|
|||
Статистикалық бақылауды ұйымдастыру әдістері7 Дәріс Статистикалық бақылауды ұйымдастыру әдістері Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың келесі жолдарын қарастырады: - статистикалық есептілік; - статистикалық бақылаулар; - регистрлер. 1. Статистикалық есептілік – мемлекеттік статистиканың шаруашылық етуші субъектілердің қызметі туралы ақпаратты статистикалық есептілік формаларыдеп аталатын арнайы құжат-бланктерді толыру арқылы мәлімет жинақтауды ұйымдастырудың ерекше формасы. Статистикалық есептілік формасы – бұл белгілі бір шаруашылық етуші субъектіні немесе оның қызмет нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер, мәліметтері бар арнайы құжат, бланк. Бүгінгі күнде экономиканың барлық салаларындағы ірі және орташа кәсіпорындар үшін унификацияланған есептілік жасалған: - № П-1 «Тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру және түсіру туралы мәліметтер» - № П-2 «Инвестициялар туралы мәліметтер» - № П-3 «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер» - № П-4 «Қызметкерлердің саны, жалақысы және қозғалысы туралы мәліметтер» Ұсақ кәсіпорындар үшін 1999 жылдан «Ұсақ кәсіпорынның қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері туралы мәліметтер» атты ПМ формасы бар. Ұсыну мерзімдеріне сәйкес есептілік тәуліктік (күнделікті), - апталық, - айлық, - кварталдық, - жарты жылдық, - жылдық-ағымдағы болады. Жеткізу әдісі бойынша есептілік - электронды, - - телеграфты, - телетайпты, - пошталық болып бөлінеді. Есептілік берілмеген мәліметтер алу, белгілі бір есептіліктің көрсеткіштерін өзгерту не толықтыру немесе қандай да бір объектілердің бөлшекті, жан-жақты талдауын жүргізу керек болғанда санақ немесе арнайы тексеріс түріндегі арнайы статистикалық бақылаулар жүргізіледі. Арнайы ұйымдастырылған бақылаудың типтік үлгісі түрлі санақтар болып табылады. Бұл ең алдымен халық санақтары. Статистика тәжірибесінде, сонымен бірге, өнеркәсіп, материалды ресурстар, анықталмаған жабдықтар, кітапханалардың да санағы кездеседі. Кез келген санақ бақылау объектісінің саны, территорияда орналасуы, құрылымы және жағдайы туралы мәлімет береді. Арнайы ұйымдастырылған бақылауларға санақтан басқа жыл сайын өткізілетін тұрғындардың таңдамалы бюджеттік тексерістері мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын тексеру жүргізіледі. Регисрлер арқылы бақылау – компьютерлендіру мен есептегіш техниканың сәйкесінше дамуымен байланысты пайда болған статистикалық бақылауды ұйымдастырудың біршама жаңа түрі. Регистрлер статистикалық бақылаудың түрлі объектілеріне арналып жасалуы мүмкін. Регистр – бұл белгілі бір жиынтықты үздіксіз ұзақ уақыт бойы бақылау үшін жасалған, аталған және үнемі нақтыланатын бақылаудың белгілі көрсеткіштерінің тізімі. Регистрде жиынтықтың әр бірлігі туралы ақпарат бар. ҚР –да меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрін жасау жұмыстары аяқталды. Онда мекен-жай бөлігінен басқа әрбір мекеме туралы мынадай мәлімет бар: қызметкерлердің орташа тізімдік саны, негізгі қаражаттың қалдықтық құны, теңгерімдік кіріс. Кәсіпорындар мен мекемелердің Біріңғай мемлекеттік регистрі статистика тәжірибесінде ұлттық есептер жүйесін жүргізу үшін берік ақпараттық негіз болып табылады. Статистикалық бақылаудың барлық үш ұйымдастырушылық формасы біріне-бірі қарсы емес, бірін-бірі толықтырып тұрады, жеке құбылыстар мен процестерді терең, жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді.
|
|||
|