|
|||
Статистикалық бақылау түрлеріСтатистикалық бақылау түрлері Кейбір құбылыстар туралы дәйектерді олардың пайда болуы бойынша тіркейді (мысалы, әр адамның тууы мен қайтыс болуын тіркеу). Басқа жағдайларда дәйектер пайда болу кезіне тәуелсіз тіркеледі, мысалы, отбасы жағдайы, білімі, қызмет түрі т.б. басқаша айтқанда бір дәйектер үнемі, пайда болуына сәйкес тіркеледі, ал кейбіреулері – уақыт өте келе. Осыған сәйкес статистикада дәйектерді тіркеу уақыты бойынша бақылауды ағымды (үздіксіз) және үзілмелі деп бөледі. Өз кезегінде, соңғысы біруақытты және кезеңдік бола алады. Түрлі санақтар үзілмелі бақылаудың мысалы бола алады. Революцияға дейінгі КСРО елдерінде 1897 жылы жалғыз Жалпыға бірдей халық санағы жүргізілді. КСРО-да халық санақтары 1926 ж., 1939 ж., 1959 ж., 1970 ж., 1979 ж. және 1989 ж. Сондықтан халық санақтарын кезеңдікке қарағанда біруақытты бақылауларға жатқызуға болады. Объектінің бірліктерін қамту бойынша бақылау жалпы және жалпы емес болып бөлінеді. 1. Жалпы бақылау кезінде зерттелетін жиынтықтің барлық бірліктері туралы мәлімет алу көзделеді. Жалпы бақылаудың мысалы ретінде кез келген санақ бола алады. Туған, қайтыс болғандарды тіркеу жалпы бақылау ретінде ұйымдастырылған. Жалпы бақылау мәлімет жинаған кезде де, оны өңдеген кезде де көп шығынды (қаржылық және еңбек) қажет етеді. 2. Жалпы емес бақылауды жалпы бақылауды өткізуге мүмкіндік болмағанда және уақыт немесе қаражат тапшылығы болған кезде өткізеді. Жалпы емес бақылаудың негізгі артықшылығы ақпаратты жинау мен өңдеу кезінде уақыт пен қаражат шығынының аз болуы. Жалпы емес бақылаудың түрлері: - негізгі массивты бақылау; - сауалнамалық бақылау; - таңдамалы бақылау; - монографиялық бақылау. 1. Негізі массивты бақылау дегеніміз жиынтық құрамынан маңызды емес бірліктерді алып тастап оның негізгі бөлімін ғана зерттеу. Мұндай бақылаудың мысалы ретінде шаруашылық етуші субъектілердің Реестрін жүргізу болып табылады. Мұндай бақылауды пайдалану кезінде маңызды емес бірліктерді алып тастау бақылау нәтижесіне айтарлықтай әсер етпейді, ал оларды қосу жұмыс көлемін едәуір ұлғайтады. Негізгі массивты бақылауды пайдалану тек жиынтықтың барлық бірліктері белгілі болғанда ғана өткізуге болады. 2. Сауалнамалық бақылау былай жүргізіледі. Өз алдарына белгілі бір мәселені зерттеуді мақсат етіп қойған ұйымдар анықталған адамдар тобына (респонденттер) сұрақтары бар ерекше сауалнамаларды жібереді. Сауалнамалардың белгілі бір бөлігі ұйымға толтырылған түрінде қайтарылады. 3. Таңдамалы бақылау – бұл жалпы емес бақылаудың бір түрі, мұнда барлық жиынтықтан кездейсоқ бірліктердің бір саны таңдалып алынады. Таңдамалы әдіс біршама ғылыми негізделген. Бұл әдісті қолданған кезде жалпы және таңдамалы бақылау көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты әрқашан бағалауға болады. 4. Монографиялық бақылау дегеніміз бір бірлікті бөлшекті, терең зерттеу (сипаттау). Әдетте монографиялық бақылау жеке ғылыми мекемелердің қызмет өрісі болып табылады. Монографиялық зерттеу статистикадағы жалпылық бақылауды толықтырады.
|
|||
|