Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Семенов Тянь-Шанский. Қазіргі заманғы статистика



Семенов Тянь-Шанский. Қазіргі заманғы статистика

     Орыс статистикасының тарихында ерекше орын алатын атақты орыс географы, статистик ретінде де белгілі болған Петр Петрович Семенов, өзінің Тянь-Шаньды зерттегені үшін Семенов Тянь-Шаньский аталып кеткен. Ол орыс мемлекеттік статистикасының «әкесі» саналады. Семенов Тянь-Шаньский статистика бойынша көптеген құнды еңбектердің авторы. Ұзақ уақыт бойы ол өзі құруға септігін тигізген Орталық статистикалық комитетті басқарды.

     П.П.Семенов-Тянь-Шанский орыс статистикасы мен орыс шаруашылығын зерттеуді реттеді. Ол ХІХ ғасырдың 70 жылдарында жаңа аулалық зерттеулерді енгізді. Бұл өте құнды болды, себебі тек аулалық зерттеулер бойынша ғана шаруалардың таптық бөлінісін зерттеуге болатын еді. Семенов Тянь-Шанскийдің басқаруымен КСРО халық санағы өткізілді.

     Семенов-Тянь-Шанский статистиканы ғылыми бастауларға қойғысы келді, фабрика-зауыттық статистика бойынша түрлі анықтама материалдарын жүйелеп басып шығаруға тырысты; оның тұсында өнімнің статистикасы бойынша мәліметтер жинала бастады; Ресейдегі барлық бу двигательдерінің алғашқы санағы өткізілді т.б.

     ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы Ресей үшін статистика ғылымы мен тәжірибесінің қарқынды дамыған кезеңі болды. Және де мұнда математика мен статистикадан сабақ беретін университеттер профессорлары, статистика бойынша оқулықтар мен басқа да ғылыми еңбектердің авторлары жататын академиялық статистика өкілдерінің қосқан үлесі зор.

     Бұл ең алдымен Петербург университетінің математикалық мектебінің өкілдері: үлкен сандар заңын тұжырымдаған Пафнутий Львович Чебышев; күрделі құбылыстарды түсіндіре алатын математикалық теория авторы – Андрей Андреевич Марков және таңдамалы бақылау тәжірибесіне теориялық негіздерді енгізген Александр Михайлович Ляпунов.

     Статистиктардан академиялық мектепке бірінші кезекте бақылауды ұйымдастыру мәселелеріне және топтастыруға, себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға көп көңіл бөлген, бірақ үлкен сандар заңының ролін жоққа шығарған Юрий Эдуардович Янсон жатады.

     Онымен бірге академиялық мектепке Мәскеу университетінде статистикадан дәріс оқыған Александр Иванович Чупров және оның ұлы, Петербург политехникалық институтының профессоры Александр Александрович Чупров та жатады. А.А.Чупров стохастикалық (ықтималды) статистиканың дамуында терең із қалдырды.

     Оның  пікірлесі Мәскеу университетінің профессоры, земстволық статистиканың қызметіне белсене қатысқан Николай Алексеевич Каблуков болды.

     Академиялық статистика өкілдерінің қатарында Петербург университетінің профессоры стохастикалық статистиканың көптеген тұжырымдамаларына, әсіресе корреляция теориясына сыни көзбен қараған Александр Александрович Кауфманды атап өтпеуге болмайды.

     Академиялық статистика өкілдері статистиканың барлық мәселелерінде бірдей көзқараста болмады. Олардың көп сұрақтар бойынша пікірлерінде айырмашылық болды. Бірақ олардың бәрі статистикаға берілген еді, Ресейде статистикалық тәжірибенің дамуына ықпал жасады, жоғарғы оқу орындарының түрлі мамандықтағы студенттері білім алған статистикадан ірі ғылыми еңбектер мен оқулықтар жазды.

     Академиялық статистика өкілдерінің көптеген идеялары олардың ізбасарлары мен шәкірттерінің еңбектерінде жалғасын тапты және ХХ ғасыр бойында пікірталас, талқылау және жалпылау затына айналды.

     Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін статистикалық зерттеулер әдістерін жетілдіру мәселелері Ресейді ХХ ғасырдың көрнекті ғалымдары: В.С.Немчинов, С.Г.Струмилин, Б.С.Ястремский, Д.В.Савинский, П.П.Маслов, Н.К.Дружинин, Г.И.Баклановтың еңбектерінде көрініс тапты.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.