеу, яғни кім немесе не зерттелуі керек екенін шешу. Бақылау объектін дәл анықтау көп жағдайда бақылау кезінде алынатын мәліметтердің толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.

Бақылау объектін анықтаған кезде оның уақыт, кеңістік және материалдық мәніндегі шекаралары қатаң өткізілуі тиіс. Мысалы, өнеркәсіп санағында мәліметтер қай территорияға жатқызылуы тиіс, мәліметтер қай уақыт аралығанда алынуы тиіс және қызметтің қай түрі өнеркәсіпке жатқызылуы тиіс екенін анықтау маңызды.

Бақылау объекті – бұл әрқашан жеке элементтерден тұратын белгілі бір жиынтық. Объекттің жеке элементтерінің сипаттамасы объектіні толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Сондықтан бақылау объектісін анықтау зерттеу бірліктерін анықтаумен тікелей байланысты.

Статистикада бақылау бірлігі деп бірқатар белгілермен сипатталатын және оған қатысты осы белгілерді тіркеу жүргізілетін объект элементін атайды. Бақылау бірлігін дұрыс анықтау бақылау объектін толық есепке алудың кепілі.

Кейде бақылау бірлігі туралы мәлімет оның өзінен емес ұйымдастырушылық ұяшығынан алынуы мүмкін. Мәлімет алу үшін баратын орган статистикалық әдебиеттерде есептік немесе санақ бірлігі деп аталады.

Бақылау бірлігін анықтап алған соң бақылаудың әрбір бірлігі сипатталатын белгілер тізімі – бақылау бағдарламасы жасалады.

Жиынтық бірліктері бір бірінен ажыратылатын белгілер әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Олар сандық болуы мүмкін ондай жағдайда әр түрлі бірліктер бір бірінен осы белгінің үлкен-кішілігі бойынша ажыратылады. Белгілер сапалық та болуы мүмкін, ондай жағдайда бірліктер бір бірінен белгілі бір сапаның болу-болмауымен ажыратылады.

Статистикалық бақылауда жеке бірліктерде белгілі бір сапалық белгілердің бар-жоқтығы тіркеледі және сапалық белгінің шамасы анықталады.

Статистикалық бақылау бағдарламасын жасау – бақылау алдына қойған мақсатқа жетуге көмектесетін белгілерді таңдау.

Бағдарлама сұрақтары және олардың жауаптары ерекше статистикалық формулярларда бекітіледі:

- санақ парағы;

- бланк;

- форма.

Бақылау бағдарламасын жасау бақылаудың дайындығының маңызды және жауапты кезеңі. Оны құрастырғанда сұрақты құрауға көп көңіл бөлу керек.

Жеке сұрақтарға түсіндірме және оған қалай жауап беру қажеттігі арнайы нұсқаулықта беріледі.

Тіркеу бағдарламасы мен нәтижесі бар статистикалық формулярлар екі түрлі болады:

- жеке (карточкалық);

- тізімдік.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.