Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Еркін экономикалық қоғам. К.Ф.Герман, К.Н.Арсеньев, Д.П.Журавский еңбектері



4 Дәріс

Еркін экономикалық қоғам. К.Ф.Герман, К.Н.Арсеньев, Д.П.Журавский еңбектері

     Орыс қалаларын сипаттау және шаруашылықтарды зерттеумен 1765 жылы құрылған «Еркін экономикалық қоғам» (ЕЭҚ) көп айналысты. Мемлекет ішінде егіншілік пен өнеркәсіп туралы пайдалы мәліметтерді тарату мақсатымен құрылған бұл қоғам шаруалар еңбегінің өнімділігін жоғарылату жолдарын табуды алдына міндет қып қойды.

     Қоғам статистикалық сипаттағы түрлі мәліметтерді жинады, олардың негізінде статистикалық-географиялық зерттеулер жарияланды. ЕЭҚ өлкелік география мен статистиканың дамуында үлкен роль атқарды.

     Осы кезеңдегі Ресейдің сипаттама мектебінің өкілдері туралы айтқанда Статистикалық комитеттің бірінші жетекшісі, «Ярослав губерниясының статистикалық сипаттамасы», «Ресей империясына қатысты статистикалық зерттеулер,1 бөлім. Халық қоныстануы туралы» атты еңбектердің авторы Карл Федорович Герман туралы айтпау мүмкін емес. Ол, сонымен қатар, статистикадан алғашқы оқу құралдарын жазды.

     Герман статистиканың зерттеу пәні мемлекет деп санады. Сонымен бірге ол тек жалаң сипаттаулармен шектелген жоқ. Оның еңбектерінде талдау, топтастыру, динамикалық салыстыру т.б. кездеседі. Ол мынадай нәрселерге көп көңіл бөлді:

- статистика тарихы;

- мәліметтер шынайылығының сыни бағасы;

- статистиканың объективтілігі.

     Герман ісінің лайықты жалғастырушысы оның шәкірті және әріптесі тарихшы, географ, статистик – Константин Иванович Арсеньев болды. Ол статистиканы дәйектерді жалпылау және талдау кезінде оларға саяси және экономикалық баға беруге тиісті ғылым деп санады. Оның «Ресейдің статистикалық очерктері» еңбегі – Ресейдің экономикалық аудандастыруы негізделген құнды экономика-географиялық зерттеу.

     Одан ертерек ол «Ресей мемлекетінің статистикасының сызбалары» атты еңбегін жазды. Оның «Халықтың жағдайы туралы» атты бірінші бөлімі тексеріс (ревизия) мәліметтері негізінде барлық тұрғындар саны туралы есептерден тұрды (алғашқы үш тексеріс әйелдерді қоспаған). Еңбекте:

- тұрғындардың ұлты, діни сенімі бойынша қызықты топтары келтірілген;

- қала және ауыл тұрғындары, өндіруші және өндірмейтін тұрғындар болып бөлінген;

- жеке топтар үшін қатынастар орнатылған.

     Бұл Ресейдегі тұрғындарды таптық топтастырудың алғашқылардың бірі еді.

     Арсеньевтің екі еңбегі де статистиканың дамуына көп үлес қосты.

     Арсеньев Ресейдегі статистикалық істің ұйымдасып орнығуына көп еңбек сіңірді. К.И.Арсеньев пен К.Ф.Германды сипаттама бағытының өкілдері санаса да, олардың еңбектерінде талдау элементтері кездеседі, бұл статистика дамуының екінші бағыты – саяси арифметикаға тән.

     Ресейде статистиканың дұрыс ғылыми орнығуында Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) көп еңбек сіңірді.ОГҚ-ның статистикалық бөлімі өз жұмысына өз өлкесіне қызығушылық туғызғандардың көпшілігін тартты. Нәтижесінде ХІХ ғ. екінші жартысында жеке губерниялар, уездер мен қалалар сипаттамалары пайда болды.

     Мұндай еңбектердің арасында Д.П.Жуковскийдің 1852 жылы жарық көрген үш томдық «Киев губерниясының статистикалық сипаттамасы» еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық. Еңбекте алғаш рет бай нақты мәліметтерге негізделген аумақтық көлемде шаруашылық процестердің терең әлеуметтік талдауы жасалған. Тұрғындардың жеке таптарының мүліктік теңсіздігі ашылды.

     Журавскийдің статистика – «категориялық есептеу» ғалымы деп атайтын, статистикалық зерттеулерде топтастыру әдісінің мәнін ерекше атап өтетін еңбектері де маңызды болып табылады.

     Дмитрий Петрович Журавский туралы ірі орыс статистигі ретінде айтқан кезде оның атағының шығуында тапсырмалары бойынша жұмыс істеген Орыс географиялық қоғамының ролін атап өтпеу мүмкін емес.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.