|
|||
Статистикалық бақылаудың кезеңдері мен тәсілдеріСтатистикалық бақылаудың кезеңдері мен тәсілдері Кез келген статистикалық бақылауда бірнеше кезеңді бөліп қарастыруға болады, ол, ең алдымен зерттелетін құбылыстар туралы мәліметтің болуын анықтайды. Сондықтан бірінші кезең, статистикалық бақылаудың басты қажетті мәліметтерді жинауға әкеледі. Мәліметтерді ғылыми ұйымдасқан түрде жинау статистикалық бақылау деп аталады. Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әр бірлігі туралы көп алғашқы мәлімет жинақталады. Зертттелетін жиынтықтың толық сипаттамасын алу үшін алғашқы мәліметтер жалпылануы тиіс. Жинақталған алғашқы мәліметтерді өңдеу статистикалық зерттеудің екінші кезеңін құрайды (жинақтау). Жинақтаудың қорытынды мәліметтері негізінде зерттелетін құбылыстардың ғылыми талдауы жүргізіледі: - жалпылайтын көрсеткіштер саналады; - белгілі бір заңдылықтар анықталады. Бұл кез келген статистикалық зерттеудің үшінші кезеңі. Сөзсіз, барлық кезеңдер маңызды. Алайда статистикалық бақылау бастапқы болғандықтан соңғы нәтиже де, зерттеуші-статистиктердің қорытындылары көп жағдайда да алғашқы мәліметтің сапалы жинақталуынан тәуелді. Қажетті мәліметтерді тіркеу түрлі ақпарат көздері және статистикалық мәліметтер негізінде жүргізілуі мүмкін. Кей жағдайларда тіркеушілер қажетті мәліметті түрлі жолдар арқылы алады: - қарау; - ұзындығын өлшеу; - салмағын өлшеу. Басқа жағдайларда мәліметтерді тіркеу құжатта бекітілген көрсеткіштер негізінде ғана жасалады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы шикізат өндірісіндегі шығын немесе өнім өндіру туралы мәліметтерді тіркеу сәйкес алғашқы құжаттар негізінде жасалады. Тіркеудің мұндай тәсілі құжаттық деп аталады. Ол есептілікті толтыру негізінде жатыр. Үшінші жағдайда мәліметтерді тіркеу сауалнаманегізінде жасалады. Бұл әдіс халық санағы кезінде қолданылады, ондайда әр адам жөніндегі мәлімет сұрау жүргізілген адамның сөзі бойынша жазылады. Осылайша, статистикалық бақылаудың негізгі әдістері мыналар: - тікелей бақылау; - құжаттық әдіс; - сауалнама. Алайда статистикалық бақылау әдістері тек жиналатын мәлімет көзі бойынша ғана емес, жинауды ұйымдастыруы бойынша да ерекшеленеді. Мәселен, сауалнама төмендегі әдістермен жүргізілуі мүмкін: 1. экспедициялық; 2.өзін-өзі тіркеу; 3. корреспонденттік; 4. келу арқылы. 1. Экспедициялық әдісте арнайы даярланған қызметкерлер (тіркеушілер) мәлімет алынуы тиіс адамдарға барып қажетті мәліметті арнайы бланктар немесе сауалнамаға тіркейді. 2. Өзін-өзі тіркеуде санақ парақтарын (бланк) респонденттер өздері толтырады, ал санақшы-тіркеушілер оларды толтыру ережелерін түсіндіріп толтырылған сауалнама парақтарын жинайды. 3. Корреспонденттік әдісте мәлімет алдын-ала дайындалған жолдармен ерікті корреспонденттердің арнайы штатынан бақылау жүргізетін органдарға түседі. 4.Келу әдісінде көрсеткіштердің арнайы жолдармен бақылау жүргізетін органдарға тікелей келу арқылы хабарлануы тиіс.
|
|||
|