|
|||
Статистика пәні мен әдісі6 Дәріс Статистика пәні мен әдісі Статистика көптеген жеке элементтер мен дәйектерден тұратын көпшілік құбылыстарды зерттейді. Көпшілік құбылыстың ерекше белгілері: - Осындай көпшіліктің әр жеке элементінің жалпы және жеке белгілері болады. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығындағы өнеркәсіптік өндірістің нәтижелерін зерттей отырып біз әрқайсысының өзіндік жеке белгілері бар көптеген өнеркәсіптік өндірістерді қарастырамыз. Сол уақытта көпшіліктің бірлігі ретінде осы өндірістердің әрқайсысы жалпы белгісіне ие болады – олардың барлығы өнеркәсіптік болып табылады; - Көпшілік құбылыстың бір элементінің сипаттамасы басқа элемент сипаттамасының негізінде алына алмайды, себебі элементтердің жеке сипаттамасы тәуелсіз. Көпшілік құбылыстарды статистикалық жиынтықтар деп атайды. Көпшілік құбылыстар өзінің рәсімделуін, белгіленуін статистикалық жиынтықтардан табады. Әрбір статистикалық жиынтық белгілі бір жер мен уақытқа байланысты. Статистика пәні – зерттеуі сандық сипаттамасымен және оларға тән заңдылықтармен байланысты түрлі статистикалық жиынтықтар болып табылады. Статистикалық жиынтық – статистикалық ғылымның негізгі түсінігі. Басқа да түсініктер: - Жиынтық бірлігі; - Жиынтық бірліктерінің белгілері; - Белгілердің өзгеруі; - Статистикалық заңдылық. Зерттелетін статистикалық жиынтықты құрайтын көпшілік элементтер жиынтық бірліктері деп аталады. Мәселен, фермерлік шаруашылықтар жиынтығын (бүкіл ел немесе жеке аймақ бойынша) зерттегенде жиынтық бірлігі жеке фермерлік; халық санағында – жеке адам болып табылады. Жиынтықтың әрбір бірлігі түрлі сандық және сапалық белгілермен сипаттала алады. Мысалы, әрбір фермерлік шаруашылықты пайдаланатын жер участогының ауданы, мал басы, өнім өндірісі, өнімнің өтімділігі сияқты белгілермен сипаттауға болады. Егер жеке жиынтық бірліктерінде белгілі бір белгі түрлі мәнге ие болса оны өзгермелі немесе бірқатар өзгерісі бар деп атайды. Мұндай белгілер статистикалық жиынтықтың ерекше белгісін құрайды және статистикалық деп аталады. Кез келген статистикалық зерттеу жиынтықтың жеке бірліктерін зерттеуден, заңдылықтарды анықтау үшін қажетті белгілерін тіркеуден басталады. Әдетте статистика көптеген түрлі факторлар әсер ететін сандық мәліметтермен жұмыс жасайды. Кездейсоқтықтан шығып типтік, заңдылықты белгілерді анықтау – статистиканың негізгі міндеті болып табылады, және осы міндетті көпшілік мәліметтер негізінде ғана шешуге болады. Көпшілік бақылаудың негізінде анықталған заңдылық статистикалық заңдылық деп аталады. Кейбір жағдайларда зерттелетін құбылыстардағы белгілі бір заңдылықтың бар екенін логикалық ойлай және қарастырылатын құбылыстардың мәнін білгенге сүйене отырып теориялық түрде болжауға болады. Мұндай жағдайларда статистиканың міндеті болжанатын тәуелділіктің барын растап қана қоймай оны өлшеу болып табылады. Статистикалық заңдылықтар үлкен сандар заңының әрекетіне байланысты көпшілік бақылау негізінде анықталады. Оның мәні мынада – бақылаулар санының өсуіне қарай жиынтық бірліктерінің белгі мәнін немесе белгілі бір белгілері бар бірліктер арасындағы қатынасты анықтайтын кездейсоқ факторлардың әсері жиынтықтың сипаттамаларында бірін бірі жояды және бетіне заңдылықты анықтайтын негізгі факторлар әсері шығады.
|
|||
|