|
|||
Статистиканың міндеттері5 Дәріс Статистиканың міндеттері Қазіргі замандық статистика өткен жылдардағы мемлекеттанудан құрамындағы мәліметтердің толықтығымен, жан-жақтылығы және сипатымен ерекшеленеді. Нарықтық қатынастарға көшуі, қоғамның қоғамдық-саяси құрылымының ауысуы экономиканы басқарудың жаңа әдістерін пайдалануға көшуге, статистикалық органдар қызметінің бағыты мен статистика міндеттерінің өзгеруіне әкелді. Заманауи жағдайларда статистика әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша әр түрлі құрылымдар мен ұйымдарды толық және шынайы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Статистикалық мәліметтің міндеттері: - экономикалық саясатты дайындау; - бюджет жобаларын құрастыру; - әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдарын алу. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты мемлекеттік емес статистика органдарының маңызды міндеттерінің бірі нарықтық экономикадағы процестерді талдауға арналған көрсеткіштер мен топтарды статистикалық тәжірибеге енгізу болды. Осы міндет аясында макродеңгейде экономика жағдайы мен дамуының жалпы көрінісінің сипаттамасы үшін, ең маңызды деген макроэкономикалық көрсеткіштер арасында өзара байланыс орнату үшін қолданылатын ұлттық есептер жүйесіне көшу (ҰЕЖ) жүргізіліп жатыр. Заманауи жағдайларда статистиканың қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуында болып жатқан процестер туралы құрылымдар мен ұйымдарды хабардар ету сияқты міндеті маңызды болып отыр. Статистикалық білімсіз түрлі партиялар мен блоктардың бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша үкімет құжаттарын, электронды ақпарат көздерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және мерзімді баспасөздің мәліметтерін түсіну қиын. Статистика негіздерінен хабардар болған жағдайда біршама кереғар жариялануларда жөн табуға, мемлекеттік статистика органдарының мәліметтерін дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе кейінгі уақытта ғана көрінісі статистиканың міндеттеріне айналған жаңа процестерге мұқият қарау керек. Мәселен, шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу еңбек нарығының пайда болуына және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттің саясатының өзгеруіне әкелді. Осыған байланысты аймақтық деңгейде еңбек нарығының жағдайын бағалайтын көрсеткіштер жүйесін жасау, жұмыссыздық деңгейін анықтау, елдегі тұрғындардың жұмыспен қамтылуына әсер ететін факторларды талдау қажеттігі туды. Мұндай ақпарат қоғамдағы әлеуметтік қысымды төмендету шараларын жасау, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге, жұмыссыздарды қайта оқытуға, жұмыспен қамту қызметін ұстау үшін қаржы ресурстарын алдын ала қарастыру қажеттілігі жағынан маңызды. Бірқатар халықаралық экономикалық ұйымдардың мүшесі бола отырып ҚР Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкімен ақпарат алмасуды өзіне міндет етіп алды. Әрбір кәсіпорын нарықтық экономика жағдайында негізін болжамдар құрайтын ағымдағы және болашақ жоспарларын жасайды. Осылайша, жоспарлаудың алғашқы кезеңі кәсіпорынның өнім шығару мүмкіндігін бағалаумен байланысты, мұнда тек өнім көлемінің қалыптасқан динамикасы ғана есептеліп қоймай, оның бәсекеге қабілеттілігі, нарық жағдайы, бағалар динамикасы, яғни жоспардағы көрсеткіштің өзгеруіне әсер ететін факторлар есепке алынады. Кәсіпорын қызметінің, салаларының және ұлттық экономиканың әр жақтарының көп қырлы сипаттамасы статистикалық көрсеткіштер жүйелерінде көрініс табады. Статистиканың міндеті осы көрсеткіштерді құру әдіснамасын жасап, оларды талдау әдістерін жетілдіріп дамыту болып табылады.
|
|||
|