Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Топтастырулардың құрылымы. Екінші реттік топтастырулар



13 Дәріс

Топтастырулардың құрылымы. Екінші реттік топтастырулар

Топтастыру әдетте нақты зерттеу мақсатында жүргізіледі. Мұндай топтастыруларды келесі зерттеулерде де пайдалануға болады. Бұл қажетті нәрсе де, себебі, олардың мәліметтерін салыстыру қажет.

Сандық белгіні пайдаланған кездегі топтар саны тәуелді:

- зерттелетін құбылыстың бірліктерінің санынан;

- топтық белгінің ауытқушылық деңгейінен;

- белгі дискреттік немесе үздіксіз шама болуынан.

Кейде берілген жиынтыққа құрылған топтардың құрылу принципі бұзылады. Мысалы, отбасындағы бала санының нақты саны орнына ( «1», «2» т.с.с.) басқа вариант – «6» және одан да көп көрсетіледі. Әдетте бұл тәжірибелік мақсатпен жасалады – жиынтықта сирек кездесетін белгіні енгізіп топтар санын көбейтпес үшін.

Мәліметтерді топтастырғанда зерттелетін жиынтық қанша топтарға бөлінеді деген сұрақ туындайды. Егер белгінің оның өзгеру шекарасында таралуы біркелкі немесе қалыптыға жақын болса белгінің өзгеру диапазонын бірдей интервалдарға бөледі.

Жиі өзгермелі белгінің мәндері топтар құруда бірдей интервалды пайдаланған кезде топтар саны көбейіп олардың көбі аз санды болады. Мұндай жағдайда жиынтық бірдей емес интервалды топтарға бөлінеді.

Интервал ұзындығындағы айырмашылықтар өзгермелі белгінің сипатына ғана емес зерттелетін экономикалық және әлеуметтік құбылыстардың ерекшеліктерімен де байланысты. Және де бұл жағдайда топтар құрағанда интервалдардың үлкеюі не кішіреюінің ерекше тенденциясы байқалмайды.

Интервалдың екі түрі болады: ашық және жабық. Екі шекарасы да көрсетілген интервалдар жабық, бір шекарасы көрсетілгені ашық деп аталады. Статистикалық жиынтық көрсеткіштерін есептеу үшін ашық интервалдарды «жабу» керек.

Алайда жиынтықтың логикалық және белгіленген шекаралары болады. Мысалы, еңбекке жарамды тұрғындарды топтастыру қажет болса белгіленген жиынтық шекараларын пайдалану керек: ер адамдар үшін 16-60 жас, әйелдер үшін 16-55 жас.

Статистикалық зерттеу мақсатында түрлі кезеңдерге жататын мәліметтерді пайдалануға, жеке салалар, аймақтар бойынша ақпаратты салыстыруға тура келеді. Бұл жағдайда қолда бар топтастырылған мәліметтерді қайта топтастыру қажет. Қайта топтастыру операциясы екінші реттік топтастыру деп аталады.

Құбылысты талдағанда алғашқы құрылған топтардың үлкен санынан одан да ірі топтарды құру керек. Бұл жағдайда екінші реттік топтастыру қиындық туғызбайды.

Екінші реттік топтастырулар сандық қана емес сапалық белгілері бойынша топтастырылған жиынтықтар үшін өткізіледі. Көбіне оны әр түрлі елдерден алынған мәліметтерді салыстыру үшін пайдаланады. Ол жағдайда бірінен бірі ажыратылатын классификациялар бойынша санлған көрсеткіштер қайта топтастырылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.