|
|||
Статистиканы зерттеген ұлы ғылымдар: Кирилов, Татищев, Ломоносов.Келте идеяларының (және тәжірибесінің) әсерімен ХІХ ғ. статистика ғылымының үшінші – математика – статистикалық бағыты пайда болып сәтті дамыды. Бұл бағыттың дамуы төмендегі ғалымдардың есімімен байланысты: - ағылшындар Фрэнсис Гальтон, Фрэнсис Эджворт, Карл Пирсон, Одни Дж.Юл, Артур Боули, Вильям Госсет, Рональд Фишер, Морис Дж.Кэндел; - неміс Вильгельм Лексис; - итальяндық Коррадо Джини. Осы ғалымдар еңбегі статистика ғылымын мынадай зерттеу әдістерімен байытты: - корреляциялық-регрессиялық талдау; - дисперсиялық талдау; - уақыт қатарлары талдауы; - жиынтық бірліктерді таратудың теориялық модельдерін құру және талдау; - гипотезаларды бағалау. А.Кетленің статистикалық заңдылық туралы ілімі тұрақтылық теориясы мен танымал дисперсияларды қосу теориясын негіздеген статистик және экономист В.Лексистің еңбектеріндегі статистикалық әдіснаманың дамуына әсер етті. Лексис математикалық әдістерді экономикада қолданудың жақтаушысы болды. Статистика ғылымының математикалық-статистикалық бағыты Батыста ғана емес, Ресейде де дамыды. Ресейлік статистикалық мектепте статистика пәні мен әдісінің дамуы, қоғамдық құбылыстарды тану процесіндегі оның ролін түсіну қиын әрі қайшылықтарға толы жолмен жүрді және бүгінге дейін бұл мәселелер ғылыми әлемде дискуссиялық болып табылады.
Статистиканы зерттеген ұлы ғылымдар: Кирилов, Татищев, Ломоносов. Ресейде статистикалық «мектептердің» нақты бөлінісі болмаса да статистиканың жеке өкілдерінің әрекет сипаты оларды жеке бағыттар өкілдеріне жатқызуға мүмкіндік береді. Ресейде мемлекеттанудың ізбасарлары И.К.Кириллов, В.Н.Татищев, М.В.Ломоносов, К.Ф.Герман, К.И.Арсеньевтар болды. Иван Кириллович Кирилов 1727 жылы І Петрдің тексерісі (ревизия) материалдарды негізінде Ресейдің тұңғыш жүйелі статистикалық және экономика-географиялық сипаттамасын аяқтады. Еңбек статистиканың сипаттау бағытының классикалық стилінде жасалды. Сипаттау заты Ресей қалалары болды. Бұл мемлекетті тұңғыш құрылымдық және жүйелі сипаттау болды. Әсіресе бұл еңбекте кестелерді пайдалануы бағалы болды. Сол себепті Кириловты статистикадағы кестелік әдістің алғаш ашушысы санайды. Алайда еңбек тек ғалым дүниеден өткен соң жеке кітапханадан табылған қолжазба бойынша басылып шықты. Бірақ ХІХ ғ. өзінде-ақ Кириловтың бұл еңбегін маңызды ғылыми шығарма ретінде бағалады. Сипаттама мектебінің өкілі, сонымен қатар І Петр кезеңінің мемлекеттік қайраткері, тарихшы, географ Василий Никитич Татищев те болды. Уралда тау ісінің жетекшісі қызметінде ол қарқынды жұмыс жүргізді: қазыналық зауыт, жолдардың құрылысын, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеуді, геодезиялық түсірілімдер және картографиялық карталарды жасауды ұйымдастырды. Астрахан губерниясының губернаторы болған кезде Татищев «Деревняға баратын қысқаша экономикалық жазбалар» атты экономикалық еңбек жазды. Мемлекеттік қызметпен қатар В.Н.Татищев ғылыми іздеулермен айналысты. Көп ұзамай ол бірінші кезекте қажетті мәлімет жинау мәселесін шешу керектігін түсінді. Және де осы мәселені шешуге ол өмірінің соңына дейін көп көңіл бөлді. Мәселен Ресейдің жан-жақты экономикалық-географиялық сипаттамасын жасауға қажетті мәліметті жинау үшін Татищев Ғылым Академиясына арнайы сауалнама жасап шығарды. Сауалнама тарих, география, этнография, экономика т.б. қатысты 198 сұрақтан тұрды. Сонымен қатар Татищев өз ықыласымен сауалнаманы Сібір және Қазан губернияларына жіберді. Алынған мәліметтер негізінде «Бүкіл Сібірдің сипаттамасы» атты бағдарлама жасап шығарды. Кез келген ғылыми зерттеуде ақпарат көздерінің маңызы зор екенін В.Н.Татищев түсінді. Ол Ресейде өткізілген екі тексеріс (санақ) нәтижелерін сыни талдауға алып одан да сапалы мәліметтер алуға бағытталған бірқатар ойлар айтты: - ұқсас объектілер бойынша мәлімет жинау үшін біріңғай құжатты құрастыру; - мәліметтер жинау мерзімін қысқарту; - білікті санақшылар даярлау. Ресейдің жан-жақты экономикалық-географиялық сипаттамасын жасаудаға В.Н.Татищевтің ісін жалғастырушы М.В.Ломоносов болды. Ол жаңа «Ресей атласын» жасауды ойластырды. Шынайы мәліметтер алу үшін ол Татищев сауалнамасының негізінде барлығы 30 сұрақтан тұратын жауап берген кезде қалалардың және барлық елдің егжей-тегжейлі экономикалық-географиялық сипаттамасын алуға болатын «Академиялық сауалнама» жасады. М.В.Ломоносовтың жетекшілігімен Ғылым Академиясының Географиялық департаменті Ресей шаруашылығын зерттеудің нағыз статистика-географиялық орталығына айналды. Ломоносов экономикалық сипаттағы бірқатар еңбектер, оның ішінде бірінші Петрлық тексерісті (ревизия) талдайтын еңбек жазды. Ломоносов «статистика» терминін «сипаттамалы мемлекеттану» түсінігінде қолданудан бас тартып алғаш рет «экономикалық география» терминін жалпы географиядан жеке ғылым ретінде бөліп қарастырды. Оның еңбектеріне талдау элементі, сандық әдісті пайдалану тән.
|
|||
|