Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Статистика ғылымының салалары



Статистика ғылымының салалары

    Заманауи қоғамды басқару үшін екі негізгі сала – экономика мен әлеуметтік жүйенің жағдайы және бір-бірімен қарым-қатынасын бақылау қажет. Бұл екі сала бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірінен тәуелді болса да әрқайсысының өзіндік зерттеу пәні бар.

    Одан басқа экономикада да, әлеуметтік салада да өтетін ішкі процестер мазмұны жағынан әр түрлі және төмендегі жағдайларға байланысты топтастырыла алады:

- Макро және микродеңгей;

- Қызмет түрі;

- Саласы бойынша.

Бұл жағдайлар біріңғай статистикалық ғылымның ішінен бөлек салалар мен бөлімдердің бөлініп шығуын анықтады. Статистикалық ғылымның ішінен екі тарау бөлініп шықты:

- Жалпы статистика теориясы;

- Әлеуметтік-экономикалық статистика.

Әлеуметтік-экономикалық статистика экономикалық және әлеуметтік статистикадеп бөлінеді.

Жасалатын экономикалық саясат сапасы ел экономикасындағы шынайы жағдайдың мазмұнды сипаттамасымен, әлеуметтік-экономикалық дамудың мүмкіндіктері мен шектеулерін талдаумен анықталады.

Басқарудың түрлі деңгейлерінде және түрлі әрекет салаларында көрсеткіштер жүйесі мен нақты мәліметтер талдау әдістерінің түрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері болады.

Экономикалық статистика міндеттері:

- Қолдағы ресурстардың барын, қозғалысын және пайдаланудың статистикалық зерттеудің әдіснамасын жасау;

- Экономикалық процестің жүру сипаттамасын жасау;

- Жиынтығында экономиканың қызмет ету нәтижелерін сандық бағалауын қамтамасыз ететін жалпылама көрсеткіштер жүйесі мен оларды санау әдістемесін жасау.

Экономикалық статистиканың жалпылама көрсеткіштері ұлттық экономика дамуының жағдайы мен даму тенденцияларын, ресурстар түрінің барын, таралуын және тиімді пайдалануды, тауар нарықтарының жағдайын сипаттайды, инвестициялар мен инновациялар талдауын жүргізуге мүмкіндік береді.

Халық шаруашылық көрсеткіштерін алу мақсатымен статистикалық көрсеткіштер жүйесі мен халық шаруашылығының барлық салалары үшін көрсеткіштерді санау әдіснамасын құрудың жалпы принциптері жасалады.

Әлеуметтік статистиканың міндеттері демографиялық жағдай мен әлеуметтік қатынастарды көрсететін ел тұрғындарының тұрмыс деңгейінің сапасын сипаттау үшін көрсеткіштер жүйесін жасау мен талдау болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық статистика аясында ұлттық есепшілік жүйесі ерекше орын алады. Ұлттық есепшілік жүйесі сипаттайды:

- Кірістердің жасалуын;

- Кірістердің құрылуын;

- Кірістерді бөлуді;

- Кірістерді қайта бөлу мен пайдалану;

- Ұлттық байлықты жинақтау;

- Елдің қалған әлеммен байланысы.

Мұндай ақпарат мемлекеттік басқару органдарына нарықтық экономиканы реттеу үшін, кәсіпкерге – жалпы макроэкономикалық ортаны бағалау үшін және халықаралық деңгейде ел экономикасын көрсететіндіктен халықаралық серіктестерге қажет.

 Ресейдің қазіргі заманғы экономикасы шарттардың өзгеруімен ғана емес бірқатар жаңа құбылыстардың пайда болуымен сипатталады.

Осы әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеу статистика алдына жаңа процестер және олардың нәтижелерін талдау мен статистикалық бағалауының әдіснамасын жасау, дәстүрлі зерттелетін құбылыстарға қатысты пайдаланылатын технологияларды жетілдіру міндетін қояды.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.